Әож 532 (075. 8) Сорғы станцияларының су алатын қондырғыларының мақсаты мен оларға қойылатын негізгі талаптар



жүктеу 55.88 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі55.88 Kb.

ӘОЖ 532 (075.8)
Сорғы станцияларының су алатын қондырғыларының мақсаты МЕН

оларға қойылатын негізгі талаптар

Киргизбеков А.С., Наурызалиев Н.А., Дубурбаева Г.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Сорғының (насос) су жеткізу құрылғысы сорғының доңғалағы мен әкетуші құрылғысы іспеттес, қозғалтқыш иінінен ағынға энергияны беру процесіне тікелей қатыспайды. Бірақ, су жеткізу құрылғысына жұмысшы доңғалаққа кіру жерінде ағынның қалыптасуына салыстырмалы талап қойылатындықтан, су жеткізу құрылғысын сорғы бөлігі ретінде есептейді [1]. Ол сорғы жұмысшы доңғалағы алдында ағынды қалыптастырады, оның пішіні мен мөлшерлері гидравликалық шығындарға, ПӘК және гидроагрегаттың кавитациялық жұмыс жағдайына әсерін тигізеді.

Сорғы станцияларының су алатын қондырғыларына қойылатын негізгі талаптар, жалпы алғанда мыналардан тұрады:

1) су жеткізу құрылғысы шағын мөлшерлі және қарапайым пішінді болуы қажет, сорғының қойылуы төменгі күрделі қаржыларды қамтамсыз ететіндей агрегаттар арақашықтығы аз болуы керек;

2) Ағын жылдамдығының өзгеруі су қабылдау бөлігінен жұмысшы доңғалақ алдындағы мәнге дейін өзгеруі аз шығынды қамтамасыз етіп, ПӘК көтеруі қажет;

3) су жеткізу құрылғылары жұмысшы доңғалақ алдында бірқалыпты жылдамдық өрістерінін қамтамасыз етуі керек, яғни ағынның бүкіл қимасы бойынша тұрақты осьтік жылдамдықты және сорғы жұмысында ескермесе де болатын шамалы шеңберлі жылдамдық;

4) су алатын қондырғылар оптиальды жұмыс істеу кезінде де, және жұмысшы доңғалақ алдында кері ағын мен осьтік құйындар туындайтын есептік емес жұмыс режимінде де өз функциясын орындауы қажет.

Бірінші талап басқа үш талапқа қарама-қарсы болып саналады, себебі 2, 3 және 4 шарттарын орындау үшін су алатын қондырғысы су алатын қондырғысының пішінін күрделі етпей және өлшемдерін өзгертпеуі мүмкін емес. Көп жағдайда, ағы құрылымының су алатын қондырғысынан шығу жерінде жақсарту оның радиальды және осьтік өлшемдеріне байланысты.

Сорғы құру тәжірибесінде бір сатылы центрден тепкіш осьтік және диагональды сорғылар үшін кеңінен қолданым тапқан төмендегі су алатын қондырғыларының типтері [2] және т.б.; түзу осьті конфузорлар, сақиналы, камералы, иінді, жартылай спиральды және спиральды су алатын қондырғылар (1-сурет).

Түзу осьті конфузор 1,3 жұмысшы доңғалақ алдында жылдамдық өрістерін жақсы теңдестіру қабілетіне ие. Мұндай су жеткізу құрылғыларындағы гидравликалық шығындар өте аз. Бірақ, құрылыс жұмысты көлемінің ұлғаюын тудыратын, станция іргетасының едеуір тереңдеуі салдарынан, су алатын қондарғының бұл түрі өте сирек қолданылады. Тұйық су алатын қондырғысы, сорғының сору қондырмасымен жалғанған, жұмысшы доңғалақтың кіру шеңбері бойымен орналасқан тұрақты қималы каналдан тұрады. Яғни тұйық су жеткізу құрылғысы жазық доңғалақтан жасалған. Жұмысшы доңғалаққа кіру жерінде жылдамдықтардың таралуы бірқалыпты емес, себебі радиальды бағыттан осьтік бағытқа бұрылу кезінде сұйықтың бөлшектеріне центрден тепкіш күштер әсер етеді, сондықтан сыртқы ақпалардағы қысым ішкілерге қарағанда үлкен, ал сұйықтың ағынның сыртқы жағындағы жылдамдықтар ішкі жағындағыға қарағанда, әлдеқайда кіші болады. Сақиналы қосқанда сорғы иінін сұйық айналып өтеді, осы кезде сұйық жылдамдықтары өте аз «өлі аймақ» түзіледі. Тұйық су жеткізу құрылғы негізінен бірінші сатының жеткізушісі ретінде секциялы типті көпсатылы сорғыларда қолданылады.

Жартылай спиральды су жеткізу құрылғысы жұмысшы доңғалақтың кіру шеңбері бойынша орналасқан, спиральды каналдан тұрады. Тұйық су жеткізу құрылғысынан айырмашылығы, бұл түрдегі су жеткізу құрылғылары біркелкі емес, ал радиальды тістен ақырындап ұлғаяды. Бұл кезде сұйық, су келу бөлігінде бұрандалы қозғалып, «өлі аймақ» түзілуін жояды және жұмысшы доңғалаққа кіру жерінде жылдамдықтардың теңдесуіне ықпал етеді. Құрылғы қимасы, сұйықтың орташа жылдамдығы сору қондырмасынан ақырындап ұлғаятындай етіп таңдалады, яғни бұл жағдайда конструкциялай конфузор принципі бойынша іске асырылады. Жұмысшы доңғалаққа кіру жерінде жылдамдықтардың таралуы тұйық су жеткізу құрылғысына қарағанда едәуір бірқалыпты болып шығады.



Cурет 1. Су алатын қондырғыларды топтастыру
Камералы су жеткізу құрылғылары «ашық ылғал камера» типіндегі арынсыз және арынды түрдегі камера болып бөлінеді. Арынсыз түрі қарапайым пішіні және құрылыстық құны төмендігімен, аз шығындарымен, бірқалыпты жылдамдық өрістерімен және жұмысшы доңғалаққа динамикалық салмақ аз түсуімен сипатталады. Бұл түрдегілердің кемшлігі – биіктігі үлкен және иірім түзілуінің мүмкіндігі.

Арынды түрдегі камералы түрі арынсызға қарағанда гидравликалық шығындары өте үлкен, бірақ төменгі бьефте деңгей өте үлкен ауытқиды және ол жерде бұрандалы иірімдердің пайда болу қаупі сейіледі.

Иілген типтегі су жеткізу құрылғылары, өтімі салыстырмалы үлкен тік осьтік және центрден тепкіш сорғыны сорғы станциялары ғимараттарында кеңінен қолданылады, себебі камералы түрдегіге қарағанда, оның кедергілік коэффициенті төмен. Бірақ, кіру диффузорының симметриясыздығы мен бұрылысты ағынның болу, иілген түрдегі су жеткізу құрылғыларынан шығу жерінде осьтік жылдамдықтың өте үлкен бейқалыпсыздығы байқалады.

Кеңінен қолданылатын иілген түрдегі су жеткізу құрылғылары ауқымы үлкен және күрделі пішінді болғандықтан, «ВНИИГидромашта», кіру диффузоры еңісті ірі тік насостар үшін сору құбырының жаңа формасы жасалынды. Спиральды су жеткізу құрылғылары радиус бойынша жылдамдықтың мейлінше бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді, бірақ кедергілік коэффициенті өте үлкен. Спиральды су жеткізу құрылғылардың тағы бір ерекшелігі – олардың биіктігі аласа және жалпы насос станциясының құрылыстық құнын төмендетеді.

Зерттеулер [1], ағынның горизонталь бағыттан тік бағытқа бұрылуы, осьтік сорғының жұмысшы доңғалағы алдында ағынның үлкен бірқалыпсыздығы және едәуір энергия шығынымен ұласатынын көрсетті. Иілген типтегі су алатын қондырғыларын қолдану, сорғы станциясы жер асты бөлігінің үлкен габариттік мөлшерде болуына алып келетінін айта кету керек.

Қолданылатын иілген типтегі су алатын қондырғылар су ағу жолының өте күрделі геометриясы мен ауқымды габариттік мөлшерлеріне байланысты, «ВНИИГидромашта» ірі сорғылар үшін су алатын қондырғыларының теориялық сызбасы жасалынды [1].

Жоғарыдағы су жеткізу құрылғыларын қолдану, сорғы станциясының блогының жер асты бөлігін 0,12 Д1 қысқартуға және едәуір жұмыс өндірісін қарапайым етуге мүмкіндік береді.

Америкалық мамандар ірі сорғы станцияларын жобалау кезінде V-типті су алатын қондырғыларын қолданады [1]. Центрден тепкіш сорғылар үшін су алатын қондырғылардың биіктігі (2,55-3,6)Д1, осьтік сорғылар үшін 3,9 Д1 тең. Мұндай су алатын қондырғыларындағы арын шығындары, шығу қимасындағы орташа жылдамдық арынының 11%-не сәйкес келеді.

Неміс ғалымдары, американдық ғалымдардан ерекшелігі иілген типтегі су алатын қондыпрғылар үшін төмендегі мөлшерлерді қабылдауды ұсынады: биіктігі 2,0 Д1, су алатын қондырғының кіру қимасынан осьтік сорғының вертикаль осьіне дейінгі ұзындықты (2-2,5)Д1 тең деп алады. Мөлшерлерді бұлай тағайындау мүмкіндігін Г.Хутарев су алатын қондырғыларындағы ағынның үдеуі қатты болуымен түсіндіреді.

Сорғы станциясы блогының су алатын қондырғысына төмендегі негізгі талаптар қойылады:

1)энергияның минимал шығындары;

2)жұмысшы доңғалақ алдындағы жылдамдық пен қысымның бірқалыпты өрісі;

3)шығу қимасындағы ағынның бұрандалып ағуының болмауы.

Біздің пікірімізше ірі сорғы станциялары блогының су алатын қондырғылары мыналарды қамтамасыз етуі керек:

4)осьтік және радиальды габариттердің шағын болуы;

5) конструкцияның технологиялық шарты.



Алғашқы шарт су алатын қондырғылардағы арын шығының аздығын қарастырса, ал екінші және үшінші шарттар – сорғы жұмысына су алатын қондырғыларының төменгі әсерін зерттейді. Су алатын қондырғының габариттік мөлшерлерін таңдау, кешенді техникалық-экономикалық мәселе болып табылады.
Әдебиет


  1. Ходанков Н.А. Конспект лекций по дисциплине «Гидроэлектростанции и гидромашины», раздел «Насосы и насосные станции», «Өркен», Алматы, 1993г.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет