Әож 51. 482. Аса өзені мысалында бөгетсіз суалу тораптарын жобалау мәселелері



жүктеу 94.71 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі94.71 Kb.

ӘОЖ 551.482.2
АСА ӨЗЕНІ МЫСАЛЫНДА БӨГЕТСІЗ СУАЛУ ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оразбек А., Құдайбергенова Г., Абдирова И.М.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Суалу құрылымдары су көздерінен суды алу және каналдарға немесе су арналарына суды беру, соңынан суландыру, суару, су күші және басқа жүйелерге тасымалдау мақсатында тұрғызылады. Бұл құрылымдарды су шаруашылығы жүйелерінің бас жақтарында тұрғызатындықтан, оларды кейде бастоғандар деп те атайды. Бас құрылымдарды әдетте басқа гидротехникалық құрылымдармен біріктіріп тұрғызады және осы құрылымдардың жалпы кешені - бастоғанды су алу тораптары деп аталады. Жалпы жағдайларда бастоғанды су торабының құрамына келесі элементтер кіреді: бөгет, жоғарғы және төменгі бьефтерде арнаны реттеуші құрылымдар; су қабылдау құрылымдары; су жіберу құрылымдары; тасындыларды шаю құрылымдары; анжыр тастау құрылғылары және т.б.[1-5].

Бас гидротехникалық құрылымдар торабы құрамына арнаны бөгейтін және өзеннің деңгейін тиісті биіктікке дейін көтеретін су көтеру бөгеті енетін болса, онда бастоғандар бөгетті су алу торабы деп атайды. Бөгетті бастоғандар бөгетсіз су алу тораптарынан сенімді болып келеді. Олар мүмкіндік береді: кез-келген жағдайда каналға суды үздіксіз беріп отыруды қамтамасыз етеді және су алу коэффициентін көтереді; нысанға басшылық жасау деңгейін көтереді және сонысымен магистрал каналдың бос бөлігінің ұзындығын қысқартады; түпкі тасындылармен, мұзқатқақпен және жүзбе заттармен табысты күресуге және бір тұстамада екі жақты су алуды іске асыруға мүмкіндік береді және т.б.

Көп мөлшерде тасындылар ағатын өзендердегі бөгетті су алу тораптарында, түпкі тасындылармен күресуге ерекше көңіл бөлінеді, олар су алу құрылғыларынан әртүрлі тәсілдермен бұрып әкетіледі.

Таулы өзендерде қолданылатын су алу тораптары алуан түрлі болып келеді. Оларды топтастыруға мүмкіндік беретін маңызды белгілерге мыналар жатады: бөгет тұстамасының биіктік орналасу жағдайы, өзеннен су алу тәсілі, тасынды реттеу құрылғысының типінің су қабылдағышы мен бөгетінің конструкциясы. Соңғы белгісі негізгі болып саналады, себебі барлық су алу тораптары бір-бірінен, су қабылдағыштан түпкі тасындыларды алып кету тәсіліне байланысты шаралар кешенімен ерекшеленеді.

Диссертациялық жұмыстарымыздың тақырыбы бойынша ғылыми жетекші басшылығымен Аса өзені бойында орналасқан гидротехникалық құрылымдарға шолу жасап, бақылау жүргіздік. Су алу торабын дұрыс түсіну үшін, олардың қалай қолданылатынын білу мақсатында Аса су алу торабына бардық. Аса су алу торабы қаланың сыртындағы саяжайлар маңында тау етегінде орналасқан (сурет 1).

Аса өзенінің алабы Теріс және Күркүреусу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Алап ауданы 9,900 км2 құрайды. Аса өзенінің жалпы ұзындығы – 552 шақырым. Аса өзені алабының жеке бөліктері, Қырғызстан және Қазақстан Республикаларының құрамына кіреді. Қырғызстан республикасының аумағына, Қаратау жотасының солтүстік-шығыс баурайында пайда болатын өзендерден басқа, Аса өзенінің пайда болатын жерінің бүкіл таулы бөлігі кіреді. Ағынның таралуы және салыстырмалы тегіс жерінде орналасқан Аса өзенінің төменгі ағысының негізгі бөлігі Қазақстан аумағында жатыр.

Аса өзенінің алабы үлкен су шаруашылық маңызы бар, өйткені ауданның негізгі су көздерінің бірі болып табылады. Алаптың негізгі өзендерінің ағыны және көлдердегі сулардың қоры балық және ауыл шаруашылық салаларын дамытуға қалыпты жағдай жасайды.

Сурет 1. Аса өзеніндегі су алу торабы
Аса өзені алабының ағыны Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы арқылы реттелген, сол себептен айлық өтімдердің көрсеткіші су қоймаға байланысты өзгереді. Негізгі ағыстардың су мониторингі «Казгидромет» арқылы жүргізіледі. Аса алабының негізгі өзендерінің жылдық ағысының көрсеткіштері, 1928-2011 жылдар аралығында төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1.

Аса өзені алабының жылдық ағысының қамтамасыздық көрсеткіштері



Өзен – бекет

Орташа көпжылдық көрсеткіштер

Ағынның есептік көлемі, млн. м3

Q, м3

W. млн.м3

Cv

Cs

50%

75%

95%

Аса өз. т/ж. стМаймак

11,06

349

0,35

1,36

325

254

213

Куркуреусу-Чон-Курган өз.

6,01

193

0,20

0,28

192

166

131

Куркуреусу өз - т/ж. стМаймак

2.27

71,6

0.14

0,31

71,1

64,4

55,5

Теріс өз –Юсуповка с

3.56

112

0.68

0,84

102

56,4

6,70

Теріс- өз, Бурно-Октябрьское

5,34

168

0.36

0,55

163

125

77,1

Аса өз., Билікөл

6,88

217

0,83

1,41

177

85,0

5,53

Аса өз., Ақкөл ау. 0,5 кмтөмен

4,15

131

1,29

1,32

95,3

6,01

0

Шокпак өз-с. Зыковское

1,35

43,7

0,33

0,64

42,2

33,2

22,6

Аксай өз –ГЭС,

0,47

14,9

0,49

0,49

14,4

9,75

3,90

Берікқара өз-таудан шық.

0,31

9,64

0,64

1,05

8,66

5,15

1,53

Тамды өз-с. Шолақтау

0,61

19,2

0,53

0,43

18,5

12,0

3,74

Көктал өз-Карашат өз. 2 км төмен

0,85

26,7

0,63

1,29

23,5

14,3

5,93

Шабақты өз-Қарашабақты1 км төмен

1,51

47,8

0,56

0,22

47,0

29,4

5,78

Бүркүтті өз -4-ауыл

0,33

10,5

0,71

0,69

9,80

5,16

0

Үшбас өз – Үшбас ауылы

0,22

7,08

0,69

1,13

6,19

3,44

0,79

Көксай өз – қыстақ

1,00

31,4

0,19

0,07

31,4

27,5

21,8

Кіші су көздері

1,21

38,0

0,76

0,02

38,0

18,7

0

Аса су алу торабы, тау етегінде орналасқандықтан, су ағынымен бірге көп мөлшерде ірі-орта мөлшерлі құмды-малта тасты тасындылар ағып келеді. Су торабы іске қосылғанына 30 жылдан асқандықтан, оның тасындымен күресу бөлігін жетілдіруді қажет етеді. Біз осы мақсатта, қазақстандық ғалымдармен алынған тау өзендерінен суалғыш құрылымды [6,7] су алу торабынан 3-5 шақырым алдында орналастыру, көп экономикалық және экологиялық тиіміділік берер еді есептейміз.



Жоғарыда біз ұсынған суалу құрылымының конструкциясы негізінде, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Су ресурстары» кафедрасы Р.Ж.Жолаев атындағы ғылыми-зерттеу лабораториясының, жаңадан іске қосылған стендтерінің бірінде, сынақтар жүргізу үшін, бастоғансыз су алу торабының нобайы құрастырылды.Ендігі міндет, сол құрылым моделінде, өнертабыстың тиімділігін анықтайтын ғылыми-зерттеу эксперименттерін жүргізу болып табылады.
Әдебиеттер


  1. Болотников И.М., Кононенко П.Ф., Федичкин И.К. Гидротехнические сооружения. - М.: «Колос», 1968, - 368 б.

  2. Волков И.М., Кононенко П.Ф., Федичкин И.К. Гидротехнические сооружения. М., «Колос», 1968. – 44 б.

  3. Замарин Е.А., Фандеев В.В. Гидротехнические сооружения. М. Сельхозгиз. 1965

  4. Данелия Н.Ф. Водозаборные сооружения на реках с обильными донными наносами.М., «Колос», 1964.

  5. Гришин М.М., Гидротехнические сооружения. М., «Энергия»,1968.

  6. СХЕМАкомплексного использования и охраны водныхресурсов бассейна реки Аса на территорииРеспублики Казахстан. Поверхностные водные ресурсы бассейна реки Аса. ДГП «КазНИИВХ». 2006. – 111с.

  7. Тау өзендерінен суалғыш. ҚР алдын-ала патенті №11538, 15.05.2002, бюл.№5. Авторлары: Абдураманов А.А., Жолдасов С.Қ., Утегалиев Т.Т., Сейтасанов И.С.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет