Ерболат Досаев Достық даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінде "Сергек" бейнекамералары орнатылатынын айтты. Бұл көшелерде көліктер шектеулі жылдамдықпен жүреді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде Ладушкин көшесіндегі 65 үйдің тұрғындары қала тыныштығын бұзатын автошабандоздарға қатысты шара қабылдауды сұрады.
"Көктемнен бастап түнгі уақытта Достық даңғылында жастар арасында нағыз жарыс басталады. Көлік қозғалтқыштарының гүрілдеуі, қатты музыка ұйықтауға кедергі келтіреді. Тыныштықты бұзушылармен күресуіңізді сұраймыз", – деді тұрғын.
Әкім аудан тұрғындарының шағымы ескерілетінін айтты.
“Түнде тыныштық бұзғандар жауапкершіліктен босатылмайды. Полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Достық даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінде "Сергек" видеокамераларын орнатуды тапсырдым. Ондағы жылдамдыққа шектеу қоямыз. Бейнебақылау камералары жағдайға әсер ететініне сенімдімін", – деп жауап берді Ерболат Досаев.
Әкімдіктің хабарлауынша, биыл 30 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін және 750 бейнемониторинг жүйесінің камерасын орнату жоспарланып отыр.
Бұған дейін Алматы әкімдігі белгісіз шудың шығу себебін түсіндіргенін жазған едік.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.