Әмреева Гүлжан Мелісқызы «амо» мм тжк іім госпиталді бөлімшесінің жетекшісі



жүктеу 29.69 Kb.
Дата29.04.2018
өлшемі29.69 Kb.

Әмреева Гүлжан Мелісқызы – «АМО» ММ ТЖК ІІМ госпиталді бөлімшесінің жетекшісі
СУҒА БАТУ КЕЗІНДЕГІ БІРІНШІ КӨМЕК
  Бірінші, міндетті түрде, - зардап шеккен адамды ішіне қаратып оның бас жағын жамбас жағынан төмендеу болатындай жатқызу керек. Кішкентай баланы ішімен құтқарушы санына жатқызуға болады. Уақытты қарашық, қасаң қабық рефлексін және ұйқы артериясының соққысын анықтауға кетірмеңіз. Ең бастысы зардап шеккен адамның аузына екі саусақ салып айналма қозғалыстармен ауыз құысын тазалау керек. Ауыз қуысын тазалап болған соң тілдің түбіне жылдам басып құсу рефлексін тудырып тыныс алуын арттыру керек. Құсу рефлексінің болу немесе болмауы әрі қарай жасайтын іш шараларды анықтайды.

Егер тіл түбірін басқаннан соң сіз өзіндік «Э» дыбысын естісеңіз содан соң құсу рефлексі арттырылса, егер ауыз қуысынан аққан су мен қоса жеген астың қалдықтары шыға бастаса, сіздің алдыңызда құсу рефлексі сақталған тірі адам жатыр. Дауыссыз оған дәлел қабырға аралықтың жиырылуы және жөтелдің пайда болуы.

Есте сақтаңыз! Құсу рефлексінің және жөтелдің болғанынан бастап ең бастысы тез арада СУДЫ жете асқазаннан және өкпеден шығару керек. Бұл көптеген сестік асқынулардан алыстатады. Сондықтан 5-10 минут бойы дүркін-дүркін күштеп тілдің түбіріне, ауыз қуысындағы және жоғарғы тыныс жолдарындағы су бөлініп біткенге дейін басу қажет. (Ұмытпаңыз, бұл шаралар зардап шеккен адамның бетімен төмен қарап жатқанда жасайды.)

Өкпеден судың жақсы шығуы үшін шапалақптап арқасынан ұрып, сонымен қатар дем шығарган сәтте екі бүйірінен бірнеше рет қарқынды қимылдармен кеуде торын қысу керек. Жоғарғы тыныс жолдарынан, өкпеден және асқазаннан суды шығарғаннан соң зардап шеккен адамды бір қырынан жатқызып «Жедел жәрдем» қызметін шақыруғы тырысыңыз.



Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамдың жағдайы қанағаттанарлық болса да оны зембілмен тасымалдау қажет. Қаншалықты оның аман-сау жағдайын көрсеңіз де, қалайда туыстары оны үйге жіберуін өтінсе де, сіз «Жедел жәрдем» қызметін шақыру және оны госпитализациялауына көндіруіңіз қажет.

Тек 3-5 тәуліктен кейін оның өміріне еш нәрсе қауыпты емес екеніне сенімді бола аласыздар. Зардап шеккен адамды дәрігерлер келгенге дейін бір секундққа да қараусыз қалдармаңыз: кез келген минутта әбсәтте жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.



Есте сақтаңыз! Бірінші кезеңде дұрыс шұғыл көрсеткен көмек көптеген сестік асқынулардан алыстатады.

Егер тіл түбірін басқаннан соң құсу рефлексі арттырылмаса, ауыз қуысынан аққан су мен қоса жеген астың қалдықтары шықпаса; не жөтел, не тыныс алу қозғалыстары байқалмаса, онда ағзасынан суды шығару шараларына әрі қарай еш уақыт кетірмей, зардап шеккен адамды сол мезетте арқасына жатқызып, карашық рефлексіннің жарыққа әсерін және ұйқы артериясының ырғағын тексеріңіз. Бұлардың жоқтығы байқалса дереу жүрек-өкпелік реанимациясын жасауға кірісіңіз.



Есте сақтаңыз! Өмірлік белгілері болмаса толықтай тыныс жолдарынан және асқазаннан суды шығаруға еш уақыт кетірмеу керек. Зардап шеккен адамға реанимациялық іс шаралар дүркін-дүркін жоғарғы тыныс жолдарынан суды, көбіктік құрылыстарды және шырышты шығармаса жүргізу мүмкін емес, әр 3-4 минут сайын жасанды өкпе желдетілісі мен тікелей емес жүрек массажын үзуге мәжбүрсіз, жылдам зардап шеккен адамды ішіне қаратып жытқызып жен қолданып ауыз қуысынан және мұрнынан шығындылардын тазалау арқылы іске асырылады. (Бұл кезде рәзіңке балоншығын қолданған мәселені жеңілдетеді, онымен жоғарғы тыныс жолдарынан шығындыларды жылдам сорып алуға болады.)



Есте сақтаңыз! Суға батқан жағдайда реанимациялық іс шаралар нәтижесінің белгілері болмаса да 30-40 минут бойы жүргізіледі.

ТІРІЛГЕННЕН КЕЙІН КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК. Зардап шеккен адымның –өзіндік тыныс алуы және жүрек соққысы пайда болса да, ол есіне келседе, эйфорияға батпаңыз, көбінде айналасындағы адамдарды сол сезім жаулайды. Өмірді сақтап қалудың қажеттілігі үшін жалпы комплекстіқ шаралардың бірінші қадамы ғана жасалынды. Өзіндік тыныс алуы және жүрек соққысы реттелгеннен соң көптеген асқынулардың алдын алу үшін құтқарып алған адамды қайта ішіне жатқызып аса мұқият суын шығарып тастауға тырысу керек. Есте сақтаңыз! Кез келген суға батқан оқиғадан кейін зардап шеккен адамды оның ахуалына және оның көңіл-күйіне қарамай міндетті түрде госпитализациялау керек.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет