Әож 330. 323. 130. 1(571) Қазақстандағы жастардың саясатқА ҚӨЗҚарасы



жүктеу 23.09 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі23.09 Kb.

ӘОЖ 330.323.130.1(571)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ

САЯСАТҚА ҚӨЗҚАРАСЫ
Кажигалиева Б., Иманбаев А.А.
Жастар бiздiң елдiң толыққанды өкiлдерi, олардың да өзiндiк пiкiр айтуға, қоғамдағы саяси құбылыстар мен оқиғаларға қатысты пiкiр айтуларына қақылары бар. Олар бiздiң болашағымыз және Қазақстанның келешек белсендi азаматтары. Егер олар өздерiнiң алдағы өмiрлерiне жол ашуға талпынып, саясатқа араласуға құлшыныс бiлдiрiп жатса, мұндай қадамды қуана қабылдау қажет.

Жастардың қоғамдағы үлкен саяси және әлеуметтiк күш екенiн мойындап, олар қойған талапты бiрлесiп орындауға тиiс. Жалпы, қазақтың ғана емес, адамзаттың болашағы жастарда. Сондықтан жастар пiкiрiмен санасу - кез келген мемлекет үшiн ұтымды саясат Жастар ең алдымен жақсы бiлiм алып, маман болулары керек. Десе де, олардың азамат болып қалыптасулары үшiн саяси белсендiлiк те керек. Әрине, жастар үшiн бiлiм алу да, саясатқа араласу да өз мезгiлiмен болғаны дұрыс қой. Бiрақ кейде қоғамда жастар сияқты үлкен күштiң, жаңа екпiннiң бар екендiгiн үкiметке, билiкке сездiрiп отыру дұрыс болатын. Мына бүгiнгi жастар көтерiп отырған ел, жер, ұлт мәселесiне көңiлiм толып отыр. Жастардың билiк алдында өз мәселелерiн көтерiп отырғаны - өз құқықтарын түсiнгенi. Яғни жастар болашақта жақсы азамат болуы үшiн - бүгiнгi бiлiм сапасының кемелдi болуын үкiметтен талап ете бiлулерi керек.

Менiң ойымша, жастар мәселесiн балабақша мен мектептен бастауымыз керек сияқты. Себебi, бала - ел болашағы. Мәселен, «Қазақстандық ұл», «Үш тұғырлы тiл», «Доктрина», «Жер» сияқты билiк жасаған шикi жобалардың түбiн қазсаңыз, қазақтық мәселе шығады. Яғни қазақ ұлтының сағын сындырып, рухын өшiруге бағытталған ниеттi байқаймыз. Дегенмен билiк осы қадамда халықтың ұйқыда жатқан санасын оятты. Осы орайда замандастарым - жастардың саяси көзқарасы қалыптаспаған немесе саяси белсендiлiгi төмен екенiн жасырмаймын. Себебi, осы уақытқа дейiн жалпы қоғам жастарды саясаттан сырт қарап келдi. Яғни жастар керектi кезiнде ғана билiк үшiн саясаттың ойыншығы болды.

Ендiгi кезде қоғам мен билiктiң бiздерге, жастарға, мұндай көзқараспен қарауына қарсымыз. Бiз де өз құқымызды, заң алдындағы өз несiбемiздi пайдалана бiлуiмiз керек. Қазақтық мәселелердiң бәрi жастардың жүйкесiн тоздырды. Сондықтан да билiкке, қоғамға жастар өз наразылықтарын ашық бiлдiруге дайын деп ойлаймын. Себебi, Қазақстанның болашағы қазақ тiлдi және қазақы тәрбиедегi қыз-жiгiттерде. Одан кейін жастарды саясатқа қызықтыру мақсатында, арнайы мемлекеттік стипендия бөлу яғни жастарды саясатқа ынталандыру және қызықтыру, көптеген саяси партияларға қатысу, әлеуметтік және қоғамдық қатынастарға белсене араласу.



Жастар саясатын іске асырудағы негізгі міндеттердің бірі жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу, жастардың саяси белсенділігін арттыру іс-шаралары да әзірленген еді.Саяси белсенділік дегенде, ең алдымен саясатқа араласу, саясаткер болуды емес, жастардың саяси сауатын дамытуды, яғни жастар туралы қабылданған бағдарламалар мен тұжырымдамаларды біліп, хабардар болуы жайлы айту керек.

Қазақстан жастарының әлеуметтік-экономикалық жай-күйлеріндегі, олардың саяси және рухани-өнегелік бағдарларындағы соңғы жылдары белгілі болған динамикалық әрдістеріне теоретикалық және статистикалық талдау жасау, осы әрдістерде қалыптасқан оның стратификациялық үлгісін әзірлеу, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жастар саясатының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар енгізу-мемлекеттін міндеті.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf st 2013
konf st 2013 -> Әож-024. 6: 004. 652 Кітапхана: абонент бөлімінің ОҚырмандарғА Қызмет көрсету жұмысын автоматтандыру
konf st 2013 -> Әож 17. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін гармоникалық баланс әдісімен шешу
konf st 2013 -> Денелердің еркін түсу үдеуін зерттеу еркін түсу үдеуін әРТҮрлі әдіспен өлшеу абдувалов А., Кадиримбетова А. К
konf st 2013 -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
konf st 2013 -> Әож 338. 482. 22(574) жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашағЫ
konf st 2013 -> Жетістік философиясының МӘні дастанбекқызы Т., Омаров С. А
konf st 2013 -> ӘОЖ: 583. (257) Қарусыздандыру мен ядролық Қаруды таратпау басты міндет
konf st 2013 -> Әож 627. 886. 626/627 (075. 8) Жасанды арналардағы судың бұралып қозғалуына негiзделген құмқиыршықтас тұтқыштар
konf st 2013 -> Әож 7. 037. Тыныс жолы ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
konf st 2013 -> Алатаудың ЖӘне қаратау жоталарының топырақтары және олардың ауылшаруашылығында пайдаланылуы қалиева Ж., Мұсабеков Қ.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет