Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы



Дата16.04.2019
өлшемі42 Kb.

ӘОЖ 531.7.08 (07)
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Демеуова Г.Б., Атабекова М., Реймова Б.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Өткен ғасырдың соңында ғана дами бастаған коммуналды фабрикалар, бұл фабрикалардың қызметі киімдерді тұрақты және сапалы жууға, өңдеуге, текстиль материалдарының қасиеттерін қайта жақсартуға және адам денсаулығына қарсы әсерін болдырмауға арналады. Киімдерді жуу үй жағдайында қиындық тудыратын болғандықтан, оларды кір жуатын технологиялық операцияларды орындайтын механикаландырылған машиналарға жүктелген.[1].

Бұл кір жуатын фабрикалар арналуына байланысты коммуналды, ведомствалық және т.б. болып бөлінеді. Сондықтан өңделетін заттың көбеюіне байланысты бұл кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды талап етеді. Бұл жұмыс орындарының қалыпты жұмыс істеуі үшін жылумен, жылулықпен, желдетумен, электрмен т.б., қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге қазандықтарда қайнатылатын судың жұмсартылуы және будың қысымы тұрақтандырылуы керек.

Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына байланысты, тұтынушыларды тұрмыстық тауарлармен және сапалы қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз ету үшін, осы саланың құрал-жабдықтары және технологиялық өңдеу процесстерді стандарттауды, сертификаттауды және метрологиялық қамсыздандыруды қажет етеді. Сондықтан сапалы тауар немесе қызметтің түрлері сапаның жақсы қасиеттерімен және көрсеткіштерімен сипатталады.

Ал олардың негізгісі өлшем. Метрология саласына жатады. Өлшеудің өзі қоғамның дамуына байланысты күнделікті өмірден туындайды. Жоғарыда айтылған өлшемдер түрлеріне мыналар жатады: белгілі мөлшерде тамақтану, бұл денсаулықтың кепілі немесе аң-аулауға тасты алысқа лақтыру, тұрмыс құралдарының ыңғайлылығы: ұзын-қысқа, ауыр-жеңіл. Сондықтан, өлшем бірліктері жүйесінде қарастырылады.

Технологиялық процесстер дұрыс атқарылуы үшін негізгі операциялар механикаландыруды және автоматтандыруды қажет етеді.

Бұл жұмыстардың барлығының дұрыс орындалуы өлшеу, бақылау құралдарының дұрыстығымен байланысты. Сондықтан өлшеу және бақылау құралдарының дұрыстығы сапаға әсерін тигізеді. Кір жуатын фабрикалардағы қолданылатын өлшеу және бақылау құралдарының түрлерін киімді өңдеу технологиясына байланысты анықтауға болады. Бұл жұмыста киімдерді кір жуу фабрикаларында өңдеу процесінің технологиялық процесстерінде қолданылатын өлшеу, бақылау құралдары мен әдістері қарастырылды.

Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу объектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.[2]

Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекетінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекетінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданылады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі көрсетіледі.(1сурет).[3]

Сурет 1. Өлшеу әдістерінің классификациясы
Тікелей бағалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізелетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысалы, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу.[4]

Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен (мысалы, рычагтық таразыда массасына салыстыру) салыстырылатын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу прцедурасына тікелей қатысуында. Ал, тікелей бағалау әдісіне өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет. Өлшемен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар: нөлдік әдіс, дифференциалдық әдіс, алмастыру әдісі, сәйкес келу әдісі.

Нөлдік әдіс – салыстырылатын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі.

Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға mx массаның әсері m0 кір массасымен толық теңестіріледі.

Дифференциалды әдіс кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жаңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі. Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды өлшеуде пайдаланылмайды.

Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға mx массасының әсері m0 кір массасымен біршама ғана теңестіріледі, ал массалардың айырмасы масса бірліктерінде градуирленген таразы шкаласы бойынша есептелінеді (2 сурет). Бұл жағдайда өлшенетін шаманың мәні,

mx = m0 + Δm,

мұнда, Δm – таразы көрсеткіші.



Сурет 2. Салыстыру әдістері
Алмастыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыратын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстару әдісі. Бұйымның мөлшерін рычагты микрометрмен өлшеу немее электрлік шамаларды айнымалы ток көзі көмегімен өлшеу.

Сонымен, өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегі арқылы тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәндерін табу, маңыздылығы философиялық, ғылыми және техникалық.


Әдебиет


  1. Шатаев И.М. Основы организации бытового обслуживания население.,-Л. 1980.

  2. Сергеев А.С., Крохин Н.В., Метрология.-м.,2000.

  3. Васльев А.С.., Основы метрологии и технических измерения.,-М.,-1988.

  4. Акишев К., ДарибаеваГ. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау. – Астана,2008.

  5. Метрология и измерительная техника.-М.,1979.

  6. КупряковЕ.М., Ерахтина И.И. Общая теория измерений., Караганда,2005.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет