Әож 31. (075. 8) «азимбек» Өк егістік жер топырақтарының морфологиялық ҚҰрамы және гумус мөлшерін зерттеу



жүктеу 25.86 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі25.86 Kb.
түріҚұрамы

ӘОЖ 631.4 (075.8)
«АЗИМБЕК» ӨК ЕГІСТІК ЖЕР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ГУМУС

МӨЛШЕРІН ЗЕРТТЕУ
Алдиярбеков Ш., Алтынханов А., Әзберген М.І.
Қазақстан Республикасында топырақ жамылғысында табиғи – климаттық жағдайдың өзгерістерді және адамның іс-әрекеті нәтижесінде болып жатқан өзгерістерді бақылау мақсатында «жер мониторингі» жүргізіледі. Жер мониторингі – орын алған өзгерістерді бықылау, оларды бағалау, келешекте өсіп-өнуін болжамдау және теріс процесстерді алдын алу бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында жүргізіледі. Ол жер қорын сапалық және сандық күйін оперативтік және тұрақты бақылау жүйесі ретінде қабылданады. Ауылшаруашылық алқаптардың жер мониторингінің ең маңызды бағыты болып егістік алқаптарда бақылау жүргізу болып есептеледі.

Егістік алқаптардың мониторингі табиги-климаттық зоналар бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының жер қорын табиги-ауылшаруашылық аудандауына сәйкес Жамбыл облысы шөльді, таубеткейі-шөлді-далалық және ортаазиялық таулы зоналарда орналасқан.

«Әзімбек» өндірістік кооперативтің егістік жерлері дәнді дақылдарды өсіру үшін қолданылады. Суарылмайтын егістік доғал топырақ бетінің негізгі аумағын алып жатыр.

Егістік жерлердің мониторингіне қатысты дайындалған Нұсқаулыққа сәйкес ТЭП алаңында төсеуші жыныстарына дейінгі тереңдікте кесінділер жасалды, топырақтық материалдарды камералдық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде кесінділерді дербес топырақтық зерттеу негізінде орташа гипотетикалық топырақтың кесінді жазбасы әзірленді, гипотетикалық горизонттардың бүкіл тереңдігі бойынша ленталық әдіспен алынған топырақтық үлгілерден топырақтардың біріккен сынамалары дайындалып, химиялық зерттеулер жасалды. Топырақтық зерттеу мен химиялық талдау мәліметтері негізінде учаскенің топырақтық жамылғысы қарапайым сұр топырақты екенін айқындады.



Аудан топырағының морфологиялық құрамы. Көкжиектері Aп (Ag + B1) 0-28 см, бозғылт сары реңді сұр, құрғақ, жоғарыда (5-7 см) қабыршақты тақталы, доғал - алевритті, әктасты - өсімдіктер тамырына жақсы сінген, көшуі бірқалыпты.

Көкжиек B1 28-36 см, ақшыл сұр, бозғылт сары реңді, еркін-доғал, жертесерлердің әрекеті анық көрінеді, карбонат, ұнтақ түріндегі карбонаттар, көшуі бірқалыпты.

Көкжиегі В2 36-70 см, сары құрғақ, перфорацияланған, карбонатты, карбонаттар көгерген түрінде, кесек, бірнеше тамырлы, сәл тығыздалған, елеулі өтпелі.

Қарашірік (гумус) мөлшері.Топырақтағы қарашірінді (гумус) мөлшері әр жерде әртүрлі болып келеді. Мысалы, шөлді жерлердің топырағында гумус мөлшері 0-1%-ды құрайды, ал қара топырақты жерлерде гумус мөлшері 5-10% дейін жетеді.

Зерттелген нысан топырағын химиялық талдау нәтижелеріне сәйкес 2013 жылы топырақтағы гумустың мөлшері 1,08% құрады.

Топырақтардың мониторингін жүргізу үшін, бірнеше жылдар аралығындағы (2005, 2009, 2015) топырақтағы гумус мөлшерінің өзгеру диаграммасы салынды және талдау жасалды. Мониторинг нәтижесі 2009 жылы қарашірік мөлшері (1,0%) шамалы төмендегенін, ал 2005 жылы оның мөлшері 1,34% құрағанын айқындады.

Тәжірибеде белгілі жағдай -топырақтағы гумустың мөлшері жалпы азоттың мөлшеріне тікелей әсер етеді. Осыны тексеру үшін топырақтағы жалпы азоттың мөлшері зерттеліп, оның өзгеру диаграммасы салынды. Талдау нәтижелеріне сәйкес 2013 жылы топырақтағы жалпы азоттың мөлшері 0,108% құрады, 2009 жылы – 0,1%, ал 2005 жылы - 0,13%. Зерттеу нәтижелері бұрыннан белгілі байланыс бұл топырақтарда да сақталатыны анықталды.



Сонымен, жүргізілген егістік жер топырақтары мониторингі нәтижелері «Әзімбек» өндірістік кооперативінің егістік жер топырақтарының сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік берді, бұл жұмыстардың жалғасуы топырақтардың бонитет баллдарын анықтап, құнын шығарып, территорияны зоналауға жол ашады. Жер топырақтар мониторингін жүргізу нәтижелері, егістік алқабында ғылыми-негізделген шараларды жоспарлауға жағдай жасап, ауылшаруашылық өндіріске үлкен үлесін тигізетіні сөзсіз.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> «2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет