Әож 47. МҰрагерлік бойынша мұраны қабылдап алудың ТӘртібін анықтау мәселелері



жүктеу 54.74 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі54.74 Kb.

ӘОЖ 347.6
МҰРАГЕРЛІК БОЙЫНША МҰРАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫҢ ТӘРТІБІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Махан Т.У., Әметова Ф.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқық екі негізде жүзеге асырылады. Олар өсиет бойынша мұрагерлік және заңды мұрагерлік. Заңды мұрагерлік өсиет қалдырмаса не өсиет жарамсыз деп танылса және заңда көрсетілген өзгеше де жағдайларда, мәселен өсиеттің заңды күші жойылғанда орын алады. Заңды мұрагерлік бойынша кезек тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексте белгіленген. Нақтылай түссек, осы кодекстің 1060-1067-баптарына сәйкес, заң бойынша мұрагерлік кезек тәртібімен шақырылады. Ал кезек тәртібі бойынша мұрагерлік үлеске мұра қалдырушының жақын туыстары ғана ие бола алады. Жалпы, мұра қалдырушының құқығы мен міндеті заңда көрсетілген тәртіп және шарт бойынша ауысады. Егер өсиет қалдырылған жағдайда мұрагерлер арасындағы құқықтар мен міндеттерді үлестіру, сондай-ақ мұрагерді қосымша тағайындау өсиет қалдырушының өз ықтиярымен реттеледі. Ал заң бойынша мұрагерлік азамат өсиет жазбай қайтыс болған, сонымен қатар өсиет заңға сәйкес талаптармен жасалмаған жағдайда жүзеге асады.

Сондай-ақ, өсиетте мүліктің жартысы ғана көрсетілсе, мүліктің өсиет етілмеген бөлігі заң бойынша үлестіріледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстінің 1039-бабы 2-бөліміне сәйкес өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның айқындалмаған кезде және заңда белгілен өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Ескеретін мәселе, заң бойынша мұрагерлікті анықтау кезінде асырап алған бала мен оның ұрпақтары және асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстары деп есептеледі. Заң бойынша мұрагерлер өзінен алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған,оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, Азаматтық Кодекстің 1074-бабы 5-бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда мұрагерлік құқығына ие бола алады. Азаматтық Кодекстің заң бойынша мұрагерді мұрагерлікке шақырудың кезектілігі туралы жэне олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы ережелері мүдделі мұрагерлердің мұра ашылғаннан кейін жасалған әрі нотариат куәландырылған келісімімен өзгертілуі мүмкін. Алайда, мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердің, сондай-ақ міндетті үлеске құқығы бар мұрагерліктің құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс (ҚР АК-1060-бабы). Айтылғанды жинақтай келе, заңды мұрагерліктің келесі жағдайларда пайда болатынын анықтауға болады:

1. Өсиет қалдырушының өсиет қалдырмауынан немесе өсиеттің жоқ болуы салдарынан.

2. Мұрагер өсиетте көрсетілген мұрадан бас тартса немесе қабылдамаса.

3. Өсиет бойынша мұрагер мұрагерліктен шеттетілсе, яғни ол лайықсыз мұрагер деп танылса.

4. Өсиетте мүліктің бір бөлігі ғана өсиет етілсе.

5. Өсиет ішінара немесе толығымен дұрыс болмаса.

6. Мұра қалдырушы өсиет қалдырмаса бұрын мұрагері қайтыс болса.

1995жылы 30-тамызында ҚР Конституциясы қабылданды, сол жерде біз қарастырып отырған меншік және мұрагерлік туралы сұрақтар көрініс табады. Сонымен, негізгі заңның 23 бабына сәйкес ҚР азаматтары заңды түрде алынған кез-келген мүлікті жеке меншік ете алады. Бұдан мемлекетімізде азаматтардың меншік құқығы некелерінің кезектерінен байқауға болады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

- өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Жылжымайтын мүлікке байланысты меншік иелерінің құқығын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мемлекеттік тіркеу. Сондықтан, әркім құқығын өз уақытында әрі дұрыс ресімдеуі өте маңызды.

Заң фактісі басталғаннан бастап алты ай ішінде жылжымайтын мүлікке міндетті мемлекеттік тіркеу азаматтар мүддесіне және құқығына кепіл беруге мүмкіндік береді. Азаматтық кодекстің 118-бабының талаптарына сәйкес, жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мен басқа да құқықтар мемлекеттік тіркеу жүргізілген сәттен басталады.

Иесі бар мүліктің меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе мүлікті бөлісу негізінде иеленбеуі мүмкін. Ал, заңда меншік құқығының өсиет арқылы мұрагерлік немесе заң шеңберінде ауысуы да қаралған.

Мұрагерлік дегеніміз қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаға (тұлғаларға), мұрагерге (мұрагерлерге) өтуі. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа тұлғаларға құқықтық мирасқорлық шарттарына сәйкес біртұтас және бір мезгілде өтеді. Мысалы, көп жағдайда мүлікті мұраға алған мұрагерлер өздерінің құқықтарын қалай ресімдеу керектігін біле бермейді. Сондықтан, осы төңіректе аз-кем түсінік бере кетсек. Өсиет арқылы мұрагерлікті немесе заң жүзінде меншік құқығының ауысуын тіркеу үшін тіркеу органына құқық белгілеуші құжат ретінде мұрагер мұргерлікке құқығы туралы анықтаманы ұсынады.

Мұра қалдырушы өсиетінде әр мұрагерге берілетін мүлікті көрсетпеген, мұрагерлер арасында келісім немесе сотта мүлік бөлісі туралы шешім болмаған жағдайда меншік құқығы мұрагерлерге жалпы үлес құқығында, ал, заң актілерімен белгіленсе, бірлескен меншік құқығында тіркеледі. Мұрагерлік жолмен жасалған жылжымайтын мүлік объектісінің бөлігіне әрбір мұрагердің жекеменшігін тіркеу жылжымайтын мүлік бөлінгеннен кейін жүзеге асады.

Мұрагерлік құқықты тіркеу тіркеуші органда мұра қалдырушының басқа құжаттары (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарты және т.б.) болмаған жағдайда іске асады. Егер тіркеуші органда мұрагерлікке құқықтық тіркеу туралы өтініш берілген кезде меншікке қойылатын (банкротқа ұшырау процедурасында қойылатын тыйым салу, ауыртпалық) ауыртпалықты тіркеу туралы өтініш болса, мұрагерге құқықтық тіркеу жалпы тәртіпте жүргізіледі. Өйткені, ондай ауыртпалықтар мұрагерге мұра қалдырушының міндеттерінің ауысуымен өтеді.

Сонымен қатар, қарапайым халық арасында мұра қалдырушының жылжымайтын мүлікке құқығы құқықтық кадастрде тіркелмеген, тіркеусіз құқық туындады деп саналмаған жағдайда не істеу керектігі жайында сұрақтар жиі кездеседі. Егер мұра қалдырушының мүлік құжаттары ресімделмеген немесе ресімдеуде болса, нотариус Азаматтық кодекстің 1040-бабына сәйкес, мұрагерге меншік құқығын тіркеу үшін тіркеу органына жүгінуге, құрылысты пайдалануға тапсыруға, уәкілетті органға жер учаскесі актісін, басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алуға құқық туралы куәлік береді.

Бұл құжаттар мұра қалдырушының құқығын тіркеуге жүгінуге негіз бола алады. Алайда, мұрагерлердің құқық белгілеуші құжаты болып саналмайды. Бұл құжат мұрагерлік іс ашылғаннан кейін алты ай мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта беріледі. Куәлік сіздің пәтерге деген меншік құқығыңызды әділет органдарына тіркеу үшін қажет. Тіркеу үшін құжаттарды тапсыру жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.


Әдебиет


  1. Гражданское право. Словарь-справочник. – М., 1996. – 575 б.

  2. Власов Ю.Н. Наследственное право: учеб. пособие / Ю.Н. Власов, В.В. Калинин. 3-е изд., стереотип. – М.: Омега Л., 2007. – 160 с.

  3. Ильясова С.М. Заң бойынша мұрагерлік: белгілері, түсінігі мен маңызы. // Д.А. Қонаев атындағы Университетінің хабаршысы . №3 (28). 83-85 бб.

  4. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права (по изд. 1907 г.). В серии «Классика российской цивилистики». М.: СПАРК, 1995. 680 б.

  5. Азаматтық құқық. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-ші басылымы. / Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет