Әож 336. 76 Коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыру мәселелері



жүктеу 158.31 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі158.31 Kb.

ӘОЖ 336.76
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Молдабекова А., Барлыбаева Ж.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Әрбір несиелік операциялар бойынша несиелік қоржынды жіктеу несиелік тәуекелдерге порвизия есептеу мақсатында жүзеге асады.

Банктердің несиелік операциялары бойынша мүмкін болар зияндардың орнын жабу үшін провизия құру қажеттігі банк қызметіндегі несиелік тәуекелдің болуымен негізделеді. Несиелік тәуекелдерге байланысты провизия құру банк активтерінің сапасының ашарлауын немесе несиелік операциялардың тәуекелдігінің жоғарылығын ескере отырып жүзеге асырылады. Банк үшін провизияның құрылуы, оның қаржылық қызметінің тұрақтылығын қатамасыз етуге ықпал етеді.

Несие портфелінің қалыптасу көздеріне: банктің меншікті капиталы, банктің тартылған қаражаттары, банктің депозиттік операциялары, банктің депозиттік емес операциялары, банктің саясаты жатады. Осы аталғандарға жеке-жеке тоқталып өтетін болсам.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал – жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерңн көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:


  • Жарғылық капитал;

  • Резервтік капитал;

  • Қосымша капиталдар;

  • Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

  • Бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жаьу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Келесі банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстардың құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары. Олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:



  • депозиттік қаражаттар;

  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздерң мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің артынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту бастамасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Келесі, банктің депозиттік операциялары. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент – банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар бантің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражатымен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа емес ресурстары қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық Банктің несиелері, банктің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір – біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір – бірінде ашқан қор шотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт және овердрафт.

Овернайт – банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешен алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылу тиіс. Овернайт салымдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт – банктік жұмыс күші ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Овердрафт заемдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық Банк екінші деігейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Келесі, банктің депозиттік саясаты. Тартылған тқаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым йелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында, депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан Республикасы заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бір мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:


  • банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

  • меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

  • банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

  • барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білу қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:


  • депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;

  • депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;

  • тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;

  • депозиттік ресурстардың субьектілері, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.

Несиелік портфельді қалыптастыру көздері барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.

Несиелерді жіктеу және несиелік портфельді бағалау мынадай критерийлерді ескере отырып жүзеге асады:



  1. Қарыз алушының қаржылық жағдайы;

  2. Банк алдындағы жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;

  3. Қамтамасыз ету сапасы;

  4. Несиенің мерзімінің ұзартылуы;

  5. Өзге де мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы;

  6. Несиелердің көзделген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, % - бен;

  7. Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;

  8. Қарыз алушыда Ұлттық Банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік агенттіктер рейтингінің болуы.

Несиелік портфельді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алушының қаржылық жағдайына баға берілуге тиіс.

Несиелік портфельдің сапасын бағалау критерийлеріне несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейі жатады. Несиелік тәуекел –қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауынан байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Ал, коммерциялық банктегі несиелік портфельдің сапасына басқару дәрежесін бағалаудың екі негізі бар. Біріншіден, несиелік тәуекел жиынтығы:



  1. Портфель сегментіндегі несиелік тәукелдің дәрежесі сегменттің өзіндік

ерекшілігімен байлансыты.

  1. Несиелік портфельдің әртараптандырылған құрылымына және бөлек

сегменттерге байланысты.

Екіншіден, несиелік тәуекелдің дәрежесін бағалауда көптеген аспектілер (қаржылық, құрылымдық) көрсеткіштерінің жүйесін қолдану керек. Банк жұмысының мақсаты – тәукел деңгейіне де макималды түрде пайда табу болғандықтан, несиелік портфельдің табыстылығы оның сапасын бағалаудың критерийі болып табылады.

Банктің өтімділік деңгейі активтер және несиелік портфелдің асапасымен анықталатындықтан, табысты және сапалыбанктің ссуданы несмесе оның бөлігін сату қабілеті мен банктің ұсынған несиелері белгіленген келісім - шарт мерзімінде қайтарылуы маңызды. Қаншалықты жақсы топтарға жіктелген несиелер үлесі жоғары болса, соншалықты банктің өтімділігі жоғары болады. Несиелік портфельдің элементіндегі тәукелдің төмен болуы, оның сапасының жоғары екенін көрсетпейді, яғни пайызы көп емес қарыз алушыларға ұсынатын бірінші категориядағы ссудалар жоғарғы табыс әкелмейтіндіктен, несиелік тәуекеласпалы несиелік портфельдің жалғыз критерийі емес, ол табыстылықты жоғалту және өтімділік тәуекелімен байланысты болады. Несиелік портфельдің сапасын бағалайтын көрсеткіштердің үш тобын атауға болады: қаржылық көрсеткіштер, саралау көрсеткіштері, жоғалту мөлшерінің болжамы.

Барлық берілген несие банктің активтер, шартты міндеттемелер мен оларға қарсы мәжбүрлі шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында бекітілген № 465 қаулысына сәйкес жіктеледі. Әрбір несиелік операцияларбойынша несиелік портфельді жіктеу несиелік тәуекелдерге порвизия есептеу мақсатында жүзеге асалы. Банктің несиелік операциялары бойынша мүмкін болар зияндардың орынын жаьу үшін провизия (резерв) құру қажеттігі банк қызметіндегі несиелік тәукелдің болуымен негізделеді. Несиелік тәуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісім – шартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізгі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынандай сыныптарға бөлінеді:



  1. Стандартты – қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие.

  2. Күмәнді – қайтарылу мерзімі ұзартылған, қайтарылуында күмән бар несиелер.

  • 1 - санатты күмәнді – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрылады.

  • 2 - санатты күмәнді – қайтарылу мерзімі 30-60 күнге кешіктірілген, мерзімі бір рет ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді, мұндағы провизия сомасы 20% мөлшерінде.

  • 3 - санатты күмәнді – қайтарылу мерзімі 60-90 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін тәуекелі жоғары несиені айтамыз, провизия сомасы 20% көлемінде.

  • 4 - санатты күмәнді – қайтарылу мерзімі 90-120 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несие, провизия сомасы 25% көлемінде.

  • 5 - санатты күмәнді – қайтарылу мерзімі 120-150 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несиені білдіреді, мұндағы провизия сомасы 50% мөлшерінде.

  1. Үмітсіз – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін өте қауіпті, яғни пайдасы есебінен жабылатын, 100% мөлшерде провизия құрылатын несиені айтамыз.

Стандартты несие – қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие. Бұл санаттағы несиелер қайтарылмай қалу туралы күдік тудырмайды:

1 және 2 - санатты күмәнді несиелерге мынандай несиелер жатады: қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге бекітілген, бірақ белгілі дәрежеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар, мысалы дебиторлық қарыздардың, өтімді емес тауарлар қорларының, дайын өнімінің өсуі.

3 – санатты күмәнді несиеге – негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдерді жатқызымыз. 30 -60 күнге дейін және кем дегенде бір рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жағдайы шамалы немесе әлуетті төмендеуі, конъюктуралық нарықтың өзгерісіне байланысты, қарыз алушыда сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.

4 – санатты күмәнді несиелерге – 60-90 күнге дейін төлем кешіктірілуі, яғни қарыз алушының негізгі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл мерзімге сауықтыру шараларын белгілеу, қарыз алушы зиян шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс – мажорлық жағдайлар, басқа банктерден алынған несие және кепіл бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады.

Егер келесі негіздердің бір болса, онда несие үмітсізболып табылады:


  • негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша

төлемнің 90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;

  • қарыз алушыны банкротдеп жариялағанда;

  • кем дегенде бір жыл мерзімде сауықтыру шаралары

жарияланғанда;

  • форс - мажорлық, қарыз алушыға материялдық залал келтірген және өз қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқада жағдайлар.

Жіктеуде банк тиісінше өзінің несиелік тәуекелін бақылауды жүзеге асырады, оның сапасын талдайды және сапасын жетілдіру үшін шаралар қолданады. Келесі несие беруде өздерінің есептеулерін ескере отырып, тәуекелді анықтайды. Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында банктерде несиелік тәукелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.

Несиелерді жіктеу үшін ең басты – қарыз алушының қаржылық жағдайына баға берілуі тиіс. Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауда отандық банктер тәжірибесінде несиелік скоринг жүйесі қолданылады. Қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе жарты жыл сайын бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде жүргізеді. Мұндағы қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян есебі жатады. Осындай құжаттар негізінде несие менеджері қарыз алушының қаржылық жағдайына несиелік скоринг көмегімен жедел бағалауда жүзеге асырылады.

Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметтін сипаттайтын бес параметр пайдаланылады. Аталған параметрлер екі топқа бөлінген:


  1. Қаржылық көрсеткіштер өзгерісінің динамикасы:

  • өндіріске жұмсалынатын шығындардың сатудан

  • түсетін түсімдерге қатынасына қатысты өзгерісі;

  • негізгі құралдар құндарының өзгерісі;

  • меншікті капиталдың өзгерісі;

  • міндеттемелердің жалпы өзгерісі.

  1. Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін сипттайтын мынандай қаржы көрсеткіштері есептеледі:

  • ағымдағы және жылдам өтімділік коэффициенттері;

  • автономия коэффициентті;

  • сауданың рентабельділігі;

  • меншікті капиталдың рентабельділігі;

  • дебиторлық қарызжар айналымындағы;

  • кредиторлық қарыздар айналымындағы.

Несиелік портфельдің сараптамасын жасаған кезде қалыптасқан провизияның жеткіліктілігін бағалау үшін несиелерді жіктеу жүргізіледі. Стандартты несиеге қайтару мерзімі келменген және қарыз алушының қаржы жағдайы мен несие сенімді қамтамасыз ететін несиелер жатады. Субстандартты несиелерге тәуекелі шамалы ғана несиелер жатады. Қарыз алушының несиені қайтарудағы уақытша қиындықтары жағдайында негізгі қарыз бен пайызда қайтаруды тоқтата тұрудың мерзімі 30 күнге дейін болады. Қанағаттанарлық несиелерге мерзімі 30 күннен 60 күнге дейін өтіп кеткен несиелер жатады. Үмітсіз несиеге пайыздарды есептеу тоқтаған, мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер жатады.

Несиелік тәуекелді басқарудың тәжірибеде ең көп тараған тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады.:



  • банк, клиент іс - әрекеті туралы статистикалық ақпараттарды талдау

  • арқылы қарыз алушыға байланысты тәуекелдерді бағалау. Осы үшін коммерциялық банктерде тәуекелдің деңгейін талдау жұмысымен айналысатын және табыстарды басқаратын бөлімше құрылады;

  • қарыз алушының жеке басының ерекшіліктерін ескере отырып,

  • тәуекелдерді бағалау;

  • қарыздың нақты сомасы мен қайтарылуы мерзімін анықтау;

  • несиені сақтандыру;

  • қайтарылмаған қарыздарға байланысты арнайы резервтер құру;

  • несиелік тәуекелді диверсификациялау;

  • несиелік портефльдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау және

  • қолдау;

  • несие беруге байланысты келісім-шартты заңға сәйкес құрастыру.


Әдебиеттер


  1. Ғ.С..Сейітқасымов, Ж.Бекболатұлы, С. Кәрімжанов «Қазақстанның банк

  2. жүйесі» Алматы, 2008 жыл

  3. Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и их операции. — М.: Банки и биржи, 1995.

  4. М.С: Биханұлы «Коммерциялық банктер операциялары» Идат Маркет.

  5. Алматы, 2004 жыл

  6. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы» .Алматы, 2005 жыл

  7. М.С.Биханұлы «Ақша айналысы және несие» Издат Маркет. Алматы, 2004ж 340- бет


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет