Әож 28. 12: 591. Іле өзенінің алабындағы су ресурстарын пайдалануды басқару мәселесі



жүктеу 34.72 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі34.72 Kb.

ӘОЖ 628.12: 591.9
Іле өзенінің алабындағы су ресурстарын

пайдалануды басқару мәселесі
Жупарбеков А.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Іле өзені Алматы облысы аумағында орналасқан. Тянь-Шань сілемдерінен басталып, Текес және Күнес өзендерінің қосылуы арқылы қалыптасқан өзен. Жалпы ұзындығы -1439 км, су жинау алабы – 131-140 мың км2 құрайды. Қазақстан Республикасындағы ұзындығы – 815 км, су жинау алабының ауданы - 68,4 мың км2. Республика ішіндегі ірі салалары – Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Үсек өзендері [1].

Басталар жағында тау өзені болып табылатын Іле, орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, Сарыесік Атырау және Тауқұм аралығымен ағып өтеді. Қапшағай шатқалынан төменгі тұста Іленің көне атырауы Бақанастың құрғақ арналары бөлініп шығады. Бұдан 100 км төменде қазіргі атырауы басталады, ұзындығы 130 км, ең енді жері – 100 км-ге, ауданы – 9000 км2 дейін барады [2]. Аңғары – 2 км-ге дейін ұлғаяды. Арнасы орта бөлігінде 150-300 м, төменгі ағысында 500-1000 м-ге жетеді. Суының молдығы жөнінен өзен республикадағы 3-ші өзен. Жылдық орташа өтімі 472 м3/с (Қапшағай тұсында), құяр жерінде 329 м3/с. Негізінен мұздық (40%) және қар суымен толысады. Ең үлкен жоғарғы деңгейі шілде-тамыз айларында байқалады, бұл кездегі өтімі – 1160-1480 м3/с-ке дейін жетеді. Төменгі деңгейі қыркүйек айында болады. Жылдық ағынның 15,4% көктемде, 62,4% - жазда-күзде, 22,2% қыс айларында ағады. Іле өзені Балқаш-Алакөл алабына кіреді.

Балқаш-Алакөл алабы Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шекаралас Қытай аумағының ауқымды территориясын алып жатыр. Оның ауданы 413 мың шаршы км құрайды, оынң ішінде 353 мың шаршы км Қазақстан аумағында орналасқан. Балқаш-Алакөл алабының Қазақстандық бөлігіне Алматы облысының, Жамбыл облысы Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарының, Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет және Қарқаралы аудандарының, Шығыс Қазақстан облысының Үржар, Аягөз аудандарының территориясы кіреді. Алаптың қазақстандық бөлігіндегі халықтың саны шамамен 3,3 млн. адамды құрайды. Оның негізгі бөлігі Алматы облысында тұрады және 1,6 млн. адамды құрайды. Ауылдық жерлерде 1,5 млн. адам тұрады. Бұл алаптағы суқоры өте мол және 149,4 текше км құрайды, бірақ судың негізгі көлемі (77%) көлдерде орналасқан, негізінен Балқаш көлінде, және Алматы облысының негізгі суармалы массивтерінде пайдалануға болмайды. Өзен суларының үлесі 14%, су қоймаларының суы – 5% құрайды.

Алапта суармалы жерлерге (600 мың га-дан астам) суару үшін су беру 2 мыңнан астам гидротехникалық құрылымдардың көмегімен жүзеге асады, оның ішінде 50 ірі суалу тораптары бар. Жалпы көлемі шамамен 20 км3 құрайтын, құрамына Қапшағай су қоймасы кіретін, 90-нан астам, шаруашылықаралық және шаруашылық ішіндегі су қоймаларынан тұрады. Алаптың негізгі көлі Балқаш – ағынсыз көл болып табылады. Көлге келіп түсетін су кірісі Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері суынан, оның ішінде Іле өзенінің алар орны үлкен (Іле өзенінің алабы көлдің су тоспа ауданының 80 пайызын алып жатыр), және де жақын жатқан жағалық жолақтардың беттік және жер асты суларынан, атмосфералық жауын-шашын суынан құралады.

Іле-Балқаш проблемасы, толтырылуы 1970 жылдан басталған, Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы құрылысымен байланысты туындады [3]. Алғашқы жылдарда-ақ көлге құятын судан бұрып қалудан, оның режимі үшін қолайсыз жайлар байқала бастады. Көлдің деңгейі күрт үздіксіз төмендей, ал судың минералдылығы көтеріле бастады. Сондықтан, Қапшағай су қоймасын толтыруды шектеуге шешім қабылданды және оның жобалық сыйымдылығы 28 км3 орнына, 16-18 км3 шамасында ұсталып тұратын болды. Одан ары су қоймасын толтыру, бұл жобаның жағымсыз экологиялық зардаптарын жан-жақты зерттеуге және оны тоқтату шараларын жасау үшін тоқтатылды. Сонымен бірге, бір мезетте, Балқашқа су жеткізетін салалардан, оның ішінде бірінші кезекте Іледен суғармалы егіншілікке және су тұтынуға су беру айтарлықтай кемітілді.

Сонымен Іле-Балқаш проблемасының негізгі себебі, гидроэнергетика және суармалы егіншілік дамыту үшін алап өзендерінің су ресурстарын кеңінен пайдалану және су режимі мен теңдестігін, ең алдымен – сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі ретінде Батыс Балқаштың минералдылығын – ұстап тұру қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық. Көлдің тұрақты экологиялық жағдайын ұстап тұру үшін, оның су тоспа алабының ластануын тоқтату бойынша шаралар, және де қытай жағынан оны қоректендіретін өзендердің ағынын және ең қажеттісі – Іле өзенінің ағынын қамтамасыз ету - өте маңызды шаруа.



Іле өзенінің алабындағы су ресурстарын тиімді пайдалануды басқару мәселесі, бірінші кезекте алаптың аумағына енетін өзендердің су қорына және де Балқаш көлінің деңгейіне байланысты екені, жоғарыда айтылған деректерден көрініп тұр. Іле өзенінің алабы, бұл Балқаш-Алакөл алабының кішертілген көрінісі. Сол себепті, Іле өзенінің алабы су ресурстарын тиімді пайдалану, жеті өзен құятын Балқаш көлінің суын сақтау болып табылады.
Әдебиет


    1. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б.Самаковой. – Алматы.: Каганат, 2003. - 584 с.

    2. Заурбек А.К., Жандарбекова Ф.Р. Водный баланс и качество воды в бассейнах рек Иртыш и Или. Р.Ж.Жулаевтың 100-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Тараз. 2010. 9-10 қазан., Б. 173-176.

    3. Сарсембеков Т.Т. и др. Использование и охрана трансграничных рек в странах Центральной Азии. – Алматы.: Атамұра, 2004. 272 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет