Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы



жүктеу 106.61 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі106.61 Kb.

ӘОЖ 340.141
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Суйменбаева А.М., Кулажанова А.Н.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Ешкiмге тәуелсiз, егемендi қазақ хандығы Тәуке хан өлгеннен соң әлсiреп, сыртқы саяси жағдайлардың күрделенуiнен ынтымақтары кете бастады. Әсiресе, 1723 жьлғы ауыр нәубет қазақ халқына өте ауыр тидi, «ақтабан шұбырындыға» ұшырады.

Қазақ хандығын Тәукеден соң билеген Жолбарыс хан (1720-1740) тiптi Жоңғар билеушілеріне алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды [1]. Әр жүздi билеген кiшi хандар мен сұлтандар ел бiрлiгiн ойлаудан гөрi, жеке өз алдарына билiк құрғысы келдi. Нәтижеде 1731 жылы Кiшi жүздi билеген хан Әбiлхайыр Ресей қол астына кiрдi. Бұл Қазақстанның өз тәуелсiздiгiнен айырылуының басы едi.

Көп ұзамай Жүз Қоқан хандығы шапқыншылығына ұшырап, хандық жойылып, өздерi Қоқан хандығына бағынды.

Қазақ халқының дәстүрлi құқығын Ресей тарапынан жиналғанға дейiн олардың Қазақстан жайлы бiлгендерi аз әрi олар шындыққа жанаспайтын ат үстi мәлiметтер болатын.

Қазақ даласын тезiрек отарлап алу үшiн бұрын-сонды жинақталған материалдар мен сипаттамаларға қоса, ендi қазақтарды жаңаша басқарудың схемалары мен үлгiлерінің, ойластырылған жаңартулардың жүзеге асуын қамтамасыз ететiн заңдардың жобалары асығыс даярлана бастады.

Бұл мол материалдардың кезiнде жинақ болып та шыққаны бар, шықпағаны бар, қазiр бiздерге белгiлi. Әрине, бұл материалдардың құндылығын жоққа шығармаймыз. Бiрақ, бұл материалдар Ресейдiң отарлау саясатының көзқарасы тұрғысынан әрi Ресейге шын берiлген шенеунiктер мен жансыздары тарапынан жиналғанын әрдайым есте ұстауымыз керек. Оның үстiне жинаушылар қазақ қоғамының дәстүрлi болмысы, өмiрi, олардың адами қатынастары мен туыстық байланыстарының ерекшелiктерiн, оның мәнi мен мазмұны терең екенiн түсiнбеген, түсiне де алмаған. Олардың көзiмен көргендердi сол кездегi қазақ қоғамының тұрмысымен және азаматтық қоғамымен байланыстыра түсiнуге халдерi келмеген. Өйткенi, олар саясаттың сойылшылары болатын. Сол үшін боларолар жергiлiктi тұрғындарды көшпелі қазақтар артта қалған номаттар, жабайылар, тағылар деп кемсiте қараған[2].

Сот билiгi ғасырлар, тiптi мыңдаған жылдар бойы билiк пен ел басқарудың мәні де, сәнi де болған. «Сот түзелмей, ел түзелмейдi» дейдi қазақ халқы. Бұл жайдан-жай айтылған сөз емес. Өйткенi, сот мекемелерiне қарап қоғамдағы билiк жайлы, басқару жүйесi жайлы, оның халық мүддесi алдындағы адалдығы мен пәктiгi жайлы айта аламыз. Мiне, ұзақ мезгiл бойы қазақ қоғамының тiрегi болған билер сотының Ресей империясы азғана мезгiл iшiнде күл-талқанын шығарды[3].

Қазақтардың терең мағыналы дәстүрлi құқық жүйесiн әлсiрету шаралары үздiксiз жүргiзулерi нәтижесiнде, ол заң нормалары сапырылыстырып, быламық етiп жiберiлдi де, оның орнына империялық сот жүйелерiмен қатар қазақтарға жат, заңсыздыққа жол беретiн заң нормалары қасақана енгiзiлдi. Түптеп келгенде мұндай бассыздықтар кең көлемде орын алып, оны жүзеге асыратын сот органдары парақорлық пен әдiлетсiздiктiң небiр ғаламаттарына ие болғанын бiз жақсы білемiз.

Отбасы құқығында да iрi өзгерiстер болып «әйел теңдiгi» деген мәселе өрттей каулады. «Әмеңгерлiк», «Құдаласу» т.б. институттар мүлдем жоққа шығарылып, ендi ерiктi жесiрдiң өзiне бердi. Қыздарды тұрмысқа ата-анасының беруiне тыйым салды.

Мұрагерлiк жолына да өзгерiстер еніп, ендi артында қалған жесiр марқұмның мал-мүлкiнiң сегiзден бiрiне, ата-анасы он екiден бiр бөлiгiне ие бола алды[4].

Жер мен жылжымайтын мүлiктер мұраға қалдыруға жатқызылмады. Жаппай қылмыстық iстер бойынша империялық заңдар енгiзiлiп, сот iстерi қылмыстық, талап iс және басқару жүйесiне шағымдар деп үшке бөлiндi.

Шындығын айтсақ, Кеңес үкiметi құрылғаннан бастап он жыл бойы қазақ халқының әдет-ғұрпы шамалы болса да қуат алып, жұмыс iстедi. Оны бiз Кеңес үкiметiнiң шеткi ұлттық аймақтарға қатысты шешiмдерi мен шараларынан, қаулыларынан жергiлiктi халықтың әдеттерi мен дәстүрлерi басты бағыттардың бiрi ретiнде толық және жан-жақты есептесiп, дөрекiлiкке, кедергi жасауға жол бермеудi ескертедi.

Осы құжаттарға сүйенiп жұмыс iстеген Қазақстандағы партиялық, мемлекеттік және жергілікті орган қызметкерлері үгіт-насихат, қоғамдық-саяси iс-шараларын жүргiзгенде, заң шығару, әкiмшiлiк, сот iстерiн жүргiзуде жұмыстарын алып бардi. Тiптi, олар жергiлiктi органдарға қазақ халқының тiлін, әдет-ғұрып, құқықтық өмiрiн жақсы бiлетiндердi қабылдады. Өкiнiшке орай, заңды құжаттарға сүйенiп жұмыс iстеген әрi бұқараны өзiне тарта бiлген адал азаматтарды кейiн қудалап, қуғын-сүргiнге ұшыратты.

Осыдан келiп, әдет-ғұрып құқығының нормаларын қолдануды толығымен доғаруға бел шеше кiрiстi. Мемлекеттiк жүйе командалық-әкiмшiлiк, тоталитарлық жүйеге ене түсуiмен әдет-ғұрып нормаларына, оны пайдаланушыларға қарсы күрес басталды. Бұл 1920 жылдың соңынан бастап қазақ халқын ұжымдастыру және отырықшыландыру саясатымен «ауылға бет бұру», «Жаңа ауыл» ұранымен әдет-ғұрыптың тамырына балта шаба бастады. Сөйтiп, қоғамдық қатынастарды реттейтiн әдет-ғұрып құқығы күшпен аластатылып, тамырына балта шабылды. Бұл халық ашу-ызасын тудырды. Қазақ халқын түгелдей жiбере жаздаған зұлматтар мен нәубеттер басталды, ел тоз-тоз болып шетел асты, 2,5 миллиондай қазақ апаттан қырылды. Республикадағы қазақтың 41 пайызы аштық пен іш сүзек ауруынан өлдi, 15 пайызы туған жерiн тастап, шетелге кеттi. Сөйтiп, қазақтардың үштен бірi ғана тірi қалды[5].

Шындығында да қазақтардың дәстүрлі құқығының өміршеңдігінің бақилық болуына тек қана билер емес, ақын-жыраулар да, елдің зиялы азаматтары мен ақсақалдары да үлес қосты дей аламыз. Тіпті, бүкіл қоғам мүшелері құқық жүйесінің қағидаттары өз мүдделерін қорғайтынын жете түсініп, баршасы дәстүрлі құқық жүйеміздің нормаларын қолдап-қуаттады. Нәтижеде, көп болып ұғынысқан қазақ құқығы ұрпақтан-ұрпаққа үлгі, өсиет етіп аманаттарын, өміршеңдік сипатты иеленді.

Дәстүрлі құқық жүйеміздің өміршең болуына бұл айтылғандардан өзге де факторлар, басқару жүйесінің құқықты қолдап-қуаттауға икемділігі, оны қоғамды құқықтық реттеуде пайдаланудың оңайлығы (Себебі, құқық пен оның қағидаттарын қоғам болып мақұлдаған), сол себепті оның өзгертілмеуі әсер еткені шындық[1].

Қазақ құқығының негізгі тірегі қағидаттар болды. Бұл қағиғаттар қай дәуір, қай формацияда болса да қолдануға қолайлы, көптің көңілінен шығып, мүдделеріне сай келетін еді. Атап айтқанда, адам құқығы мен бостандықтары, адам теңдігі; меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; келісім-шарт еркіндігі; келтірілген зиян мен нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; бұзылған құқықты билер соты арқылы қорғау; ар-ождан, намысты таптатпау; имандылық, т.б. дәстүрлі құқық жүйеміздің демократиялық және ізгілікті екендігін білдіреді. Бұл алынған қағидаттардың дұрыстығын көрсетеді. Осы қағидаттардан бастау алған қазақ құқық жүйесі өміршеңдік сипатты иеленбегенде, басқа қайсы заңдар иелене алмақ? Әрқашанда қағидаттар құқықтық институттар мен нормаларды реттеу жүйесі арқылы қорғайды да.

Сөйтіп, қағидаттар құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып есептеледі, өзге заңдар мен құқықтық нормалардан басым тұрады. Оның үстіне, біріншіден, олар тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, қағидаттар жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң қағидаттары басшылыққа алынады. Төртіншіден, құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнын немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс. Бесіншіден, заң қағидаттарына сүйене отырып, әдет-ғұрып заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады.

Сол себепті де біз дәстүрлі құқық жүйеміздің өміршеңдігінің тірегі қағидаттар дей аламыз.

XXI ғасыр қазақ халқы үшін бір жағынан тәуелсіздік, егемендік бақытын әкелсе, екінші жағынан көп мәселелерді қайтадан ойланып-толғануды, әсіресе қазіргі жаһандану дәуірінде өзге мемлекеттермен қарым-қатынас барысында тек экономикалық жағынан ғана емес, өмірдің басқа салаларынан ұтылып қалмауды бірінші орынға қойып отыр.

Сондықтан да, Елбасымыз мемлекетіміздің алға қарай қадам басуын қамтамасыз ету үшін, құқықтық-демократиялық және азаматтық қоғам орнату үшін «Қазақстан-2030» стратегиясын белгілегені баршамызға белгілі. Бұл стратегияда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу бәрімізге жүктелген[6].

Жаһандану процесі әлем халықтарын әлемдік ақпарат, технология, инновация толқындарымен алға алып кетуде. Бұл толқынға ілесу үшін әлем халықтарымен тығыз араласуға, олардың арасындағы бәсекелестікке төтеп беру қажет. Ол үшін алдымен өз Отанымыздың шаңырағын биік, босағасын берік етуіміз қажет. Ол дегеніміз өзіндік ұлттық сипатымызды, ерекшеліктерімізді сақтай отырып, өнеркәсіп пен өндіріс орындарымызды соңғы техникамен қаруландырып, жер асты қойнауындағы байлықтарымызды ақыл-санаға салып пайдалануға, сапаға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Оның үстіне оны жасайтын адамдар да қайта жаңарып, рухани-мәдени тұрғыдан қайта түлеулерін жаһандану процесі талап етеді. Олай болмаса, кез келген этносты өзге этностар жұтып жіберу қаупі туындап отыр.

Сол үшін болар біз кешегі кеңестік идеология стереотипінен құтылып, ата-бабаларымыздың өнеге мен үлгіге толы дәстүрлері мен құндылықтарын қайта жаңғыртып, оны адами қатынастарды сауықтыруда барынша пайдалануымыз қажет. Бұл өркениеттілікке айқара жол ашып, тарих сахнасынан өшіп кетуден сақтандырады. Бұл жолда біз тәлім-тәрбие алатын мемлекеттер жоқ емес. Мысалы, Жапония мемлекетін алайық. Қазіргі жаһандану процесі кезінде дамыған елдер көш басында тұрған жапондықтар ешқашанда өткенінен қол үзіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін әлсіреткен емес. Қайта, осынау қиын тұста, өткеннен сақталған рухани-мәдени құндылықтарын күшейте, жарқырата түсуде. Немесе Қытайды алайық. Кез келген қытайлық әлемнің қай түпкірінде жүрсе де өз Отаны, халқы үшін қызмет етеді. Өз мүдделерінен гөрі елінің мүддесін жоғары қояды. Үнді, Араб елдері де өз рухани-мәдени мұраларынан ешуақытта бас тартқан емес.

Қазақтың көшпелі қоғамы адамзат баласына арнап өркениетті құндылықтарды жаратқаны, оны тәжірибеде көрсеткені жайлы әлі әлем жұртшылығы таныс болмағанмен, ол қасиеттерді мүлдем жоғалтпаған қазақтар үшін таңсық емес. Адамгершілік құндылықтарға негізделген дала демократиясының институттары мен құқықтық нормалары кең құлаш жайған көшпелі қоғамда әділдік пен заңдылық тұғыр етіліп, өзін-өзі басқару еркіндігі әділ сот жүйесінің өмірге бой көтерері хақ. Ондай қоғамға түрме, құлып, бас бостандығынан адамдарды айыру мүлде қажет емес.

Әр халықтың ұзақ ғасырлар бойы өткен тарихында келесі ұрпақтар бойында мақтаныш сезімін туғызатын құбылыстары бар екені даусыз. Ұрпақтары оларды өткен тарихымыздың рухани-мәдени байлығы деп әспеттейді, есіне сақтап, марапаттайды. Оны бойларына сіңіріп, ішкі сезімдерінде тұрақты сақтайды, қасиеттеп ұрпақтарына мұра етіп беріп отырады. Мұндай халықтар ешуақытта да тарих бетінен жоғалмайды. Мұның бәрі сол халықтардың құқықтық санасы мен мәдениетіне, ұлттық намысы мен патриотизміне байланысты. Осындай қасиетке ие қазақ халқы отаршылдық пен кеңестік идеологияның қара түнегінде өмір кешсе де шынайы құндылықтар мен қасиетті мұраларын ұмытқан, тіпті ділінен, бойындағы қан тамырынан, ішкі сезімдерінен алыстатқан жоқ. Сол үшін боларЕлбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өзіміздің арғы, бергі ата-бабаларымыздың жүздеген буынының қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, молайта беру жолында топтасуға тиіспіз, – дей келе, – ендігі жерде біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол жалпақ Қазақ даласы» деп, қазақ халқына ынтымақты болып, осы жалпақ кең даланың қожасы болуға шақырады. Ол үшін жастарымыз салт-дәстүрді көздің қарашығындай сақтаулары қажеттігін, ата-бабаларымыздың елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиетін дамытып, егеменді елімізге аянбай еңбек етуге ұмтылу керектігін Елбасымыз ерекше айтады[2] .

Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздігімізді баянды ету үшін қазіргі және келер ұрпақтар алдындағы, XXI ғасырдың табалдырығынан аттаған кездегі күрделі мәселелерді қиналмай шешу үшін, осы тәуелсіздігімізден айырылып қалмау үшін еліміздің келешегін қамтамасыз ететін ұлттық ділімізді дәріптеу, рухани-мәдени құндылықтарымызды қайта түлету мәселесі маңызды да шешуші рөл атқарады.

Әрбір халық өзінің тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі және дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұрпақтан-ұрпаққа рухани-мәдени құндылықтарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін жасайды. Сол үшін де зиялы этностар өткенімен сабақтастығын үзбейді. Осының нәтижесінде сыртқы дүниедегі өзіне сай келетін ұқсас қоғамдық өлшемдерді ішкі қажеттеліктеріне жаратып, ұлттық құқық жүйесін, ділін, сенімін қалыптастырады. Осыдан келіп дүниетанымның негізгі мәні тек дүние тануда ғана емес, оның мәнді мақсатын адамға, оның құқығы мен бостандықтарына байланысты пайымдайды. Ата-бабаларымыз міне осы мақсатты тірек ете отырып, әлем жұртшылығы таңданатын өркениет ізгіліктерін қалыптастырды. Осы құндылықтарды әлем жұртшылығына таныстыруда бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қатып қалған көптеген ұғымдар мен қағидаларға сын көзімен қарап, жаңаша әдістемелік шешімдер жолын алға қойғанымыз жөн.

Осы мәселе мемлекеттік тұрғыда арнайы және кешенді түрде қарастырылып, қазақ құқық жүйесі және оның қағидаттары қазақ халқының дүниетанымының күрделі де ажырамас бөліктері ретінде зерттелуіне бағыт беруі жөн.

Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып отырған шақта, қайталап айтамыз, зор маңызды мәнге ие.

Осы мақсаттан әлеуметтік және мәдени-психологиялық алғышарттар ретінде қауымдастықтың өркениет пен ізгілік, адамгершілік пен имандылық аясында қалыптастыруды атар едік. Әл-Фараби бабамыз да ілкі адам баласының рухани жолдарымен апарылатынын атап өткен. Дәл осы жолды ата-бабаларымыз таңдап алғаны да шындық[3].

Қауымдастық саны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, болмыстың тыныс-тіршілігіне байланысты дамып отырады. Материалдық өндіріс процесінде пайда болатын жеке меншік пен мүліктік теңсіздіктер қоғамдық дүниетанымның, оны реттейтін құқық жүйесінің бағдарына қарай икемделеді. Қауымдық сана, міне, осы тұста маңызды рөл атқарады. Егер, қауымдық сана неғұрлым биік, деңгейі жоғары болса, ол өркениеттілікті туындатады, жеке адамдардың мінез-құлқын қалыптастырып, іс-әрекетіне жетекшілік, жолбасшылық, реттеушілік, қорғаушылық міндеттерді жүктейді. Қазақы сана тәжірибесі мол, көргені мен ұққаны көп ру ақсақалдарының, әділдікті ту етіп көтерген билерінің құзырында болуы прогрессивті қадам болды. Нәтижеде, қазақ халқы өзінің рулық-тайпалық қауымдастыққа тән ұжымдық сипаттағы ой кешулері, жеке адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқының, іс-әрекеттерінің адами құндылықтарды сіңіруіне жол ашты. Мысалы, қазақтың билері, ақын-жыраулары, ақсақалдары халық өмірінің көкейкесті де күрделі мәселелеріне жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшысы бола білді, ел ішіндегі адамдық қасиеттерді молайтып әрі оны қоғам мүшелері бойларына дарытып, табиғатқа, өмір құбылыстарына деген танымдарын дамытуға, сөзден күмбез тұрғызып, оны құлаққа сіңіруге қызмет етті. Мұны бізге жеткен рухани-мәдени мұраларымыз растайды.

Қазақ халқы рухани болмысын ешуақытта да материалдық мүддеге бағынышты етпеген. Байлық, лауазым бірінші орынға қойылмаған. Бірінші орында әрдайым адами құндылықтар тұрған. Бұл объективті зандылықты терең түсіну салдары. Жалпы алғанда мемлекеттік құрылымның да, табиғаттың да негізін қалайтын объективті заңдарға мойынұсынған адам құндылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа бастайды. Иманды, адамгершілігі мол адам өз нәтижесін, құмарлығын күнделікті қажет талап-тілектерімен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүреді. Сараң, құмарлығына шек қоя алмайтын адамдар өзі жинаған байлықтың құлы болады.



Ең жоғарғы құндылық – адамдық ізгі қасиеттер.
Әдебиеттер


  1. Зиманов С.З. Қазақ хандары заңдарына шолу және олардың ерекшелiк-терi // Қазақтың Ата Заңдары. 10 томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – Т. 2. –552 б.

  2. Өсерұлы Н. Тәуке ханның құқықтық заң ескерткiшi – «Жетi жарғы» жайлы зерттеу. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 80 б.

  3. Әлімжан Қ. Әдеттік құқықтық институты ретіндегі билер соты // Право и государство. – 1998. – № 3. – 59-64 бб.

  4. Кенжалиев З.Ж. Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы. – Алматы, 2004. – 1 кітап. – 148 б.

  5. Сартаев С., Созакбаев С. Предисловие: Материалы по истории государства и права Казахстана (Вторая половина ХIХ-начало ХХ в.в.) / Сост. С. Сартаев, С. Созакбаев. – Алматы: Атамұра, 1994. – 280 с.

  6. Максимов Н. Народный суд у киргиз // Журнал юридического общества при императорском Санкт-Петербургском университете. – 1897. – Кн. 8. – С. 62-81.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 I -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет