Әож 04. 64. Radio planning system бағдарламасында байланыс жүйелерін модельдеу



жүктеу 37.06 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі37.06 Kb.
түріБағдарламасы

ӘОЖ 004.64.3
RADIO PLANNING SYSTEM БАҒДАРЛАМАСЫНДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУ
Есмаханова Л.Н., Құдайқұл С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университеті, Тараз қ.
Сымсыз желілерді жоспарлау проблемасын заманауи жағдайларда компьютерлік құралдарсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблеманың күрделілігімен туындайды. Оларға келесілер жатады:

  • радиоаппаратура жұмысының режимдері мен орналастыру орындарын таңдау;

  • жиілікті жоспарлау;

  • ішкі жүйелік бөгеуілдердің минимизациясы;

  • ақпаратты сапалы таралуын талап ететін территорияны максималды қамту;

  • желілердің электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыздандыру.

Сымсыз желілерді жоспарлау проблемасын деректерді таратудың әртүрлі стандарттарын қолданатын (радиорелелік, транкингтік, ұялы) сымсыз желілерді автоматтандырылған түрде жобалауға арналған Radio Planning System бағдарламасын қолдану арқылы шешуге болады. Бұл бағдарлама қысқа мерзімде жаңа желі жобасын немесе іске асырылған желіні кеңейтуге, оның кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауға, басқа желілермен үйлесімділігін талдауға, берілген трафик пен бөгеуілдер кезінде жергілікті жердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып тиімділеуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мүмкіндік береді:



  • берілген орында NMT-450, AMPS, D-AMPS, GSM, IS-95, IEEE 802.11, SmarTrunk, TETRA, MPT 1327, EDACS және т.б. стандарттарда жұмыс істейтін радиостансаларды орналастыру. Сондай-ақ, пайдаланушы өзі жобалайтын желінің стандартын, оның негізгі параметрлерін (жиіліктік диапазон, арна ені және т.б.) енгізу арқылы анықтайды;

  • радиостансалар үшін деректер базасынан жабдықтардың тиімді құрамын анықтау, бұл құрам пайдаланушымен түзетіле және толықтырыла алады;

  • қарастырылатын аймақта трафиктің тығыздығын беру және түзету, бұл әр түрлі жүктемелер жағдайларында ұялы және транкингтік жүйелердің мінездемелерін талдауға мүмкіндік береді;

  • жобаланатын желінің негізгі мінездемелерін есептеу және экранда көрсету;

  • атенналардың бағытын ескере отырып, берілген жерде радиостанса сигналының деңгейін анықтау;

  • абоненттің талап ететін қуатын;

  • жақын немесе қашықтықта орналасқан радиостансалардан келетін бөгеулдер;

  • сигнал/шу қатынасы;

  • жобаланатын желінің басқа желілермен электромагниттік үйлесімділік көрсеткішін есептеу.

Бағдарлама стандартты форматта ("MapInfo", "ArcInfo») көрсетілген жергілікті жердің электрондық картасы негізінде жұмыс істейді (сурет 1). Қажет болғанда бағдарламадан шықпай картографиялық мәліметтерді жаңа объектілерді (биік ғимаратарды, мачталарды, құбырларды және басқа да бөгеуілдерді) қосу арқылы түзетуге болады.



Сурет 1. Талданатын аймақтың картасы бар

RPS бағдарламасының интерфейсы






Сурет 2. Жаңа жобаны жасау





Сурет 3. Жаңа жобаның атын енгізу


Сурет 4. Ұялы желінің параметрлерін таңдау





Сурет 5. Жергілікті жердің сандық картасында базалық стансаларды орналастыру


Сурет 6. Сандық картада жаңа орынды таңдау





Сурет 7. Байланыс түрін таңдау


Сурет 8. Базалық стансаны, абонентті,

бөгеуілдерді, аймақты және трассаны таңдау







Сурет 9. Байланыстың бар немесе жоқ

болуын анықтау үшін есептеулерді орындау




Сурет 10. RPS-2 бағдарламасының деректер базасында антенна параметрлерін енгізу мен түзету

RPS-2 пакетін ұялы байланыстың макро және микроұяшықтарды, сонымен қатар ғимарат ішінде жұмыс істейтін микроұялы жүйелерді жоспарлау үшін пайдалануға болады. Желе мінездемелерінің өлшеу нәтижелерін импорттауға және оларды есеппен салыстыруға мүмкіндік бар.

RPS-2 келесі бағдарламалық модульдерден тұрады:

- радиорелелік желілерді есептеу модулі;

- барлық стандарттардың транкингтік және ұялы желілерін есептеу модулі;

- CDMA стандартындағы желілерді есептеу модулі;

- ғимарат ішінде жұмыс істейтін желілерді есептеу модулі;

- эксперимент нәтижелерін импорттау, оларды көрсету, есеппен салыстыру модулі;

- сандық картаны стандартты форматтан картографиялық деректерді көрсетудің ішкі форматына түрлендіретін автоматтық конвертор.
Әдебиет
1. Сети и системы мобильной связи 3-го поколения. Конспект лекций. Артюхин В.В., Прилепкина Л.П. – Алматы: АИЭС, 2007.

2. В.В. Величко. Передача данных в сетях мобильной связи третьего поколения. – М.: Радио и связь, Горячая линия – Телеком, 2005.



3. Сети и системы мобильной связи 3-го поколения. Программа, методические указания к выполнению курсовой работы для студентов специальности 050719 – РЭТ.- Алматы: АИЭС, 2007.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 II
konf 2015 II -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 II -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 II -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 II -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 II -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 II -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 II -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 II -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы
konf 2015 II -> Әож 621. 3: 614. 89 Арнайы киімдерді дайындау үшін қолданылатын заманауи материалдарды талдау
konf 2015 II -> Әож 332. 3: 502 экология ландшафтық негізінде бағалау және талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет