«Елім менің» теледуманының сцинарийі 29 қараша, 2016 жыл



жүктеу 87.1 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі87.1 Kb.

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп бойынша тарих , география , құқық ,

дінтану , өзін – өзі тану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тарихтан – тағылым , өткенге – тағзым» атты апталық аясында ұйымдастырылған

«Елім менің» теледуманының сцинарийі
29 қараша, 2016 жыл

Жүргізуші:Сәйгүлікті құйрық жалы таралған ,

Сүйе тұғын қазақ осы қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып , ән салып ,

Көкпар тартып қыз қууға жаралған

Арма ағайын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі құтты болсын!Қ.Нұрмаханов атындағы №95 білім шаңырағында «Елім менің» думаныны !

Қымбатты көрермен, думанның бүгінгі саны сіздерге тарихымыздан сыр шертеді.Қойнауы кенен , тарихы терең туған өлкеміз – асқақтай берсін!

Елім менің думаны қазақ елі мен жерінің тарихын танытады. Сонымен қатар өзінің кейіпкерлері де бар. Таныс болайық ! Оң қанатты бастап келген _________________________

ның тобы «______________».

Екінші топ сол қанатта отырған ______________________________ның тобы «____________».


  • Құрметті топ басшылар, топ мүшелері қош келдіңіздер! Ал енді кезекте сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.______________________ сіздің топ бүгін кімдермен толықты?

______________________ өз тобыңыздың құрамымен таныстырып өтсеңіз.

- Рахмет !Олай болса сіздерге сәттілік тілеп ,сұрақ қойып , думанды жүргізетін мен Жұмагүл Баянова.

- Ал біздің думанымызға сарапшылық ететін әділқазылармен таныс болайық .

Төрағасы: ________________________________________________________________________

Мүшелері: _______________________________________________________________________

Мүшелері:________________________________________________________________________

Мүшелері:_________________________________________________________________________

«Елім менің» думаны 6 айналымнан , әр айналым бірнеше тапсырмадан тұрады. Сонымен дайынсыздар ма ?

Сіздер дайын болсаңыздар, мен алғашқы айналымды ашық деп жариялаймын.

1 – айналым

Бірінші асу екі топта бір – біріне қарама – қарсы тұрған екі ойыншы жекпе – жекке түседі.Сіздерге бірдей экран арқылы 3 сұрақ қойылады.Осы бейне сұрақтың жауабын тапқан ойыншы бізге жалаушаны тезірек көтеріп, белгі беруі керек. Әрине бұл сұрақтар ел тарихында орын алған телехабарлар , фильмдер , оқиғалар немесе адамдар болуы мүмкін. Әр дұрыс жауап сіздерге әдеттегідей 1 ұпай береді. Дайынсыздар ма ? Дайын болсаңыздар алғашқы сұрақ мынадай.



1-сұрақ : «Балалық шағымның аспаны » к/ф үзінді.Сонымен сұрақ мынадай: Сұлтан қандай жүлде алды және жүлдесін қайтті?» Яғни кімге сыйлады? (00:05:58)

Жүргізуші:Жауапты қабылдай отырып , экраннан дұрыс жауапты тыңдайық. (00:07:45)

- Екінші сұрақты кезекте тұрған қарама – қарсы топқа жасырамын. Экранға мұқият назар аударайық.



2-сұрақ :Мұрағаттан «Досмұхасан» ансамблі көрсетіледі.Сонымен сұрақ мынадай:Досмұхасан ансамбль аты, оны ұйымдастырушылар Досым Сүлеев ,Мұрат Құсайынов,Хамит Санбаев, Александрь Литбинов есімдерінің алғашқы буындарынан құралған , ал бейне роликтегі қыз баланың топқа қандай қатысы бар? (00:09:01)

- Дұрыс жауапты мен сіздерге оқып кетейін. Досмұқасан вокальдік аспаптар ансамбілі 1967 жылы құрылды . Алғашқы ұйымдастырушылар Досым Сүлейев ,Мұрат Құсайынов , Хамит Санбаев , Александрь Литбиновтар болатын, ал кейіннен ансамблге бірнеше адам қосылды солардың бірі әнші Құрманай Омарова апамыз.

- Ал , келесі сұрақ біздің болашағымыз,кемелді келешегіміз сіздерге арналған.Экранға назар аударып көрейік.

3-сұрақ: Мұрағаттан бейне ролик көрсетіледі.Сонымен біздің нағыз ел жанды жастарымызға сұрақ мынадай:1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына қандай атақ берілді? (00:10:50)

- Ал мен дурыс жауапты оқып берейін. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп , медалмен марапатталды.



  • Сонымен сарапшылар алғашқы айналып бойынша қай топ алда келе жатыр ?

2 – айналым

  • Ал , біз екінші айналымды бастаймыз.

  • Тілді білу ,елді тану .Олай болса екінші айналым қазақ тіліне арналады. Ойыншылардың тілдік сауаттылығын сынға салатын боламыз. Әуелі ол үшін сөздердің дурыс жауабын тексеріп аламыз. Әр дұрыс жауап әдеттегідей сіздерге 1 ұпай береді. Сонымен кезекті жеңіліс тапқан топқа берелік. Дайын болсаңыздар, сіздерге 1-ші сөз : Әжуалау

  • Ал келесі топқа берілген сөз мынадай : Боркемік

  • Үшінші сөз :Қағілез

  • Төртінші сөз: Қауесет

  • Келесі сөз: Бетбұрыс

  • Соңғы сөз: Өнеркәсіп

- Екінші айналымның келесі бөлімі тұрақты сөз тіркестеріне арналмақ. Сіздерге қазір экран арқылы сөз тіркесі беріледі.Сол тіркестің мағынасы мен баламасын айтуларыңыз қажет.

1 – топқа

-1. Ат құлағы көрінбейді.



Дұрыс жауап: Бұл тіркес екі түрлі мағынада айтылады: Өте биік шөп немесе ақтүтек боранды суреттеген кезде

2 – топқа

2.Құланнның қасынуынан , мылтықтың басуы .



Дұрыс жауап: Істің орайы келгенде , сәті түскенде айтылатын сөз тіркесі.

1 – топқа

3.Бұғалығын ала қашты.



Дұрыс жауап : Бас асаулық етті, көнбеді деген мағынаны береді.

2 – топқа

4.Құлаққа ұрған танадай .

Дұрыс жауап : Тып – тыныш , жым – жырт деген мағынаны білдіреді.

1 – топқа

5.Арық қойдан бағасы кейін .

Дұрыс жауап: Қадірі жоқ , бағасы төмен адам деген мағынаны білдіреді.



2 – топқа

6. Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай .

Дұрыс жауап:Көсем адамды суреттегенде, қолданылатын сөз тіркесі.

Жүргізуші: Бұл айналымда да сіздер өздеріңізді көрсете білдіңіздер , сарапшылар есеп неше де неше?

Сонымен бізде кезек үшінші тапсырма . 3-ші тапсырмада да тілдік танымды кеңесіп , тілді байытуға , дамытуға бағытталған сұрақтар болады. Екі топ бір біріне сонау қазақтың көнерген сөздерін жасырады. Сол сұрақтың үш нұсқасы толық берулері керек. Жауапты дұрыс тапқан келесі топқа әдеттегідей 1 ұпай беріледі. Сіздер дайын болсаңыздар бастайық.

1 – топ : Бармақ жалау –

1 – нұсқа: Алыстан келген қонаққа берілетін сый

2 – нұсқа: Мал сойуға көмектескен адамның сыбағасы

3 – нұсқа: Шақырылған қонаққа еріп келген адамдардың айтатын сөзі. +



2 – топ: Қазан шегелеу -

1 – нұсқа: Дос , құрдас адамның үйіне барғанда айтылатын сөз +

2 – нұсқа: Ұстаға сынған ыдыс – аяқтарды жаматуға , жөндетуге барғанда айтылатын сөз.

3 – нұсқа: Көшкенде , жер ошақ қазып қондырғанда айтылатын сөз.



Жүргізуші:Сонымен есеп сарапшылар?

3 – айналым

Жүргізуші: Сонымен сіздерге сәттілік тілей отырып , келесі 3 – айналымға көшейік. 3-ші айналым ел тарихында ерекше орны бар елеулі тұлғалар туралы болмақ. Олар қазір арамызда болмаса да, елімізге ерекше еңбегі сіңген азаматтар, болмаса арамызда жүрген қоғам қайраткерлері немесе әдеби шығармалары арқылы жұртшылық жүрегін жаулаған жақсы таныс кейіпкерлер болуы мүмкін.Әр топ басшысы өз адамдарына сол адамдар туралы көбірек мәлімет беруі тиіс. Түсіндіруге сіздерге уақыт шектеулі 1,5 минут беріледі. Әрбір дұрыс жауап әдеттегідей 1 ұпаймен бағаланады. Сіздерге тапсырма сарапшылар алдында.

- Дайын болсақ, уақыт кетті.



1-топқа тапсырма:

  1. Зере

  2. Илья Ильин

  3. Махамбет Өтемісұлы

  4. Қасым Қайсенов

  5. Байшұбар

  6. Бибігүл Төлегенова

  7. Сырым Датұлы

  8. Н.Ә.Назарбаев

  9. Шынғыс хан

  10. Дариға Назарбаева


2-топқа тапсырма:

  1. Жантас – «Менің атым Қожа» филмінен

  2. Ескендір Хасанғалиев

  3. Қасым Аманжолов

  4. Мұхтар Әуезов

  5. Бақтияр Тайлақбаев

  6. Тұңғышбай Жаманқұлов

  7. Абай

  8. Балуан Шолақ

  9. Сара Назарбаева

  10. Мадина Ералиева

Жүргізуші: Сонымен сарапшылар балдық өлшемді көрсетсеңіздер.

4 – айналым

- Сонымен төртінші айналым төріне шығайық. Төртінші белестің бейне сауалдары ата – бабаларымыздың тұрмыс – тіршілігін алып келеді. Сауалдар қазақ халқының салт – дәстүр , әдет – ғұрпына байланысты қойылады. Бейне сюжетті мұқият бақыласаңыздар, дұрыс жауаптың кілті бар, ал дұрыс жауап сідерге 1 ұпай береді . Ереже түсінікті болса, бейне сауалды бәріміз бірге тамашалайық.



1- бейне сұрақ : «Жарыс қазан» ырымы қандай мақсатпен жасалады?(00:33:54)

Дұрыс жауапты оқып берейін: Айы - күні толған келіншек толғатқан сәтте жасайтын ырым .Абысын келіндер қара қазан бұрын пісе ме , қара қатын бұрын босана ма?- деп, қарбалас қимылға кіріскен қазан буы , ондағы дәмнің исі ертерек босануына әсер ететін тылсым күш санаған.

2-бейне сұрақ: Сонымен сұрақ мынадай 5 жақсы болуы үшін тағы не жетіспей тұр?(00:33:43)

Дұрыс жауап : Ел ағалары арасында жүретін жолы да орны да ерекше бағалы сый 5 жақсы деп аталған екен. Оған қымбат шапан , алмас қылыш , қара нар , тұлпар ат, қалы кілем.

5 – айналым

Жүргізуші: Ойыншылардың тері қатпай тұрғанда, 5 – ші айналыммен жалғастырайық . Өте қысқа айналым 2 тапсырмадан тұратын айналым. Сіздерге сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға сенемін немесе сенбеймін деп жауап берулеріңіз қажет. Ереже түсінікті болса, бастайық.

1 – топқа :

1.Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан 10-шы орында келе жатырғанына сіз сенесіз бе, жоқ сенбейсіз бе? (6 орында Қазақстан)

2.Қазақ палуаны Қажымұқан 56 медаль иемденгеніне сенесіз бе , сенбейсіз бе?

(28 елде күресіп , 56 медаль олжалаған)

3.Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6000-нан астам кен орны бар екеніне сіз сенесіз бе , сенбейсіз бе ?(6000-нан астам кен орны бар)

2 – топқа:

1.Қазақстан жерін 120-дан астам ұлт өкілі мекендейтініне сенесіз бе ? (120 дан астам)

2.Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екендігіне сіз сенесіз бе? (Орал өзені арқылы салынған көпір Атырауда, 551мр)

3.Әлемнің екінші ұстазы Қазақстан жерінде туғанына сенесіз бе? (Әбунасыр Әл-фараби Фараб, яғни қазіргі Отырар қаласында дүниеге келген)



6 – айналым

Жүргізуші: 6 – айналым бойынша студияға сұрақтар өздері келе жатыр , жақсылап қараңыздар бұл не ?

1 – топқа :

  • Енді сұрақ мынадай: уыс деген не ? Осы затты пайдаланып, 1 уыс затты көрсетіңіздер ?

Дұрыс жауап: Кез-келген ұсақ затты алақанмен уыстау , осы өлшем уыс деп аталады

2 – топқа:

- Алдарыңызға келген ағаш екенін бәріміз біліп тұрмыз , сұрақ мынадай : елі деген не , мына ағаштан 5 елі жасап беріңіз.



Дұрыс жауап : 5 - ақ саусақ көмегімен жасалатын өлшем .

Жүргізуші: Келесі кезек 6-айналымның 2 – тапсырмасында. Әрбіріңізге екі әріп тиесілі . Сол әріптерді пайдалана отырып, 2 минут ішінде берген 5 сұрақтың жауабын табуларыңыз керек. Әдеттегідей дұрыс жауап -1 ұпай. Ереже түсінікті болса, бастайық.

1 – топ: Ұ/А Б/А Т/ Л М/ Қ

1.Алматының алмасы

2.Қазалы , Қызылорда , Ақтөбе , Тараз ,Шымкент – бұлар не ?(қала)

3. Ата даңқымен қыз өтеді , мата даңқымен көз өтеді

4.Жылқының түсі қандай ? (құла)

5.Балықтың түрі (лақа)



2 – топ : Ң/А А /Л Т /Ш Ы / Н

1.Асығың алшы түссін

2.Қысқы көлік түрі – шана

3.Түйенің аталығы – атан

4.Бестен кейінгі сан алты

5.Шешең синонимі - анаң



Жүргізуші: Міне, осындай думанды сайысымыз осымен өз шегіне жетті , сөз кезегін сарапшыларға береміз , бүгін кім жеңіліс тапты , кім жеңіс тапты екен?! Сонымен сөз кезегі өздеріңізде, сарапшылар.

(Сарапшылар қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттайды)


Жүргізуші : Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Ұлтымыз тыныш , көкбайрағымыз әлем көгінде желбіресін!Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Ал қазір мен сіздерді ледэкран арқылы берілетін әсем әнді бірге шырқауға шақырамын!(видеоның басы)
1-топқа тапсырма:

Зере


Илья Ильин

Махамбет Өтемісұлы

Қасым Қайсенов

Байшұбар

Бибігүл Төлегенова

Сырым Датұлы

Н.Ә.Назарбаев

Шынғыс хан

Дариға Назарбаева

2-топқа тапсырма:

Жантас – «Менің атым Қожа» филмінен

Ескендір Хасанғалиев

Қасым Аманжолов

Мұхтар Әуезов

Бақтияр Тайлақбаев

Тұңғышбай Жаманқұлов

Абай


Балуан Шолақ

Сара Назарбаева

Мадина Ералиева


1-топқа тапсырма:

2-топқа тапсырма:


1 – топ : Бармақ жалау –

1 – нұсқа: Алыстан келген қонаққа берілетін сый

2 – нұсқа: Мал сойуға көмектескен адамның сыбағасы

3 – нұсқа: Шақырылған қонаққа еріп келген адамдардың айтатын сөзі. +



2 – топ: Қазан шегелеу -

1 – нұсқа: Дос , құрдас адамның үйіне барғанда айтылатын сөз +



2 – нұсқа: Ұстаға сынған ыдыс – аяқтарды жаматуға , жөндетуге барғанда айтылатын сөз.

3 – нұсқа: Көшкенде , жер ошақ қазып қондырғанда айтылатын сөз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет