Әож 334. 764. 44/46: 31: 336 Қаржылық есеп беруді жетілдіру жолдары



жүктеу 26.78 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі26.78 Kb.

ӘОЖ 334.764.44/46:31:336

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Тулепбергенова Г., Кожабеков С.С.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформолау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

«Қаржылық есептілікті түсіну» Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қаржылық есептілік компоненттерінің бірі пайда және зиян туралы есеп беру болып табылады. Оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік сүреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъетінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталады. Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, ойткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек пайда ғана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Бір миллион теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіш-тері қолданылады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындаушы көрсеткіштерінің бірі – табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.



Тәжірибеге сүйінетін болсақ, объективті және субъективті себептерге байланысты көптеген кәсіпорындарда таза пайда көлемі аз, немесе жоқ болады. Таза пайда көрсеткішінің өзіде жалпы пайда көрсеткішінен туындайды, яғни неғұрлым жалпы пайда көлемі жоғары болса соғұрлым таза пайда көлемін көбейтуге мүмкіндік туады деген қағиданы ескерген жөн. Сондықтан, табыстылық коэффициентін есептеу үшін таза пайда көрсеткішінің орнына жалпы пайданы қолдануға болады деп есептейміз.

Зерттеулер нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: кәсіпорынның табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіш-терін есептеу кезінде таза табыстың орнына жалпы табысты қолдануға болады. Таза пайданы қолдана отырып табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау нәтижелері жалпы пайданы қолданған көрсеткіштердің талдау нәтижелерімен сәйкес.
Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> materialy20
materialy20 -> Әож 539. 376 СҰЙЫҚ ортаның шаш талшықтарының жылжу процесіне әсерін зерттеу
materialy20 -> Әож 36. Май өнімдерін өндіру процесін зерттеу
materialy20 -> Оқулық жасау ортасы қожабекова А., Исламова Г. Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған
materialy20 -> Әож 524. 28. Жоғары дәлдікті аспаптар мен гаж-дың байланысы
materialy20 -> Әож 1: 551. 1/. Пайдалы қазбалар статистикасы
materialy20 -> Талас өзен алабының су қорлары және оларды пайдалану ратова Ә., Мұсабеков Қ.Қ
materialy20 -> Әож 11. 512. 122: 373. КӨркем шығармалардағы жер-су атаулары
materialy20 -> Әож 5. (5 каз) 32-5я7 Топографиялық түсірулерді электронды тахеометрмен өлшеу
materialy20 -> Адамды кепілге алу, адамның органын, тінін сату, адам саудасы Қайратбекұлы А., Еркебаева А
materialy20 -> Әож 81'276. 5: 378. 18 Жастар арасындағы сленг сипаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет