Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері



жүктеу 25.59 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі25.59 Kb.

ӘОЖ 008(075)
ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Куанышева М., Оразбекова Ф.К.
Қазақ даласының көне сәулет ескерткіштері мен тас мүсіндері – халқымыздың көне тарихының үнсіз куәлары. Талас ауданында 50 шақты тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Солардың ішінде: көне қорғандар мен қалашықтар күзет кесенелер, жартастағы суреттер XIX-XX ғ.ғ мешіттер және де Ұлы Отан соғысына арналған мемориалдық ескерткіштер.

Ақ кесене бекінісі (Х-ХII) соғыс мұнарасы қарауыл мұнарасы. Ақ кесене – Жамбыл облысының 7 кереметіне кіреді. мықты күзет кесенесімен. Қалмақ-арық деген көне арықтың сол жағасында тұр. Ақ кесененің формасы домалақ, кірпіштен салынған, ішінде жоғары көтерілетін винт формасындай саты салынған, ол жартылай бұзылған. Үш-Арал ауылынан 30-35 см (шақырым) Күзет кесенесі ортағасырлық ескерткіштерінің тамаша үлгісі.

Таластық Ұмай-ана – Талас жерінде табылған түркілердің ана-тәңірісінің мүсіні тас ескерткіштердің арасындағы ғажайыбы болып саналады. Ол төрт-түлік малдың балалардың және жауынгерлердің қорғаушысы боп есептелген. Бұл ұмай мүсіні VI-VIII ғасырлар арасында жасалған. 1969 жылы археологтар Талас ауданындағы Билікөл маңайынан 7 шақырым қашықтықтан тапқан. Мөлшері :биіктігі 120 см, ені 32 см, қалыңдығы 11 см. Ұмай ұдайы Талас жерінде тұрып ғасырлар бойы оны қорғап келді. Оның мүсіні осы кездерге дейін бір құдіретті күштің арқасында сақталынып, қазір Мемлекеттік өнер мұражайында көне өнер бөлмелеріне сән беріп тұр.

Қарақожа мешітінің тарихына үңілсек, 1904 жылдардың тұсында салынып біткен. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда мешіт құрылысы сол жердің өзінде дайындалып, күйдірілген қыштан тұрғызылған. Негізгі қыш кірпіштің пішімі 24х12х6см. Кірпішті күйдіру үшін сексеуілді пайдаланады. Мешіттің құрылысы өте күрделі, архитектуралық соғылуы жағынан көңіл аударарлық. Батыс жағында михраб орналасқан, оның үстінде төмен барабанға орналасқан кішірек төбе. Үшарал мешіті 1906 жылы Үшарал ауылында салынған. Мөлшері:12,5х10,2 биіктігі 3,5 м төбесінде барабанға орнатылған күмбез. Үш жағында галереяның үстінен орнатылған тоғыз кішірек күмбездер бар. Кіре берістегі есіктің жоғарғы жағында құраннан үзінділер жазылған.

Тоғыз-құмалақ атты тас плиталар Қызыләуіт ауылының территориясында Күрес қора деген жерде табылған. Плита № 1 м-лшері 222х202см, плита №2 101х95см. Плиталардың жанында жалғыз қорған 10х70х7м. Оның үстінде 0,5м биіктігітас плита тұрғызылған.

Тектұрмас қалашығы 7-13ғ.ғ. (археол) Бөлтірік шешен (бұрын Кеңес) солт-батысқа қарай 11 шақырым, Көшек батыр ауылы (бұрын Қызылжар) солтүстік- батысқа қарай 5 шақырым Географиялық координаттары: С.44°00´05″, Ш.70°39´34″ 1898 ж В.А.Каллаурмен анықталған. 1949 ж Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Л.И. Темпельмен, 1980 жылы мұражайдың эксп. Қ.Байбосынов, 2000 жылы ҚР ҒА ОҚОАҒ АИ (К.М.Байпақов) зерттеген. Тік бұрышты негіздегі биік емес төбе (300х200м). Төбенің солтүстік бөлігі 11 м-ге дейінгі ішкі бекіністен тұрады. Оны топырақты дөңестер, жекелеген құрылыстардың, қалдықтары қоршап тұр. Көтеретін кездеме қыш түтіктердің қалдықтары.

Төрткөл 1 бекінісі 8-13ғ.ғ (археол). Ақкөл ауылы солтүстік шетінде 1980 жылы Жамбыл облысы тарихи өлкетану мұражайының экспедициясында табылып, зерттелген (Қ.Байбосынов). Бекініс тікбұрышты пішінді. Бекіністік біліктерде 14 күзет мұнараларының қалдықтары бар. Бекініс қабырғаларының қалыңдығы 15 м, биіктігі 5 м. Бекініс маңайының тегіс ені 8м, тереңдігі 1,5 м. Оң жағынан қорғанды білікті жағалай ені 1,5 м арық өтеді.

Тамды қалашығы ХI-XIII ғ. Қаратау қаласының батыс шетінде Тамды өзенінің оң жағында орналасқан. География координаттары: 43°10´50 с.б.70° 25´47. Теңіз деңгейінің биіктігі 570 м. 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті мен (Г.И. Пацевих), 1947 жылы оңтүстік Қазақстан археологиялық экспертизасы (А.Н. Бернштам), (А.Х. Марғұлан) жабылып зерттелген.



Қорыта келгенде, Көне Қаратау таулары мен Талас жері тарихи аңыздарға, тарихи сәулет ескерткіштеріне, жартас суреттерге, әлі толық зерттелмеген қоғандар мен қалашықтарға бай. Біз өз тарихымызды біліп, зерттеп, бағалауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет