Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты оқиғалар



жүктеу 371.62 Kb.
бет1/6
Дата22.04.2019
өлшемі371.62 Kb.
  1   2   3   4   5   6

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР



3






Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты оқиғалар






Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ



Мазмұны





Мазмұны 2

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 2

NASA кішігірім 10 зерттеу миссиясын қаржыландырады 3

Сауд Арабиясы 3D-принтерлерде тұрғын үйлерді басып шығара бастайды 4

Қытай сутегілік трамвайларды иеленеді 4

Еуропалық ғарыш агенттігі «Экзомарс» марста жүретін аппаратты қондыру орнын таңдайды 5

Данияда жел генераторларын жасанды аралдарға көшіру жоспарлануда 6

Қытайда аәға ұшу үшін көп реттік ғарыш кемесі әзірленуде 7

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 8

Italian Volt компаниясы 3D-принтерде басылған электрбайкты сата бастады 8

Avegant компаниясы AR-көзілдіріктердің прототипін көрсетті 8

Қытайда әлемдегі ең ірі 5G эксперименттік желі салынды 10

Passivdom компаниясы 3D-принтерде толық дербес үйлерді басып шығара бастады 10

Германияда орасан зор жасанды Күн жиналды, ол кәдімгі күннен 10000 есе жарық 11

Samsung QLED және The Frame инновациялық теледидарларын ұсынды 12

Турбиналық генераторы бар алғашқы қытай электрокары ұсынылды 13

ҮИИДБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 14

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҮИИДБ алғашқы мамандарын шығарды 15

ОҚО-да «Атамекен-Ордабасы» индустриялық паркі іске қосылады 16

Ақтауда шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады 17

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18

Илон Маск миды компьютерге қосуға арналған интерфейсті жасауда 18

Графиннен дайындалған тері протездерге тактилді сезімдерді беруді мүмкін етеді 20

Болашақта жасанды өкпені арқақоржында тасымалдауға болады 21

Google мен Levi’s «ақылды» джинсы күртешені шығарады 23

Америкалық стартап пиццаны басып шығару үшін 3D-принтер әзірледі 24

ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КОРПОРАЦИЯЛАР 24

IBM кванттық компьютер базасында бұлтты сервис жасайды 25

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР 25

Oukitel K6000 Plus бірегей смартфоны нарықты бағындыруға дайын 26

Жаңа Камаз электробусы 15 минутта қуат жинайды 27

ПРОЦЕССТІК ИННОВАЦИЯЛАР 28

Келесі олимпиадада көзілдірікпен виртуалды шынайы өмірді бақылауға болады 28

МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР 29

Иілгіш смартфондар 2018 жылы пайда болуы мүмкін 29

ҰЙЫМДЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР 30

Шанхайда сатушыларсыз жұмыс істейтін дүкен ашылды 30

Вирджинияда робот-курьерлер «жұмысқа рұқсат» алды 31


ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



NASA кішігірім 10 зерттеу миссиясын қаржыландырады







Ғарыш миссияларының кейбірі көп қаражат салымын және олары іске асыру үшін күрделі қымбат тұратын техниканы қажет етеді. Көптеген зерттеулерді кішігірім қаржы жұмсап өткізуге болады, сондықтан Америка ғарыш агенттігінің мамандары Planetary Science Deep

Space SmallSat Studies бағдарламасының шеңберінде жалпы есепте жоспарлауға 3,5 миллион доллар бөліп, кішігірім он зерттеу миссиясын қаржыландыруға шешім қабылдады.

Екі жоба Шолпанға арналған. Командалардың бірі планетаның атмосферасындағы газды өлшеуге көмектесе алатын, салмағы отыз килограмға жуық кішігірім зон жасамақшы. Екінші жобаны әзірлеушілер кішігірім ғарыш аппаратының көмегімен Шолпан атмосферасының ультрафиолетті жұту дәрежесін зерттеуге үміт артып отыр.

NASA ғарықша ұшу орталығының тобы мен Смитсон астрофизикалық обсерваториясының зерттеушілері бірқатар эксперименттер жүргізу үшін Айға бір-бір аппараттан жөнелтуді жоспарлап отыр, ал Джон Хопкинс университетінің ғалымдары айылатын сейсмографы бар шағын ғарыш аппаратын жасап, соның көмегімен астероидтің беті мен ішкі құрылымын зерттеуді қолға алмақ. Lockheed Martin де осыған ұқсас мақсаттарды жоспарлап отыр, бірақ оларға біршама көп жер серігі қажет, қазірге олар алты жер серігіне тоқталып отыр.

Пердью университетінің астрономдары ғарышқа жақсы потикамен жабдықталған 12 элементтік жер серігін жөнелтуге ниетті, мұның өзі оларға Марстың Фобос және Деймос айларын сапалы етіп суретке түсіруге көмектеседі. Пердью аппаратына CubeSat NASA серік болады, оның көмегімен Агенттік Марстың климатын, оның қалай өзгеретінін зерттейді. Хэмптон университетінің командасы Уранның атмосферасын зерттемек, ал Оңтүстік-Батыс зерттеу институтының ғалымдары шағын жер серігін Юпитерге аттандырмақ.

NASA-дағылар осы шағын аппараттар өздері зерттейтін объектілер бойынша алдын ала мәліметтер ұсына отырып (ал жаңа ақпарат ешқашан артық болмайды), болашаққа деген үлкен дайындамаға айналатындығына сенімді. Ол үлкен миссияларды жабдықтау кезінде қажет болуы ықтимал.
Дереккөз: https://hi-news.ru/research-development/nasa-profinansiruet-10-nebolshix-issledovatelskix-missij.html


Сауд Арабиясы 3D-принтерлерде тұрғын үйлерді басып шығара бастайды







3D-баспа көмегімен тұрғын үй салу мүмкіндігін қытайдың WinSun компаниясы мен салушы AL Mobty компаниясы осыдан жарты жыл бұрын талқылай бастаған болатын, жуырда ғана қос компанияның өкілдері барлық қажетті құжаттарға қол қойды, содан кейін Сауд

Арабиясының королі Қытайға сапар шегіп, мәмілені мақұлдады,соның шеңберінде тараптар 30 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салуды қолға алмақ.

Қытайдың WinSun компаниясы өнеркәсіптік 3D-принтерлерді өндірумен шұғылданады, ынтымақтастық шеңберінде жуық арадағы бірнеше айда осындай қондырғылардың жүз шақтысын Al Mobty компаниясына сатуды жоспарлап отыр.

Қытайдың өнеркәсіптік 3D-принтерлерінің көмегімен Сауд Арабиясында арзан әрі қолайлы тұрғын үй салу жоспарлануда. Салушы ең алдымен бір жарым миллионға жуық жаңа ғимарат салуды жоспарлап отыр, өйткені қазіргі заманғы 3D-баспаны пайдалану материалға жұмсалатын шығындарды маңызды шамада азайтуға және жұмыс күшін үнемдеуге мүмкіндік береді.

WinSun мамандары жуырда ғана Дубайда тұтас кеңсе ғимаратын басып шығарды. Құрылыс ауданы шамамен 250 шаршы метрді, ал ғимарат құны шамамен 150 мың долларды құрады. Принтер өз міндетін небары 17 күнде атқарып шықты.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/saudovskaya-araviya-nachnyot-pechatat-zhilyo-na-3d-printerax.html





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет