Алматы облысы Іле ауданында оқушыға дауыс көтерген мұғалім әкімшілік жауапкершілікпен құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектепте болған жағдай Іле аудандық полиция басқармасында тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

“Қазіргі уақытта мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік қылмыстық кодекстің 73-бабына (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) сәйкес қатаң сөгіс жарияланды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін бұл материал әкімшілік сотқа жолданады”, – делінген хабарламада.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мұғалімнің 8-сынып оқушысына дауыс көтеріп, жекіп жатқан видео тараған еді. Бейнежазбаны оқушының анасы түсіріп алған. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.