Әож 47. ҚР мұрагерлік қҰҚЫҒын конституциялық-ҚҰҚЫҚТЫҚ реттеу негіздері



жүктеу 107.15 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі107.15 Kb.

ӘОЖ 347.6
ҚР МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Махан Т.У.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.


Қазіргі кезде жеке меншік ұғымының қайта түлеуі, жылжыйтын, жылжымайтын мүлік көздерінің көбеюі мұрагерлік институтына оң көзбен қарап, ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Бұл жерде қазақ қоғамды ертеден қалыптасқан үйленген ұлға енші беру, ұзатылған қызды жасаумен беріп, «Қара шаңырақта» отағасы орнын кенже баласы басып, нәтижесінде, мұра мен мұрагерлік институттары өзге халықтардағыдай жете дамымағандығын, алайда лауазымдық орындарда мұра мен мұрагерлік жақсы сақталғанын назардан тыс қалдыру мүмкін емес.

Қазақстанның құқық жүйесінде мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың маңызды бір бөлімі ретінде бекітілген. Бірақ, дегенмен мұрагерлік мәселесіне атап айтатын болсақ, өсиет бойынша мұрагерлік әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мұрагерлік құқықтық мирасқорлық әмбебап қағидасы мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы еркін білдіреді.

Мұрагер қайтыс болған азаматтың мүлкін қабылдап алатын тұлға болып саналады. Заңды мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын өсиет белгілейді.Мұрагерліктің құқықтық мирасқорлық әмбебаптағы, мұра берушінің мұрагері тек оның құқық мирасқоры ретінде емес, оның міндеттерін орындаушы деп көрсетеді. Өсиеттің еркін қағидасы адамгершілік принцип пен диспозитивті азаматтық-құқықты реттеу қағидасы сияқты азаматтық құқық принциптеріне тән нақты мәні болып саналады. Бұл мұра қалдырушының еркін білдіреді, ол мұраға өз бойынша билік етуі және мүлдем билік етуі де мүмкін. Ол өз мұрасын азаматтық құқықтың кез-келген субъектісіне қалдыра алады, өз бетінше мұрасын мұрагерлерге бөліп беріп және мұрагелерінің барлығын немесе бірнешеуін мұрасыз қалдыра алады, ерекше өсиет өкімдерін қуаттай алады.

Өсиеттің еркін приципі мұра қалдырушының өсиет жасау кезіндегі еркін білдіреді, оған ешкім қысым көрсетуге құқығы жоқ, оның әлсіздігін пайдаланып, оған және оның жақындарына келтіріледі деп қорқытуға болмайды. Сонау кеңестік жылдардағы мұрагерлік мәселесі өз заманына тәуелді болып, одан әрі дамып, жетілуін тежелеген салалардың бірі болатын. Осындай кезеңдерді басынан өткерген тәуелсіз Қазақстан зандарында мұрагерлік мәселесі өзіне лайықты орын алды деп есептеуге болады. Қазақстанның құқық жүйесінде мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың маңызды бір бөлімі ретінде бекітілген. Бірақ, дегенмен мұрагерлік мәселесіне атап айтатын болсақ, өсиет бойынша мұрагерлік әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Болашақта бұл мәселені одан әрі дамытып, жетілдіру үшін заңдарда, яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мұрагерлік құқық бөліміне әлі де толықтырулар енгізу керек деп есептеймін.

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға немесе адамдарға - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер АК-тің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі (ҚР АК, 1038-бап).

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ АК-те белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады (1039-бап). Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін (ҚР АК, 1040-бап).

Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімгеенгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін (ҚР АК, 1047-бап). Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Мыналар:



  • нотариатта куәландырылған өсиеттер;

  • нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.

Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет (ҚР АК, 1050-бап). Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкін (1051-бап).

Өсиет қалдырушы, 1052 баптың 1-тармағында көзделген өсиеттерге, өсиетке өзі де қол қоятын куәнің қатысуымен қол қоюға тиіс. 1052 баптың 1-тармағында келтірілген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттің бір данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге міндетті. Өсиеттің нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердің өзгелеріне тиісінше Азаматтық Кодекстің 1051-бабының ережелері қолданылады (ҚР АК, 1052-бап).

Өсиет қалдырушы өзі жасаған өсиеттің кез келген уақытта күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.

Өсиеттің күші:



  • нотариат кеңесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің толық күшін жою туралы өтініш беру;

  • жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкін.

Өсиет:

  • нотариат кеңесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы өтініш беру;

  • бұрын жасалған өсиетті бөліктері бойынша өзгертетін жаңаөсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.

Бұрын жасалып, кейінгі өсиет арқылы толық немесе ішінара күші жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегінде соңғысының күшін жойса немесе өзгертсе, қалпына келтірілмейді (1053-бап).

Нотариустың, өсиетті куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күші жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ ( 1054-бап).

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік АзаматтықКодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі [1].

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:



  1. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

  2. өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

  3. алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

  4. зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

  5. мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдык емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін [2].

Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортак, мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құнына қатысты ашылады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін, көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ [3].

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді. Осы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады. Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске кұқығы бар мұрагерлерге де колданылады.

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.

Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады [4].

Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы.

Мұрагерлікке таласушылар көп болған жағдайда мынандай кезек бойынша мүлікке ие бола алады. Бірінші кезекте – балалары, соның ішінде әкесі өлгеннен кейін туған балалары, зайыбы немесе жұбайы және әке-шешесі. Егер мұндай ет жақындары болмаған жағдайда екінші кезекпен әкесі немесе шешелері бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары, сондай-ақ екі жақтың да аталары мен әжелері мұрагерлікке таласа алады.

Одан кейін нағашы-жиендер, әкесінің немесе шешесінің бауырлары мирасқа ие болуға құқылы. Бұдан кейін алыс ағайындар, олардың немере, шөберелері мұрагер болуға лайық. Егер мұрагер болуға құқылы адамдар бірінен кейін бірі, бір күнде қайтыс болса, олар «бір мезгілде қайтыс болған» деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да, олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мұрагерлік кезінде асырап алынған бала, асырап алушы мен оның туыстары заң бойынша қандас туыстарға теңестіріледі.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот әрбір жағдайларды жеке сараптап, шешім шығарады. Алайда, заң бойынша мұрадан дәме етпейтін адамдар бар. Мәселен, асырап алынған балалардың ұрпақтары, оның туған ата-анасы, басқа да қандас туыстары ол қайтыс болғаннан кейін де заң бойынша мұрагер бола алмайды.

Мұра қалдырушыны немесе мұраға ие болып табылатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың қалдырған өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Сондай-ақ, ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың заң бойынша мұраны иеленуге құқығы жоқ.

Егер мұрагерлікке құқығы жоқ немесе мұрагерліктен шеттетілген адам мұраның құрамынан мүлікті негізсіз алған болса, оны қайтаруға міндетті. Ал мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндетті.

Қорыта келгенде, қазіргі кезде мұрагерлік құқықтық қатынастардың ғылым саласында ерекше орын алады. Соңғы жылдары мұрагерлік құқықтың ролі жылдан-жылға артып келеді. Мұрагерлік құқық негізінен меншік құқығымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» делінген. Меншік, яғни, мүліктердің заң талабына сай мұрагерлік жолмен берілетіні айдан анық.

Қазақстан заңнамаларында өсиеттің нотариалдық нысанда жасалуы және оның жекеше және мемлекеттік нотариалдық кеңселерде, олардың тұрғылықты жеріне байланысты емес жерлерде куәландырылуы және айтылған екі нысанның бірдей танылып және бірдей қорғалатындығын да атап өткен дұрыс. Бұндай мәселелердің заңнамаларда өмір ағымына және заман талабына сәйкес дамып, жетіліп отыруы керек.

Мұрагерлік институты басқа да кез келген азаматтық құқықтың бөлігі болғандықтан, осы мәселе төңірегінде туындаған әрбір мәселелер құқықтың қайнар көздерімен қатар, яғни, нормативтік құқықтық актілермен қоса, негізгі және қосымша әдебиеттерді, заң тәжірибесіндегі материалдарды қолдану арқылы тақырып көлемінде туындаған мәселелерді шешуге негіз бола алады. Кей жағдайларда мұрагерлікке байланысты істер сот тәжірибесінде кейбір қиындықтар тууы мүмкін, әсіресе, мұраны бөлу, мұрадағы мүліктерге міндетті үлес құқығында және өсиеттің жарамсыз болуы салдарынан даулар туындауы мүмкін. Ал, бұл мәселелер өз кезегінде шешімін табуда қиындықтар тудырады. Осы уақытқа дейін небір соқтықпалы кезеңдерден өткен Қазақстан өзінің егемендігін алғалы бері құқық жүйесі бірнеше өзгерістерге ұшыраған болатын. Соның ішінде, елімізде бірнеше даулы болып келген мәселелері өз шешімін тауып жатыр. Бірақ, дегенмен мұрагерлік мәселесі әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Болашақта бұл мәселені одан әрі дамытып, жетілдіру үшін заңдарда, яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мұрагерлік құқық бөліміне әлі де толықтырулар енгізу керек.


Әдебиет


  1. А. Смағұлова. Мұрагерлік институттың қоғамдағы ролі// Заң. -2002. № 11. -56 б.

  2. А. Смағұлова. Мұрагерлік институттың кеңестік дәуірдегі көрінісі// Заң. 2003. -№9. -72 б.

  3. Г. Алиева. Мұрагерлік құқықтың кейбір тарихи қырлары// Заң -2007. -№2. -26 б.

  4. А. Түркпенова. Мұрагерлік құқықты рәсімдеу тәртібі// Заң газеті. -2004. №381.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 20let
konf 2015 20let -> Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері Ернишев Қ. А
konf 2015 20let -> ӘОЖ343. 985 Ата заң ел тірегі
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасы конституциясының жастарды гуманистік идея бойынша тәрбиелеудегі мән-маңызы
konf 2015 20let -> Қазақ даласындағЫ Әділ сот жүйесінің алтын ғасыры және оның ерекшеліктері берікқожа С.Қ
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасының конституциясы ұлттар теңдігінің кепілі ретінде
konf 2015 20let -> Әож 342 (547) конституциямен белгіленген сот билігінің мақсаты қазақстан халқына адал қызмет ету
konf 2015 20let -> Әож 342 (574) адамның Өмір сүруге деген конституциялық ҚҰҚЫҒы мен қылмыстық кодекстегі өлім жазасының арақатынасы
konf 2015 20let -> Әож 342. 7: 17 Қр конституциясы мемлекет және қОҒамның негізгі заңЫ
konf 2015 20let -> Қазақстан конституциясы және оның халықаралық ҚҰҚЫҚпен арақатынасындағы ерекшеліктері ахмет Шимчек
konf 2015 20let -> Әож 42. Конституция тәуелсіздік пен тұРАҚтылықТЫҢ басты тірегі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет