Әож 37. 013. 41/. 77 ТӘрбиенің жеке тұЛҒа дамуындағы мәНІ



жүктеу 76.6 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі76.6 Kb.

ӘОЖ 37.013.41/.77
ТӘРБИЕНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ МӘНІ

Магистр А.С. Берденова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз

Мақалада тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады.

Түйінді сөздер: руханилық сана, макро орта, әлеуметтік-экономикалық бағыт, тұлғаны қалыптастыру, ұлттық құндылық.
Дүниеге келген әрбір адамға рухани байлық, жауапкершілік сезім, өміршендік, ата-ананың, халқының адал перзенті болу, оның алдында борыштылық, барлығы да ақыл-ой мен парасатқа байланысты. ІV ғасырда шыққан Англияның атақты оқымыстысы Джонн Локк: “Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде” - деген.

Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамның саналы әрекеті. Олай болса, адамға берілетін тәрбиенің түрлі болуы қоғамның сипатына байланысты. Ұлы ғұлама Әл-Фараби адамшылық қасиеттер туралы былай дейді: “Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекетімізден абзалдық табамыз, ізгілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады”.

Рухани - имандылық тәрбиесі кең ұғым: сенім, парасат, білім қуу, әдеп, ар -абырой, нысап, қанағат, шүкіршілік ету, тәубаға келу, әділдік, аманатқа қиянат жасамау, сабырлылық, т.б. Ата-бабаларымыз мұның бәріне көңіл бөле білген. Қожа Ахмет Иасауидің оғыз-қыпшақ тіліндегі толық нұсқасы 1878 жылы Қазан қаласында басылып шыққан “Диуани Хикмет” (Даналық кітабы) атты көпшілік бұқара халыққа түсінікті қарапайым тілмен жазылған шығармасында да тәлімдік мәселелер баршы-лық. Онда діни-сопылық қағидалармен қатар бұл дүниелік жәйттер, оқып білім алу, имандылық, ақыл-парасатқа жету, іс-әрекетте шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды айыра білу, достық пен махаббатты қастерлеу, азды қанағат тұту, кемтар-ғаріп адамдарға қамқор болу, әділеттілік таныту, адал жолмен жүріп-тұру секілді жалпы адамгершілік нормалар дәріптеледі. Иассауи хикметтерінің имандылық пен адамгершілікті насихаттайтын ақыл-кеңестері қазіргі жастарымыз үшін де пайдалы.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемле-кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялай отырып: «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. ... Бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті» деп атап көрсеткен.

Адамгершілік қасиет отбасындағылардың бірін-бірі қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне ерекше құрмет көрсетуінен көрінбек, осыны ойға қазық, тілге тиек ете отырып, көпті көрген көне Ақтамберді жырау:

Меккені іздеп кетесің,

Меккеге қашан жетесің,

Әзір мекке алдында

Пейіліңмен сыйласаң,

Атаң менен анаңды,



  • деп ата-анаңа көрсеткен сый-құрметтің құдай жолын қуып, меккеге барумен пара-пар деген ой қорытады.

Қазақ ғұламалары мен ақын-жыраулары қазақ халқына дархан қонақжайлы-лық, үлкенді құрметтеу, ағайын-туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәжге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке,кішіпейілділікке тәрбиелеудегі ақыл-кеңестері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді.

Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәні, өз тағдырын халықтың тағдыры-мен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкер-шілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау [1]. Жеке тұлғаның дамуына 3 түрлі фактор ерекше әсер етеді: тұқым-қуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие. Тұқымқуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді, ол - адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-эконо-микалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами бейімділіктердің дамымағаны дәлел болады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттердің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы [2]. Микро орта дегеніміз - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы. Ол - адамды әрдайым қоршаған және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғам-дық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттар-мен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеумет-тік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.

Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К.Д.Ушинский жеке тұлға-ның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды”. Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып,олардың ары қарай дамуының амал тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын 3 фактор: тума қасиеттер, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.

Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әрбір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлеуметтік нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.

Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан жаңа ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған.Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне дайындауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы,өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықтық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты эконо-микалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процестер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген [3].

Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процесінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектеп-тегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады. Егер де біз жеке тұлғаны тұтас құрылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де және оқудан тыс жұмыста да шешіледі [4].

Ақын М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесі - деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ,ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”. Әсіресе 20 жылдың ішін-дегі педагогикалық басылымдарды саралап қарасақ, халық педагогикасы, тәрбие мәселесіндегі ұлт аралық қарым-қатынас, ұлттық қолөнері мен ән-күй, би музыка-сының бала тәрбиесіндегі рөлі, халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиелеу ерекшелігі туралы айтылған педагогикалық пікірлерін кездестіреміз.

Ендеше рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның тарихи дамуы арқылы қалып-тасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтармен біте қайнасып, жетілетінін көреміз. Имандылық тәрбиесінің негізі исламда жатыр. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды.

Егеменді еліміздің еркін болашағын тәрбиелеуде оның ұлттық құндылық-тарын, дінін және ділін ескеру қажет. Осы тұста ұлттық тәрбие берудің діңгегі мен қанат жаяр өрісі ислам дінінің қағидаларынан бастау алуы орынды [5]. Ислам мұсыл-мандардан көркем мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерін ұстауды талап ете отырып, ер кісі мен әйелдің арасын алаламады. Діни еңбектердегі өсиет-хадистерде отбасындағы және қоғамдық орындардағы қарым-қатынас ережелері насихаттала отырып, оның бүгінгі мәні де қарастырылады. Мысалы, адамдықтың негізгі көрінісі сәлемдесуден басталатынын: «сәлем беріп кірмеген адамды көзге ілмеуге де болады» деп айтады. Осындай ой-тұжырымдар арқылы діннің адамдықтың бірінші белгісі амандасу деп түсінсек, қоғамның бүгінгі талабы бәсекеге қабілетті маман мен адамның тұлғалық болмысы жоғары мәдениеттілікті қажет етпей ме? Сондай-ақ “Мұсылмандарға былапыт сөйлеуге болмайды” - деп жарасымды мінез-құлық пен тәрбиелі әрекетті насихаттаса, “Перзенттеріңізге ізет-әдеп үйрету керектігін ұмыт-пағайсыз”, - деп ата-аналарға тәрбиелік кеңестер береді. Мұның өзі ислам дінінің негізгі ұстанған бағыты адамзат баласын жарасымды мінез бен іс-әрекетке тәрбиелеу екендігін тағы бір дәлелдей түседі.

Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты дамыған дәстүрлі тәрбиенің құрамдас бөлігі - отбасы тәрбиесінің тәжірибесі. Халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принциптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану жолдарын қарастыру - қазіргі күннің өзекті проблемалары.
Әдебиет
1 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,- Ақжол, 15 желтоқсан 2012.

2 Асылов Ұ. Әдептану. - Алматы: Мектеп баспасы, 2011.

3 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1995.

РОЛЬ ВОСПИТАНИЯ В РАЗВИТИИ ЛИЧНОСТИ

А.С. Берденова

Таразский государственный педагогический институт, Тараз
В статье рассмотрены важнейшие инструменты в воспитании и в знании человека, готовность к общественной жизни и к труду, соблюдение общественных норм и характера, взаимоотношение с людьми, взаимоотношение с социальными институтами.
Ключевые слова: нравственное сознание, макро среда, социально-экономи-ческое направление, создание личности, национальная ценность.

THE ROLE OF EDUCATION IN THE DEVELOPMENT OF PERSONALITY
A.S. Berdenova

Taraz State Pedagogical Institute, Taraz


The article discusses the most important tools in education and human knowledge, willingness to public life and to work, compliance with social norms and character, the relationship with the people, the relationship with social institutions.
Keywords: moral consciousness, macro environment, of socio-economic direction, the creation of individual, national treasure.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest 2014-1
Vest 2014-1 -> Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектері мәселелері
Vest 2014-1 -> Электронды оқыту технологиясының МҮмкіндіктері
Vest 2014-1 -> Текстильным материалам
Vest 2014-1 -> Аса-талас өзендері алабында суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы
Vest 2014-1 -> Қытай және жаһандық басқарудың негізгі мәселелері
Vest 2014-1 -> М. Х. Дулати мұрасы қазақ Ғалымдарының зерттеу нысанында
Vest 2014-1 -> Шайынды суларды тазартуда су өсімдіктерін пайдалану мүмкіндігін зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет