Әліпбаев А. Р. АҚШ-тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделерінің кейбір астарлары



жүктеу 72.42 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі72.42 Kb.
түріДиплом

Әліпбаев А.Р.
АҚШ-тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделерінің кейбір астарлары
Әлемдік геосаяси ел ретінде Америка Құрама штаттарының қалыптасу тарихы кезең-кезеңдерден өтіп, ХХ ғасырдың аяғында қуаттылық жолының шыңына жеткендей. Тек бұл жолда АҚШ тарапынан талай қиянаттық пен ақиқатты бұрмалаушылыққа жол беріліп соның негізінде басты мүдде үшін ештеңеден тайынбады. Өткен кезеңдерде әлемдік үстемдікке ұмтылған АҚШ жағынан «æóàí ñîéûë» немесе «доллар дипломатиясы» сияқты саясат кеңінен пайдаланып келсе, енді ХХІ ғасырдың даму заңдылығына сай ғаламдық мақсатқа жету үшін қару-жарақтың жаңа жетістіктерін, оның ішінде ең алдымен ақпараттық қаруды кеңінен пайдалануда.

Өйткені, кез-келген қоғамның ақпаратсыз өмір сүруі бүгінгі күні мүмкін емес. Тек соның толыққандылығынан, шынайылығы мен өзуақытында жетуінен мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғалардың саяси, экономикалық, қорғаныстық, құқықтық, ғылыми, мәдени және басқа да мүдделерінің барабар шешімдері тікелей тәуелді.

Қазіргі уақытта ғаламдық және аймақтық ақпараттық торабтар мен басқа да байланыстық арналарды өзінің мәні бойынша ядролық қаруды жеткізу құралымен, ал жалғанақпараттылықты – ядролық оқтұмсықпен теңестіруге болады.

Ақпараттық ықпал ету көзге көрінбей, біртіндеп қана айқындалады, аз шығын, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, ең бастысы – оңай жойыла қоймайды. Ақпараттың негізінде қалыптасқан көзқарасты жою үшін он есе көп шығындалу керек, соншама уақыт қажет. Сол себепті де АҚШ тарапынан осы бағытқа көп көңіл бөлінуде. ХХІ ғасырдағы американдық әскери ұстанымда ақпараттық қаруы – «бағытталған күш» ұстанымы – негізгі құрамдас бөлшек ретінде қаралады.

Осындай күш-қуатты пайдалана отырып АҚШ соңғы кездері жаңа жаһандық жүйе құрылып жатқан Еуроазиядағы жаңа үстем ел рөліне үміттенуде. Белгілі саясаткер З.Бжезинскийдің пікірі бойынша: «Әлемдік өлшемдегі бірден-бір қуатты мемлекет ретінде Америка қазіргі сәтте Еуроазияға қатысты толықтай және айқын стратегиясын қалыптастыруы қажет» – деген ұсыныс-ой тастайды /1/. Бұл түсінікті де, кезіндегі геосаясатшы Х.Макиндердің сөзімен айтқанда Еуроазия – жер шарының басты құрылығы, белдік рөлін ойнайды /2/. Яғни, бастықұрылықта үстемдікке ие болған мемлекет әлемнің экономикалық жағынан дамыған үш аймағының: Батыс Еуропа мен Шығыс Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс және Африка аймақтарының екеуінде шешуші ықпалға ие болары сөзсіз.

Тек қана, Орталық Азия аймағындағы АҚШ мүдделері Түркияның мүдделерімен, сондай-ақ Қытай мүдделерімін қайшылыққа тап болуда. Түркия АҚШ ықпалындағы ел болғанымен де, бұл аймақта өзіндік басты рөлге ие болуға талпыныс жасауда. Әрине, оған Түркияның ішкі саяси тартысы да әсер етеді, өйткені ел ішінде Батыспен тығыз жақындасуды жақтайтындар мен мұсылман елдерімен бірге болуды құптайтындар арасындағы тартыс күннен-күнге өршіп отыр. АҚШ тарапынан Түркияның Еуропалық Одаққа мүше болуы қолдау тауып келеді, айтқанына көнетін мемлекеттің еуропалық қауымдастық ішінде болуы Вашингтон үшін өте тиімді екендігі белгілі.

Ал, жедел даму жолына түскен Қытай елі АҚШ-ты өте алаңдатуда. Оның әскери-теңіз, экономикалық, қаржылық қуатының өсе тусуі Азия тынық мұхит аймағындағы АҚШ мүддесіне шектеулік әкелері айқын. Сонымен берге, АҚШ Қытайдың дамуын, экономикалық кеңістігінің кеңеюін өз мүддесіне сай пайдаланудан кет әрі емес. Қытайдың ұлғая түскен мүддесін Орталық Азияға бағыттау барысында осы аймақтың түбегейлі Ресей ықпалына түсу мүмкіндігіне тежеуші күш ретінде қарастырады. Екінші жағынан, «Шанхайлық бестіктің» «алтылыққа» айналуы, яғни, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстанға енді Өзбекстанның да қосылуы АҚШ-тың алаңдаушылығын тіпті ұлғайта түсті. Шанхай ұйымының көптеген мақсаттарының арасындағы мүше мемлекеттердің сыртқы басқыншылықтан қорғану үшін елдерді үйлестіруді нығайту бағдары шын мәнінде осы аймаққа көз тіккендерді мазалайтындығы хақ. Өйткені, «Пекин көмегі арқылы тек Өзбекстан ғана емес, сондай-ақ басқа да орталықазиялық елдер өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге және жоқ дегенде аздаған экономикалық сәттілікке қол жеткізуге сенім артуда. Олар төбелерінен ашылатын «қытай шатырына» қуанышты болары, таңқаларлық жәйт емес. Бұл аймақтың бетке ұстарлары тіпті бұрыннан бері «қытай үлгісін» батыстан гөрі өздеріне әлде қайда лайықты деп есептеуде. Бұл үлгінің түпкі ұғымы- тұрақтылық» /3/.

Орталық Азиядағы бұрынғы кеңестік республикалар тәуелсізідігін алған бойда аймаққа Батыс тарапынан саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан кіру белсенділігі арта түсті. Халықаралық қаржы институттары – Халықаралық валюталық қор, Бүкіләлемдік банк өздерінің даму бағдарламаларымен Орталық Азияға ене бастағаны белгілі. АҚШ Қазақстандағы мұнайгаз өнеркәсібіндегі ірі қаржысалушы елге айналды, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға бірнеше миллиондық әскери көмегін ұсынды. Сол сәттегі өз саяси-экономикалық қиыншылығынан аса алмай қалған Ресейдің осы аймақтағы орнын иеленуге ұмтылғандардың арасында АҚШ алдыңғы шепте болғаны әйгілі.

Ал, әлемді дүр сілкіндірген 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестіктік оқиға Орталық Азияға да тікелей әсер етті. Ауғанстан аумағында орналасқан халықаралық лаңкестік ошағына қарсы АҚШ тарапынан соғыс жарияланды. Орталық Азия елдерінің жетекшілері лаңкестікке қарсы соғыста американдық әуе күштеріне өз әуе кеңістіктерін пайдалануға беруге дайын екендіктерін білдірген болатын. Сонымен, барлық орталықазиялық елдер американдық халықаралық лаңкестікпен күресу шараларына қатысушылар болып шыға келді.

Орталық Азия елдерінің ішінде Өзбекстан бірінші болып АҚШ пен өз әуе кеңістігін пайдалануға беретіндігі жөнінде, сондай-ақ арнайы американдық әскери әрекеттер үшін әскери тірек мекенін беру келісіміне қол қойды. Бұл кеңестік кезеңіндегі Ханабад атты әскери тірек мекені еді, оның маңыздылығы Ауғанстанның солтүстік шекарасына 250 шақырым қашықтықта орналасуы. Бұл Орталық Азиядағы АҚШ-тың алғашқы әскери-әуе тірек мекеніне айналды. Сол кездегі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Өзбекстанды «лаңкестіктік бірлесімге қарсы негізгі серіктесіміз» деп атады. Сол ретте, АҚШ тарапынан Өзбекстанға 8 миллиард долларлық қаржылай көмек қарастырылды. Ал, Өзбекстанның оңтүстігіндегі осы Ханабад әскери тірек мекеніне АҚШ-тың 10-шы таулы-жаяу әскер дивизиясының 1500 жауынгері жайғасты. Өзбек әуе кеңістігінде американдық ауыр жүк ұшақтары пайда бола бастағаны әйгілі.

Өз кезегінде бұл Ресейдің Ауғанстан бағытындағы ықпал ету кеңістігіне шектеулік етті. Ал осы аймақтағы Тәжікстан болса, әрине алдымен өзінің ең жақын одақтасы болыптабылатын Ресейдің келісімімен АҚШ пен Ұлыбритания бастаған Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы соғысты қолдайтындығының нышаны ретінде Ауғанстан шекарасындағы бұрынғы кеңестік үш әскери тірек мекенін оның ішінде ауғандық шекарадан 100 шақырым қашықтықта жатқан Куляб әскери тірек мекенінде АҚШ-тың пайдалануына беретіндігін мәлімдегені белгілі. Әрине, бұл келісімге алғыс ретінде американдықтар тарапынан тәжіктерге ондаған миллион долларлық қаржылай көмекке уәде берілген болатын. Сондай-ақ, Қырғызстанда лаңкестікке қарсы Ауғанстандағы іс әрекетке белсенді түрде қолдау көрсетті. Соның айғағы ретінде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан «Манас» әуежайын бірлесімге мүше-елдер ұшақтары үшін пайдалануға беретіндігін жария еткені белгілі. Қазақстан да орталықазиялық мемлекеттер ішінде алғашқылардың қатарында лаңкестікке қарсы бірлесім құруды қолдайтындықтарын және АҚШ-қа әскери жағынан да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдіргенін білеміз. 2001 жылдың 29 қараша күні Мәскеуде ТМД-ның кеңесіне қатысқан Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баспасөз-мәжілісінде Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы іс-әрекетке қатысушы әскери топты Қазақстан өзінде орналастыруға дайын екендігін мәлімдеген болатын /4/.

Ал, бұл аймақта бейтараптық саясатын жүргізген Түркменстанда АҚШ, Түркия және Ресей жағынан жасалынған қысымның нәтижесінде өзінің негізгі әскери тірек мекендерінің бірін жалға бергендігі айқын /5/.

Осы саяси қадамның нәтижесінде, АҚШ-тың Өзбекстанмен ресми түрде стратегиялық одаққа түсуі, Орталық Азияның геосаяси келбетіне жаңа өзгеріс әкелді. 11 қыркүйектегі оқиғаға дейін Нью-Йорк пен Вашингтонда Ресейдің оңтүстік шекарасына соншама жақын қашықтықта АҚШ-тың әскери орналасуы мүмкін деу тіпті де санаға сыймайтын жәйт еді. АҚШ-тың Өзбекстанда әскери орналасуы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы геосаяси ереженің қазіргі әлемде енді үстем етпейтіндігінің басты көрсеткіші болып табылады. «Қырғи-қабақ соғыс» пен «бұрынғы әскери дәуірдің» құрдымға кеткені.

Егер АҚШ осы аймақта мәңгі қалуды сақтауға ұмтылатын болса, онда Өзбекстан АҚШ үшін «қырғи-қабақ соғыстың» соңғы дәуіріндегі Пәкістан ойнаған рөлге ие болады. Тіпті АҚШ бұл аймақтан кеткен жағдайда да Орталық Азиядағы әскери тепе-теңдік өзгеріске түседі, өйткені АҚШ Өзбекстанға ұзақмерзімді әскери көмек көрсетуді ұсынары хақ.

Шын мәнінде, Орталық Азия АҚШ үшін тек ауғанстан шекарасына жақын жатқандықтан ғана қызығушылық туғызып қойған жоқ, бұл аймақтағы өзінің геосаяси тұрғыдан орналасуын нығайтуға мүмкіндік туған еді. Бұл аймақтағы геосаяси мүддесінің Ресей мүддесімен түйісуі, Ресей жағына да кейбір тиімді мүмкіндіктер туғызғаны айқын. Сол қатарда, Ресейдің АҚШ пен Батыстан қаржылай көмек сұрау мүмкіндігінің пайда болуы, Ресейдің шешендік мәселені лаңкестікпен байланыстыруы, орталықазиялық елдердегі мұнай компанияларына қатысты ұстанған саясатын ақтауға, Ресейдің Батыстың бір бөлігі болып есептелетіндігін мойындату мүмкіндігі.

АҚШ-тың Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстік шекараларына орналасуының, Ауғанстанда өзіне адал үкіметті орнатуының арқасында АҚШ Қытайдың Ресей жағындағы бірғана шығу бағытын қалдырып бүкіл сыртқы шекарасын жартышеңбермен қамтыды десе болады. Өйткені, Оңтүстік Кореядағы, Окинавадағы американдық әскери тірек мекендері, сондай-ақ Тайвань, Үндістан, Пәкістан мен Ауғанстан арқылы Орталық Азия мен Каспий теңізіне дейінгі аралық – берік жартыайды құрайды.

Ұлы Қытайдың Американы «өзінің табиғи одақтасы» ретінде қарауы Вашингтонға өте қажет, сондықтан «Еуразияда американдық орналасуды жайғастыру қытай-американдық стратегиялық ынтымақтастықсыз мүмкін емес, Азияттық құрылықта Американың геостратегиясы болмайды, өз кезегінде оны жалпы Еуразиялық геостратегиясынан жұрдай етеді /6/».

Дегенмен де, Американың Ауғанстандағы іс-әрекеті оның бүгінгі күні ешкіммен санасқысы келмейтін әлемдік деңгейдегі ірі мемлекет болып қалатындығын дәлелдейді. Ауғанстанда берік бекінген АҚШ өз ықпалын тек Ауғанстан аймағында ғана жүргізіп қоймай сонымен бірге Орталық Азия елдеріне де ықпал етері сөзсіз. Еуразия орталығындағы басымдылық АҚШ-тың Ауғанстанға таяу орналасқан мемлекеттерде – Иран, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Орталық Азия елдерінде ықпалының күшеюіне әкелері анық. Яғни, АҚШ өз саясатын барлық аймақтарға күштеп таңа бастауы ықтимал.




  1. Бжезинский З. Геостратегия для Евразии // Независимая газета. –1997.-24 октября.

  2. Элементы // Евразийское обозление – 1996. -№7.-С.26-32.

  3. Строкань С. Шанхайская грамота – начало нового этапа в истории Центральной Азии // Коммерсант-власть. – 2001. –26 июня.

  4. Экспресс К.30 ноября 2001. -С.2.

  5. Чэнь Циминь. Центральная Азия: политические процессы и региональная безопасность. –Алматы, 2002. –С.156.

  6. Бжезинский З. Геостратегия для Евразии // Независимая газета.-1999.-24 октября.

Резюме


В статье «Некоторые аспекты геополитических интересов США в Центральной Азии» автор рассматривает геополитическую ситуацию в Центральной Азии. В работе показана геополитика США в регионе, политика государств Центральной Азии и России в антитеррористической акции Запада в Афганистане. Анализируется стремление США занять лидирующие позиции в регионе Центральной Азии.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет