Астанада шулы видеодағы қызға шабуыл жасады деген күдікті Абай облысында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

"Алынған ақпарат бойынша Абай облыстық ДП жеке құрамына тапсырма берілді. Сағат 6.30 шамасында Семей қаласына кіре берістегі "Ертіс" бекетінің қызметкерлері күдікті жолаушы болған "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, жақын арада астаналық әріптестерімізге тапсырылады", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, 12 ақпан күні Астанада белгісіз ер адамның көшеде кетіп жатқан қызға шабуыл жасағаны түсірілген видео пайда болды. Оқиға "Ұлан" тұрғын үй кешенінің маңында болған. Кадрлардан ер адамның қызды жақын жерде тұрған көліктің жанына сүйреп апарғанын байқауға болады. Қыз қатты айқайлағанымен, ешкім көмекке келмеген.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.