Таеквондодан Қазақстан құрамасы Испанияның Аликанте қаласында өтетін турнирге қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Олимпиада комитеті

Таеквондодан Қазақстан кадеттер құрамасы Испанияда өтетін G-1 санатындағы Spanish Open 2024 турниріне қатысады. Әлемнің ең үздік спортшыларының басын қосатын бәсекеде 7 спортшымыз шаршы алаңға шығады. Қыздар арасында 33 келіде Назерке Жанаберген мен Шахризода Акрамова өнер көрсетсе, 44 келіде Нұргүл Сералиева, 51 келіде Нұрай Амангелді қатысады. Ал ұлдардан Юсуф Анвар-Алиев (33 кг),Дінмұхаммед Толыбай (45 кг), Әлинұр Еркін (53 кг), Аятжан Әмірханов келіде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының екі жолдамасы бар. 58 келідегі Самирхон Абабакиров пен 80 келідегі Батыхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өткен лицензиялық турнирде жолдама иеленген еді.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.