Эмж әдістемелік нұсқаулықтары экологиялық КӨрсеткіштер мониторингісі



жүктеу 183.88 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі183.88 Kb.


М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



А.С. Иманғалиев

12.01.2012 ж.




ЭМЖ әдістемелік нұсқаулықтары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

МОНИТОРИНГІСІ

ЭМЖ.04.05

Орал, 2012



Ақпараттық деректер:


  1. Дайындаған: 10.01.2012 П.А. Добряев

  2. 28.03.2006 ж. ЭМЖ.04.05 құжат орнына енгізілді

  3. Енгізілген күні: 17.01.2012

  4. Қайта қаралады: 17.01.2015

  5. Өзгертулер:






Енгізілген Күні

Дайындаушының Аты-Жөні


ҚОЛЫ


1










2










3










4










5












Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі


  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер



  1. Мақсаты

Негізгі рәсім М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (әрі қарай мәтін бойынша - БҚМУ) қызметінің сапалық және сандық экологиялық аспектілер ( әрі қарай – “экологиялық көрсеткіштер”) мониторингісін жүйелі түрде өткізу тәртібін және мақсатқа жету, міндеттердің және бағдарламалардың бағалау көрсеткіштерін, сонымен қатар алынған мәліметтердің сараптау мен өндеу тәртібін реттейді.





  1. Қолдану саласы

2.1 Негізгі рәсім БҚМУ қызметінің барлық саласына таралады және экологиялық менеджмент жүйесінің көрсеткіштер мониторингісінің үрдісіне қатысатын БҚМУ қызметкерлеріне (мамандарына) міндетті.



3 Терминдер, ережелер және қысқартулар

3.1.1 ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік, ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық. ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14050 Қоршаған ортаны басқару жүйесінің талаптары және қолданылу басшылығы. Сөздік. Негізгі рәсімде пайдаланатын терминдер және анықтамалар жоғарыда аталғандарға сай келеді.


3.1.2 Үрдісті сипаттаған кезде сонымен қатар келесі терминдер қолданылады:

Экологиялық көрсеткіштер – ұйымның экологиялық аспектілерінің сапалық және сандық сипаттамалары, экологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуының көрсеткіштері.

Нормативті экологиялық көрсеткіш – шамасы норматив ретінде белгілі бір кезеңге орнатылатын, экологиялық көрсеткіш.
Экологиялық көрсеткіштердің мониторингісі ұйымның экологиялық аспектілерін және ұйымда орнатылған экологиялық мақсаттар, міндеттер мен бағдарламалардың орындалуының қорытындысын қадағалайтын құрал.

Келесілер кіреді:



  • экологиялық көрсеткіштердің қойылуы;

  • арнайы техникалық құралдардың күшімен немесе тәжірибелі жол арқылы алынған мәліметтер негізінде берілген кезең бойынша физикалық өлшемдердің негізгі маңызын анықталуы;

  • сәйкесіздік анықталған жағдайда уақытында түзетуші немесе сақтандырушы шараларды өткізу үшін көрсеткіштердің нақты мөлшерін нормативтермен салыстыруы.

3.2 Орфография ережелеріне сәйкес және СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттамаларды басқару шарасындағы көрсетілгендей, үрдісті сипаттау кезінде қысқартулар қолданылады.

СЭК – сапа және экология жөніндегі Кеңесі;
Р – ректор;

БСЭӨ – басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі;

ШҚЖ – шаруашылық қызметінің жетекшісі;

АЗ – аға зертханашы;


4 Жауапкершілігі және өкілеттілігі
4.1 Жауапкершілікті және өкілеттілікті белгілеу

4.1.1 Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі экологиялық көрсеткіштер тізбесін дайындауға жауапты;

4.1.2 Экологиялық көрсеткіштер тізбесін БҚМУ ректоры бекітеді;

4.1.3 Аға лаборант көрсеткіштердің өлшемдерін жүзеге асыруға жауапты;

4.1.4 Өлшемдердің қорытындыларын уақытында тіркелуін бақылауға бөлімше жетекшілері жауапты.
5 Сипатталуы
5.1 Жалпы ережелер

Қоршаған ортаға әсер ететін операциялардың және қызмет түрлерінің маңызды сипаттамаларын тұрақты өлшеу өткізу үшін, БҚМУ экологиялық мониторингісінің рәсімі орнатылады.

Күші бар экологиялық заңдарға және нормаларға сәйкестілікті бағалау ЭМЖ.04.03 Экологиялық талаптарды идентификациялау әдістемелік нұсқаулығына сай жүзеге асырылады.
5.2 Экологиялық көрсеткіштер тізбесінің қалыптасуы

5.2.1 Экологиялық көрсеткіштер тізбесін БСЭӨ ЭМЖ. 04.05.01.формулярға сәйкес өлшемдерді жүзеге асыру үшін арнайы мамандарды тартатын бөлімшелер жетекшілерінің жәрдемімен дайындайды.

5.2.2 Экологиялық көрсеткіштер тізбесіне міндетті түрде кірістірілу керек:


  • маңызды экологиялық аспектілерді сипаттайтын, экологиялық көрсеткіштер;

  • экологиялық талаптардың бақылауын реттейтін экологиялық көрсеткіштер;

( мемлекеттік бақылау органдарымен талап етілетін);

  • БҚМУ экологиялық мақсаттардың орындалуын, және өткізілетін шаралар бағдарламасының орындалуын сипаттайтын экологиялық көрсеткіштер.

5.2.3 Көрсеткіштерді тандау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алу керек :

  • тандалған көрсеткіш бақылауға алынған үрдіс параметрлерінің толықтығы мен дәліректілігін көрсетілуі;

- бақылау көрсеткішінің жүзеге асу мүмкіндігі.

5.2.4 Келесі жағдайларда экологиялық көрсеткіштер тізбесін қайтадан қарау мен түзетілуін сараптау қажеттілігі жүзеге асырылу керек:



  • маңызды экологиялық аспектілер реестрін қайта қарау кезінде немесе өзгертулер кірістірген кезде, сәйкестендірілген қауіптердің өзгеруі;

  • экологиялық мақсаттарды қайта қарау кезінде;

  • көрсеткіштердің міндетті бақылауын өткізуіне қатысты талаптар өзгергенде;

  • сараптаманың қорытындысы бойынша ректор тарапынан тиісті шешім қабылданған кезде.

5.2.5 Өлшемдердің бірліктері, нормативті шамалар және көрсеткіштер өлшемдерінің өткізу кезеңділігі экологиялық көрсеткіштер тізбесінде көрсетілу керек.
5.3 Экологиялық көрсеткіштер тізбесінің келісілуі және бекітілуі
5.3.1 Экологиялық көрсеткіштер тізбесі Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілімен келісіледі, ректормен бекітіледі және көрсеткіштер мониторинг үрдісіне қатысатын бөлімше құрылымдарына таратылады.
5.4 Өлшеу құралдарының әдістемелерін және бейімділігін бағалау
5.4.1 Қажетті әдістемелер, жағдайлар және өлшем құралдарының бар болуына көрсеткіштер өлшемдерінің мүмкіндік сараптамасын өлшемдерді жүзеге асыратын қызметкерлер өткізеді.

5.4.2 Нормативтік құжаттар (стандарттар, нұсқаулықтар, бекітілген өлшем әдістерінің әдістемелері) талаптарына сай өлшемдер өткізілу керек.

5.4.3 Көрсеткіштердің өлшемдерін өткізуге жауапты персонал міндетті түрде оқытылып, содан сон өз бетімен жұмыс жасауға жіберілуі керек.

5.5.4 Өлшемдер арнайы арналған, тексерілген өлшемдер құралдарымен өлшеу жағдайының сақталуымен өткізіледі.

Өлшеу құралдары:


  • өлшеу әдістерінің күші бар нормативті құжаттарына сай қажетті нақтылық бойынша өлшеудің өткізілуіне қамту жағдайымен сай таңдалу керек;

  • орнатылған нысан бойынша тіркелуге;

  • жұмыс ортасының керекті жағдайларында орнатылған ереже бойынша пайдалануға;

  • жөнделген, тексеріліп тұруға, қызмет көрсетуге және жөнделіп тұруға тиіс;

  • тағайындалған эксплуатация бойынша нұсқауға сәйкес пайдалануға тиіс;


5.5 Әдістемелерді және өлшеу құралдарын иелікке алу.
5.5.1 Тиісті әдістемелер және өлшем құралдары болмаған кезде, оларды алу үшін СМЖ 07.02 Мемлекеттік сатып алулар үрдісіне сай арнайы шаралар өткізілу керек.

5.6 Өлшемдерді өткізу және қорытындыларды тіркеу.
5.6.1 Аға лаборант көрсеткіштердің өлшемдерін жүзеге асыру кезінде олардың қызметтерін реттейтін негізгі әдістемелік нұсқаудын және басқа да құжаттардың талаптарын ескереді.

5.6.2 Тіркеу, айналыс, сақтау және өлшемдер қорытындыларын алу СМЖ/ЭМЖ 04.02 Жазуларды басқару рәсіміне сай және өлшемдер бойынша қызметті реттейтін нормативті құжаттардың талабына сай өткізіледі.

5.6.3 Өлшемдердің қорытындыларын уақытында тіркелуін бақылау, өлшемдерді жүзеге асыратын бөлімше жетекшілерімен өткізіледі.

5.6.4 Экологиялық көрсеткіштерді есепке алатын журналында өлшем нәтижелері бекітілу керек.

Экологиялық көрсеткіштерді есепке алатын журналы келесі нысан бойынша рәсімделеді:




Басқару объектісі/

Экологиялық аспект/

мақсаты (міндеті)


Көрсеткіш

Өлшем бірл ігі

Өлшемді жүзеге асыратын бөлімше

Өлшем әдісі

Кезеңділік




5.7 Белгіленген нормаларға сай қорытындының сараптамасы.

5.7.1 Көрсеткіштердің нақты шамаларының нормативті көрсеткіштерге сай қорытындысын, өлшемдерді өткізетін бөлімшілердің арнайы мамандары жүзеге асырады.

5.7.2 Орнатылған нормалардың ауытқушылығы анықталған жағдайда өлшемдерді өткізуге жауапты адам, қызметі сәйкесіздікпен байланысты бөлімше жетекшісіне сәйкесіздік пайда болғаны жайында хабарлайды және де сәйкесіздік хаттамасын құрастырады да жоғарыда аталған бөлімше жетекшісіне жібереді. Тиісті актінің көшірмесі басшылықтың сапа және экология бойынша өкіліне жіберіледі.
5.8 Түзетуші / сақтандырушы шаралар
5.8.1 Қызметі сәйкесіздікпен байланысты бөлімшеде, анықталған сәйкесіздіктер бойынша түзетуші және сақтандырушы шаралар дайындалады және орындалады.

5.8.2 Түзетуші және сақтандырушы шаралардың орындалуы туралы ақпарат басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне ұсынылады.


5.9 Мониторинг қорытындысының сараптамасы
5.9.1 Өлшемдерді өткізетін бөлімше, басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне міндетті түрде экологиялық көрсеткіштер өлшемдерінің нәтижесі туралы мәлеметті беруге тиісті.

5.9.2 Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі, экологиялық көрсеткіштер өлшемдері нәтижесінің мәлеметтерін экологиялық көрсеткіштер мониторинг нәтижесінің ЭМЖ.04.05.02. формасы бойынша жүргізілетін кестесіне енгізеді.

5.9.3 Экологиялық көрсеткіштер мониторингісінің нәтижесі және пайда болған сәйкесіздіктер өткізілген тиісті түзетуші, сақтандырушы шаралар туралы ақпарат басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне жіберіледі. Деректі ақпарат жоғарғы басшылық тарапынан экологиялық менеджмент жүйесін талдау өткізген кезде есеп беруге пайдаланылады.

5.9.4 Егерде нормативті-құқықтық немесе сырт жақтың өзге талаптарымен қарастырылмаса өлшемдердің қорытындысын өзге ұйымдарға беру тек қана басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілінің рұқсатымен беріледі.



6 Жазбалар

6.1 ЭМЖ.04.05.01 Экологиялық көрсеткіштер тізбесі;

6.2 ЭМЖ.04.05.02 Экологиялық көрсеткіштер мониторингісінің қорытындысы;

6.3 Экологиялық көрсеткіштерді есепке алатын журнал.


7 Дәйектемелер

7.1 ҚР Экологиялық кодексі.

7.2 ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ережелер және

сөздік.


7.3 ҚР СТ ИСО 9001 Сапа менеджмент жүйелері.Талаптар

7.4 ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі

талаптар мен басшылық;

7.5 ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14050 Қоршаған ортаны басқару. Сөздік;

7.6 СМЖ/ЭМЖ.04.01 Әдістемелік нұсқаулары. Құжаттамаларды басқару.

7.7 СМЖ/ЭМЖ.04.02 Әдістемелік нұсқаулары. Жазбаларды басқару;

7.8 СМЖ/ЭМЖ.07.01 Әдістемелік нұсқаулары. Мемлекеттік сатып алулар.

7.9 СМЖ/ЭМЖ.08.01 Әдістемелік нұсқаулары. Ішкі аудит.




Экологиялық көрсеткіштер мониторингісінің үрдісін сипаттау





Үрдіс жеткізушісі

Кіріс мәліметтері

Сұлба

(үрдісті сипаттау)

Шығыс мәліметтері

Үрдіс тұтынушысы

Рәсім

Жазбалар





















БСЭӨ

Экологиялық мақсаттар және экологиялық аспектілер

Экологиялық көрсеткіштер тізбесінің жобасы

БСЭӨ


ЭМЖ 04.05

-

БЖ

Көрсеткіштер тізбесінің жобасы

Көрсеткіштер тізбесі

БСЭӨ

Р


ЭМЖ 04.05

ЭМЖ 04.05.01



















БСЭӨ

Көрсеткіштер тізбесі

Бағалау қорытындысы

БСЭӨ

АЗ


ЭМЖ 04.05

-


















АЗ

Бағалау қорытындысы

Әдістемелердегі және АҚ қажеттілік



Иелікке алынған әдістемелер және АҚ

МССЖ

СМЖ/ЭМЖ 07.01

СМЖ/ЭМЖ 07.01.02

СМЖ/ЭМЖ 07.01.03





Жалғасы

Үрдісті жеткізушісі

Кіріс мәліметтері

Сұлба

( үрдісті сипаттау)

Шығыс мәліметтері

Үрдісті тұтынушысы

Рәсім

Жазбалар






















МжӘЗБЖ

Көрсеткіштер тізбесі

Экологиялық көрсеткіштер өлшемдерінің қорытындылары

ҮЖ

ЭМЖ 04.05

Экологиялық көрсеткіштер

ді есепке алатын журнал



ҮЖ

Экологиялық көрсеткіштер мониторингісінің қорытындысы

Орнатылған талаптарға сай келуі/сай келмеуі

БСЭӨ

БЖ


СМЖ/ЭМЖ

08.02


СМЖ/

ЭМЖ.08.01.04





















БСЭӨ

БЖ


Сәйкессіздік хаттамасы

Түзетуші/сақтандырушы шаралардың қорытындысы

БСЭӨ

БЖ


СМЖ/

ЭМЖ.08.03

СМЖ/

ЭМЖ.08.04



СМЖ/

ЭМЖ.08.03.01

СМЖ/

ЭМЖ.08.04.01



БСЭӨ

БЖ


Түзетуші/сақтандырушы шаралардың қорытындылары

Экологиялық көрсеткіштер өлшемдерінің қорытындысы



Эколоиялық көрсеткіштер мониторингінің қорытындысы

БСЭӨ

ЭМЖ 04.05

ЭМЖ 04.05.02



Үрдіс қорытындысының

критериялары

Экологиялық көрсеткіштердің мониторингісін уақытында және толық өткізу;

Мониторинг қорытындысы бойынша уақытында түзетуші шараларды дайындау.



Мониторинг және өлшемдердің әдістемелері

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілінің тарапынан құрастырылған экологиялық көрсеткіштер тізбесінің толықтылығын және дәлділігін бақылау.

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілінің жағынан экологиялық көрсеткіштер мониторингісін уақытында өтілуін бақылау.



Сәйкестендірілген қауіптер

Маңызды экологиялық аспектілер бойынша мониторинг көрсеткіштерінің жоқтығы

Экологиялық мақсаттар бойынша мониторинг көрсеткіштігінің жоқтығы

Керекті өлшеу әдістерінің жоқтығы.


Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

________А.С. Иманғалиев

____20__ ж.




Басқару объекті/

Экологиялық аспект/

мақсаты (міндеті)


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Өлшемдерді жүзеге асыратын бөлімше

Өлшем әдісі

Кезеңділік











































































































Құрастырды: ___________ _________ __________ 20__ ж.

(қолы) (аты-жөні) (күні )

Келісілді: __________________ ___________ _________ 20__ ж.

(қолы) (аты-жөні) (күні )


Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

______А.С. Иманғалиев

____20__ ж.






Басқару объекті/

Экологиялық аспект/

мақсаты


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Нормативтік көрсеткіш

Есеп беру кезіндегі көрсеткіштердің нақты мәні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7






























































































































Құрастырды: ________________ _________ ________ 20__ ж.

(қолы) (аты-жөні) (күні )
Келісілді: _____________ _______ ________ 20__ж.

(қолы) (аты-жөні) (күні)

Келісілді

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі



___________ А.С.Тасмағамбетов

11.01.2012 ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет