Әож 342. 7: 17 Қр конституциясы мемлекет және қОҒамның негізгі заңЫ



жүктеу 125.97 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі125.97 Kb.

ӘОЖ 342.7:17
ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ
Рзабай А.И.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.


Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.

1995 жылдары екі дүркін Конституциямызды қабылдап, адам құқығы мен бостандықтарына айрықша көңіл бөлінді. Біз демократиялық-құқықтық мемлекет құрып, азаматтық қоғам орнатуда адам құқықтары мен бостандықтары мәселесі төңірегінде табиғи және позитивтік құқықтардың өзара үйлесімдігін тауып, ата-бабаларымыздың адам құқықтары мен бостандықтары жайлы идеяларын сабақтастыру, осы құқықтарды іске асыру және сақтау, амал-тәсілдерін бекітетін құқықтар мен бостандықтар тәртібін реттеу қажеттілігі байқалады. Ендігі жерде өткенімізді қайта тірілтіп, сабақтастыра отырып, адам құқығы мен бостандықтарын жетілдіру қасиетті борышымыз. Бүгінгі таңда жүріп жатқан әлемдегі жаһандану үрдісіндегі қатал бәсекелестік тұсында, ұлтымыздың өз ерекшеліктерін сақтап, бәсекелестікке төтеп бере алуы халықтың ұлттық санасының жаңғыруына, ұлт өркениетінің шоқтығы биік ежелден қалыптасқан адам құқығын, бостандығын қастерлей білуіне де тікелей байланысты. [1]

Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысынан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Мемлекетті басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканыңтүбегейлі өзгеше моделін қалыптастырған 1995 жылғы Конституцияныңжасалуы мен қабылдануы Қазақстан Республикасындағы басқару құрылымы мәселелерін зерттеуге өзгеше қарқын берді. Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда президенттік қызметке тағайындаудың, онын, өкілеттіктерінің қалыптасуының теориялық және тарихи алғышарттары, республикадағы қазіргі заманғы президенттік институттың ауысуының себептері мен кезеңдері және келешегі әлі де болса толық зерттелмеген.

Заң қабылдаушы және атқарушы биліктің жоғарғы органдарыньщ өзара іс-қимыл жүйесінде болып жатқан саяси-тарихи процестердің дамуы, олардың Елбасымен өзара қарым-қатынасы, президенттің осы қарым-қатынасты үйлестіруі, президенттің мемлекет басшысы және мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлға ретіндегі конституциялық ролінің басқа да мәселелері терең талдау жасауды және ой елегінен екшеуді қажет етеді.

Сонымен, мемлекеттік басқарудың жаңа, неғұрлым алдыңғы қатарлы нысаны ретінде президенттік республиканың пайда болу және даму тарихын зерттеу маңыздылығы елімізде оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу процестерімен өзара қарым- қатынасының теориялық жағынан өңделуінің жеткіліксіздігі.

Конституция-ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының нетізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзете асуымен тікелей байланысты жүртізіледі.

Конституциялық құқты түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуте болмайды, олардың құқықтық реттеудеті мәні мен рөлін ашып керсету, құқықтық жүйедеті орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мұмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белтілеу. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды. [2]



Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады:

  1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады.Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

  2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды етжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді.ҚР Конституциясының құқықтык нормалары кұқықтың басқа салаларының құкықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

  3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Етер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

  4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүние жүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

  5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

  6. Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттітінен туындайтын мәнімен сипатталады.

  7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры-онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. ҚР конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі- олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді. [3]

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялық кұқыкқа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдарға тән. Ғылым конституциялық құқықты кұқықтық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық кұкық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыпттастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туады, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық кұқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-кұқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.

Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың кұқықтық реттелу шегін обьективті түрде зерттейді. Конституциялық-құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай емес. Нәтижесінде конституциялық-кұқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе керісінше айталық, өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырмауы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.

Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жертілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын зерттеу жатады.

Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық кұқықтық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған обьектілерді зерттейді. Ол оларды социологиялық, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидаларға сүйене отырып зерттеледі. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге заңдылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлінуі, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.[4]

Ғылым конституциялық деп аталғандықтан, оның қайнар көзі Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жәй заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы- конституциялық-кұқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-кұқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді. Конституциялық-құқықтық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады.

Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі- отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері ҚР-да қазіргі заманғы конституциялық, құқық ғылымы тақыр жерде қалыптасып отырған жоқ.

Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар коғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады. Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар. [3]

Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субьективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субьектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады. Конституциялық заңдарға тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді.

Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн. Конституциялық-құқықтық нормалардың басқа құқық қаласының құкықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар:



  1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-кұқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайту, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.

  2. Конституциялық-құқықтык нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген.

  3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілікқұқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жузеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз емес. Конституциялық құқықтык нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Айталық, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.

Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік-құқықтық институтқа ие. Құкықтық институт құқықтық жалпылықты, яғни, өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық-кұқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық кұқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді.Құқықтық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтык реттеудің тұйықталмаған механизмімен, конституциялық кұқықтың басқа да кұқықтық институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді. [4]

Конституциялық құқықтың кұқықтық институттары қоғамдық қатынастардың ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бұған қарап, олардың мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға болмайды. Әр құқықтық институт өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бұл үшін құқықтық институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бірақ рет қайталанатын процесс емес. Осыған орай, оның жағдайын назардан шығармай, тиісінше құқықтық институтты жетілдіріп отыру керек.


Әдебиет


  1. ҚР заңы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 24 мамыр 1998 жыл.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Жарлығы 26 желтоқсан 1995 жыл

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, “Жетi жарғы”. 1995 жыл 30 тамыз. (2007жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

  4. Конституциялық Заң «ҚР Конституциялық Кеңес туралы» 29 желтоқсан 1995 жыл.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 20let
konf 2015 20let -> Әож 47. ҚР мұрагерлік қҰҚЫҒын конституциялық-ҚҰҚЫҚТЫҚ реттеу негіздері
konf 2015 20let -> Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері Ернишев Қ. А
konf 2015 20let -> ӘОЖ343. 985 Ата заң ел тірегі
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасы конституциясының жастарды гуманистік идея бойынша тәрбиелеудегі мән-маңызы
konf 2015 20let -> Қазақ даласындағЫ Әділ сот жүйесінің алтын ғасыры және оның ерекшеліктері берікқожа С.Қ
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасының конституциясы ұлттар теңдігінің кепілі ретінде
konf 2015 20let -> Әож 342 (547) конституциямен белгіленген сот билігінің мақсаты қазақстан халқына адал қызмет ету
konf 2015 20let -> Әож 342 (574) адамның Өмір сүруге деген конституциялық ҚҰҚЫҒы мен қылмыстық кодекстегі өлім жазасының арақатынасы
konf 2015 20let -> Қазақстан конституциясы және оның халықаралық ҚҰҚЫҚпен арақатынасындағы ерекшеліктері ахмет Шимчек
konf 2015 20let -> Әож 42. Конституция тәуелсіздік пен тұРАҚтылықТЫҢ басты тірегі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет