ӘӨЖ 340. 691 Тергеу эксперименті және оның маңыздылығЫ



жүктеу 69.07 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі69.07 Kb.

ӘӨЖ 340.691

ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Абдираимова М.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әртүрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе - ақиқат өлшемі және дуние танымның қайнар көзі. Сондықтан тергеу кезінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керекті дәлелдемелердің ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу эксперимент жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдай­да әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі, Екіншіден, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арнайы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтілігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайдаға сәйкес жағдайда өткізілуіне тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, :себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.

Тергеу эксперименті іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша түрі. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжамын нықтай түседі.

Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тергеу эксперименті кезіндегі мұндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге, эксперимент осы тергеу әрекетіне қатысып жүргендердің құқын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының жауаптарында, сондай-ақ басқа да қосымша деректерде келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осыңдай жолмен өзінің кейбір болжамдарына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу механизмі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланыста болып, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі – кейбір құбылыстың не әрекеттің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Яғни, белгілі бір затты, нерсені айтылған жағдайда айтылған адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жаткан сұрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.

Тергеу экспериментінің екінші түрі – белгілі бір жағдайда қашықтықта болған оқиғаны, құбылысты қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма соны аныктау.

Эксперименттің үшінші түрі – із қалдыру (сындырудан соғудан, аралап кесуден осындай іздер қалуы мүмкін бе? – деген сұрақты шешкенде, т.б.) сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан криминалистикалық сараптамалардың кейбір түрлеріне жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ болғанда ғана эксперимент әрекеті шеңберінде тергеушінің өзі жүзеге асырады [1].

Тергеу эксперименті – бұл арнайы жасалған жағдайларда қандай да бір объектілерді, іс-әрекеттерді, құбылыстарды және сол сияқтыларды қабылдау мүмкіншілігін немесе іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауда белгілі бір нәтижесі бар қаңдай да бір әрекеттердің істелінетіндігін тәжірибелік жолмен тексеру.

Тергеу эксперименті құрылымы және мазмұны бойынша күрделі тергеу әрекеті болып саналады. Сонымен қатар, ол дұрыс ойластырып жүргізілсе, онда оның көрнекті және психологиялық күшті әсері болады, кей жағдайларда тергеуші ойының өткірлігін көрсетеді, мұның өзінің маңызы аз емес.

Тергеу экспериментін жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде ескеру керек маңызды шартты атап өткен жөн. Егер тергеушіде пайда болған сұрақтарға жауап осы әрекет шеңберінде алынатын болса және қойылған сұраққа дәрежелі қорытынды беру үшін арнайы ғылымды қажет етпесе, онда экспериментті өткізуге болады. Қарама-қайшы жағдайларда егер қойылған сұрақты шешу үшін арнайы ғылыми ілімді қажет етсе, онда экспериментті жүргізуге болмайды, тек тиісті сараптама тағайындау керек.

Соның өзінде осы тергеу әрекетіне маманның қатысқанына заң қайшы болмайды. Маман ҚІЖК-нің 84-бабында көрсетілген қызметтерді орындайды, яғни өзінің арнайы ғылыми ілімдерін қолдана отырып тергеушіге тәжірибелік әрекеттерді тиянақты, объективті және жоғары дәрежеде жүргізуде көмегін көрсетеді [2].

Тергеу экспериментінің заңдылығының маңызды шарты: жүргізу кезінде оған қатысушылардың және жанындағылардың ар-ожданы мен қадірін кемсітпеуін және олар үшін қауіпті жағдай тудырмауын қамтамасыз ететін талаптар.

Осы тергеу әрекетінің ерекшелігі ретінде келесілерді санауға болады, яғни қажет болған жағдайда қылмыстық істі жүргізушілердің барлығы (сезікті, айыпталушы, жәбірленушілер мен куәлер) осы тергеу әрекетіне қатыса алады. Бұл кейбір жағдайларда айтылған адамдардың қатысуынсыз тергеу экспериментін жүргізу мүмкін еместігіне байланысты болады. Тергеу эксперимента заңға сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мен нақтылау үшін жүргізіледі.

Тергеу экспериментінің жіктелуімен төмендегі түрлері болатындығы анық.

Экспериментті түрлерге жіктемей-ақ тергеу тәжірибесінде кездесетіндерді атап өтсек, олар:

1. Адамның дене мүмкіншілігін (күшін) тексеру (мысалы, осындай салмақтағы затты көтере ала ма немесе ол затты осыншама қашықтыққа жеткізе ала ма? – деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек болғанда).

2. Адамның кәсіби дағдыларын тексеру (мысалы, Адам айтып отырған "жалған ақшаның" суретін салу немесе басқа кәсіп, оның қолынан келе ме?).

3. Адамның көру мүмкіндігін тексеру (мысалы, көру мүмкіндігі осындай адам немесе қараңғы уақытта, "тұман", "қар" сияқты ауа-райының көруге қолайсыз жағдайларында оқиғаның жағдайларын толық көріп қабылдай ма?).

4. Адамның есту мүмкіндігін тексеру (мысалы, осындай қашықтықтан немесе уй-жайдың ішіндегі басқа бөлмеде отырып естуі не естімеуі мүмкін бе?, басқа дыбыстар кедергі болғанда оқиғаға қатысты дыбыстарды естуі мүмкін болды ма? т.с.с.).

5. Құбылыстардың және фактілердің болу мүмкіндіктерін тексеру (мысалы, тергеу барысында белгілі болған заттардың бәрі осы шағын, олардың сиуы күмән тудыратын қоймада сақталғандығы, не болмаса көлемі үлкен заттардың өтуі күмән тудыратын саңлаудан, тесіктен ұрлануы, әр түрлі механизмдердің, агрегаттардың мүмкіндіктерін тексеру және толып жатқан басқалар).

6. Құбылыстардың, фактілердің, әрекеттердің белгілі бір уақыт аралығында болуын тексеру, егер бұлардың болуы күмән тудырмай, тек осындай уақыт аралығында болғандығы күмән келтіргенде жүргізіледі.

7. Іздің қалуын не түсуін тексеру (мысалы, құлыпты аралап кескенде, одан темір ұнтақтардың түспейтінін тексеру және с.с.).

Бұдан көретініміз, тергеу экспериментінің түрлері осылар ғана деп айта алмайтындығымыз, өйткені тергеу барысында болуы күмән келтіретін сан-алуан жағдайлар сияқгы, тергеу экс­периментінің түрі де көп. Ал, жоғарыда көрсетілгендер - негізгілер жене тергеу тәжірибесінде кездескендері.

Сонымен, тергеу экспериментінің түсінігін аша отырып, профессор Р.С.Белкиннің берген анықтамасын қолдануға болады. Тергеу эксперименті деген атауды арнайы тәжірибелерден, жаңа дәлелдемелер алу және бар дәлелдемелерді мақсатындағы тәжірибелерден, сонымен қатар іс үшін бар белгілі бір фактілердің болуы мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы тергеу версияларын тексеру мен бағалаудан тұратын тергеу әрекеті ие болады [3].

Тергеу экспериментін жүргізу мыналарға бағытталған:

- бар мәліметтерді тексеру және бейнелеу;

- жаңа дәлелдемелерді анықтау; -версияларды тексеру;

- қылмыс істеуге себін тигізетін мән-жайларды анықтау. Эксперименттің мүмкіншілікті анықтау бойынша келесі түрлері белгілі:

- қандай да бір фактіні, құбылысты қабылдап бақылау;

- қандай да бір қимыл-әрекетті орындау (бұл түрге кәсіби немесе қылмыстық тәжірибесінің бар немесе жоқ екендігін аныктау бойынша эксперименті енгізуге болады);

- қандай да бір фактінің, қүбылыстың болуы;

- іздердің, оқиға бөліктерінің пайда болуы процесінің механизмі.

Қорыта келгенде тергеу эксперименті күрделі тергеу әрекеттерінің бірі,сол себепті тергеу экспериментінің жургізілу барысы мен сапасы қылмысты ашуда шешуші рөлге ие. Тергеу экспериментінің әдіс-тәсілдері,түрлері қылмысты саралауда маңызыдылығы өте зор.



Әдебиет


  1. Комментарий к уголовно-процессуальному кодексу РК(особенная и общая часть). – Алматы «Жеті жарғы», 2003.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жургізу Кодексінің 84-бабы,Алматы «Жеті жарғы», 2003.

  3. Белкин Р.С., Винберг А.И., Криминалистика и доказывание. - М.: Юрид. лит., 1969. - 216 с.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы,Алматы «Жеті жарғы»,1995.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет