Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері



жүктеу 23.48 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі23.48 Kb.

ӘОЖ 330.101
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абит Т., Нарматов С.Р.
Нарықтық экономиканың жиі қайталана беретін ауыр кеселдерінің бірі және ажырамас жолсерігі-жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық экономикалық құбылыс ретінде, бір жағынан, нарықтық экономиканың объективті қалаулы құбылысы (оның табиғи деңгейі), екінші жағынан ол экономика мен қоғам өмірінде тұрақсыздықты тереңдетін қауіпті де жағымсыз құбылыс болып табылады. Жұмыссыздық терең әлеуметтік-экономикалық зардаптарға ұрындырады (қоғамның жиынтық жұмысшы күшінің біраз бөлінің қолданусыз қалуы, нәтижесінде қоғамның ІЖӨ-ді өндірудің біршама мүмкіншіліктерінен айырылуы; халықтың ақуаттылығының деңгейі төмендеп, кедейленуі; ел ішінде әлеуметтік қайшылықтар пайда болып, олардың шиеленісуі; елдегі криминалдық және де басқа қылмыстардың өсуі және т.б. Артур Оукеннің пайымдауы бойынша жұмыссыздық деңгейі бір пайызға өссе, қоғам жиынтық өнімнің 2,5%-3% өндіру мүмкіншілігінен айырылады. Мысалы, 13 триллион доллар шамасында ҰЖӨ өндіріп отырған АҚШ-та жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен 3%-ға асып түсіп, 8%-ды құраса, онда осы ел 390 миллиард доллар шамасында ҰЖӨ-ді өндіру мүмкіншілігінен айырылар еді. Сондықтан жұмыссыздықтың деңгейі елеулі өсіп бара жатқан кезде мемлекеттер арнайы экономикалық саясат жүргізіп, жұмыссыздықты ауыздықтау шараларын жүзеге асырады. Ол үшін экономикалық саясаттың негізіне экономикалық ғылымның жетістіктері теориялық база ретінде алынады.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның дербес ғылыми ұғымдарының бірі болып табылады. Әдетте, қарапайым ой деңгейінде, кез келген жұмыссыз жүрген адам жұмыссыздар санатына жатқызыла береді. Ол дұрыс емес.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) методологиясы бойынша «жұмыссыз» деп кәмілеттік жасқа жеткен, еңбек ете алу қабілеті бар, белсенді жұмыс орнын іздестіріп жүрген, еңбек биржасында тіркелген, солар оқуға жіберген және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындалған адам мойындалады. Демек, еңбек биржасында тіркеуге алынбаған, бірақ жұмыссыз жүрген кез-келген адам «жұмыссыз» статусына ие бола алмайды. Ондай адамдар «жиынтық жұмысшы күші қатарынан шыққандар» деп есептелінеді.

Жұмыссыздықтың деңгейі төмендегі формуламен анықталады:


. Бұл жерде: Эбх- экономикалық белсенді халық; Жб-жұмыспен қамтылған халық; Жзд - жұмыссыздықтың деңгейі.

Қазақстандағы жұмыссыздық 2011 жылы 5,4% құрап, 2010 жылғы 5,8%-бен салыстырғанда төмендеген деп хабарлайды статистика Агенттігі. Біздің елдің экономикалық саясатының ерекшелігі – жұмыссыздықпен күрес мақсатты және терең ойластырылған бағдар-ламалар негізінде жүргізіліп келеді.



Елбасы Жолдауларында, «Әлеуметтік жаңғырту. Жалпылама Еңбек қоғамына 20 қадам» «Өнімділік-2020», ҮИИНБ атты стартегиялық Бағдарламаларда ел экономикасын дамыту, жұмыссыздықпен пәрменді күресу жоспарланған. Сонымен қатар Елбасының бастамасымен «Жұмыс бастылық-2020», «Бизнестің Жол картасы» арнайы бағдарламалары жасалып, пәрменді жүзеге асырыла бастады.

Экономиканы нарықтық реформалаудың бас кезінде жұмысшы күшінің тең жартысынан астамы жұмыссыз болса, мақсатты- бағдарламалық сауатты саясат жүргізудің нәтижесінде бүгінгі таңда жұмыссыздық мәселесі өткір әлеуметтік мәселе болудан қалды. Ол өзінің табиғи деңгейіне түсті. Ал Батыстың дамыған елдерінде жұмыссыздық деңгейі орташа 11-15%-ды құрап, олардың экономикасының кеселді жағдайын дәлелдеп отыр.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf st 2013
konf st 2013 -> Әож-024. 6: 004. 652 Кітапхана: абонент бөлімінің ОҚырмандарғА Қызмет көрсету жұмысын автоматтандыру
konf st 2013 -> Әож 17. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін гармоникалық баланс әдісімен шешу
konf st 2013 -> Денелердің еркін түсу үдеуін зерттеу еркін түсу үдеуін әРТҮрлі әдіспен өлшеу абдувалов А., Кадиримбетова А. К
konf st 2013 -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
konf st 2013 -> Әож 338. 482. 22(574) жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашағЫ
konf st 2013 -> Жетістік философиясының МӘні дастанбекқызы Т., Омаров С. А
konf st 2013 -> ӘОЖ: 583. (257) Қарусыздандыру мен ядролық Қаруды таратпау басты міндет
konf st 2013 -> Әож 627. 886. 626/627 (075. 8) Жасанды арналардағы судың бұралып қозғалуына негiзделген құмқиыршықтас тұтқыштар
konf st 2013 -> Әож 7. 037. Тыныс жолы ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
konf st 2013 -> Алатаудың ЖӘне қаратау жоталарының топырақтары және олардың ауылшаруашылығында пайдаланылуы қалиева Ж., Мұсабеков Қ.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет