Әож 338. 482. 22(574) жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашағЫ



жүктеу 22.7 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі22.7 Kb.

ӘОЖ 338.482.22(574)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Арынбаева А., Токабаева Ж.М.
Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвести-циялық салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың әлемдік тәжірибесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.

Бай мәдени мұралар, ежелгі Тараз қаласын мекендеген түркі халықтарының аңыздары, тарихи ескерткіштар мен археологиялық қазбалар Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан учаскесінің мәдени-тарихи ресурстары мен туристік әуелетінің негізі болып табылады.

Тараз қаласы шығыс халықтарын меймандостығымен, аса бай ұлттық мәдениетімен, табиғаттың көрікті жерлерімен және ескіліктің ғажайып ескерткіштерімен тамсандырады.

Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Сеул, Пекин, Лондон, Берлин, Токио, Мадрид қалаларындағы халықаралық көрмелерде көрсетіледі. Жыл сайын өңірдің туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық материалдар жарыққа шығады.

Жамбыл облысында туристік индустрияның дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Облыста туризмнің барлық түрлері бар: облыстан шығу, облысқа келу және ішкі туризм. 2009 жылы туристік фирмаларға шығу туризмі бойынша 2991 адамды,ал 2012 жылдың алғашқы жарты жылдығында 912 адамды құрады. Ішкі туризм бойынша туристік фирмаларға келген адамдар саны 2009 жылы 959, 2010 жылы – 1017, 2011 жылы -1163, ал 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында 561 адамды құраған.

Жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашақта дамуын талдау туралы жұмысым келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

Облыста туризмнің тиімді дамуы үшін оны кластер формасында ұйымдастыру қажет. Кластерлік даму облыстың бәсекеге қабілеттілігін көтеру стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады. Кластерлік даму мәселесі облыстың үлкен экономикалық потенциалын шоғырлануын, ынтымақтастықтың жаңа формаларын талап етеді. Кластерге қатысу кластер ішінде өндірістік факторларды онтайлы бірлесе пайдалану артықшылықтары арқасында щығындарды төмендетуге және ақпарат шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Туризм саласында шешімі табылмаған мәселелер төмендегідей:



  1. Туристік және көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейде дамуы.

  2. Ұлы Жібек жолының Жамбыл бөлігіндегі қызмет көрсету мен тарихи орындардың қол жетімсіздігінің жоғары деңгейі.

  3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктіліктерін жоғарылату деңгейінің төмендігі.

Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз.

Алдағы уақытта еліміз туризм алыптарының біріне айналатынына сенім мол. Және Жамбыл облысында туризмді дамыту жөніндегі шеберлік жоспардың аясында атқарылатын істер де аз емес. Пирамида да бірден соғыла қойған жоқ қой, демек алғашқы бастама салынды, ал қалғанын уақыт еншісіне берейік.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет