Әож 36. Май өнімдерін өндіру процесін зерттеу



жүктеу 23.4 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі23.4 Kb.

ӘОЖ 236.5
МАЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ
Карпекова Н., Қонысбеков М.А.
Елбасының халыққа арналған жолдауында елімізді әлеуетті 50 елдің қатарынан көруге тек сапалы өнім шығару арқылы жете аламыз. Соның ішінде сапалы өсімдік майына сұранысты тек қана тамақ өндірісі емес, басқа салалар да тудырып отыр.

Сондықтан сапалы өсімдік майын өндіру – біздің еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның негізгі өнімі тағамдық және техникалық мақсатқа жұмсалатын өсімдік майлары болып табылады. Басқа өнімдермен бірге тамақ майлары адам тағамының негізгі рационын құрады. Оларды тамаққа таза күйінде (өзгертілмеген), және әртүрлі өнім ретінде қолданылады. Өзгертілген, яғни, әртүрлі өнімдер, олар: маргарин, ас майы, майонез және басқалар. Техникалық майлар сабын және басқа да жууға пайдаланылатын құралдар алу үшін қолданылады. Сондай-ақ, техникалық майларды олиф, лак және түрлі-түсті бояулар өндіру үшін пайдаланылады. Өсімдік майларының кейбір түрлерін майлау заттарын дайындау үшін, дәрілік препараттарға арналған ерітінділерді алу үшін және косметикалық тауарларды өндіру үшін қолданылады.

Жалпы өсімдік майларының сапасының жоғары болуы, олардың химия, физика, микробиология мен биохимия, механика мен жылуфизика заңдарына негізделіп, өнімдерді өңдеу әдістерін қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Май өндірісі саласның негзгі саясаты – өсімдік майның сапасын жоғарылату және сол үшін өндіру технологиялық процестерін жетілдіру болып табылады. Оның тиімді жолдары өндірістерді шоғырландыру, өндірістің барлық салаларын механикаландыру және автоматтандыру, белгілі бір өндіріс орнында өндірілетін өсімдік майларының сапасын жақсарту жолдарын қарастыру және еңбек өнімділігін арттыру жұмыстары болып келеді.

Осы мақсатта сапа аймағындағы басшылықтың саясаты майлы дақылдардан майды мүмкіншілігінше жоғары мөлшерде бөліп алу болып отыр. Сол үшін май өндірісіне жаңа әдіс – экстракциялы әдіс енгізілуде. Мұнда майды бөліп алу үшін механикалық қысым емес, керісінше органикалық ерітінділер қолданылады. Бұлар майды жақсы ерітеді. Экстракциялы әдіс майды бөліп алу кезінде өте тиімді, яғни 99%-ға жетеді. Сондай-ақ экстракциялық әдістің көмегіменен майлылығы төмен материалдардан да майды көп алуға болады.

Экстракциялы әдіс кезінде қолданылатын ерітінділер химиялық тұрғыдан таза емес, сондықтан да олардың қайнау температурасы 12-15ºС. мысалы, ТУ 38101303-72 А маркалы экстракциялы бензин 63ºС-та қайнаса, ал Б маркалы экстракциялы бензин 70-85ºС-та толық қайнайды.

Май өндірісінде өндірілетін өсімдік майының сапасына талдау жасалып, сапасын арттыру барысында ұсыныстар жасалынды. Яғни, жоғары сапалы май алу үшін төмендегі әсер ететін факторлар сақталуы керек: Ылғалдау температурасы – 60ºС, ылғалдылық 8-9%, қуыру температурасы – 100ºС, ылғалдылық 5-6%. Міне, осы ұсыныстарды өндіріске енгізу нәтижелерінде майдың сапасы жоғарылап, сақтау мерзімі ұзарады.



Май өндіретін бөлімдерде атқарылатын процестерге талдау жасалды. Оның тиімді жолдары өндірістерді шоғырландыру, өндірістің барлық салаларын механикаландыру және автоматтандыру, белгілі бір өндіріс орнында өндірілетін өсімдік майларының сапасын жақсарту жолдарын қарастыру және еңбек өнімділігін арттыру жұмыстары болып келеді.

Өсімдік майын өндіру процесі кезіндегі технологиялық бақылау шикізаттың орташа сапасы, қосымша материалдар, дайын өнімдер мен зауыттың әр кезеңдеріндегі шыққан қалдықтар туралы мәліметтер алып тұруға негізделген. Бұл мәліметтер арнайы сынамаларды талдаудан өткізу барысында алынады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет