Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ



жүктеу 23.81 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі23.81 Kb.

ӘОЖ 528.2/5
ҚАШЫҚТЫҚТАН АЙМАҚТАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ КАРТАЛАР ҚҰРУ
Махметова А., Дүбүрбаева Г.А.
Тақырыптық карталарда бір немесе бірнеше табиғи және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделіп, олардың мазмұнын ашуға аса назар аударылады. Тақырыптық карталардың мазмұны шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Бірінші негізгі бөліміне картаның тақырыбын айқындайтын құбылыстар кіреді. Бұл бөлімді картаның арнайы мазмұны деп атайды.

Қазіргі кезеңде белгілі бір аумақта жер беті құрылысын арақашықтықтан зерделеп зерттейтін және нақтылы мәлімет беретін тәсіл геоақпараттық жүйе (ГАЖ). Әсіресе көп көлемді зерттеу материалдарын өңдеп, арнайы ақпаратты жинау өте күрделі мәселе.

Қашықтықтан зерделеумен ГАЖ көмегімен мәліметтер базасы арқылы техникалық жұмысты атқара отырып, математикалық талдаулар арқылы кеңістікке таралған ақпараттарды өңдеп бейнелік карталар жасап шығаруға мүмкін береді.

Кең байтақ Қазақстан аумағында геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғарыштық мәліметтерді пайдаланып, яғни оларды далалық зерттеу мәліметтерімен ұштастыру геоақпарат технологияларын жетілдірумен карта сапасын жақсартып, картографиялық ақпараттың қазіргі заман талаптарына сәйкес жерді арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін қолданумен карта құрастыру және безендіру үрдістерінің жаңа әдістерін құрастыру үшін геомәліметтер базасы мен бағдарламалық құралдарды жасау өзекті мәселе.

Тақырыптық карта жасауда ауылдық округінің масштабы 1:50000 геоботаникалық карталарын құрастыру мақсатына жету үшін келесі мәселелер қарастырылады:

а) өсімдік карталарын ғарыштық түсірімдер мен ГАЖ технологияларының мүмкіндіктерінің қолдану тарихына сипаттама беру;

б) зерттеу нысандарына сәйкестелген әдістерге талдау жасап олардың оңтайлы нұсқаларын пайдалану;

в) геоботаникалық карталарды құрастырудағы тәжірибелік және теориялық әдістерін қарастыру;

г) ауылдық округінің масштабы 1:50000 табиғи мал азықтық алқаптарының геоботаникалық,

өнімділік картасын және жердің жай-күйі мен оны ұтымды пайдалану картограммасын құрастыру.

Карта құрастыру барысындағы атқарылатын міндеттері:


  • ірі масштабты геоақпараттық картографиялық жүйенің әдістерін тереңдете толықтыру;

  • өсімдік карталарын құрастыру үшін ақпараттық бағдарламаларға қол жеткізу.

Бұл жұмысты жаңа технологиялық кеңістіктегі талдау (анализ) және далалық зерттеу мәліметтері мен әр түрлі ірі масштабтағы деректерді үйлестіре отырып іске асыруға болады.

Кез-келген тақырыптық карта құрастыру үшін карта негізін құрастырады. Карта негізіне географиялық тор, (өзендер мен көлдер, су қоймалары, каналдар), елді-мекендер, жолдар, әкімшілік-территориялық шекаралар кіреді. Кез-келген территорияның шеңберінде жатқан топографиялық карталарды кеңістікте байлап, объектілерді векторизацияланады. Алынған векторлық қабатты келешекте басқа картаны кеңістікте байлау үшін қолданылады.



Қорыта келе өндірістік аймақтың өсімдік жамылғысының таралу жағдайы мен өсімдік түрлерінің қалыптасуы жайында сандық және сапалық түрде де толық мәліметтерді жерге орналастыру, жер кадастрын жасауға, сонымен қатар көптеген салаларда пайдалануға болады. Ұсынылған әдістемелік жүйе жұмыс нәтижелерінің сапасын арттыруға, арнайы ғылыми зертхана орындарында ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында және де болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет