Әож 19. Жамбыл облысында өсетін қара сексеуіл тұҚымының биологиясы



жүктеу 70.04 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі70.04 Kb.

ӘОЖ 519.6
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨСЕТІН ҚАРА СЕКСЕУІЛ

ТҰҚЫМЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ
Турекельдиева Р.Т., Тасыбаева С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр, яғни Қазақстандағы жалпыорман қорының 48 пайызын алып жатыр. Оның ішінде қара сексеуілдер – 67%, ал ақ сексеуілдер 33%. Ал Жамбыл облысында мемлекеттік орман қоры 30,8 пайызын алып жатыр.

В.Н. Бирюков, В.П. Бобровниктің орман өсіру аудандары бойынша жер бедерінің жағдайына қарай сексеуілдер түрін 12 топқа бөледі, оның ішінде 8 топ – қара сексеуілдер түрі, 3 топ – ақ сексеуілдер және 1-і аралас сексеуілдер (зайсандық сексеуілдер бөлінбейді). Қазақстанда олардың 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл [1].

Шеті көзге ша­лын­бас құладүзді құлазудан құт­қа­ра­тын табиғаты айрықша ағаштың бұл түрі негізінен Жамбыл облысында қара сексеуілдер Мойынқұм құмдарының құмды еңісті дөңдерінің шыңдарында және толық кескінделмеген қоңыр топырақты жазықтарында кездеседі. Аралас сексеуілдер негізінен құмды еңісті дөңдердің төменгі бөліктерінде кездеседі. Жусанды ақ сексеуілдер – құмды дөңдердің жоғарғы шыңдарында, жүзгүнді ақ сексеуілдер – тау тізбектерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде, шыңдарда, дөңдерде, барқандарда, шөптесінді ақ сексеуілдер тау тізбектерінің және дөңдердің төменгі бөлігінде, сор және сотаңданған топырақтарда, құмды шөлдерде кездеседі.

Ақ сексеуiл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн талшiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса, ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Азықтық жұғымдылығы жоғары. Жануарлар 3 метрлiк бұтақты жесе, 12 кг азықтық салмақ алады. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты – бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақша, қыркүйек – қазан айларында пісіп жетіліп, қараша – желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі.

Қара сексеуіл - 2,5-10 м биік өсетін жуан (20-40 см диаметрлі), күшті тарамдалған бұталы, күңгірт сұр түсті қабықты ағаш не бұта. Тамыр жүйесі 15 м дейін жайылып өседі. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған. Фотосинтез үрдісі жас өркендерінде жүреді. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм.

Құмның сорлы, тастақты жерлерде, тақырларда өсе береді. Қара сексеуілдың жер асты суының 1-1,5 м деңгейінде, тұздылығы 0,2-4% болатын, жер асты суының 1,5-2 м деңгейінде, тұздылығы 0,2-1% болатын жерлерде оптимальды басымдығы кездеседі.

Ақ сексеуілден айырмашылығы тұздылыққа өте төзімді, құмды және жартылай құмды аймақтардың тұзды топырақтарында кең тарайды. Негізгі физиологиялық сипаттамасы: эугалофит, псаммопелитрофит, мезоксерофит. Механикалық құрамы мен ылғалдылығы және аздаған тұздылығы жөнінен кең амплитудаға ие.

Сексеуiлге зиянын тигiзетiн зиянкес жәндіктердің 200-дей түрлерi бар: шегiртке, жұлдызқұрт, түн көбелегi, бiзтұмсық, зауза қоңыз, бүргешiркит, кене, қандала, бит, сымыр, бiте т.б. Бұлар дiңдер мен бұтақтарды, жасыл өркендердi, генеративтiк органдары мен тамырларын зақымдайды.

Сексеуілдердің өсу қарқыны немесе көбеюі топырақтың әртүрлілігіне және ауа-райы жағдайларына байланысты. Бастапқы (алғашқы) қалың отырғызылған ағаш екпелеріне қарамастан жастарына қарай, кесілген сексеуілдер 1 га жерде 500-700 түп ағаштан аспайды. Барлық жағдайда орман алқаптарындағы ағаш егіндерінің жағдайлары нашарлағанда, биік болып өсуі 26-28 жылда тоқтайды.

Өнім беруi жыл сайын көбейiп отырады және 15-18 жаста ең жоғары (бiр ағаштан 2кг артық) болады. Өнім аз жылдары 25 жастан үлкен ағаштардағы өнiм сапасы орта жастағы ағаштардiкiнен төмен. Өнім көп болған жылдары (3-4жылдан соң) тұқымның сапасы ағаш жасы мен толымдылығынa байланысты болмайды. Өскін саны шектеулi, толымдылығы 0,2-0,3, жемiс беру үшін тиiмдi деп саналады. Бұл толымдылық жоғары болса, жемiс беру төмендейдi [2] .

Сексеуiлге зиянын тигiзетiн негiзгi факторлар (ауа-райынан басқа) саңырауқұлақ аурулары, жәндіктер, кемiргiштер мен құстар.

Сексеуiл өскiндерiнiң кең тараған ауруы aқұнтақ пен фузариоз.

Сексеуiл өскiндерiнiң өсуін қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың бiрi күзгi себу (өсiмдiк төзімділiгi жоғарылайды).

Шөлейтті далада құм бар­хан­дарының көшкінін “кісендеп” ұс­тайтын, ұлан-ғайыр адырлардың то­пы­рағын эрозиядан сақтайтын, аты­раптарда тіршілік ететін елді ме­­кендерді дауылдардан қорғайтын сексеуілдің қадір-қасиетін біл­мей­тін адам аз болар. Егер өсімі жақсы болса, тамыры отыз метрге дейін тереңдеуімен жер­ге де, елге де паналық пайдасы ора­сан. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.

Қара сексеуілдің көшеттерін алу үшін тұқымды туынды өскін алынады. Сексеуілдің күшті тармақталған фреафитті тамыр жүйесі болғанына қарамастан, вегетативті көбейту түрі жүргізілмейді. Тереңнен суды тарта алатын қасиетке ие сексеуіл орманның агромелиорациясына үлкен мүмкіндіктер береді.

Сексеуіл ормандарын қолдан өсіру екі кезеңде жүргізіледі:



  1. Ерте көктемде көшет арқылы егу;

  2. Күзде сексеуіл тұқымын жинап, алдын-ала дайындалған жерге себу.

Тәжірибе В.Н.Бирюков пен А.Н.Маланьиннiң еңбектерiн негiзге ала отырып, В.И.Мосиннің әдістемесі бойынша қара сексеуіл алқаағаштарының селекциялық бағасы берілді [3].

Қара сексеуілдің жемістері жарылмайтын дара тұқымды. Жемісінің жұқа, жартылай мөлдір қанатшалары бар, оның мөлшері қанатымен қоса алғанда, 10-13 мм болып келеді. Тұқымы дөңгелек пішінді, диаметрі 2-2,5 мм. Тұқым қабығы жұқа мөлдір. Ұрық тығыз шынжыр түрінде сары түсті, екі күңгірт жасыл тұқым бөлімдерінен тұрады.

1000 тұқымның салмағы 2,0,...4,7 г. Тұқым аз сусымалы тұқымдарға жатады. Жинау, кептіру, сақтау кезінде оңай жарақаттанады. Тұқым жинауға қыркүйек-қазан айлары тиімді. Зертханалық шығымы 18-94%. Ісінуі үшін көп су керек.

Табиғи жағдайда өніп шығуы үшін ылғалды аз қажет етеді, топырақтың механикалық құрамына байланысты құм мен құмдақтарда ылғалдану шегі топырақ массасының 3-5%.-і болады.

Сексеуілдің тұқымы жарықта жақсы өседі, сондықтан тұқымын саяз топыраққа -1см тереңдікке егу қажет.

Тұқымның тұздылыққа төзімділігі жоғары емес. Зертхана жағдайында 3% NaCl –да тұқымның өнуі едәуір төмендейді. Сондықтан топырақтың тұзды қабаты тұқымның өсуіне кедергі жасайды. Құмды аймақтардағы топырақтың тұздылығы көктемде тығыз қалдық бойынша 16%-ке жетеді. Мұндай жағдайда сексеуіл тұқымының өнуі тек топырақтағы тұздар көктемгі жауынмен немесе еріген қармен шайылғанда ғана іске асады. Дегенмен бұл жағдай қысқа мерзімді. Тамырлап үлгермей жатып, тұздар аккумуляциясынан құрғақ мерзімде өліп қалады. Осыған байланысты қара сексеуілдің отырғызуға жарамды көшеттерін питомниктерде тұзсыз топырақтардан алады.

Сексеуілдің тұқымдары ұзақ мерзімді сақтауға келеді, 6 айдан соң ғана өнуге жарамдығын жоғалтады. Өнуі мен өну энергиясын сақтау оның сақталу жағдайына байланысты. Сақтауға тазаланған, кептірілген материал алынады. Сақтау орыны құрғақ, жақсы желденетін болуы шарт. Тұқымды құю қабаты 1 м-ден аспауы қажет. Аптасына 2 рет тұқым аударыстырылып тұру керек. Әбден кептіріліп, герметикалық жағдайда – целлофан қапшықтарда ұзақ сақтауға болады. Осылайша көктемгі егінге дейін тұқымның өну қабілетін сақтауға болады.

Егу алдындағы топырақты аудару қараша айында 18-22 см тереңдікпен жүргізіледі. Сексеуіл тұқымы 60% шығыммен егіледі. 15 кг/га мөлшермен себіледі. 0,5-1 см тереңдікпен жабыла отырып егілу керек. Көшет жүйек арасы 60 см-1м аралықпен отырғызылған 1-2 жылдық материалы ретінде қазылып алынады.

Арасы 60-90 см етіп қатармен 8 кг/га егу мөлшерімен еккен жерден жақсы нәтиже алынды. Сексеуiл ұзақ өміp cүpeтiн түр емес басты пайдалану кесулерi кезiнде уақытша орман тұқым учаскелерiн оpy тиiмсiз, сондықтан орман тұқым шаруашылығы нақты орман тұқым учаскелерiне негiзделу керек; ТОТУ ұзақ yaқыт бойы жоғарғы сапалы тұқым жинауға арналады және төмендегідей жерлерде орылуы мүмкін:

- 1-2 бонитеттi алқаағаштарда;

- жас жолақты орман екпелерiнде;

- екпе орман аудандарында жақсартылған себу және тiгу материалдарын отырғызу. Барлық жағдайда ТОТУ құрy мен күту жүргізіледі.

Жиналып алынған тұқымға В.И.Мосиннің салыстыру бағасы бойынша селекциялық категорияларға бөлінді.

Кесте 1


Қара сексеуіл селекциялық бағасы (В.И. Мосин)




п/п

Қара сексеуілдің селекциялық категориясы

Белгілері

1.

2.

3.

Плюстік

Қалыпты

Минустік

Плюстік - 50%, қалыпты -30%, ал негізгі пішінді 70% кем емес орман учаскелері; аурулармен, зиянкестермен зақымдануы 25% аспауы керек (1 баллдан жоғары емес).

Плюстік, қалыпты және негізгі пішінді ағаштардың саны 50% кем емес; аурулармен, зиянкестермен зақымдануы 25% аспауы керек (1 баллдан жоғары емес).

Плюстік, қалыпты және негізгі пішінді ағаштарының саны 50% аз.

Сексеуiлдің жемiс беруi 5-6, ал екпелерде - 4-5 жаста басталады.



Орта жастағы алқаағаштардың 1 га (ТОТУ ауданын есептеген кезде ескеру керек) өнiмдiлiк орташа жылдары 1,5-2,0 ц тұқым алуға болады.
Әдебиет


  1. Қазақстанда қара сексеуiл алқаағаштарын өcipy туралы ұсыныстар. – Алматы, 1992.

  2. Жасыл орман Мұсажанов Ж. – А, 1984.

  3. Бирюков В.Н., Маланьин А.Н. Қазақстанның сексеуiлдерiнде орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi бағыттары және орман тобының түрлерiн, орман өсу жағдайларының типтерiн анықтаудың нұсқаулары. – Алматы, 1982.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары
II-tom 2012 -> Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ
II-tom 2012 -> V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет