Эмж әдістемелік нұсқаулықтары экологиялық талаптарды идентификациялау



жүктеу 172.21 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі172.21 Kb.


М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



А.С. Иманғалиев

__________


.



ЭМЖ әдістемелік нұсқаулықтары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

ЭМЖ.04.03

Орал, 2015



Ақпараттық деректер:
1. Дайындаған: 20.11.2015 Б.Б.Жұмағалиева

2. 30.12.2011 ж. ЭМЖ.04.03 құжат орнына енгізілді

3. Енгізілген күні: 27.11.2015

4. Қайта қарау күні: 27.12.2018

5. Өзгертулер:




Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні


қолы

1










2










3










4










5











Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі


  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер


1 Мақсаты

Осы рәсім экологиялық менеджмент жүйесіндегі нормативті-құқықты және басқа да экологиялық талаптардың тәртібін реттейді (әрі қарай - экологиялық талаптар). Енгізілген экологиялық талаптарды орындау және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемелекеттік Университеті (әрі қарай мәтін бойынша – БҚМУ) қызметінің экологиялық аспектілеріне және орындалып жатқан жұмыстар мен қызметтерге қолдану қажет, сонымен қатар экологиялық талаптарды тіркеу тәртібін және қызметкерлерді осы талаптарға қол жеткізумен қамтамасыз ету мүмкіндігін жасау қажет.


2 Қолдану саласы
2.1 Осы рәсім БҚМУ қызметінің барлық саласына және төменде көрсетілген экологиялық талаптар мониторингісінің үрдіс кезеңдеріне қатысатын барлық БҚМУ қызметкерлеріне (мамандарына) таралады:

  • экологиялық талаптарды идентификациялау;

  • экологиялық талаптарды қызметте қолдануын бағалау;

  • экологиялық талаптарды сақтау және есепті тіркеу;

  • экологиялық талаптарды қызметкерлерге жеткізу;

  • қызметті экологиялық талаптарға сай екендігін бағалау.



3 Терминдер, ережелер және қысқартулар
3.1 Терминдер
3.1.1 Осы шарада қолданылатын термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік, ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық, ҚР СТ ИСО 14050 Экологиялық менеджмент. Сөздік стандарттарына сәйкес келеді. (Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)

3.1.2 Үрдісті сипаттау кезінде сонымен қатар төмендегідей терминдер пайдаланады:

Экологиялық талаптар – қоршаған ортаға тікелей және жанама әсер ете алатын әсерлерді реттейтін және ұйымның қызметіне, өніміне қойылатын нормативті-құқықты және басқа да талаптар.

Нормативті-құқықтық талаптар - нормативті-құқықтық актілерінде көрсетілген және орындау үшін міндетті талаптар.

Нормативті-құқықтық акті бұл, референдумде қабылданған ия болмаса уәкілетті органмен, мемлекеттің лауазымды тұлғасымен, нормативті заңдарды белгілейтін, өзгертетін және әрекеттерді тоқтататын белгіленген қалыптағы ресми жазба құжаты.

Нормативті-құқықтық актілеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімдері, қаулылары, мемлекеттік уәкілетті органдардың қаулылары, бұйрықтары, ережелері және нұсқаулары, халықаралық келісімдер және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген басқа да құжаттар.

Басқа талаптар – өндіріс орындауға міндетті әлде болмаса міндеттенген сыртқы құжат келісімдерінде, және басқада қызуғышылық танытқан жақтардың құжат түрінде рәсімделген талаптар.

Стандарттау бойынша нормативті құжат - нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптер немесе, қызметтің әр түрлері немесе қорытындыларына қатысты, мемлекеттік басқарудың уәкілетті органымен белгіленген және тұтынушылардың көбінінің қол жеткізу сипаттамаларын белгілейтін құжат.


3.2 Қысқартулар

Орфография ережелерімен қарастырылғандай және СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттамаларды басқару рәсімінде келтірілгендей үрдісті сипаттау кезінде қысқартулар пайдаланылады.

Р – ректор;

БСЭӨ – басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі;

КИ – кеңсе инспекторы;

ІА – ішкі аудитор;

АТМ – аудит тобының мүшесі;

БЖ – бөлімше жетекшісі;

З – заңгер.

4 Жауапкершілігі және өкілеттілігі



4.1 Жауапкершілікті және өкілеттілікті белгілеу

4.1.1 БҚМУ заңгері Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне, өзгертілген, жаңа немесе ескі нормативті-құқықтық актілер туралы қызметтік жазбаны ұсынуға жауапты;

4.1.2 Экологиялық талаптардың барлығын тіркелуіне Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі жауапты;

4.1.3 Жұмыстары қоршаған ортаға маңызды әсер ететін және жаңа талаптарды орындаумен байланысты міндетті қызметкерлерді, бөлімше жетекшілері таныстыру/оқытуға жауапты.



5 Сипатталуы



5.1 Негізгі ережелер

«Заңгер» мәліметтер қоры экологиялық талаптарды идентификацилауды жүзеге асыру үшін ақпарат көзі болып табылады.


5.2 Негізгі үрдістің кіріс және шығыс құрамына және ресурстарға қойылатын талаптар.

5.2.1 Енгізілген және өзгертілген экологиялық талаптар туралы ақпарат кіріс мәліметтері болып есептеледі.

5.2.2 БҚМУ қызметінің экологиялық талаптарға сай болуы шығыс мәліметтері болып есептеледі.

5.2.3 Экологиялық талаптардың идентификациялауын жүзеге асыру үрдістің қажетті уақытына және еңбек сыймдылығына қойылатын талаптар үрдісті жүзеге асыру кезінде кейбір кезеңдерге жауапты персоналдарға қойылады.



5.3 Экологиялық талаптары бар құжаттарды идентификациялау

5.3.1 БҚМУ заңгері әр айдың бесіне дейін Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне, өзгертілген, жаңа немесе ескі нормативті-құқықтық актілерді есепті тіркеу нөмірімен және құжаттарда бар (қажет болған кезде, нормативті-құқықтық құжаттар мәтінің қосымшасымен) экологиялық талаптар бойынша түсініктемелермен және қабылданған уақытымен қызметтік жазбаны ұсынады.

5.3.2 Ғылыми кітапхана директоры СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттамаларды басқару үрдісіне сай стандарттау бойынша өзгертулерді және пайда болған, экологиялық талаптары бар, нормативтік құжаттарды сәйкестендіреді және өзгертілген, жаңа қабылданған немесе күшін жойған нормативті құжаттардың тізімін Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне жібереді.

5.3.3 Егерде экологиялық талаптар БҚМУ бөлімше құрылымына сырттан келген болса құрылымдық бөлімші жетекшілері осы талаптар туралы ақпаратты Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне жібереді.

5.3.4 Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі басқа экологиялық талаптарды идентификациялайды және экологиялық талаптарды БҚМУ қызметіне қолданушылығын бағалайды.
5.4 БҚМУ қызметіне экологиялық талаптарды қолданылуын бағалау
5.4.1 БҚМУ қызметіне идентификацияланған экологиялық талаптар қолданушылығы туралы шешімді Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі қабылдайды. Талаптар қолданушылығы туралы шешім БҚМУ заңгерімен немесе бөлімше жетекшілерімен келісіледі.

5.4.2 Егерде экологиялық талаптардың орындалуы қосымша ресурстарды талап ететін болса, Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі осы талаптар қолданушылығы туралы және қосымша ресурстарды бөліну жөніндегі сұрақты БҚМУ ректорының қарауына қояды.

5.4.3 Егер экологиялық талаптардың орындалу немесе орындалмау ерікті міндеттетмесі болған жағдайда, мұндай талаптардың қолданылуы жөніндегі сұрақты ректордың келісіміне шығарылады. БҚМУ заңгерімен ұсынылған өзгертілген/жаңа нормативті-құқық актілері туралы ақпараттық қызметтік жазбаға, Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі қарар қояды (БҚМУ қызметіне құжат талаптары қолданылмайтыны туралы шешім). Жоғарыда айтылған ақпараттық құжаттар, Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілінде 5 жыл сақталуы тиіс.

5.4.4 Егерде құжаттың экологиялық талаптары БҚМУ қызметіне қолдануға болатын болса, онда осы талаптар тіркелуге, есептелуге және сақталуға тиіс.


5.5 Экологиялық талаптарды тіркеу, есепке алу және сақтау
5.5.1 Экологиялық талаптардың барлығын тіркелуін экологиялық талаптар реестерінде Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі жүзеге асырады ЭМЖ.04.03.01 нысаны бойынша (әрі қарай «Реестр»).

5.5.2 Реестр қағаз түрінде жүргізіледі.

Реестрге енгізілген қосымшалар туралы, күшін жойған немесе өзгертілген экологиялық талаптар бойынша түскен ақпараттар, Реестрдей ЭМЖ.04.03.02 нысаны бойынша рәсімделген «Экологиялық талаптар реестріне қосымшана» жолымен рәсімделеді.

Егерде Реестрге енгізілген құжат өзгертілсе немесе күшін жойса, жазылған жазба Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілімен жойылады және осы құжатты жою негізі көрсетіледі. Реестрге енгізілген әр бір қосымша Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілімен бекітіледі. Егерде енгізілген өзгерістер жалпы көрсеткіштегі Реестр жазбаларының барлығынан 10%-ға артса Реестр қайта бастырылады және бекітіледі.

Егерде экологиялық талаптары бар құжаттың түпнұсқасы қажет болған жағдайда, осы құжатты тарататын мекемеге құжатты алу үшін тапсырыс жіберіледі.

5.5.3 Заң электрондық мәлімет қоры, заңды және нормативті-құқық құжаттардың ресми нұсқасы ретінде болып есептеледі. Егерде заң электронды мәлімет қорынан алынған құжат таратылатын болса, ол құжатқа «Ақпараттық мақсаттар үшін есепке алынбаған көшірме» мөрі қойылады.

5.5.4 Экологиялық талаптарды БҚМУ қызметкерлеріне жеткізу қажеттігі Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілімен шешіледі.

БҚМУ қызметкерлеріне экологиялық талаптарды таратылуын қамтамасыз етеді:

1) БҚМУ қызметкерлерінің Реестрмен танысуға Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкіліне қатысты жолығуы (қажет болған жағдайда).

2) Жұмыстары қоршаған ортаға маңызды әсер ететін және жаңа талаптарды орындаумен байланысты міндетті қызметкерлерді, бөлімше жетекшілері таныстыру/оқыту жолдары арқылы.

3) Экологиялық талаптардың электрондық нұсқасын университеттің ішкі сайтында орналастыру жолымен.

4) Талаптарды идентификацилау үрдісіне жауаптылар, БҚМУ қолдануға болатын бөлімше жетекшілеріне экологиялық талаптарды келесі әдістер арқылы жеткізеді:



  • ақпараттарды дайындау, БҚМУ қабылданған үрдістерге сай басқа денгейлерге немесе бөлімшілерге ұйымдастыру-үлестіргіш құжаттар (бұйрықтар, ұйғарымдар, ережелер, стандарттар және т.б.) түрінде беру.

  • құжаттардың/көшірмелердің мәтіндерін БҚМУ бөлімшілеріне тарату, яғни осы құжаттардың талаптарын қолдануға болатын. Кеңсе инспекторы тарату тізімін құрады және ақпараттарды таратады.

  • тиісті шараларды және іс-қимылдарды экологиялық менеджмент бағдарламасына және түзетуші/сақтандырушы шаралардың жоспарына кірістіруіне ұсыныс жасау.

БҚМУ ішкі оқыту бағдарламасына тиісті бөлімдерді енгізу, Сапа және экология, бойынша Кеңесің, семинарларды, жиналыстарды өткізу, ақпараттық қағаздарды және хабарландыру тақталарын дайындау.
5.6 Экологиялық талаптарға сай екендігін бағалау.
5.6.1 БҚМУ қызметінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалануы жүзеге асырылады:

1) БҚМУ шаруашылық қызметінің жүргізілуі туралы ақпарат, мониторинг және өлшемдер қорытындылары, өткізілген аудиттер және инспекциялық тексерулер негізінде мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі жаңа/өзгертілген экологиялық талаптарды БҚМУ қызметіне қолдануын бағалау кезінде.

БҚМУ экологиялық көрсеткіштері мониторингісін іске асыру барысында, нормаланатын экологиялық көрсеткіштер бойынша қызметкерлердің талапқа сай келуін бағалауымен іске асырылады. (ресурстарды пайдалануда, қоршаған ортаға әсер ету, БҚМУ талаптарына сәйкес келу).

2) Төмендегідейлерді жүзеге асыру кезінде аудиторлық және инспекциондық топтарымен жүзеге асырылады:

- экологиялық менеджмент жүйесінің ішкі аудиті кезінде БҚМУ қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға сәйкестігі бағаланылады.

- Қоршаған ортаның жағдайын қадағалайтын және БҚМУ шаруашылық қызметіне қатысты талаптарға сай екендігін анықтайтын ішкі және инспекционды аудит.

3) Мемлекеттік бақылау органдарының өкілдерімен, менеджмент жүйесінің сертификаттау бойынша органдармен және басқада қызығушылық білдерген жақтармен.


5.7 Түзетуші/сақтандырушы шаралар

Анықталған нақты және потенциалды сәйкессіздіктер бойынша түзетуші және сақтандырушы шаралар дайындалады. БҚМУ қызметінің экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысын, экологиялық менеджмент жүйесін талдау арқасында жоғарғы басшылық шығарады.


6 Жазбалар
6.1 ЭМЖ.04.03.01 Экологиялық талаптар реестрі;

6.2 ЭМЖ.04.03.02 Экологиялық талаптар реестрінің қосымша беті.



7 Дәйектемелер
7.1 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

7.2 ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ереже және сөздік;

7.3 ҚР СТ ИСО 9001 Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар;

7.4 ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі

талаптар және басшылық;

7.5 ҚР СТ ИСО 14050 Экологиялық менеджмент. Сөздік;

7.6 СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттамаларды басқару. СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқаулары.

Экологиялық талаптардың идентификациялау үрдісің сипаттау


Үрдіс жеткізушісі

Кіріс мәліметтер

Сұлба

( үрдісті сипаттау)

Шығыс мәліметтер

Үрдіс тұтынушысы

Рәсім

Жазбалар

З

ҒКД



БЖ

Жаңа енгізілген және өзгертілген экологиялық талаптар туралы ақпарат





Экологиялық талаптары бар құжаттар



БСЭӨ


ЭМЖ 04.03

Қызметтік жазба



БСЭӨ

З


Экологиялық талаптары бар құжаттар

Экологиялық талаптарды пайдалану туралы қорытынды

БСЭӨ

З


ЭМЖ 04.03

-













ЭМЖ 04.03

-


БСЭӨ

БЖ


Экологиялық талаптар қолданылуы туралы қорытынды

Экологиялық талаптардың реестрі

КИ

ЭМЖ 04.03

Экологиялық талаптардың реестрі, құжаттарды тіркеу журналы


Жалғасы

Үрдіс жеткізушісі

Кіріс мәліметтер

Сұлба

( үрдісті сипаттау)

Шығыс мәліметтер

Үрдіс тұтынушысы

Рәсім

Жазбалар

БСЭӨ

БЖ

КИ



Экологиялық талаптар реестрі




Қызметкерлермен экологиялық талаптардың орындалуы

Қызметкерлер

ЭМЖ 04.03

Оқыту хаттамасы




БСЭӨ

Қызметкер- лермен экологиялық талаптардың орындалуы

Экологиялық талаптардың сай болу бағалауының қорытындысы


БЖ

СМЖ/ЭМЖ. 08.01

Сәйкессіздік хаттамасы, СМЖ/

ЭМЖ.08.01.04, актілер





















АТМ

МжӘЗБЖ


аудиторлық инспекциялық топ

Сәйкессіздік хаттамасы

Түзетуші/

сақтандырушы

әрекеттердің қорытындысы,

экологиялық талаптарға сай болу



БЖ

БСЭӨ


СМЖ/ЭМЖ. 08.03

СМЖ/ЭМЖ. 08.04

СМЖ/ЭМЖ 05.01


СМЖ/ЭМЖ 08.03.01

СМЖ/ЭМЖ 08.03.02






















Үрдіс қорытындысының критериялары

Экологиялық талаптарды идентификациялауінің басқару үрдісі қорытындысының критериялары болып табылады:

- экологиялық талаптар реестрің уақытында құрастыру;

- экологиялық талаптарға қызметтің сай болуы;

- экологиялық талаптардың сәйкестігін дұрыс бағалаумауымен байланысты залал.



Өлшеу және мониторинг әдістері

Осы үрдіс аясындағы қызметті бағалау әдісі экологиялық талаптарды идентификациялау үрдісіндегі Басшылықтың сапа және экология бойынша жан-жақты бақылауы болып табылады.

Қауіпті сәйкестендіру

Жаңа және өзгертілген талаптар туралы ақпаратты уақытында алу. Мекеме талаптарға сай екендігі туралы дұрыс шешім шығармау.


Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

_________ А.С. Иманғалиев

________ 20__ ж





Құжат

тын №


Құжаттын аты

Құжат талабы

(құжат пунктінің нөмірі және талаптарға қысқаша сипатттама)



Құжаттың күшінің мерзімі

Құжаттын сақталу жері



Осы талаптарға қатысты бөлімшілер

Талаптарға сай

болуының анықтау әдісі



Басталу уақыты

Аяқталу

уақыты


1

2

3

4

5

6

7

8

























Құрастырды: ________________ _________ ____________ 20__ ж.

( қолы) (аты-жөні) (күні)

Келісілді: _____________ ____________ _____________ 20__ж.

( қолы) (аты-жөні) ( күні)

Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

_________ А.С. Иманғалиев

________ 20__ ж





Құжаттың аты

және оның

реквизиті


Құжат талабы

(құжат пунктінің нөмірі және талаптарға қысқаша сипатттама)



Құжаттың күшінің мерзімі

Құжаттын сақталу жері



Осы талаптарға қатысты бөлімшілер

Талаптарға сай

болуының анықтау әдісі



Басталу уақыты

Аяқталу

уақыты


1

2

3

4

5

6

7





















Құрастырды: ______________ _________ ________ 20__ ж.

( қолы) (аты-жөні) (күні)

Келісілді: ________ _______________ _______ 20__ж.

( қолы ) (аты-жөні) (күні)


Келісілді

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі

___________ А.С. Тасмағамбетов

___________





Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет