Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері



жүктеу 24.67 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі24.67 Kb.

ӘОЖ 330.101
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абит Т., Нарматов С.Р.

Нарықтық экономиканың жиі қайталана беретін ауыр кеселдерінің бірі және ажырамас жолсерігі –жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық экономикалық құбылыс ретінде бір жағынан нарықтық экономиканың объективті қалаулы құбылысы (оның табиғи деңгейі), екінші жағынан ол экономика мен қоғам өмірінде тұрақсыздықты тереңдетін қауіпті де жағымсыз құбылыс болып табылады. Жұмыссыздық терең әлеуметтік-экономикалық зардаптарға ұрындырады (қоғамның жиынтық жұмысшы күшінің біраз бөлінің қолданусыз қалуы, нәтижесінде қоғамның ІЖӨ-ді өндірудің біршама мүмкіншіліктерінен айырылуы; халықтың ақуаттылығының деңгейі төмендеп, кедейленуі; ел ішінде әлеуметтік қайшылықтар пайда болып, олардың шиеленісуі; елдегі криминалдық және де басқа қылмыстардың өсуі және т.б. Артур Оукеннің пайымдауы бойынша жұмыссыздық деңгейі бір пайызға өссе, қоғам жиынтық өнімнің 2,5%-3% өндіру мүмкіншілігінен айырылады.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның дербес ғылыми ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық теорияның өкілдері Халықаралық Еңбек ұйымының методологиясына сүйеніп «жұмыссыздықты» төмендегідей анықтайды:

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) методологиясы бойынша жұмыссыз деп кәмелеттік жасқа жеткен, еңбек ете алу қабілеті бар, белсенді жұмыс орнын іздестіріп жүрген, еңбек биржасында тіркелген, солар оқуға жіберген және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындалған адам мойындалады. Демек, еңбек биржасында тіркеуге алынбаған, бірақ жұмыссыз жүрген кез-келген адам «жұмыссыз» статусына ие бола алмайды. Ондай адамдар «жиынтық жұмысшы күші қатарынан шыққандар» деп есептелінеді. Өйткені белгісіз, олардың жұмыс істеуге ниеттері бар ма, әлде жоқ па, жұмыс істеуге қабілеттері бар ма, жоқ па? Ниет білдіріп, жұмыс орнын белсенді іздестіріп, өтініш жасамаса, «маған жұмыс керек» деп еңбек биржасына өтініш жасамаса, ондай адамды жұмыссыздар қатарына жатқызуға болмайды.

Халықаралық Еңбек Ұйымының әдістемесін басшылыққа алып еліміздегі ресми статистикалық органдар ел ішіндегі жұмыссыздардың санын және жұмыссыздықтың деңгейін анықтайды.

Жұмыссыздықтың деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

. Бұл жерде: Эбх- экономикалық белсенді халық; Жб-жұмыспен қамтылған халық; Жзд - жұмыссыздықтың деңгейі.

Ал енді Қазақстан Республикасында жұмыссыздықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр, экономикалық саясатының ерекшеліктері қандай деген мәселеге көшейік.



Президент Жолдауларында 2050 жылға дейінгі және соның ішінде орта мерзімдің 2030 жылға дейінгі мемлекетіміздің даму бағдарламасы жоспары жүйелі түрде бекітіліп отыр. Сондай-ақ, Жолдауларда баса мән берілген «2050» стратегиялық бағдарламасының да негізгі бағыттарында экономиканы диверсификациялау, елді индустрияландыру жұмысы басты орында тұр. Сонымен қатар Елбасының бастамасымен «Жұмыс бастылық-2020», «Бизнестің Жол картасы» арнайы бағдарламалары жасалып, пәрменді жүзеге асырыла бастады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, Қазақстанда жұмыссыздықпен күресудің сараң жолы салынды, ол «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы», «Жұмысбастылық-2020» және «Бизнестің Жол картасы» құжаттары түрінде көрініс тапты. Осы үш бағдарламаны жүзеге асыру барысында көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздықтың деңгейі небәрі 5,4%-ды құрап отыр.

Осы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 250 мың адам жұмысқа орналас­тырылды. 97,7 мың адам кәсіптік оқу орын­дарында даярлықтан және қайта даярлықтан өткізілді. Ал, 2013 жылғы “Жол картасы” шараларын іс жүзіне асыру нәти­жесінде 273,4 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Қаржы дағдарысы қыспағында қалған әлемнің бірде-бір елінде мұндай игілікті бастама жүзеге асқан жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет