Әож 347. 58: 25 саяси баспана қҰҚЫҒының ТҮсінігі мен түрлері



жүктеу 94.62 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі94.62 Kb.

ӘОЖ 347.58:25
САЯСИ БАСПАНА ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Утельбаев Н.Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазіргі халықаралық құқықта даму тенденцияларының ең басты мәні адам құқықтарын қорғау болып табылады. Өте маңызды институттардың біреуі баспана құқығын қорғау болып келеді. Соғыстар, халықаралық даулар, көп санды әлеуметтік катаклизмдер, әлемде бүгінгі күні көптеп байқалуда, басқа мемлекеттерден әдеттегі өмір сүру қалпынан қол үзіп көптеген адамдар өз мекен жайларын тастап басқа мемлекеттерден баспана іздеуге мәжбүр.

Кез-келген ғылыми мәселені әзірлеу барысында, зерттеу оқиғасының түсінігін ашу басты мақсат болып табылады. Саяси баспананың нормативтік-құқықтық тұрғыдан халықаралық және мемлекетішілік деңгейлерде бекітілгеніне екі жүз жылдан асты, алайда әлі күнге дейін қажетті деңгейде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген.

Құқық теориясы бойынша еңбектерде, оның ішінде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған еңбектерде аталмыш мәселе мүлдем қозғалмаған. Дәл осындай жағдай саяси әдебиеттерде де орын алып отыр. Саяси баспананың халықаралық –құқықтық мәселелеріне арналған бір ғана еңбек бар.

Шетелдікке немесе басқа мемлекеттік азаматына саяси баспана беру, сол мемлекетте барып тұруға мүмкіндік бар және мемлекет ол азаматты қылмыскер ретінде басқа мемлекетке беруге болмайды. Шетелдіктердің саяси көзқарастары мен қызметі үшін басқа мемлекеттерден баспана іздеу құқығы іздеу ұлы француз революциянан бастау алады, жариялаған конституцияда беру «бостандық іздеу мақсатында өз отанынан қуылған азаматтарды саяси баспанамен қамтамасыз ету» [1].

Сондай ақ бұл норма көптеген демократиялық мемлекеттердің конституцияларында бекітілген. XX ғасырда адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында қамтылған, халықаралық құқықтық нормамен жалпы танымал болып отыр. Баспана құқығына 1984 жылғы заң энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген «саяси және басқа да ғылыми қызметтері үшін қудаланған шетел азаматтарына мемлекеттің өз аумағына кіріп, тұруға рұқсат беру құқығы». «Саяси баспананың құқығы, эмигранттың емес, тек қана мемлекеттің құқығы болып есептеледі» - дейді В.И.Лисоковский [2].

Негізінен осындай пікірде ертерек кезеңдегі авторлар да болған. Олардың барлығы саяси және басқа да іс-әрекеттері үшін қудаланған тұлғаларға баспана беру құқығының тек қана қабылдаушы мемлекетте екендігін баса айтқан.

Сонымен қатар, 60-ы жылдары саяси баспана құқығының субъектілеріне қатысты басқа да пікірлер айтылған. Осылайша, екі жақты көзқарасын Л.Н.Галенская білдірген. Оның пікірінше, «халықаралық-құқық институты ретінде саяси баспана құқығы мемлекет құқығын құрайды, ал мемлекетішілік құқық институты ретінде жеке адамның құқығы» [4].

1981 жылы А.М.Войцехович былай деп жазды: «Америка заңгері М.Гарсия-Мора баспана құқығын тек қана адамның құқығы деп қарастырады. Алайда, шындығында бұл мәселеге қатысты оның осындай пікірі, оның адам құқықтары, соның ішінде баспана құқығын қорғау үшін мемлекетүстіндегі халықаралық органдардың қажеттілігін негіздеу үшін керек болды» [5].

Халықаралық құқықта жеке адамның мәртебесі жайлы мәселе заң ғылымында ең даулы мәселе болып қалуда. Кеңестік доктрина жеке адамды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мойындаған жоқ. Олар адмның құқықтары мен бостандықтарын реттеу тек қана мемлекеттің ішкі шаруасы деп қарастырды. Халықаралық-құқықтық тұрғыдан бұл мәселені қарастыру жеке мемлекеттің ісіне араласу деп айқындалды. Бұл доктрина заң ғылымының өкілдерімен қалыптасқа, сондықтан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де бірқатар өкілдері осы пікірді сақтап қалды. Қазіргі ресей доктринасы, және заң ғылымының көптеген өкілдері жеке адамды халықаралық құқықтың субъектісі деп қарастырады. Осыған орай, саяси баспана құқығы өз елінде саяси және өзге де негіздер бойынша қудаланған шетел азаматының белгісіз ұзақ уақыт бойы белгілі мемлекеттің аумағында жүріп- тұру құқығы.

Баспана құқығы институтының қалыптасуы ұзақ әрі қиын мәселе болды. Баспана туралы нормаларды унификациялаудың алғашқы әрекеттерінің бірі халықаралық құқық Институтының 1950 жылы Халықаралық қоғамдық құқықтағы баспана атты қабылданған қарары [6].

Бұл жерде баспана құқығы келесідей айқындалды: «Баспана дегеніміз, мемлекеттің өзінің аумағында немесе өзінің бақылауындағы басқа да жерлерде баспана сұраған басқа мемлекет азаматына (азаматтығы жоқ тұлғаға) қорғаштауды ұсынуы» [7].

Халықаралық құжаттарда бекітілген нормаларға сәйкес, баспана құқығының төмендегідей негізгі белгілерін бөліп келтіруге болады:

Әр адам өзін қудалаудан басқа мемлекеттерде баспана іздеуге құқылы және осы баспананы пайдалана алады. Баспана алған тұлғалардың жағдайы мемлекеттердің егемендігіне, және БҰҰ-ң халықаралық қамқорлық мақсаттары мен қағидаларына нұқсан келтірмеуі қажет.

Әр мемлекет қудаланған тұлғаларға өзінің аумағында егемендігі негізінде баспана беруге құқылы. Мемлекет баспана беру негіздерін өзі бағалайды. Баспана БҰҰ-ң қағидалары мен мақсаттарына қайшы келетін, саяси емес қылмыстар немесе іс- әрекеттер үшін қудаланған тұлғаларға берілмейді.

Саяси баспана құқығы бірнеше қиындықты туындатады. Ол баспана құқығы институты мемлекет ішіндегі және халықаралық құқықты бірдей қамтып отыр, сондықтан осы екі құқықтың арақатынасындағы күрделі теориялық сауалдарды шешумен байланысты.

БҰҰ Бас Ассамблесының 17 сессиясында тек баспана құқығы декларациясының кіріспесі мен бірінші бабы ғана талқыланып, саяси баспанаға қатысты жалпы сипаттағы мәселер бойынша тек талқылау жасалынды.

Үшінші комитеттегі декларация жобасы туралы өте қарқынды талас қандай тұлғаларға баспана беру құқығы тиесілі екендігі қаралды. Бұл мәселедегі қиындық мынада, жалпыға ортақ критериилерді таңдау, сондай ақ баспана беруде барлық заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және бір жағынан бұл әр түрлі қоғамдық деңгейдегі мемлекеттің жасайтын таңдауы.

Баспана құқығы институтының жаңа даму кезеңі Ұлы октябрь, социалистік революциясынан кейін басталды, халықаралық құқық жаңадан дүниеге келді, капиталиизмнен социализге өткен дәуір. Советтік мемлекет өзінің алғашқы жылдарында ішкі заңдарында баспана құқығы туралы демократиялық нормаларды қамтыды. 1918 жылы 28 мартта ВЦИК декрет қабылдады, онда саяси және діни сипаттағы қылмыстары үшін қудаланатын қылмыскерлерге баспана беру көрсетілді. РСФСР 1918 жылғы конституциясының 129 бабы ұқсас мазммұнға ие. СССР 1936 жылғы конституциясына сәйкес, еңбекшілердің ғылыми зерттеу, ұлттың бостандығы үшіін күрес мүдделерін қорғайтын, тұлғаларға баспана беру қарастырылған.

Советтік мемлекетте алғаш прогрессивті қызмет үшін қудаланатындарға баспана құқығы беріліп ерекше сипатқа ие болды. Жоғарыда келтірілген нормативтік актілерде қандай категориядағы тұлғаларға берілетіндігі нақты көрсетілген. Көптеген бейбіт өмірді қалайтын мемлекеттердің күресуінің нәтижесінде демократиялық нормалар мен қағидалар қазіргі халықаралық құқықта бекітілді. Олар қандай тұлғаларға баспана көрсетілуі қажеттігін анықтауда көмектесті. Бұл мәселені шешуге БҰҰ ның Бас Ассамблеясының үшінші комитетінің жиналыстарында көп көңіл бөлінді.

Декларацияның алғашқы жобасының бірінші бабында былай делінген: «Өз егемендігі нәтижесінде баспанамен қамтамасыз ететін мемлекет Адам құқықтары жалпы декларациясының 14 бабына сілтеме жасай отырып, басқа мемлекеттер алдында сыйлы болуы тиіс»[8].

Осы 14 бап декларацияның кіріспесінде орын алды, яғни әр адамның қуғынға ұшырауына байланысты басқа елдерден баспана іздеуге және оны пайдалануға құқығы бар, бұл құқық шын мәнінде саяси емес қылмыс немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетін іс-әрекеттер жасағанына негізделіп қудаланған жағдайда пайдаланылмайды делінген.

Жобаның бірінші бабына осы тұлғалардың тізімін анықтау мақсатында бірнеше түзетулер енгізілді. Түзетулердің ішіндегі ең маңыздысы болгарлық және афро-азиаттық түзетулер болды. Болгарлық делегация декларацияда «баспана құқығын ұлттық тәуелсіздің және мемлекеттер және халықтар арасындағы достық қатынасты қолдағаны үшін қудаланғандарға беруді ұсынды»[9]. Бұл ұсынысты қолдаған және қолдамаған мемлекет делегаттары болды, (Дания мен Италия қолдамады, ал Ұлыбритания өкілі қолдады).

Декларация жобасының бірінші бабын талқылау барысында болгарлық делегат өз түзетуінен бас тартып, сегіз афро азиаттық мемлекеттердің түзетулерін, осы халықаралық құжатты дайындауды жеңілдету мақсатында қолдады. Бұл мемлекеттердің делегаттары колониализмге қарсы күресетін тұлғаларға баспана құқығымен қамтамасыз етуді ерекше белгілеуді ұсынды.

Нәтижесінде декларация бірінші түзетуде 1 бап келесі мәтінде болды: «Тұлғаға территориялық баспанамен қамтуды көздейтін егеменді мемлекет, Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының 14 бабына сілтеме жасауға негізі бар және колониализммен күресетін тұлғаны барлық мемлекеттер құрметтеуі тиіс» [10].

Бельгия өкілінің ұсынысы бойынша бұл бапқа мынадай түзету енгізілді: «Саяси баспана сұрау және оны қолдану құқығынан, халықаралық актілердің нормаларына қайшы келетін, яғни әлемге қарсы қылмыс әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмыс жасағанына нақты дәйек болса айырылады»[11].

Бұл жерде айта кететін жайт бұл категориядағы тұлғаларға халықаралық аренада қолдау көрсетілмейді. Өйткені олардың іс әрекеті мемлекеттерге қауіп төндіреді. Белгиялық делегат түзетуінің мәні халықаралық қылмыс жасаған тұлғаларға баспана құқығын пайдалана алмайды.

Баспана құқығы дегенде біз мемлекет территориясында берілетін территориялық баспананы түсінеміз. Мемлекет территориясында баспана беру ортақ ереже болып табылады. Ал дипломатиялық баспана, дипломатиялық өкілдіктердің мекемелеріндегі және арнайы «шартты территория» деп аталатын орындағы баспана. Ең көп тараған көз қарас дипломатиялық баспана институты мемлекет егемендігіне қарам қайшы келеді.

Бірақ Латын Америкасы елдерінде тек өз территорияларында ғана емес сонымен қатар дипломатиялық миссияда баспана беру тәжірибесі қалыптасқан. Осы жағдайды ескере отыра польшалық делегат декларация жобасына екі түзету енгізді. Декларация жобасының бірінші бабында баспана сқздерінің алдында территориялық деген сөзді қосу болды. Өйткені көөптеген мемлекеттер территориялық баспанадан басқа баспа (Италия, АҚШ, Франция, Дания, Япония және Жаңа Зеландия) мойындамады. Польшалық түзету үшінші комитетпен мақұлданды.

1961 жылғы дипломатиялық байланысу туралы Вендік конвенция дипломатиялық өкілдіктердің мекемелері олардың қызметінен тыс мақсаттарда немесе халықаралық құқық нормаларымен пайдаланылмауы тиәс деп көрсетілген. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады, дипломатиялық баспана халықаралық құқықтың ортақ танылған инститтуты емес сондықтан дипломатиялық баспанамен қамтамасыз ету халықаралық құқық нормаларын бұзу деп қарастыруға болады.

Баспана бергеннен кейін мемлекет тұлғағаның негізгі құқықтары мен бостандықтарына, қауіпсіздігіне (яғни оны қуғындамауға және ұстап бермеуге) кепілдік беруі қажет. Баспана берген мемлекет баспана алған тұлғаларға БҰҰ-ң мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін іс-әрекеттермен айналысуға мүмкіндік бермеуі қажет. Баспана беру бейбіт, әрі гуманитарлық іс-әрекет, сондықтан басқа мемлекеттермен бұл әрекет бейбітшілікке қайшы әрекет деп қаралмауы қажет. Барлық халықаралық нормалардың сақталуымен берілген баспана, өзге барлық мемлекеттермен құрметтелуі қажет. Осылайша, баспана құқығы – бұл мемлекеттің, халықаралық құқықпен белгіленген мақсаттар бойынша қудаланған тұлғаларға, өзінің аумағында баспана, сонымен қатар сол тұлғаларға негізгі құқықтар мен бостандықтар беру егеменді құқығы.

Сонымен саяси баспана құқығының екі түрін анықтадық ол аумақтық (территориялық) және дипломатиялық баспаналар. Аумақтық баспана бұл қандайда бір тұлғаға немесе тұлғаларға саяси ойлары үшін қудалаудан өз аумағынан жасырынуға мүмкіндік беру. Аумақтық баспана – саяси негіздер бойынша қудаланған белілі бір тұлға немесе тұлғаларға өзінің аумағында орналасу мүмкіндігі.

Дипломатиялық баспана бұл қандайда бір тұлғаға немесе тұлғаларға саяси ойлары үшін қудалаудан шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық өкілдігінде немесе шетел әскери кемесінде жасырынуға мүмкіндік беру. Диломатиялық баспана сұрап тұрған тұлға сәйкес өтінішімен мемлекетке жүгінуі тиіс. Мемлекет бұл тұлғаның өтінішін қарауға құқылы бірақ қанағаттандыруға міндетті емес. 1976 жылғы БҰҰ ның территориялық баспан туралы декларациясына сәйкес баспан беру мәселесә халықаралық құқық нормаларымен реттелінеді. Саяси баспан беріп отырған мемлекет басқа мемлекеттер тарапынан құрметтелуі тиіс. Бұл жерде халықаралық құқықтық нәтиже болып – саяси баспананы берген мемлекет тұлғаны бермеуге міндеттенеді. Сондықтан жылпы қылмыстық іс әрекет жасаған тұлғаларға берілмейді.



Дипломатиялық баспана - саяси негіздер бойынша қудаланған белгілі бір тұлға немесе тұлғаларға шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және консулдық өкілдіктерде немесе әскери кемелерде орналасу мүмкіндігін беруі. Жаңа заман халықаралық құқығында дипломатиялық баспана беруге тыйым салу ережесі қалыптасқан. Алайда, Латын Америкасының бірқатар мемлекеттерінде әлі де мойындалады. Халықаралық құқық халықаралық қылмыс жасаған (бейбітшілікке қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, адамгершілікке қарсы қылмыстар, геноцид және т.б.) тұлғаларға баспана беруге тыйым салады.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз (2007 жылғы 21 мамырдағы өзгертулер мен толықтырулар).

  2. Всеобщая Декларация прав человека. (Принята 10.12.1948 Генеральной Ассамблеей ООН) // Российская газета от 05.04.1995.

  3. Конвенция о защите прав человека и основных свобод (Заключена в г. Риме 04.11.1950) вместе с Протоколом № 1 (Подписан в г. Париже 20.03.1952).

  4. Галенская Л. Н. Право убежища. Международные отношения. - М.,1968. - С. 43 - 44.

  5. Оппенгейм Л. Международное право. - Т. 1. - М., 1949.

  6. Шаргородский М. Д. Уголовный закон. - М., 1984.

  7. Международное право, международные отношения. Учебник // Под ред. Ю. М.Колосова и В. И. Кузнецова. - М., 1994.

  8. Ушаков Н. А. Право убежища. - М., 1950.

  9. Принципы международного права, признанные Уставом Нюрнбергского Трибунала и нашедшие выражение в решении этого Трибунала (Приняты в 1950 г. на второй сессии Комиссии международного права ООН) // Международное публичное право. Сборник документов. – Т. 2. – М.: БЕК, 1996. – С. 101 – 102.

  10. Устав Международного Военного Трибунала для суда и наказания главных военных преступников европейских стран Оси (Принят в г. Лондоне 08.08.1945) // Действующее международное право. – Т. 3. – М.: Московский независимый институт международного права, 1997. – С. 763 – 770.

  11. Территорилық баспана туралы» декларация 1967жылы 14 желтоқсан.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет