Әож 343. 985 Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің Қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайды



жүктеу 65.44 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі65.44 Kb.

ӘОЖ 343.985
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІНЕ ТЕРЕҢ ТАМЫРЫН ЖАЙДЫ
Мыстаев М.Г.

Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының төрағасы, Шу қ.


Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

30 тамыз манызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – ҚР Конституция күні. ҚР Конституция күні егемен Қазақстан үшін тарихи және саяси манызы бар ерекше мереке.

Әрбір өркениетті елдің өз Конституциясы болады, ол зандылық. Себебі, Конституция – елдің қоғамдық және экономикалық құрылымын, басқару нысаның және мемлекеттік құрылымын, тұлғаның құқықтық мәртебесін, билік пен басқару органдарының құзыретін, сот төрелігінің қайнар көздері мен ұйымдастыруын, сайлау жүйесін белгілейтін мемлекеттің негізгі заңы болыпт абылады [1].

Сондықтан, заманауи мемлекетке Конституция керек және оның мәні зор. Ең алдымен Конституцияда іс-әрекеттің бастапқы қағидалары мен мақсаты, ұйымдастыру негіздері мен қызметі, оның әдіс-тәсілдері көзделеді. Сонымен қатар, Конституция қоғамдық дамудың негізгі салаларында мемлекеттік реттеудің сипатын және шегін, мемлекет пен адам және азаматар асындағы өзара қатынастарды белгілейді. Ең бастысы Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде таниды, оның ар-ожданың қорғайды.

Қазақстан халқы осыдан 20 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жана Конституцияны қабылдады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл оқиға сол кезде қазақ халқы үшін, біздің мемлекетіміз үшін үлкен қуанышты жағдай болды. Өйткені, Кеңес Одағының құрамында жүргенде біздің Республикамыздың Конституциясы Одақтық Конституцияның сарынымен жасалып, сол арқылы жұмыс істейтін. Ал бұл Қазақстан дербес мемлекет болып құрылған соң қабылданған, реттелген, бірізділікке келтірілген Конституция болды. Ол Конституцияның ең бірінші ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы еді. Яғни, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берген Конституция болды. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Осы Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік. Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәти­же­сінде аз ғана уақыттың ішінде тұғыры берік, туы биік мем­лекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция  біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды.[2] Елбасымыз айтып өткендей, Ата заң – мемлекеттік биліктің қай­нар көзі – халықтың өзі екенін ай­қын­дады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.

Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы – қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.

Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.

Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған [4].

Қазақстан Республикасындағы “сот билігі” институты туралы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік тоқтамдар мен ұсыныстарды аяқталды деп есептеуге әлі тым ерте.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың мазмұнына жүгінсек, аталған тақырыптың кең ауқымын, өміршеңдігін байқауға болады.

Сот жүйесін дамытуда жасалған маңызды жетістіктер: алқа заседательдері институтын енгізу мәселесінің нақты түрде қаралуы, экономикалық және әкімшілік соттардың құрылуы. Сот реформасы жақсы дамығанымен, судьялар өздеріне берілген құзырет шегінде үлкен мөлшердегі жұмысты атқаруға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен бірге заңдар мен Конституция арасында сәйкессіздік болатын жағдайлар, судьяларды негізгі қызметінен оқшауландырады.

Соттарды реформалау жүргізілген жылдарда құқықтық база кеңейіп, сот төрелігіне қол жетімділік артты. Бүгін сотта өз құқықтарын талап ету мүмкіндігі ешқандай шектелмейді. Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігінің нанымды шындығы – соттардың орындайтын жұмыс көлемінің өсуі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 10 жыл ішінде соттарға келіп түскен азаматтық істер 97710-нан 188860-қа дейін, яғни есеге өсті. Соттар азаматтардың шағымдары мен арыздарының 90% астамын қанағаттандырады, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру кепілдігінің жоғары дәрежесі туралы куәландырады.

Сонымен қатар қазақстандық заңгерлер басқа мемлекеттердің заңгерлерімен халықаралық қатынастары жақсы дамып келеді. Мысалы ретінде Жоғарғы Соттың төрағасы Кайрат Мамидің АҚШ-тың Жоғарғы Сотының судьясымен Сандрой О’Коннормен, Түрік Республикасының әділет министрі Джемиля Чичекамен және т.б. кездесулерді айтуға болады. Бұл кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері жақсартылады. [5].

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдыстықта жақсы беделге ие. “Халықаралық соттық реформа” ұйымының төрағасы баронесса Вивьен Стерн Қазақстанның соттық-атқарушылық жүйесі жақын уақытта Орталық Азия елдеріне үлгі бола алады деп пікір білдірген болатын. Көптеген шетелдің жоғары лауазымға ие тұлғалар Қазақстанды Орталық Азиядағы саяси және экономикалық, құқықтық реформаларды жүзеге асыруда лидер ретінде таниды.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, соның ішінде сот жүйесі халықаралық талаптарға сай дамымай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларында жетістікке жетуге қиынға соғады.



Қазақстанда демократиялық бағыттағы дамыған сот жүйесін құруда айтылып кеткен жұмыстар жүзеге асырылуда. Осындай қызметтерді жүзеге асыру арқылы осы жылы Президенттің халыққа жолдауында көзделгендей Қазақстан 50 дамыған мемлекеттердің құрамына кіретініне сенемін.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.

  2. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.

  3. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.

  4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет

  5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет