Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесіне әсер ететін негізгі факторлар



жүктеу 124.36 Kb.
Дата07.10.2017
өлшемі124.36 Kb.

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесіне әсер ететін негізгі психологиялық факторлар
С.О.Бурленова

ҚарМУ, Қарағанды қаласы

Сәтті бейімделу әдетте жақын ортамен үйлесімділік сезімімен анықталады, ал негізгі көңіл «бөтендердің» қанағаттанушылық сезімі, психологиялық комфорт және рухани денсаулыққа бөлінеді. Соңғы кездерде мәдениет аралық бейімделуді өзіне тек эмоциялдық қалыптың позитивтілігін сақтау ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде қажет болатын әлеуметтік үйренулер мен дағдыларды қабылдауды енгізетін көп аспектілі процес ретінде қарастыруда. Алайда, көптеген зерттемелерде осы екі бейімделу жақтарының арасында корреляция анықталды [1].

Әлеуметтену мен мәдениеттену процестерінің негізгі факторлары оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Оқыту және тәрбиелеу (тар мағынада) – индивидке (балаға) арнайы ұйымдасқан іс-әрекет арқылы әлеуметтік тәжирбені және тұлғаға тән әлеуметтік қалаулы қасиеттерді қалыптастыру процестері болып табылады.

Бейімделу процесіне жас жеткілікті деңгейде әсер етеді. Кішкентай балалар жылдам және тиімді бейімделеді, алайда оқушыларда бұл процесс неғұрлым күрделі және баяу жүреді, өйткені олар сыныпта барлық мәнерімен, келбетімен, тілімен, тіпті ойларымен ұқсау керек. Мәдени ортаның өзгеруі егде жастағы адамдарда ауыр сынақ болып келеді. Солай, жақын шет елдерден өз тарихи отандарына қоныс аударғандардың ішінде сол жастағылар үйреншікті өмір салтының жоғалуымен байланысты мәселелермен кездеседі. Тіпті де кәрі емес ата-аналар «Ресейге келіп, өздерінің орнын таба алмай, барлық қызығушылықты жоғалтып, тез «сөніп» және өмірден кеткен» жағдайлар да сирек кездеспейді [2].

Көптеген психотерапевттер мен дәрігерлердің пайымдауынша көбіне егде шақтағы репатрианттар бөтен мәдениетті ортаға бейімделуі мүмкін емес, және оларға егер ішкі қажеттіліктері болмаса бөтен мәдениет пен тілді меңгеру міндеттілігі қажет емес.

Кейбір зерттемелер нәтижелеріне жүгінетін болсақ, ерлерге қарағанда бейімделу процесінде әйелдерде көбіне қиынщылықтар туындайды. Әрине, бұнда ескеретін жайлардың бірі зерттемеде жиі бейімделуға басқа отандас ер адамдарға қарағанда төмен білім және кәсіби тәжірибе деңгейі әсер етілетін дәстүрлі мәдениеттер құрамындағы әйелдер алынғаны болар. Керісінше, американдықтарда бейімделуда жыныстық өзгешеліктер байқалмайды. Тіпті американ әйелдері, ерлерге қарағанда, басқа мәдени өмірінің салтына жылдам үйренеді деген болжам бар [3].

Білім деңгейі де бейімделуге әсер етеді. Неғұрлым ол жоғары болса, соғұрлым мәдени шок нышандары аз көрінеді. Тұтасымен алғанда дәлелденген жай, жас және жоғары білімді адамдар ең тиімді бейімделеді.

Бұрыннан бері шет елде оқуға немесе жұмыс істеуге баратын адамдарды мәдениет аралық бейімделуға көмектесетін тұлғалық сипаттамалары бойынша іріктеу қажеттігі жайлы жорамалдар айтылуда. Триандис қазіргі уақытта бейімделу сәттілігіне әсер ететін келесі жағдайларды атауға болатынын мәлімдейді:



  • Когнитивті қиыншылықтар – когнитивті күрделі индивидтер әдетте өздерімен тіпті өздерінікінен қатты өзгешеленетін болса да басқа мәдениеттерінің арасында қысқа әлеуметтік дистанция тағайындайды.

  • Тенденцияларды неғұрлым аумақты категорияларды категориязациялауда қоладанады. Осындай қасиеті бар индивидтер қоршаған ортаны мұқият категорияларға бөлетіндерге қарағанда, жақсы бейімделеді. Бұны келесімен байланыстыруға болады. Жаңа мәдениетте алынған тәжірибені, бұрынғы мәдениеттегі тәжірибемен байланыстырады.

  • Авторитаризм тесттері бойынша төмен бағалар, өйткені, анықталғаны белгісіздікке толерантты емес, авторитарлы, ригидті индивидтер жаңа әлеуметтік нормалар, құндылықтар және тілдерді меңгеруде қиыншылықтар көреді.

Шет елде жақсы бейімделетін, әмбебап коммуникатор шығару әрекеттері көптеген авторлармен қолға алынып еді. Алынған мәліметтерді жалпылайтын болсақ, онда келесі қорытындыға келуге болады, басқа мәдениетте өмір сүруге кәсіби білікті, жоғары өзін өзі бағалауын, қарым қатынасшыл экстраверт индивид қажет.

Алайда, кез келген мемлекет пен мәдениетке тиімді бейімделуге себептесетін тұлғалық қасиеттердің әмбебап жинағын бөліп шығу мүмкін емес. Солай, мәдени «подгонка» идеясына сай, адамның тұлғалық ерекшеліктері жаңа мәдени нормалар мен үйлесімде болу керек. Мәселен, экстраверсия міндетті түрде бейімделуді жеңілдетпейді. Сингапур мен Малайзия экстраверттері шынында да Жаңа Зеландиядағы интроверттерге қарағанда, тиімдірек бейімделуға түскені анық. Алайда, Сингапурде экстраверт-ағылшындар мәдени шокқа тіреледі, өйткені бұл елде тұлға ішкі әлемге бағытталады [1].

Адамның тіршілік әрекеті өтетін, этномәдени ортаның құбылыстарын, объектілерінің байланыстары мен ерекшеліктерін бейнелейтін, этномәдени ортада өзіннің қауымдастыққа жатқызуын анықтайтын этникалық идентификация қалыптасады.

Ертеден бері соғыстар және түрлі опаттар адамдарды бақыт пен қызығушылықтар іздеу мақсатында бір жерден екінші жерге орын ауыстырып көшіп қонып жүруін мәжбүрлеп отырды. Алайда, адамзат тарихының үлкен бөлігінде ол көшіп қонулар оқшауланған сипатта болды. Өйткені, арақашықтық пен қоршаған орта жағдайлары, түрлі мәдениет өкілдерінің бір бірімен бетпе-бет кездесуіне мүмкіндік бермеді. Мәдениет аралық қатынастар негізінен саяхатшылар мен солдаттар, дипломаттар, көпестер прерогативасы болды. Біздің заманымызды алатын болсақ, халықтар арасындағы қашықтықтар күннен күнге азаюда және осыған орай түрлі елдер өкілдері бір бірімен қатынастары жиі – жиі ұшырасып тұрады.

Мәдениет аралық қатынастарға түсетін топтар мен индивидтер үш негізгі факторлар бойынша бөлінеді:

а) Кеңістікте орын ауыстырудың болуы немесе болмауы;

ә) Миграцияға өз еркімен түсу немесе мәжбүрлену;

б) Миграциялардың уақыттық шектелуі [1].

Кейбір адамдар бөтен мәдени ортаға түсіп қатынастарға түседі, басқаларға жаңа мәдениетті олардың тұру жерлеріне «алып келеді» (аборигенді халық өкілдері) және орын алмастырушылар, мәселен эмигранттар туған жерлерін мәңгілікке тастап кетеді. Визитерлар (шпиондар, миссионерлер, іскер адамдар, студенттер) ұзақ уақыт бойы бөтен мәдениетте өмір сүреді. Туристер сонымен қатар, ғылыми конференциялар мүшелері тағы сол сияқты бөтен жерде белгілі бір ұзаққа созылмайтын уақытта болады.

Түрлі ұлттар, мәдениеттер, халықтар өкілдерінің қатынасқа түсуі міндетті түрде ашық және сенімді өзара түсіністікпен махаббаттық сипатта болады деп ойлау орынсыз болар еді. Өзара қатынас мәселелері жаңсақ нанымдар, дискриминациялар және этнос аралық қақтығыстармен байланысты. «Алайда, этнос аралық өзгешеліктерді жеткілікті деңгейде сана елегінен өткізбеу, біліне қоймаса да едәуір күрделі мәселелерді тудырады. Ол әдетте «бөтен» мәдениетке бейімделуге тырысушыларда жиі байқалады» [2].

Басқаша айтқанда, қатынасқа түсушілердің барлығы, өз мәдениеттерінен өзгешеленетін және бөтен мәдениет өкілінің жүріс тұрысын болжай алмау қиыншылықтарымен кездеседі. Тұлға аралық қарым қатынастың көбейуі жаңсақ нанымдарының ұлғайуына да әкеледі.

Сондықтан, қандай жағдайда да түрлі елдермен халықтар арасындағы қарым қатынас ең аз зиянды әрекеттерге әкеліп және сенімді тудыратын мезеттерді анықтау өте маңызды болып табылады.

Зерттеушілер түрлі мәдениет пен этнос араларындағы дара әрекет сәттілігі тәуелділігін анықтаушы көптеген айнымалыларды қарастырады:


  • Тек бір топқа ғана «өзіндік» немесе жалпы бола алатын территория

  • Өзара әрекет ұзақтығы (үнемі, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді)

  • Мақсат (біріккен іс әрекет, бірігіп тұру, оқу, бос уақыт)

  • Қоғам өміріне ену типі (қатынасудан бақылауға дейін)

  • Қатынас жиілігі мен тереңдігі

  • Статус пен құқық салыстырмалы тереңдігі

  • Сандық ара қатынас (көпшілік-азшылық)

  • Айқын өзгешелік белгілері (тіл, дін, нәсіл)

Өте жиі мигранттарда өз елдері бойынша сағыныш сезімдері пайда болады – оны ностальгия деп атауға болады. Неміс философы және психиаторы К. Ясперстің айтуынша (1883 – 1969) отаны бойынша сағыныш сезімі адамдарда ежелден белгілі.

Отанымен айырылысу ауырлығын қазіргі заманғы қоныс аударушылар да сезінеді. Әлеуметтік сұраулар бойынша, бұрынғы СССР-дан көшіп кеткен эммигранттардың «Төртінші толқындары» ақырғы жылдары: Канадада 69%, АҚШ-та72%, Израильде 87% ностальгия сезімін басынан кешіреді [1].

Сондықтан, мәдениет аралық бейімделу мәселесі үлкен мағынаға ие бола алады. Бұнда адам осы процестің сәтті аяқталу нәтижесінде жаңа мәдени ортасымен үйлесімділікке жетеді, оның дәстүрлерін өзінікіндей қабылдап, соларға сәйкес әрекет қылық жасайды. Әдетте қанағаттылық және өмір толықтығы сезімі мен сипатталатын бейімделудің ішкі жағын және индивидтің жаңа топтан әлеуметтік және мәдени өміріне қатысу, оның мүшелерімен тұлға аралық бірдей тереңдікте өзара әрекетке түсуімен сипатталатын бейімделудің сыртқы жағын бөліп көрсетеді. Мәдениет аралық бейімделуге қызығушылық әлемдік ғылымда ХХ-ші ғасырдың басында пайда бола бастады. Алайда, ұзақ уақыт күрделі зерттемелер Р. Редфилд, Р. Линтон, М. Херцковиц қос топтың немесе бір топтың мәдениет паттерндерінің өзгерісінде көрінетін, түрлі мәдениеттегі топтардың ұзақ уақытқа созылған аккультурацияны қарастырудағы этнологтармен ғана жүргізілген еді [2].

Алғашында аккультурация тек топтық деңгей феномені ретінде қарастырылған еді, тек кейінірек қана психологиялық аккультурация түсінігі енгізілген болатын. Егер аккультурация – бұл топтағы мәдениет өзгеруінің процесі болса, онда психологиялық аккультурация- бұл индивид психологиясындағы өзгерістер процесі. Бірақ бұл жағдайда да аккультурацияға берілетін топтың құндылықтар бағдарының, рольдік жүріс- тұрыстың индивидтердің әлеуметтік бағыт бағдарының өзгеру процесі ғана айтыла алады.

50-ші жылдардан бастап психологияда, соғыстан кейінгі студенттер және мамандар айырбастарының көбейуі және де бұқаралық миграциялық процестермен негізделген визитерлермен, индивидуалды қоныс аударушылардың мәдениет аралық бейімделуіне қызығушылық пайда болады. Бұл жерде әрине патологиялық феномендерге акценттелген жаңа мәдени ортаға бейімделу ерекшеліктері жайлы көптеген зерттемелерде сөз қозғалуда (невроздық және психосоматикалық бұзылыстар, ауытқушы және қылмыстық жүріс тұрыс және тағы басқалар). Алайда, ең алғаш және өте ерте адамдардың бөтен мәдениетке бейімделе алмау оқиғаларына назар аударған психологтар еді. Швейцар дәрігері И. Хофер ностальгия деп атаған отанын сағыну дертін олар ХVII ғасырдың өзінде қарастыра бастады [2].

Бірақ бұндай мәдениет аралық бейімделу процесін талдау негізінде де топ деңгейіндегі аккультурациялық өзгерістер қаралмайды. Бұл мәдени шок түсінігінде және онымен ұқсас – ауысу шогі мәдени шаршау түсініктеріне байланысты бейімделеді.



Мәдени шок түсінігі америка антропологі К. Обергпен енгізілген еді. Ол мәдениет араларындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар құндылық бағдарламаларды, әлеуметтік және тұлғалық біртектілік шырмалаңдарын аңғару, негізіндегі достары мен статус жоғалту, таңырқау және дискомфортпен байланысты жоғалту сияқты жағымсыз сезімдер жаңа мәдениетке ену барысында қосарланады деген идеядан шықты [4].

Мәдени шок белгілері әр түрлі: тағам сапасы, ішетін су сапалары, ыдыс, төсек жабдықтары тазалығы жайлы үнемі алаңдау, басқа адаммен физикалық қатынастан қорқу, жалпы үрейлік, ашушаңдық, жеткілікті деңгейде өзіне сенімді болмау, ұйқысының қашуы, алкоголды қабылдау, психосоматикалық бұзылыстар, депрессия, өзіне қол жұмсау әрекеттері жағдай үстінен қадағалауды жоғалту сезімі өзіндік компетентсіздігі және күтулердің орындалмауы, келген ел өкілдеріне қатысты ыза, агрессия, жаугершілік ұстамаларында көрінуі мүмкін. Ал, ол болса мүлдем үйлесімді тұлға аралық қатынастарды сипаттай алмайды.

Жиі мәдени шоктің негативті салдары болады, алайда оның позитивті жақтарына да назар аударған жөн. Ол мысалы, алғашқыда пайда болған дискомфорт жеке индивидтерді жаңа құндылықтар мен жүріс - тұрыс моделдерін қабылдауға және ақыр аяғында тұлғалық өсуге итермелейді. Осыдан шыға келе Дж. Берри тіпті мәдени шок терминінің орнына аккультурация стрессі деген түсінікті қолдануға ұсыныс берген еді. «Шок» сөзі тек негативті тәжірибемен ғана ассоциацияланады, ал мәдениет аралық қатынас нәтижесінде жағымды тәжірибе де мүмкін проблемаларды бағалау және оларды шешуді білдіреді.

Мәдени шоктің көріну дәрежесі мен мәдениет аралық бейімделу индивидуалды және топтық деп бөлетін топтарға бөлінетін көптеген факторлармен анықталады.

Біріншіден, мәдени шок жаңа мәдениетке өз бетімен ену ретінде қаратырылса, онда барлық визитерлар оны басынан өткере бермейді, мысалы олардың кейбіреулері туристер - әдетте бірінші кезеңнің аяғына жетпестен отандарына қайтып кетеді.

Екішіден, бөтен елде өмір сүру үнемі міндетті түрде «бал айынан» басталмайды, әсіресе өзінің және бөтен мәдениет бір бірімен қатты өзгешеленбесе.

Үшіншіден, көптеген визитерлар, бейімделу процесін аяқтай алмайды, өйткені мәдени шоктің алғашқы белгілері байқала бастағаннан ақ өз елдеріне қайтып кетеді.

Төртіншіден, өз отанына қайтып оралу үнемі, ауырлықты білдіре бермейді.

Визитерлар мен қоныс аударушылар бейімделу процестері едәуір өзгешеленеді, ақырғыларға мәдениетке толық ену керек. Мәдениеттік білімгерліктің жоғары деңгейіне жету, қоғам өміріне кірігу, тіпті әлеуметтік біртектілікті трансформациялау қажет.

Психологияда мәдениет аралық бейімделудің өту барысы, оның ұзақтығы (бірнеше айдан 4-5 жылға дейін), финалды бейімделу деңгейіне дейін, небір көптеген мәліметтер сақталған.

Жат мәдени ортада қалған адамдардың күтулері мен олардың бейімделу тиімділігі араларындағы өзара байланыстарды зерттеу қарама қайшылықты мәндерді көрсетті [4]. Кейбір зерттеушілер бейімделуді күтумен тікелей байланыс тәуелділігі идеясын ұстанады: сәтсіздікті күтушілер көп қиыншылықтармен кездеседі. Басқалары мәдени шок және жаңа жағдайға бейімделудің мүмкін мәселелері жайлы білімдер ендірілген күтулер бейімделуге жағымды әсер етеді деп пайымдайды.

Визитерлар, көбіне өзгерістерді қабылдағыш, өйткені бейімделу мотивациясы жоғары болады. Сол сияқты студенттердің шет елде болуы жеткілікті деңгейде анық бір мақсатқа бағдарланған ол отандарында карьера мен престиж қамтамасыз ететін диплом алу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін студенттер түрлі қиыншылықтарды өткеріп өмір сүретін ортаға бейімделуге дайын. Өзгерістерге дайындық деңгейі иммигранттарда күшейе түседі.

Мигранттардың өзгерістерге дайындығы да маңызды орын алады. Олар топпен сіңісіп кетуге ұмтылады. Ал, босқындар мен еріксіз қоныс аударушыларда төмен деңгейлі мотивацияға байланысты бейімделу процесі тиімсіз болып келеді.

Біздің пікірімізше, бұл жерде ақырғы топ бойынша зерттеушілердің пайымдаулары неғұрлым сәйкес келеді, өйткені өзіңді қандай мәселелер күтіп тұрғанын білсең, оларға қалай болсын дайындалуға әбден болады, соларға байланысты белгілі бір үйрену, дағдыларды меңгеруге болатыны анық.

Алайда, одан да маңызды мезет ол күтушілер реализмі, олардың жат мәдени ортаға сай келуі. Америкаға шексіз мүмкіндіктер еліне деген көзқарас иммигранттар мен босқындардың бейімделу тиімділігіне негативті әсер ететін фактор болып табылады және керісінше.

Мигранттардың «сіңісіп кетуіне» контактіге дейінгі тәжірибенің болуы жағымды әсер етеді. Белгілі бір елдің тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайларымен танысу. Тиімді бейімделудің алғашқы қадамы тілді меңгеру болып табылады. Ол көмексіздік пен тәуелділік сезімін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар, ол жергілікті тұрғындар сыйына кенелуге себептеседі. Бейімделуге сәттілігіне бұрын да басқа кез келген елдерде болу оның экзотикасымен – этикетімен, тамағымен, иісімен тағы басқалармен танысу маңызды әсер етеді.

Арнайы коммуникативті үйренулерді, жүріс тұрыстық стратегияларды және өмірлік қиыншылықтарды игеру қабілеттерін меңгеру адамды оңтайлы бейімделуге итермелейді [4].

Бейімделу процесіне жағымды әсер етуші маңызды факторлардың бірі, жергілікті тұрғындармен достық қарым қатынас орнату. Солай, «жергілікті халықтың» ішінен ең болмаса бір ғана танысы бар визитерлар, онымен қарым қатынасқа түсуі жаңа мәдениеттегі жүріс тұрыстың жазылмаған ережелерін меңгеру; өзін қалай ұстау керектігі жайлы ақпараттар алуға мүмкіндігі болады. Осындай қарым қатынас жұмыс пен престижді әлеуметтік топтардағы мүшелік сияқты қалаулы мақсаттарға жетуге «есік аша алады».

Және де сол елде бұрын келген адамдармен қарым қатынас та сәтті бейімделуге әкеле алады. Алайда, бұл жерде ескерілу керек жағдай, мәдени шок жағдайында жүрген адамдармен қарым қатынас, жұқтыру эффектісіне әкелуі мүмкін. Ондай стресстегі адам онымен басқаларды «жұқтырады».

Сонымен қатар, жерлестері жағынан әлеуметтік құптау жиі жергілікті халықпен тығыз байланыстардың дамуына кедергі болады. Яғни, нәтижесінде бейімделу процесін баяулатады. Мәселен, жақын шет елдерден өз отандарына көшіп барған орыс қоныс аударушыларының ішінде қоныстанудың компактілі түрін таңдағандардан гөрі, дисперсивті тип таңдап және де жергілікті халықпен белсенді өзара әрекеттесушілер неғұрлым тиімді бейімделгені анықталған болатын.

Бейімделуге әсер етуші топтық факторлардың ішінде ең алдымен өзара әрекеттесуші мәдениеттер сипаттамалары бөлінеді.

Мәдениет араларындағы ұқсастық пен өзгешеліктер дәрежесі, көптеген зерттемелер нәтижелерінің дәлелдеуінше мәдени шок айқындылық дәрежесі мәдени дистанциямен жағымды байланысады. Басқаша айтқанда неғұрлым жаңа мәдениет туғанға ұқсас болса соғұрлым, бейімделу процестері жарақатты болады.

Мәдениет ұқсастықтарының дәрежесін бағалау үшін И. Бабикермен және оның әріптестерімен ұсынылған мәдени дистанция индексі қолданылады. Олар өздеріне тілді, дінді, жанұя құрылымын, білім деңгейін, материалды комфортты, климатты, тағамды, киімді және тағы басқаларды ендіреді [1].

Алайда, сонымен бірге мәдениет араларындағы ұқсастықтар дәрежесін қабылдау үнемі адекватты бола бермейтінін ескеру керек.

Бейімделу термині түрлі ғылым саласында қолданылады және соған орай талдауы да әрқилы.

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі оның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық статусқа ие болу, қандай да бір қоғамдағы рөлдік функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесінде тұлға өмір мен іс әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары арасында үйлесімге қол жеткізуге ұмтылады. Оның жүзеге асуына қарай тұлға бейімделуі жоғарылайды. Толық бейімделу барысында адамның психикалық іс әрекеттің орта шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Лебедева Н.М. Социальная психология этнических миграций. - М., 1993. – 218с.

  2. Михайлова Н.Б. Психологическое исследование ситуаций эмиграции. // Вопросы психологии. – 2004. - №1, - с.26-31.

  3. Гриценко В.В., Шустова Н.Е. Социально-психологическая адаптация детей русских переселенцев в российском обществе. // Психологический журнал. - 2004. - №3, с.25-33.

  4. Асмолов А.Г. Психологи о мигрантах и миграции в России. – М., 2001. – 305с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет