Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері



жүктеу 52.89 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі52.89 Kb.

ӘОЖ 347.426.42
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Жадраев И.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Азаматтық құқық пәнінің элементтерінің бірі мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық зандармен реттеледі, өйткені, олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Азаматтық кодекстің 115-бабыңда азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі тізбесі келтірілген, оған жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада: 1) бұл құқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғадан ажырамайды; 2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны болмайды; 3) абсолютті құқықтың санатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім де бұза алмайды; 4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.

Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына қарай қалыптасып, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан ажырамайтындығын көреміз.

Азаматтық кодекс мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған сәтінен бастап алатын (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің бірінші деңгейі) және азаматқа заң арқылы берілетін (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің екінші деңгейі) деп бөлінеді.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілерімен байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік құқық және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратылады.

Мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

а) азаматтың өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және т.б.);

ә) азаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т.б.).

АК-тің 143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шыңдыкқа сай келетіңдігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.

АК-тің 143-бабында "теріске шығару" ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.

Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе занды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.

Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.

Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар, атап айтқаңда: 1) ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін; 2) жауапкер арқылы таратылған; 3) шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады. Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлікке қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін құрайды.

Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде, радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатыңдығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйленген сөздерде, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр.

Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен оңдай кір келтіретін фактілердің кез келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.

Кір келтіретін мағлұмат деп азаматтың (ұйымның) қолданылып жүрген заң мен моральдық принциптерді бұзуы туралы (әділетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделді қаралау және т.б. туралы) олардың абыройы мен ар-намысына негізсіз нұқсан келтіруді айтады.

Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты шыңдыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни, оны АК-тің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.

Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесіңде және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызша түрде айтылған хабарлар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

АК-тің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса, онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін жариялатуға құқылы.

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шыңдыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып алынуға тиіс. Өзге реттерде теріске шығару тәртібін сот белгілейді (АК-тің 142-бабының 2-тармағы).

Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген жауапкер осы мағлұматты таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер мағлұматты теріске шығару жөніндегі талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған әлгіндей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе (мәселен, редакциялық мақала), онда іс бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.

Қызмет мінездемелеріңде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына мінездемені берген және оған қол қойған адам немесе занды тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шыңдыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық іс жүргізу заңцарыңда белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.


Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Төлеуғалиев Ғ. Алматы. Жеті Жарғы.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Жерге жеке меншік қҰҚЫҒының ТҮсінігі және жалпы сипаттамасы онғарбаева А. К


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет