Елін сүйген елбасы мақсаты



жүктеу 50.7 Kb.
Дата02.04.2018
өлшемі50.7 Kb.

СЫНЫБЫ: 3

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ


Мақсаты:

  • Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

  • Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

  • Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

КӨРНЕКІЛІГІ: суреттер, буклет, кітап көрмесі, қанатты сөздер, жалаушалар, шарлар
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Жоғары қарап ай көрдік

Төмен қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік ЖҮРГІЗУШІЛЕР (АЗАТ, БАЛЖАН)


АЗАТ: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекет тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

БАЛЖАН: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

АЗАТ: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

БАЛЖАН: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.



ӘНҰРАН орындалады

АЗАТ: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты.


БАЛЖАН: Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

АЗАТ: Қазақстан дейтін менің бар елім .


Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
БАЛЖАН: Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
СЛАЙДТАРМЕН ЖҰМЫС «ЕЛБАСЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ» МҰҒАЛІМ:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.

Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
(1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.)

ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫНА ШОЛУ
САБЫРЖАН Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
АҚБОТА Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
РАМАЗАН Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
БАЛЖАН Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
БАҒДАУЛЕТ Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

РАСУЛ «АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН»

НҰРСАРА Елі үшін көтеріп нар жүгін де,


Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
НҰРДАУЛЕТ Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

ЖАУҺАР Ел тынысын тереңінен танып кең,


Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

БАРШЫН Серпігенде бостандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
РАСУЛ Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы ВАЛЬС

НАЗГҮЛ Атыңнан айналайын, Егемен ел!


Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер

АЯУЛЫМ Асқақ болып еліміздің жалауы


Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы

АСЛАН Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген


Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
НҰРАЙ Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік ХОР: АТАМЕКЕН
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,


Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жаса қазақ, өр халқым!
АЗАТ Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің Елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан (барлығы бірге)

ҚАЗАҚСТАН, НҰРСҰЛТАН!



ҚАЗАҚСТАН, НҰРСҰЛТАН!

ҚАЗАҚСТАН, НҰРСҰЛТАН!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет