Маңғыстау облысының полиция департаменті желіде аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысшыларын алдау және зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеуде деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынған кадр

Полицияның хабарлауынша, бұл жағдай "West Oil Software" ЖШС ұжымында орын алды. Мұнда жұмысшылардың ереуілін сот заңсыз деп таныған, ол тоқтатылуы тиіс дейді.

"Жалпы саны 100-ден астам адамды құрайтын "West Oil Software" ЖШС-нің жеке жұмысшылары заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өз міндеттерін атқара бастады. Алайда олар ереуіл белсенділерінің зорлық-зомбылық көрсету қаупі мен қысымына тап болып отыр. Сондай-ақ, заңсыз ереуілге қатысуын жалғастырып жатқан жұмысшыларға да осындай әрекеттерге рұқсат етілгені хабарланды. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Аталған факті бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыру бойынша қылмыстық кодекстің 402-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Оларға қатысы бар тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне құқықтық баға осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында беріледі", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер азаматтарды зорлық-зомбылық, қысым көрсету және алдау қаупі туындаған жағдайда ішкі істер органдарына хабарласып, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда ереуілге шыққан West Oil компаниясының наразы жүргізушілерінің орнына жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуға дайын екенін мәлімдегені туралы жазған едік. Қазіргі уақытта жүзден астам қызметкер жұмыс орнына оралған. Солардың бірі сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын айтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.