Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі



жүктеу 96.35 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі96.35 Kb.

ӘОЖ 378-1А
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Алиханова Г.Е.
Қазіргі кезде елімізде білімді дамытудың бұрын болмаған жаңа тұрпатты тың жобалары жасалды. Бұл жаңалықтар, негізінен, үш басымдылықты іске асыруға негізделген: білім берудің жаңа сапасы; педагогтың жаңа мәртебесі; білім берудің жаңа әдістері. Бұл атап көрсетілген бағыт түрлерінің қай-қайсысының болмасын қоғамдық әлеуметтік мәні үлкен, перспективалық құндылығы орасан зор. [1]

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін заманауи бетбұрыстарға сәйкестікке бағыттап, тың арналарға жол салудың ғылыми негізі болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен осы бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасалып, біраз нәтижелі істер жолға қойылыпта үлгерді. [2]

Бүгінгі таңда ғылым және білімді дамыту үшін білім беру мекемелерінің көбісі, оның ішінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтыда интерактивті тақта, компьютер, интернет, және фото-видеокамералармен және сандық лабораториялармен және т.б. көптеген мультимедиялық құрылғылармен қазіргі талапқа сай жабдықталған. Көптеген ЖОО-ның оқытушылары, сонымен қатар мектеп мұғалімдеріде интерактивті тақтаның құрылысымен, онымен жұмыс істеу әдістерімен танысып, оның оқу үрдісінде пайдаланылуы білім сферасына үлкен жетістіктер әкелетініне көздері жетіп отыр.

Мақаланы жазудағы мақсат, оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігін анықтау болып табылады.

Қазіргі уақытта интрерактивті тақта (әрі қарай ИТ) бірден-бір қажетті мультимедиялық құрылғылардың біріне айналып отыр. Аталған құрылғының артықшылығын, тиімділігін, тіпті әр сабаққа ауадай қажет екендігін білген мұғалім өз сабағында қолданса, білім беруші де алушыда оқу үрдісінде үлкен жетістіктерге тез жететіні айқын.

Оқу үрдісінде білім сапасын дамыту үшін, интерактивті тақтаны қолдану барысында, оның үлкен артықшылықтары мен мүмкіндіктерін, тиімділігін, сондай-ақ кері әсерін анықтау мақаланың басты міндеті.

Оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудың пайдасы өте жоғары. Оны қолданғанда:


  • білім алушының жеке интеллектуалды дағдысы, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

  • оқытушы білім беру үрдісінде үлкен жетістіктерге, жақсы нәтижелерге тез қол жеткізе алады.

Өйткені интерактивті құрылғыларды, интерактивті тақтаны ойластыра үйлестіру, оқыту үрдісін жандандырудың және білім сапасын жақсартудың әсерлі құралы болып табылады.

ИТ оқыту мен үйретуді әртүрлі бағытта өткізуге мүмкіндік береді:

-Әлеуметтік желілер VK, facebook арқылы, сондай-ақ мынандай оқу сайттары www.padlet, www.dvolver.moviemaker, www.kahoot, сонымен бірге www.Eliademy оқыту платформасын құрып, тапсырмалар беріп, білім алушыны өз бетінше жұмыс істеуге құлшындыруға болады.

- Сабақтың өтуі мен жылдамдығы(темп). ИТ сабақты жоспарлау мен барысын оның темпін жақсартады.

- Білімгердің белсенділігін, қызығушылығын арттыру. ИТ-ны қолдану арқылы білімгерді жігерлендіру артады;

-Презентация, модельдер жасау және оны демонстрациялау: қажет бағдарлама мен қорды интерактивті тақтамен өзара үйлесімді қолдану жаңа сабақты түсінуді жақсартады.


Мұғалім үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:

  • Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады,құзыреттіліктерін арттырады;

  • Мұғалімге жаңа материалды визуалды түсіндіруге мүмкіндік береді;

  • Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

  • Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді.

  • Үлгерімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттыра алады;

  • Сабақты визуалды, дыбысты жасауға көмектеседі;

  • Білімгердің білімін тексере алу мүмкіндігіне ие бола алады;

  • Уақыт үнемдейді;

Білім алушы үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:

  • Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;

  • Ұжымдық (топтық) жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді;

  • Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.

  • Білім алушы, тіпті үлгермейтін, сабаққа келмейтін, қабілеті нашар, ынтасы нашар білімгерлерде шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және өздеріне деген сенімі арта түседі. (білімгер саусақтың ұшымен тез, еш қиындықсыз ИТ-ғы мәліметке қолын тигізе алады, үлкен объектілерді, түрлі-түсті кескіндерді, диаграммаларды тақтадан көріп, ары-бері оңай жылжыта алады, сурет салады, ой-өрістерін дамыту мүмкіндігіне ие болады т.б.)

  • Білім алушы өз білімін тексере алады;

  • Бір сабақта көру, есту, жазу мен оқу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие бола алады;

  • Басқа елдердің тарихы мен мәденитімен танысу үшін ИТ арқылы өзге елдерге интерактивті саяхат жасай алады.[3]

Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктерінің бірі сабақты көп жіберетін білімгердің белсенділігімен шығармашылығы артады. Оқуға ықыласы жоқ, оқығысы келмейтін оқушы үшін интерактивті тақта таптырмайтын құрал. Басқа ешқандай құрылғы мұндай мүмкіндіктер бере алмайды. Компьютердің кішкентай мониторы арқылы ондай мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкін емес.

Интерактивті тақтаның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- сабақта презентация, слайд жасауға мүмкіндік береді;

- интернет желісін пайдалануға мүмкіндік береді;

- сабақты жоспарлау мен өту барысы, жылдамдығы артады;

- білімгердің білімге деген қызығушылығы, мотивациясы жақсарады;

- түрлі-түсті айқын, ұқыпты әртүрлі кескіндер, объектілер мен диаграммаларды үлкен экраннан көріп оларды маркермен, немесе саусақпен ары – бері жылжытуға болады;

- бір емес бірнеше терезелерді бір мезгілде ашуға мүмкіндік береді;

- өткен сабақ материалдарын сақтап, оны қайта пайдалануға болады;


- топпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

- ақпаратты әсерлі және динамикалы түрде береді;

- оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді;

- білімгердің шығармашылығы мен ой-өрісінің дамуына және өзіне деген сенімдері арта түседі;

- мүмкіндігі шектеулі білім алушыға да қолайлы; (клавиатура пайдаланбайды);

- тақырыпқа байланысты әртүрлі суреттерді қолдану мүміндіктері;

- уақытты үнемдейді, конспект жазбайды. Файлды (материалдардың көшірмесін) сабақтың соңында білімгер үйіне алып кете алады;

- материалды, ақпаратты әсерлі, түсінікті, әртүрлі жеткізудің артуы

Дегенмен, интерактивті тақтаның төмендегідей тиімсіз жақтары да бар:

-интерактивті тақта жай стандартты тақтаға қарағанда өте қымбат;

-көптеген оқытушылардың компьютермен жұмыс жасау біліктіліктері төмен;

-санитарлық нормаларды сақтау үшін, сабақта интерактивті тақтамен жұмыс істеу уақыты шектеулі.

Мультимедия - проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған тура қарауға болмайды.

- видеопроектордан шум және жағымсыз химиялық иіс шығады;

- денсаулыққа кері әсері бар, көзді шаршатады

- ИТ-ны сабақта ұдайы қолдану уақыт өте келе, оқытушыныңда, білімгердіңде көлемі үлкен мәліметтерді қабылдауы қиынға түсуі мүмкін.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудағы мамандар интерактивті тақтаның адам денсаулығына зиянын зерттеп, көптеген мақалалар жазған. Олардың ойынша, ИТ-ның зиянынан проектордың денсаулыққа кері әсері басымырақ. ИТ-ның қауіпсіздігін Республикалық санэпидстанциядан гигиеналық растайтын құжат алу керек. Сондай-ақ, Қазақстандада тақтаны жеткізушіден (поставщик) тек қана анықтама сұрап қоймай, кеденнен экспертизадан өткені туралы, алған заттың қауіпсіздігі жайлы қорытынды анықтама сұрау қажет. [8]

Мұндай құрылғылардың тек қана пайдалы емес, сонымен қатар, қауіпсіз болғаны да шарт.



Кез-келген электронды құрылғының денсаулыққа кері әсері бар екені анық. Сондықтан барлық мультимедиялық интерактивті құрылғыларға қойылатын талаптар бар. Соның ішінде, интерактивті тақталарға қойылатын талаптар:

  • тақтаның сапасына көңіл аудару қажет;

  • сатып алар кезде сертификат пен экспертизадан өткендігі туралы құжаттарды талап ету керек;

  • тақтаны, проекторды дұрыс орналастыру керек;

  • оқытушының тақтаға дайындаған материалдары, ақпараттары талапқа сай жасалу керек;

  • қауіпсіздігіне;

  • желіге және иетернетке қосылуын тексеру.[4;5]

Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алатыны сөзсіз.

Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттың тым өте көптігіне орай, өзінің өміріне керегін ғана алу үшін, білім сапасын көтерудің бірден бір жолы жаңашыл әдістерді интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану болып есептеледі. Демек, интерактивті тақтаның қажеттілігі күннен-күнге артуда.



Интерактивті тақтаның маңыздылығы:

- Білім сапасын модернизациялауда;

- Жаңа интерактивті әдістерді қолдануда;

- Білім алушының қызығушылығын, ынтасын арттыруда;

- Мәліметтерді жинақтап, қажеттісін беруде;

- Комуникативтік қарым-қатынас жасауда;

- Жан-жақты білім алып, білімгердің құзыреттілігін күшейтуде;

- Ой-өріс пен шығармашылық қасиеттердің дамуында. [5;6]

Қазіргі заманғы ақпараттық коммуникативтік технологиялар әрбір оқытушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Демек, мультимедиялық құрылғының мұғалім үшін де, білім алушы үшін де артықшылығы жоғары, оның білім сапасын жақсартуда, беретін мүмкіндіктерінің шексіз екендігін анықтай келе, қазіргі уақытта оқу үрдісінде мультимедиялық құрылғыларды, оның ішінде интерактивті тақтаны қолданудың қажеттілігі өте зор екені айқындалып отыр.

Қорыта айтсақ, жаңашылдық пен өзгерісті, шапшаңдық пен ізденуді талап ететін қазіргі білім кеңістігінде, заманауи ақпараттық технологияларымен қарулану, – кез-келген мұғалімнің басты міндетіне айналып отыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қазақ ұстазы» педагогикалық ғылыми-инновациялық ізденістерге арналған республикалық журналы. Алматы, 2014 № 1(1).7-10бб.

2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.

3. Х.Касымова п.ғ.к. Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктері. Орал, 2013

4. Мусалимов Т. Компьютерные технологии обучения и автоматизированные обучающие системы. «Ұлағат» ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым 6/2010, 13Б.

5. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его

закономерные основы и методы: учеб.-метод. пособие. - М.: Высшая школа,

2003. - 368 с.

6. Шехтман, А. Интерактивные доски: теория и практика. 2010

7. Отарова П. Как использовать интерактивную доску? 2010,45б.

8. Дьяченко Лариса Григорьевна. Диссер. Жұм. « Мультимедийные технологии как средство совершенствования профессиональной подготовки инженеров-экологов :на примере дисциплины "Науки о Земле"» Ульяновск, 2009



Аннотация

Необходимость использования мультимединых устройств в учебном процессе

Вступая в мир образования в эпоху глобализации, необходимо повысить качество образования. В настоящее время, содержание образования и требования изменились. Теперь использование инновационных технологий необходимо во всех образовательных учебных заведений.

В связи с этим, в настоящее время мы имеем большую потребность в интерактивной доске для повышения качества образования. Актуальность данной темы в целях повышения качества образования заключается в повышении важности использования интерактивной доски.

В статье описываются возможности и особенности интерактивной доски и требования к интерактивной доске.

Annotation

The necessity of use of the multimedia device in the teaching process

Entrance into the world of education in the era of globalization is necessary to improve the quality of education. Currently, the content of education and the requirements have changed. Now the use of innovative technologies is necessary in all educational institutions.

          In connection with this, now we have a great need to improve the quality of education of interactive whiteboards. The aim of this article is in order to improve the quality of education in raising the importance of using interactive whiteboards.

          At the moment, a great need for the interactive whiteboard in improving the quality of education. This article describes the capabilities and features of the interactive whiteboard and the requirements to the interactive whiteboard.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары
publications -> Көркем шығармадағы тарихи тұлғаның ұлттық құндылық ретінде зерделенуі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет