Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру



жүктеу 80.3 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі80.3 Kb.

ӘОЖ 342:314.745.22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БОСҚЫНДАР

МӘСЕЛЕСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Ермекова Г.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси,экономикалық,этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға,төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.БҰҰ-ның 1951ж. қабылдаған «Босқындардың мәртебесі» туралы Женева Конвенциясында: «Босқын – нәсілдік, діни, ұлттық мәселелердің себептеріне не белгілі бір әлеуметтік топтарға мүшелігіне немесе саяси сеніміне байланысты өз ұлтының елінен сыртта болып, өз елінің қорғауын қабылдай алмайтын не қабылдауды қаламайтын кез-келген адам» деп саналады [1].

Босқындар – олар ең алғашында адам.Ал, адам мемлекеттің қымбат қазынасы екендігі Қазақстан Республикасының (әрі қарай ҚР) Конституциясында былайша көрсетілген: «ҚР-сы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» [2].

Демек, мемлекетпен кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтар осы негізгі нормативтік – құқықтық құжатта көрсетілген. Адам құқығын сақтау қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени құқықтарымен және бостандықтарымен анықталған. Адам құқығы саласындағы Қазақстан Республикасының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларына сүйене отырып, заңдарын қабылдап,жетілдіріп отыр. Қол жеткен жетістіктер көп, бірақ оларды бекемдеп, нықтауға тура келеді. Адам құқықтары жөніндегі заңдық нормалар қазірдің өзінде тіркелген. Алайда, адам құқықтары жөніндегі заңдарды қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдар әлі де әлсіз.Осы адам құқықтары нәтижесінде босқындардың да мәселесі негізгі орында тұр. «Халықтың көшіп-қонуы, сонымен қатар мәжбүрлі түрде көшіп-қону үрдісінде босқындық пайда болып, дами бастады. Босқындар мәселесі әр мемлекетте бар, тіпті қазіргі заманның өзекті мәселелері екені даусыз. Бұл проблема үнемі зерттеу мен мемлекеттік және халықаралық деңгейде реттеуді талап етіп отырады.Еуропалық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық ете бастаған мемлекетіміз «Босқындар туралы» заңын қабылдады.Сондықтан да, босқындардың құқықтық мәртебесі отандық заң ұғымында басым бағыттағы зерттеуді қажет етеді» [3].

Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (әрі қарай БЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекетте босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді. Қудалау пен жәбірлеу қаупінен және басқа осыған ұқсас залалдан жасырынатын жер іздеу, адамдар үшін өмірі мен еркіндігін сақтауда өте маңызды болғанымен, ол адам құқығын өзінің отанында барынша толық қорғау туралы талаптарды алмастыра алмайды. «Босқындардың құқығы – адам құқығының ажырамас бөлігі екендігі даусыз.1948ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі қарай БҰҰ) қабыладаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, әрбір адамның өмір сүруі,бостандығы,жеке басына қол сұғылмауы оның ажырамас құқығына жатады. Барлық адамдардың құлдықта болмауына, заңсыз қудаланбауына құқығы бар.Әр мемлекеттің аумағы шегінде емін – еркін жүріп – тұруға, өзіне тұрғылықты жерді таңдауға, сондай – ақ, ол мемлекеттен тыс кетуге және кері оралуға деген адам құқығы анықталған [4].

ҚР-ы Конституцияның 13-бабында «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда,заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы», сонымен қатар 14-баптың 2-тармағында «Тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемістуге болмайды» [5, 7].

Босқын режимімен баспананың құқықтық институты байланыстырылады. Баспана құқығы өз мемлекетінде саяси көзқарасы, қоғамдық қызметі үшін қудаланудан қорғануға мәжбүрлі болып, басқа елдерден баспана іздеу құқығының әрбір адамға берілетінімен қорытындыланады. Мұндай ереже, әдетте, Конституцияларда, елдің басқа заңдарында жазылады.

Баспана құқығы - бұл мемлекеттің саяси қызметі үшін өз елінде қудалауға ұшыраған шетелдік азаматты өз территориясына кіруге және тұруға рұқсат беру және бұл азаматты оны қудалаған мемлекетке бермеу құқығы.Баспана екі нысанда болады: территориалдық-бұл азаматқа басқа территорияда баспана беру; дипломатиялық-жеке тұлғаларға шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктері территориясында баспана беру.

1951 ж. босқындардың құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жасалды.

Өз елдерін мынадай себептерге байланысты тастап шыққан адамдар босқындарға жатқызылады:


  • елінде нәсілі немесе ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына байланысты, діни нанымы немесе саяси сенімі үшін қудалаудан немесе қудалау құрбаны болудың айқын қатерінен еліне бару мүмкіндігі жоқ адамдар;

  • сыртқы басқыншылық, басып алуға, шетелдіктердің үстемдік етуіне немесе елдің тәртібін не бір бөлігін бұзған оқиғаларға байланысты;

  • өмір сүрудің материалдық негіздерін жоятын табиғи сипаттағы (шөл, жер сілкінуі, су тасқыны және басқалары) құбылыстарға байланысты ;

Босқындарға байланысты қабылданған Конвенцияны ҚР-сы да ратификациялады. Босқындар туралы Конвенция оларды шетелдіктер мәртебесіне біртабан жақындатты деуге болады,әлеуметтік қамсыздандыру сияқты бірнеше құқықтары мен еңбек құқықтарының кейбірі оларды келген елдердің өз азаматтарымен теңестіріп жіберді.

Босқын мәртебесі халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда, біржағынан мемлекеттер егемендігі қағидасымен және сонымен байланысты территориялық үстемдік пен дербес сақталу қағидаларымен, ал екінші жағынан-жалпы халықаралық құқықтан және шарттардан шығатын бәсекелесті ізгілікті қағидалармен сипатталатын құқықтық кеңістікті алады.

Соған қарамастан, босқындар жағдайын реттеуші халықаралық құқық нормалары әлі де құқықтық қорғау жүйесі ретінде толық қалыптаспаған. Өйткені, төтенше деп есептелетін жағдайларға қажет реттеуді қамтамасыз ете алмайды. Белгілі шамада олар жәбірленуші тұлғалардың жағдайын жеңілдетеді, бірақ олар ақырына жеткізілген болып табылмайды, өйткені босқындар мен баспана іздеушілерге әлі де болса уақытша баспана немесе уақытша қорғау беруден, өзінің үйлеріне қауіпсіз қайтуды қамтамасыз етуден немесе өтемақы төлеуден бас тартылуы мүмкін.

Қазақстанда 1951ж. Босқындардың құқықтық статусын реттеу туралы Халықаралық Конвенцияның нормалары өз қызметін атқарады.Сол Конвенция негізінде мемлекетіміз өзге мемлекеттерден баспана іздеп келген босқындарға өз мемлекетін баспана ретінде беруге дайын. Статистикалық мәліметтерге сай – дүние жүзінде 42млн.адам босқын болып табылады.Ал, КР-да – 606адам. Оның ішінде: хазарлар - 107 адам, пуштундар - 146 адам, тәжіктер - 314 адам, өзбектер - 27 адам, басқа ұлттар - 12 адам болып отыр. Ал олардың шыққан елдері бойынша 602 адам Ауғанстаннан келгендер болса, 2-еуі Сомалиден, 2-еуі Эфиопиядан келгендер. Жалпы республика бойынша босқындар еліміздің 5 аумағында тіркелген.2007 жылы – 528, 2008 жылы – 451 адам келсе, 2009 жылы қаңтарда – 567 адам «босқын» деп тiркелген.Демек, саяси баспана іздеп келушілердің саны жыл санап артуда.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, босқындар проблемаларын шешуге белсенді қатыса бастады.

ҚР-ның «Көші – қон» туралы заңының 17-бабына сәйкес, босқындар – саяси сенімдері,нәсілдік,діни наным,азаматтық,ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін.Осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы тұрғылықты жерінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар.

«Алғаш Қазақстан 1992 жылы желтоқасанның 15-де ҚР-сы Министрлер кабинетінің №1055 Қаулысымен қабылданған «Босқындармен жұмыс туралы уақытша ереже» бойынша босқындар мәселесі реттеледі.Осы ережеге сәйкес, ҚР-на келген босқындар жергілікті өкілді органдардың Көші – қон жөніндегі департаментінің уәкілетті өкілдігінде тіркелуге тиіс. Ереже негізінде әрбір босқынға арнайы «карточка»толтырылған [6].

Босқындарға қатысты құқықтық реттеуді керек ететін қатынасқа байланысты ҚР-ң және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (әрі қарай ТМД)мүше мемлекеттері арасында 1993ж. 23-қыркүйегінде «мәжбүрлі көшіп – қонушылар мен босқындарға көмек туралы келісімді бекітті.Бұл келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркімения, Азербайжан, Армения, Белорусия, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қол қойды.Бұл ТМД мемлекеттерінің арасындағы халықтық көші – қонның жеңілдетілген тәртіпте және босқындар пайда болған сәтте сол мемлекеттердің саяси баспана бола алатындығы жайлы жазылған. Себебі, бұрынғы КСРО елдерінің арасында халықтар алмасып қоныстана берген болатын.Ал, қазіргі осы процесті халықаралық деңгейде келісім ретінде жасап қойған.Негізінде Қазақстанда босқын статусы берілмейді егер: адам бейбітшілік пен қауіпсіздікке, адамзатқа қарсы, сонымен қатар әскери қылмыстар және саяси сипаттағы емес аса ауыр қылмыстар жасаған болса.Мемлекет шетелдіктер қолданып жүргендей босқындарға да мәртебе беруі тиіс.Халықаралық келісім бойынша босқындардан ешқандай өндіріп алулар, шеттетулер, мемлекет территориясынан шығарып жіберу жүргізілмейді.



Босқын ретінде танылған тұлғаға Қазақстан Республикасының Ішкі істер басқармасы Босқын куәлігін береді. Қорыта айтқанда, босқындардың құқықтық жағдайын реттеу ресми ұлттық заң қабылдауды қажет етеді. Босқындар мәселесін тек нұсқау арқылы реттеу жеткіліксіз. Сондықтан босқындар құқығын және мәртебесін анықтайтын, барлық заңи үрдістерді бекітетін, халықаралық құқық нормаларына сәйкестендірілген заң қабылдау өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Босқындар мәселесін реттейтін ережелер Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қоны» туралы заңында бекітілген. Босқындар туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы Заңына сәйкес Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты берудің және тіркеудің тәртібі 10 бапта бекітілген: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаса, адам мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, ол бір тәулік ішінде көші-қон қызметі жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге тиіс. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар ұсталған кезден бастап бір күн ішінде уәкілетті органға хабарлайды. Қазақстан Республикасында босқындардың саяси – құқықтық мәртебесі арнайы заңда бекітілмеген.Сонымен қатар, Ресей Федерациясын мысалға келтіруге болады, онда босқындардың құқықтық қатынастары жеке салалық, заңдық актіде бекітілген. Біздің республикамызда ондай заң жоқ және босқындардың құқықтық мәртебесі туралы заңдардың толық бір бөлігімен реттеледі. Ең алдымен, бұл ҚР «Халықтың көші – қоны туралы» заңы, одан соң әр түрлі үкімет қаулылары, ведомстволық ережелер, нұсқаулар және т.б. Осыған байланысты, Республикамыздағы босқындар мәселесін құқықтық реттеуде заңдардың жеткіліксіздігі айқындалып отыр.
Әдебиет


  1. «Босқындардың құқықтық мәртебесі» туралы Женева Конвенциясы. – 1951.

  2. ҚР-ң Конституциясы 2007ж. 21-мамырдағы енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге // ҚР-сы Парламентінің Жаршысы

  3. Омиртай Р. Босқындардың құқықтық мәртебесі туралы: автореф. ҚР-сы. – Алматы, 2010. – 3 б.

  4. Всеобщая Декларация прав человека // Международное право в документах: - сост. Н.Т.Блатова, Т.М.Мелков., - М., 2000г. С 10-13.

  5. «ҚР-ң Конституциясы» 2007жылғы 21-мамырындағы №254-III, 13-бап. – 7 б.

  6. Сарсембаев М.А. «Международное право» Учебн. Пособие.Институт международного бизнеса и международного права.- Алматы, 1998г. С 214.

  7. Документы СНГ.Соглашение о помощи беженцам и вынужденным переселенцам 24 сентября 1993г. // Международное и национальные законодательные акты по вопросам беженцев/ под. ред. К.Григоричев, Н.Зайберт – Караганда, 2006.- С 143-145.

  8. Лукашук И.И. «Международное право», (Особенная часть) М.,Изд. «Бек»1998г. С 30-31.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері
11-12 -> Жерге жеке меншік қҰҚЫҒының ТҮсінігі және жалпы сипаттамасы онғарбаева А. К


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет