Әож 342 (574) адамның Өмір сүруге деген конституциялық ҚҰҚЫҒы мен қылмыстық кодекстегі өлім жазасының арақатынасы



жүктеу 39.81 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі39.81 Kb.
түріКодекс

ӘОЖ 342 (574)
АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРУГЕ ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕГІ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Газаев А.И., Қоңырбаев Н.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.


Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету – заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Адам құқықтарын қорғауды кез-келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылған[1].

Бұл бап Республикада адам құқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.

Онда еліміздің құқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқықтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады[2].

Алайда, қылмыстық заңнамада өлім жазасы түріндегі жазаның болуы ҚР Конституциясының жоғарыда атап өткен 12-бабының ережелеріне, сонымен қатар әркімнің өмір сүруге құқығы бар екендігі туралы Конституцияның 15-бабының 1 тармағына және өмір сүру құқығы ешқандай да жағдайда шектеуге жатпайтындығын көрсететін Конституцияның 39-бабының 3 тармағына қайшы келетінің атап өткен жөн.

Сондай-ақ, өлім жазасын қолдану ҚР Қылмыстық кодексінің 40-бабының 2 тармақшасында көрсетілген қылмыстық жазалау мақсаттарына сай келмейді. Өйткені Қылмыстық кодексте «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді» делінген[3]. Аталған нормаға сәйкес адамның өмір сүруге деген құқығын айыруға тыйым салынады.

Оның үстіне Конституцияның 12-бабында әркімге тумысынан жазылған абсолютті және ешкім айыра алмайтын Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтары заңдардың мазмұнын айқындайды, сондықтан қылмыстық жаза қолдану кезінде адамның өмір сүруге деген конституциялық құқығын бұзуға жол беретін Қылмыстық кодекстін 48-бабының күшін жою керек деп ойлаймыз.

Бір-ақ, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабының 2 тармақшасына еңгізілген өзгерістер мен 2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне еңген Қылмыстық кодекстін 48-бабына сәйкес «Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуымен ұласқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш жасау құқығы беріледі»[3] өлім жазасын қолдану шеңберін едәуір тарылтып, бұл мәселенің түпкілікті шешілуін заңның қарауына берді.

Бұл Конституциялық реформа қылмыстық құқық саясатын одан әрі жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Құқыққолдану органдары қандай да бір қылмыс үшін өлім жазасынбелгілеу кезінде Конституция нормасында белгіленген шектен шығуға құқықсыз. Сонымен бірге, Конституцияның 15-бабының 2 тармақшасында келтірілген қылмыстар үшін өлім жазасынан басқа өзге де жазалар белгіленуі мүмкін. Бұдан келіп шығатыны, ҚР қолданыстағы Конституциясы ең ауыр жазаны қолдану аясын одан әрі шектеуге немесе одан толықтай бас тартуға кедергі жасамайды.



Қорытындылай келе, біздің ойымызша ҚР Қылмыстық кодексіндегі 48-баптың күшін жою және 2003 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий еңгізу туралы» Жарлығын ұстану қажет.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2010ж.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме.- Алматы: Жеті жарғы, 1999 ж.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. База данных «Закон».

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 20let
konf 2015 20let -> Әож 47. ҚР мұрагерлік қҰҚЫҒын конституциялық-ҚҰҚЫҚТЫҚ реттеу негіздері
konf 2015 20let -> Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері Ернишев Қ. А
konf 2015 20let -> ӘОЖ343. 985 Ата заң ел тірегі
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасы конституциясының жастарды гуманистік идея бойынша тәрбиелеудегі мән-маңызы
konf 2015 20let -> Қазақ даласындағЫ Әділ сот жүйесінің алтын ғасыры және оның ерекшеліктері берікқожа С.Қ
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасының конституциясы ұлттар теңдігінің кепілі ретінде
konf 2015 20let -> Әож 342 (547) конституциямен белгіленген сот билігінің мақсаты қазақстан халқына адал қызмет ету
konf 2015 20let -> Әож 342. 7: 17 Қр конституциясы мемлекет және қОҒамның негізгі заңЫ
konf 2015 20let -> Қазақстан конституциясы және оның халықаралық ҚҰҚЫҚпен арақатынасындағы ерекшеліктері ахмет Шимчек
konf 2015 20let -> Әож 42. Конституция тәуелсіздік пен тұРАҚтылықТЫҢ басты тірегі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет