«Елін бастаған Елбасы»



Дата22.04.2019
өлшемі50 Kb.

«Елін бастаған Елбасы»

Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентіндегі

№22 жалпы орта білім беретін мектептің 7 «А»- сынып оқушысы

Мырзағұлова Альбина Мұратбекқызы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен бұл адамды есімді жия бастағаннан бері білемін. Мен Нұрсұлтан атаны ұлт көсбасшысы деп мақтан етемін.

Менің Елбасым - Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев-дана адам. Мен өз болашағыма сеніммен қараймын, себебі мен Елбасыма сенім артамын! Біздің Елбасымыз - өз елінде бейбітшілікті сақтап қоймай, әлемдегі мәселелерді шешуге де, белсене ат салысатын ақылды адам. Барлық әлемге бейбіт өмір сүріңдер деп ұран салған да біздің Елбасымыз. Біздің Елбасымыздың қазақ халқы үшін істеген еңбектерін саусақпен санауға келмейді. Биыл елімізде Тәуелсіздікке 27 жыл. Бұл мерекенің біз үшін , қазақ халқы үшін алатын орны зор. Елбасымыздың халқына деген қамқорлығының арқасында қазақ халқы тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Менің мектебімде Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған түрлі шаралар өтіп жатыр. Мен аталған шараларда мәнерлеп өлең оқимын, ән айтамын, би билеймін. 2016-2017 оқу жылында «Менің тұңғыш Президентім» атты тақырыпта эссе жазу байқауы болып, менің жұмысым ауданға ұсынылды. Аудан бойынша «Бас жүлдені» иеленіп, қатты қуандым. Мен әр жетістіктерім үшін ұстаздарыма, мені өмірге әкелген әкем мен анама мың алғыс айтамын.

Қазақ елі көптеген биіктерден көрініп жүр. Қазақ халқының осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған Елбасымның алға қойған мақсаттарының арқасы деп ойлаймын. Мен осындай тәуелсіз елде туып, өсіп  жатқаныма ризамын. Елбасымның еңбектерін ерекше бағалап, құрметтеймін. Елбасымның еренді, қажырлы еңбектерінен үлгі аламын.

Елімізде мен сияқты көптеген балалар білім алып жатыр. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Басқа балалар сияқты мен де өте жақсы оқимын. Біздің осылай білім алып жүргеніміз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Себебі, бізге оқу үшін барлық жағдай жасалған. Мен мектеп оқушысы болсам да, көрші елдерде болып жатқан соғыстарды, оқиғаларды теледидардан көріп, естіп жүрмін. Ал біздің елімізде тыныштықтың болуы Президентіміздің арқасы деп білемін. Елімізде жүз отыздан астам ұлт тату- тәтті өмір сүруде.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған көптеген оқу орындары бар. Астанада және  біздің Атырау облысында Тұңғыш Президент күніне қарсы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Қай оқушы осы мектепте оқуды армандамайды десеңізші! Бұл мектептің оқушысы атану менің де арманым. Менің Президентім елін, жерін, Отанын, халқын өте жақсы көреді. Мен оны Елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған Жолдауынан сезінемін. Елдің Президенті болу – бұл өте қиын іс. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш – жігерін жұмсайды. Қазақстанның әр облыс орталықтарына, аудандарына, қала, ауылдарына барып, халықпен кездеседі, біз сияқты оқушылармен кездеседі. Балаларға көп көңіл бөледі,олардың тілектерін тыңдайды, мәселелерді шешеді.  2013 жылы қазақ халқы үшін ерекше жыл болды. Елу мемлекет арасында оза шауып, 2017 жылғы кең көлемді түрде өтетін халықаралық «ЭКСПО- 2017» көрмесі біздің қазақ жерінде өтетін болды. Және де бұл көрме Астана қаласында өткені - біз үшін үлкен мәртебе. «ЭКСПО-2017» көрмесіне біздің мектептен көптеген оқушылар барып келді. Бұл көрмеге меніңде баратын орным бар , бірақта бір үйден бір бала баратын болып, менің Мәдина атты апам барды. Менің апам өнерлі , әрі сабақты да өте жақсы оқиды. Ол бізге көптеген базарлық алып келді. Ол «ЭКСПО- 2017» көрмесінің қатты ұнағанын айтып, көрген қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасының тікелей араласуымен болды. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мен Алматы қаласына жазғы демалысқа барғанымда , Елордамыз Астанаға саяхат жасадық. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «Ақорда», «Бәйтерек», «Думан» орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқанын көрдім. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор.

Президентіміздің тапсырысымен туған жерінен жырақта жүрген көптеген қазақ азаматтары өзінің ата-бабалары тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды.

Мен өз тұңғыш Президентімді жақсы көргендіктен, әрдайым ол туралы мәліметтерді көп оқимын. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келеді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейді екен. Ол қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін болған.  Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келіп, 1977 жылы қайтыс болады. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болған, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыған. Ол ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығатын болған. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайды екен.

Президентіміз- көптеген жұмыстар атқаруда және көптеген кітаптардың авторы. Нұрсұлтан атамыздың “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін”, “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде” деген дәйексөздері маған қатты ұнайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Ұрпағы өз тілінде, мемелкеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік болмақ.

Менің Дәулет жездем мен Айымгүл деген нағашы апамның баласы, менің туған бөле ағам бар. Бөле ағамның да аты және тегі Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан ағам Астанамен құрдас. Ол 1998 жылы дүниеге келген. Биыл Елордамыз Астананың және Нұрсұлтан ағамның 21 жасымен шын жүректен құттықтаймын. Және менің Дариға Назарбаева атты бөле апам бар. Дариға 8 сыныптың оқушысы. Нұрсұлтан жанұяның екінші перзенті. Олар өте ақылды,мейірімді және жанашыр туыстар.Айымгүл нағашы апам 5 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы, ардақты да, аяулы ана. Нұрсұлтан орта мектепті ойдағыдай аяқтап, Ақтөбе облысынан ұстаздық білім алған. Ол салауатты өмір салтын ұстанады. Менің жездемнің аты да Нұрсұлтан. Мен Нұрсұлтан деген есімді өте жақсы көремін. Сондықтан да бұйырса Нұрсұлтан деген інім болса екен деп армандаймын.



Менің тұңғыш Президентім - көреген саясаткер, алымды да алғыр басшы, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы, Қазақстан Республикасының гимнінің авторы, жазушы және «Ғасыр адамы». Мен де елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосқым келеді. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп , құрметтейтін боламын! Мен Егеменді тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпағымын! Мен тұңғыш Президентім Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға зор денсаулық тілеймін! Мен атамыздың 100 де көп жасағанын қалаймын! Мен елімізді Нұрсұлтан атамыздай Президенттің басқарғанына қуанамын, біз Президентпен бірге бақыттымыз! Мен өз Президентіме сенемін.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - менің тұңғыш Президентім! 


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет