Әож 332. 3: 502 экология ландшафтық негізінде бағалау және талдау



жүктеу 119.09 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі119.09 Kb.

ӘОЖ 332.3:502
ЭКОЛОГИЯ – ЛАНДШАФТЫҚ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Ауесбеков Н.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Ландшафттық жағдайларды талдау және есепке алу әдістемесі, жеке табиғи-территориялық кешенді көпсатылы жүйемен бағалау арқылы қарастырылады. Оның мақсаты ландшафттардың немесе олардың морфологиялық бөліктерінің кешенді бағалау сипаттамасын алу болып табылады. Ландшафттық жағдайларды талдау және бағалау мыналарды қамтиды:

- ландшафттық жағдайларды покомпонентті (геология-геоморфологиялық, гидрогеологиялық, климаттық, топырақтық, геоботаникалық) талдау;

- ландшафттық жағдайларды кешенді бағалау;

Жеке табиғи компоненттерді немесе жалпы ландшафттарды талдау кезінде ландшафттық жағдайларды кешенді бағалау, жерге орналастыруда жер ресурстарын пайдалануды ландшафттық-экологиялық тұрғыдан болжау үшін қажет. Жергілікті ландшафтты-экологиялық ерекшеліктер ескерілмесе, ландшафттық жүйенің тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғатын қателіктер пайда болады.

Жерге орналастыру кезінде ландшафттық жағдайларды талдау және бағалау мыналардан тұрады:

- зерттеу материалдары бойынша нақты ландшафттың территориясындағы табиғи компоненттердің әртүрлілігі жөнінде объективті ақпараттар алу;

- келешекте табиғи компоненттердің жай-күйінің өзгеру бағытын есепке алу.

Территорияның ландшафттық жағдайларын покомпонентті талдау негізіне сандық және сапалық есепке алу мәліметтері жатады. Әрбір объектіні талдау үшін негізгі құжаттар ретінде геоморфологиялық, топырақтық, геоботаникалық карталар қолданылады [1].

Жерге орналастыру мақсаттары үшін, жобалау алдындағы іздестірулер барысында, әрбір ландшафттық компоненттің ресурс мөлшерінің саны мен сапасы жөнінде нақты және объективті мәліметтер жинастырылып, талданады. Мысалы, ресурс мөлшерін анықтау үшін мынандай мәліметтер қажет: берілген ресурстың қоры (жыртылған жер ауданы, өзеннің жылдық ағысы, ормандардағы ағаш қоры т.с.с). Жаңартылатын ресурстар үшін өндіріске немесе мұқтаждыққа қажетті жыл сайын алынатын ресурстың мөлшері анықталады.

Территорияның ландшафттық жағдайларын талдай отырып, табиғат қасиетерімен қатар антропогенді факторлардың әсерін және ауыл шаруашылық өндірісі үшін қолайсыз процестердің пайда болу мүмкіндігін ескерген жөн. Табиғат ресурстарын пайдалану мүмкіндігі көбінесе олардың үйлесіміне байланысты екенін ескеру қажет. Мысалы, жаңа жерлерді игеру кезінде егіншіліктен түсетін пайданы ғана емес, эрозияның дамып кетуі, далалық флора мен фаунаның жойылуы сияқты, экологиялық факторларды ескерген маңызды.

Ландшафттық жағдайларды покомпонентті талдау, картографиялық материалдарды (карталар мен схемалар) және түсіндірме сипаттаманы қамтитын арнайы зерттеу материалдарын жинау, жүйелендіру және талдауды қарастырады.

Ландшафттық карталарды жасау кезінде, негізгі ландшафттық аумақтық бірлік болып табылатын, өте ұсақ табиғи-аумақтық кешен (ТАК) бөлініп көрсетіледі. Ландшафт компоненттерінің арасындағы өзара байланыс, оның өздігінен реттелуін қамтамасыз етеді.

Бұл істе жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің басты мәні бар. Қазақстан Республикасының жер заңдарының міндеттері жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады [2].

Бұл тұрғыда, жер пайдаланудың экологиялық тұрақтылық мәселелерін экожүйенің маңызды компоненті ретіндегі топырақтың жай-күйі мен пайдалану ерекшеліктерін ескеріп шешу қажет. Бұл топыраққа қазіргі қарқынды әсер ету жағдайларында ерекше маңызды, ол қолайсыз факторлардың әсер ету салдарымен сипатталады: топырақтың бүліну процестері күшейгенде, егістіктің жыртылған қабатының табиғи фитоценоздарының үлес салмағы азайғанда және оның су-физикалық, физика-химиялық қасиеттері төмендегенде; жер беті және жер асты суларының минералдануы артқанда т.б. Сондықтан халық шаруашылығы үшін өнімнің экономикалық тиімді мөлшерін өндірумен қатар, барлық табиғи компоненттердің экологиялық тепе-теңдігі сақталатын жерлерді ұтымды пайдаланылған деп санауға болады. Демек, жер пайдаланудың экологиялық тұрақтылығына жетудің негізгі құралы жер-құқықтық қатынас субъектілерінің тиімді қызмет етуін және тұрақты экологиялық-ландшафттық ортаны қамтамасыз ететін ұйымдастыру, құқықтық және экономикалық факторлардың жиынтығын құру болып табылады [3].

Экология-ландшафттық негізде топырақ-жер ресурстарын кешенді және жеке пайдалануды теориялық негіздеу барысында қазіргі заманғы ғылым табиғатты пайдаланудың объективті заңдылықтарына сүйенеді. Мұнан басқа, антропогендік ландшафттың кейбір сипаттамалары ескеріледі:

- ландшафт ішіндегі және онан тыс жүйе элементтерінің тығыз өзара байланысы бар аумақтық кеңістіктік-уақыттық құрылымының күрделілігі;

- ішкі аумақтық ұйымдастыру мен құрылымның дифференциясының болуы, мұнда қандай да бір әсер сипаты мен қарқындылығы бойынша әртүрлі өзгерістер тудыруы мүмкін;

- жер пайдаланудың сенімділігі мен тұрақтылығының бір уақытта үйлесуі.

Нәтижесінде сол бір ландшафт әртүрлі жай-күймен сипатталуы мүмкін, олардың бір бөлігі өзіндік реттелуіне байланысты салыстырмалы түрде тұрақты болуы мүмкін. Антропогендік ландшафттың тұрақтылығы деп өзгеретін сыртқы әсерлер ауытқуы кезінде өз құрылымын сақтау қабілетін атауға болады. Ландшафттың барынша тұрақты компоненттері оның геологиялық негізі және жер бедері, одан төмені - өсімдік жамылғысы мен топырақ. Ландшафттың сенімділігі деп оның негізгі параметрлерінің мәндерін белгілі аралықта және белгіленген уақыт бойы әрекет ету режимінде сақтау қабілеті айтылады. Ландшафттың сенімділік көрсеткіштері мыналар:

- оның әрекет етуінің салыстырмалы тұрақтылығы;

- қазіргі тепе-тең экологиялық жүйені өзгеріссіз сақтау;

- су, топырақ, агробиохимиялық жеке тепе-теңдіктерді қамтитын, жалпы экологиялық тепе-теңдікті кеңістікті сақтау;

- ұтымды әрекет ету процесінде аз шығынмен қайта қалпына келтіру;

- адамдардың эстетикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тартымдылығы.

Жерді пайдаланудың тағы бір маңызды шарты - экологиялық тепе-теңдік принципі. Экологиялық тепе-теңдік деп берілген экожүйенің өзгерісіне әкелетін, табиғи процестерді бұзатын табиғи және антропогендік факторлардың әсері айтылады. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен топырақ-жер ресурстарын қарқынды игеру кезіндегі оның тұрақтылығы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші әдіс аумақтық принципке негізделген және аумақ бөлігіндегі табиғи экожүйелерді арнайы бөлінген учаскелер мен ортаны құрайтын компоненттер арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұратындай есеппен сақтауды қарастырады. Келесі әдіс құзіреттілік принципіне негізделген, яғни ландшафттың тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін алқаптардың жеке түрінің артуы немесе азаюы.

Топырақ-жер ресурстарын игерудің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі талаптарына келесілерді жатқызуға болады:

- табиғатты ұтымды пайдалануды және топырақ-жер ресурстарын қорғауды жоғары тиімділікпен көрінетін қоғамдық қажеттілік ретінде қарастырады;

- барлық меншік иелерінің жер алқаптарының негізіне әртүрлі деңгейдегі біркелкі және тұрақты аумақтық кешендер жүйесі болуы тиіс;

- жердің қалыптасатын меншік иелері негізгі экологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге және техника-технологиялық шығындарды негіздеуге бағытталуы керек;

- жер алқаптарын ұтымды пайдалану критериі жоғарғы экономикалық, экологиялық және рекреациялық тиімділік болып табылады;

- жер алқаптарын тиімді пайдалану негізделген табиғат қорғау нормасынсыз мүмкін емес.

Топырақ экожүйенің басты ажырамас бөлігі болып табылады. Топырақтың пайда болуының күрделілігі, оның өзгерісі, аймақтық белдеулік заңдылықтарға әртүрлі факторлардың әсер етуі топырақ және жер ресурстарының толығымен жеткілікті зерттелмеуінің негізгі себебі болып табылады.

Жер немесе орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың экологиялық негізделген жолдарын жасау, жердің табиғи жем-шөп алқаптарының негізін және егіншіліктің базисін құрайтындығымен ерекше маңызды.

Топырақ-жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жерді сақтауға, қалпына келтіруге және жай-күйін жақсартуға, топырақ-жер ресурстарын ұтымсыз негізсіз пайдаланудың алдын-алуға бағытталған ұйымдастыру-территориялық, ұйымдастыру-шаруашылықтық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы мүмкін. Сондықтан топырақ-жер ресурстарын пайдаланудың барлық жасалатын концепцияларында жерлерді сақтау, өнімділігі мен сапасын арттыру, аумақты ішкі шаруашылықтық ұтымды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, топырақты ластанудан, эрозиядан немесе дефляциядан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Соған сәйкес, топырақ пен жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі концептуалдық ережелерді жасау олардың деградациясымен, территорияда биологиялық өнімділіктің төмендеуімен күресу жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі немесе ауданның тұрақты дамуының негізі болып табылады. Олар жердің қазіргі кездегі экологиялық жай-күйін интегралды бағалауға топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін егіншіліктің табиғат қорғау жүйесін жасаумен енгізуге негізделеді.

Бұл тұрғыда топырақ-жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау концепциясы мыналарды қарастырады:

- жер қорының жай-күйін бағалау және оның дамуындағы өзгерістер тенденциясы;

- топырақ-жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың қазіргі жай-күйін талдау;

- эрозияға қарсы шаралардың, жерлерді мелиорациялау мен рекультивациялаудың ғылыми негіздерін жасау;

- топырақ-жер ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы басымдылықты анықтау;

- жер қатынастары мен жер пайдалану саласында нормативті-құқықтық актілерді пайдалану;

- жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық механизмін енгізу;

- жер пайдалануды ұтымды етудің ұйымдастыру шаруашылық механизмін жасау;

- жер ресурстарын басқару жүйесіндегі экология-ресурстық саясаттың негізгі ережелерін жасау, оның ішінде жер кадастрын құру және топырақ-жер ресурстарының мониторингін ұйымдастыру;

- жер пайдалану жүйесінде негізгі экологиялық талаптарды жүзеге асыру, оның ішінде жер пайдалану процесіне бақылауды жүзеге асыру.

Топырақ-жер ресурстарының қазіргі экологиялық жай-күйін талдау және ұтымды пайдалану, қорғау және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау өте мұқият қарастыруды қажет етеді, себебі олар экономиканың аграрлық секторын қарастырады және тұтасымен аймақты қорғау үшін үлкен экологиялық мәні бар.

Табиғи ресурстарды ауыл шаруашылықтық игеру табиғи ландшафттардың сапалық өзгерістерімен және олардың агроландшафттық жүйелерге ауысуымен байланысты. Ауыл шаруашылығының қарқындылығына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар мен агроландшафттың тұрақтылығын ұстап тұру іс-әрекеттерінің арасында қарама-қайшылықтар арта түседі. Бұл жағдайда ландшафттардың табиғи қорын сақтайтын, табиғатты пайдалану жүйесінің тиімді варианттарын іздеуді қарастыратын, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың ландшафттық-экологиялық деңгейін анықтау өзекті мәселе болып табылады.

Шаруашылықтық игерілуі қарқынды аудандардың қазіргі ландшафттық-экологиялық жай-күйін бағалаудың негізгі табиғи белгісі антропогендік шөлейттену процесінің таралуы, өсуі мен даму тенденциясы болып саналады.

Табиғат қорғау мақсатындағы ландшафтты-экологиялық аудандастырудың негізгі міндеті табиғи-шаруашылықтық ерекшеліктерін, антропогендік әсер етуді ескеріп табиғаттың дамуының өзгерісін, табиғи-шаруашылықтық жүйелердің ландшафттық-экологиялық құрылымын айқындау ғана емес, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалыптасқан құрылымының нақты аймақтың жер ресурстарының мүмкіндіктері мен табиғи жағдайларға сәйкес немесе сәйкессіздігін анықтау [4].

Аумақты ұйымдастырудың ландшафтты-экологиялық принципі жер ресурстарының табиғи қорын және олардың сапалық бағасын талдаудан басталады. Аудандастыру үшін бастапқы материалдарды картографиялық тәсіл береді. Мұны аудандастыру схемасын жасау кезінде қосымша ретінде ұсынуға болады. Бұл мақсаттарда қолда бар топографиялық және арнаулы (тақырыптық) карталарды: ландшафттық, ландшафттың антропогендік өзгеруінің, мал азықтық алқаптардың т.б. карталарын қолдану қажет. Бұл тәсіл ҚР БҒМ география Институтының ғалымдарымен орындалған Қазақстанның шөлді аймағының ландшафтты-экологиялық картасын жасау барысында қолданылды. Ландшафттық-экологиялық аудандастырудың тәжірибесінде барынша кең таралғаны аудандастырудың схемасы мен картасын жасаудың бірнеше тәсілдерін қамтитын физика-географиялық тәсіл болып табылады.

Ландшафттық-экологиялық аудандастыру барысында жетекші факторлар кешенін есепке алу әдісін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер ететін жергілікті табиғи-экологиялық факторларға ерекше көңіл бөлу қажет. Олар қазіргі уақытқа дейін аудандастырудың схемасын жасау барысында ғана емес, жалпы табиғатты пайдалануда жеткіліксіз ескеріледі. Ауыл шаруашылығына үлкен дәрежеде әсер ететін табиғи-экологиялық факторларды бірнеше топқа біріктіруге болады. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне себеп болатын (топырақ құнарлылығы). Бұл топқа климатты, топырақ типін, су және жылу режимін анықтайтын факторлар кіреді. Сонымен бірге табиғи-шаруашылықтық жүйелердің экологиялық жай-күйіне әсер ететін факторлар тобы да жатады.

Ауыл шаруашылығы және жерге орналастыру үшін аумақтың табиғи қасиеттерін ескеру қажеттілігі аграрлық ғылымның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде анықталған болатын. Барлық жағдайларда да жерге орналастыру жобасының негізіне аумақтың табиғи қасиеттерінің жай-күйінің жинақталған көрсеткіштерін сипаттайтын мәліметтер жатады. Оларға бастапқыда топырақты агроөндірістік топтау материалдары, жерлердің эрозиялық қауіптілігінің картасының мәліметтері, жер қорын табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыру жөніндегі мәліметтер жатты. Академиктер А.Н. Каштанов, А.А. Жученконың жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер негізінде, жерге орналастыру барысында экология-ландшафттық және агроэкологиялық екі тәсіл қолданылды. Бірінші тәсіл экология-ландшафттық аймақтарды белгілей отырып аумақты ландшафттық бөлуді ескереді және аумақты агроландшафттың белгілі бір бөліктері бойынша құруды қарастырады. Ландшафттық негіздегі жерге орналастыру жобалауы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының аумағын экология-ландшафттық аймаққа бөлуден басталады және экологиялық біркелкі учаскелерді қалыптастырумен аяқталады. Екінші тәсіл - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жеке түрлері немесе топтарына қатысты аумақтың агроэкологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену және агроэкологиялық біркелкі учаскелерді белгілеу.

Мұнда жерге орналастыру жобалауының нәтижесі шаруашылықты жүргізу жүйесін байланыстыру үшін ұйымдастырушылық-аумақтық негіз ретінде алғашқы агроэкологиялық біркелкі учаскелерді белгілеу болып табылады.

Бұл жағдайда жерге орналастыру жобалауының негізгі мазмұны бұл іс-әрекеттердің нәтижесінде экологиялық түрде тұрақты, өздігінен қалпына келуге бейім ландшафт құруды қамтамасыз ететін, экономикалық, техникалық, экологиялық есептеулермен негізделген аумақты құрумен қорытындыланады.

Экологиялық-ландшафттық тәсілді агроэкологиялық тәсілмен бірге қолдану қажет. Мұнда, ландшафттық-экологиялық тәсіл агроландшафттың жалпы құрылысын құрады, ал агроэкологиялық тәсіл оның ішкі мазмұнын толықтырады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағын ұйымдастырудың мазмұны нақты агроландшафттар аумағында олардың ерекшеліктерін ескере отырып, жерге орналастыру жөніндегі жобалық шешімдерді іске асыру болады. Бұл жағдайда аумақты табиғат қорғау қағидаларына сәйкес құратын нақты белгілер бойынша біріктірілген тұтас, өзара байланысты агроландшафтты элементтер жиынтығы ретінде қарастыруға болады [1].

Ландшафттық-экологиялық тәсілді жүзеге асыру жер пайдалануды реттеу, ең алдымен жер ресурстарын басқару функциясының жүйесін жетілдірумен тығыз байланысты. Жер пайдалану жүйесін ұйымдастыру барысындағы ландшафттық-экологиялық тәсілде бастысы жер-ландшафттық тепе-теңдікті ұстап тұруға және егістік, шабындық, жайылым, елді мекен т.б. көлемдерінің тиімді ара қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі бір деңгейін ұйымдастыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруға қойылатын басты ландшафтты-экологиялық талап тұрғысынан ұтымды жер пайдалану жөніндегі негізгі ережелер шығады:

- өнімді ауыл шаруашылығы жерлерін барынша сақтау және оларды азық-түлік мәселелерін шешу үшін қолдану;

- құнарлы жыртуға жарамды жерлерді, мелиоративті, шабындыққа жарамды жерлерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөлуді болдырмау;

- топырақ құнарлылығын арттыруға, өнімсіз және бүлінген алқаптарды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлу т.б.

Соның негізінде оның ландшафтты-экологиялық тепе-теңдігі сақталады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау заты адам әрекетімен кеңістікте және уақыт бойынша үздіксіз өзгеретін алуан түрлі табиғи ресурстар болып табылады. Бұл антропогендік факторды кез келген таксономиялық деңгей аумағының (мемлекет, аймақ, физика-географиялық аудан және т.б.) топырақ-жер ресурстарының өзгерістеріндегі маңызды құраушы ретінде қарастыру қажеттілігін туғызады.


Әдебиет
1. Карбозов Т.Е. Ландшафттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2009. – 5, 54 б.

2. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Астана, 2003.



3. Абузов М.И. Ландшафтно-экологические проблемы в земледелии и землеустройстве / М.И. Абузов, Л.С. Матросов // Земледелие. 1997. - №3.- 16 б.

4. В.М.Чупахин. Основы ландшафтоведения. – М.: Агропромиздат, 1987. -17 б.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 II
konf 2015 II -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 II -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 II -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 II -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 II -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 II -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 II -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 II -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы
konf 2015 II -> Әож 621. 3: 614. 89 Арнайы киімдерді дайындау үшін қолданылатын заманауи материалдарды талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет