Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ



жүктеу 67.95 Kb.
Дата13.04.2019
өлшемі67.95 Kb.

ӘОЖ 004.588


ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР,

ОНЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ералиева Б.Ш., Калиева Г.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады [1].

Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімділігіне түседі. Ал электронды оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады.

Электронды оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық–ақпараттық өнім. Электронды оқулық дайындаудың концептуальды негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электронды оқулық дайындау жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, электронды оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы іспетті.

Осы жүйеге орай электронды оқулықтар оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда автоматизацияланған оқыту жүйелерін соның ішінде, электронды оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оларды құру әдістері де алуан түрлі. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша оларды негізінен 3 түрге бөледі. Олар:


  • жай (қарапайым) түрі;

  • мультимедиялық;

  • гипермәтіндік [3].

Материалды ұсынудың кәдімгі құжат түрінде көрсетілуі, яғни, қарапайым түрдегі электронды оқулық дайындау – ол сызықтық түрде жалғаса қолданылатын текстік жүйе. Бұл электронды оқулық түрі бойынша аздаған материал тақырыпқа және бетке бөлінген, мазмұнды суреттер мен текстік материалдар көлемінде берілуі мүмкін. Бұл электронды оқулықпен жұмыс жасау принципі бойынша оқытылатын тақырыппен танысу алдын ала белгіленген, өзгертуге болмайтын заңдылықпен жүзеге асады. Бұл кезде жүйе бірінен-соң бірі орындалады және оқытудың ең басынан бастап қолдануды ұсынады. Бұл оқулық түрі бойынша білімді бағалауда тестік жүйе құрылмайды. Мұнда тек өтілген тақырыпқа және оқылып біткен материалдарға ғана баға беру процесі жүреді.

Мультимедиялық электронды оқулық - ол оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде таратады. Мұнда практикум компьютерлік имитаторда құрылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивті компьютерлік типте жүзеге асады. Мультимедиялық оқулық - оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып көрумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Мұғалімдер үшін – мультимедиялық электронды оқулық бұл күнбе –күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Бірақ мультимедиялық оқулықтардың бір кемшілігі – олар жоғарғы дәрежелі ақпараттық қолдауды қажет етеді, компьютер жадысынан көп мөлшерде орын алады [7].

Оқыту жүйесінің типтері бойынша электронды оқулық жасаудың үшінші түрі – гипермәтіндік электронды оқыту жүйесі болып табылады. Гипермәтін - бұл информацияны басқарудың өзге тәсілдермен байланысқан түрі, пайдаланушы қызметі жұмыс істеуде көптеген керекті информациялардан іздеуден тұрады. Мұнда керекті пән не қажетті құжаттар мағынасы бойынша бір бірімен байланысады және гипермәтін мазмұнымен танысу информационды фрагмент арқылы жүзеге асады. Информациямен танысуда алдын-ала көрсетілген мазмұндама бойынша жүзеге асады. Мазмұн бойынша көрсетілген тақырып арқылы өзіңізге керекті мәліметтерді «қуалау әдісі» арқылы ала аласыз. Гипермәтіндердің бір-бірімен байланысуы тақырыптық ұқсастыққа байланысты болады.

Негізгі кемшілігі – Windows анықтамалық жүйесін қолданудағы модификацияның мүмкін болмауынан интерфейсті өзгертуге болмайды. Оқулықты көру терезесі операциондық жүйелер объектісінде құрылған және өзгертулерді новигациялық механизм арқылы беру қамтылмаған.

Екінші тәсіл бойынша толық түрдегі гипермәтіндік құжаттарды құру – HTML тілінің негізінде. Бірақ бұл тәсіл өте қиын және гипермәтіндік құжатты құрудың ескіше тәсілі. Сондықтан, электронды оқулық құру түрлі тәсілдермен іске асырылуы керек және әлі де болса дамыта түсу мүмкіндігі бар.

Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасылып, бір –бірімен тығыз байланыстағы негізгі ұш бөліктен тұрады. Олар:


  • мотивациялы –мақсаттық;

  • мазмұнды-операциялық;

  • нәтижелік бақылау компоненттері.

Электронды оқулықтардың мотивациялы–мақсаттық компоненттері модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз – жергілікті (локальды), жүйелік және функциональдық білім жиындары. Ол оқушының өз танысдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.

Электронды оқулықтардың мазмұнды компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі консепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен толтырылады. Гипермәтін нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Электронды оқулықтардың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асады.

Электронды оқулықтардың нәтижелік-бақылау компоненті тест алу жолдарымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тестердің екі түрі беріледі: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп, көре алады. Әрбір тестен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады.

Жалпы электронды оқулықтарды пайдалану үшін Microsoft Internet Explorer, Netscare Navigator сияқты программалық жабдықтар пайдаланылса, оларды дайындау үшін HTML (Hypertext Markup Language), FrontPage Express программалары қолданылады. Электронды оқулықтар жасау үшін бұл программалармен қатар Java, JavaScript, VBScript, ActiveX қосымшаларын пайдалануға болады. Бұл қосымшалар HTML-дің мүмкіндігін жете бермейтін функцияларды, амалдарды орындауға қол жеткізеді. Сонымен, қазіргі таңда электронды оқулық жасаудың заман талабына сай құрылған варинаттары білім алудағы автоматтандыруды, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты одан әрі сапалы түрде дамытуды, оқушының өзіндік ізденуіне көп көңіл бөлуді, өзін - өзі тексеруді қалыптастырады.

Электронды оқулықты жасаудың ең ыңғайлы программалау құралы Delphi объект-бағытталған ортасы болып табылады. Delphi ортасы күрделі, “кәсіби”, соның ішінде Windows-те жұмыс істеуге арналған программаларды қолданады. Әрбір тақырып семинар сабақтарды орындаудың қадамдық ұсыныстарын қамтиды. Әрбір тақырыпқа сұрақтар тізімі құрастырылған, оларға жауап беру арқылы сыналушы өзінің білімін тексере және бекіте алады [4].

Delphi объектілі – бағытталған ортасында автоматтандырылған оқыту жүйесін құру принципін қарастырайық. Оқыту жүйесін құру кезінде көптеген графикалық программаларды қарастырамыз.

Алдымен оқыту жүйесінің құрылымын қарастырайық. Оқытушы программа теориялық, пракиткалық сабақтарды және бақылаушы жүйені қамтуы керек. Теориялық сабақтар берілген тақырып бойынша лекциядан, практикалық сабақтар тапсырмадан, бақылау сұрақтарынан және өзіндік жұмыстан тұрады. Бақылаушы жүйе ретінде тесттік сұрақтардан тұратын тестілеу программасы құрылады. Теориялық және практикалық материалдарды html форматында сақтаймыз.

Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында – демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін – репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында – семинар сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдары болу қажет.

Кері байланысты ұйымдастыру – оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу – оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.

Электронды оқулық мазмұнының түсініктілiгiмен, көрнекті мысалдар санының көптiгiмен ерекшеленедi және білімгерлерге, жоғары сынып оқушыларына, өз бетiнше үйренушiлерге арналған.


Әдебиет


  1. Абрамов С.А., Гнездилова Г.Г., Капустина Е.Н., Селюн М.И. Задачи по программированию. М., Наука, 1988.

  2. Ахо А., Хопкрофт Дж., Ульман Дж. Построение и анализ вычислительных алгоритмов. М., Мир, 1979.

  3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. М., Мир, 1989.

  4. Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0. М., Диалог-Мифи, 1993.

  5. Зуев Е.А. Система программирования Turbo Pascal. М., Радио и связь, 1992.

  6. Зуев Е.А. Программирование на языке Турбо-Паскаль 6.0,7.0. М. Радио и связь. Веста. 1993.

  7. Йодан Э. Структурное программирование и конструирование программ. М.: Мир, 1979.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары
II-tom 2012 -> V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде қант қызылшасы зиянкестерінің таралуы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет