Әож 541. 124 Жартылай фабрикатқа май эмульсиясының сіңу дәрежесі



жүктеу 96.05 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі96.05 Kb.

ӘОЖ 541.124
ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТҚА МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ СІҢУ ДӘРЕЖЕСІ
Рахметбай А.К., Налибаева Ж.С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Хром қосылыстары былғары және үлбір өңдеу технологиясында ХІХ ғасыр ортасында басталып хром қосылыстармен тері илеудің қос ванналық тәсілі дайындалды. Оның көптеген кемшіліктерін жоюға арналған зерттеу жұмыстар нәтижесінде ХХ ғасырдың басында бір ванналық тәсіл дайындалып көптеген кемшіліктерін жояды, бірақ сонымен қатар қос ванналық тәсілдің негізгі жақсы көрсеткішін, яғни былғарыға беретін аса жоғары мықтылықпен жұмсақтығын. Бұл тәсілдің осы өте бағалы көрсеткішін сақтап қалу үшін, ТарМУ-нің ТКМ кафедрасында қос ванналық тәсілді жетілдірудің жаңа ғылыми негіздері ашылып тәжірибеде қолдану тәсілдері дайындалды. Ол тәсілдердің мүмкіндгі бір ванналық, яғни кәзіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген тәсілден айтарлықтай артық нәтиже бергенімен мүмкіншіктері әлі де толық сарқылмағанын байқатады. Сондықтан осы бағыттың желісі кафедра ұжымымен жалғастырылуда. Осы мақалада сол желінің бір тармағы ретінді орындалған жұмысың нәтижесі кетірілуде.

Хром қосылыстарының, әсіресе қосылытарын тиімді қолдануға арналған ғылыми-тәжрибелік ізденістерде табылған көптеген тәсілдер белгілі және олар үйреншікті болғандықтан осы жаңа тәсілге сиымдығын тексеруден бастауды жөн санап бұл технологияны жетілдіру жолдарының ең тиімдісінің бірі деп тері талшытарының функционалдық топтарын май эмульсиясымен бүркеу тәсілі қабылданды. Бірақ бір ванналық тәсілмен қос ванналық тәсілде қолданылатын ерітіндінің қышқылдық жағдайы әр түрлі болғандықтан қолданылатын майларға сұйықтық орта талабына сай түрлерін таңдау кажет болды.

Май түрін теориялық және ескі тәжірибе деректерін талдау кезінде қой жүнінің жүн шайырын байқауға тұжырымдалды.

Тұжырымға қой жүнінін өте тұрақты эмульсия беретін майлы зат екендігімен және қышқыл ортадада өз қасиетін жоғалтпайтын көрсеткіштері басқа белгілі майлардан біздің жағдайда артықшылығын ескеруге мүмкіндік береді.

Майлау поцесінде терінің былғарысы майланады, нәтижесінде әр талшықтар мен бумасы жұқа май қаптамасымен қапталады. Бұл процес талшықтардың бірін бірін жабысып қалмауын қамтамасыз етеді.

Май дермаға жақсы сіңу үшін және біркелкі таралу үшін илеу алдында тұзтері ылғалдылығы 55÷65% шамасында болу керек. Жартылай фабрикат илену кезінде 40оС – тан жоғарыламау керек, тек қана илеу соңында 45 оС жеткізуге болады. Температуралық тәртіпті қадағаламаған жағдайда жартылай фабрикаттың бұзылуына алып келеді. Қазіргі кездегі әдістер бойынша майлап илеу 4 тәуліктен (ескі әдіс бойынша 11 тәулік) асырмайды және тұзтері массасынан 60% ылғалдықтағы май шығыны - 20÷25% (ескі әдіс бойынша май шығыны 60%). Зерттеу көрсеткіштері бойынша, илеу уақыты мұнанда аз уақытты құрауы мүмкін, егер қышқылдануын қышқылдандырғыштарға сай заттармен, мысалы, калий перманганатын қолданса болады.

Қазіргі таңда майлап илеуде формальдегид қосындысымен комбинирлеп илейді. Жобалап айтқанда фолмалдигидтеу жоғары сіңгіштікке жол береді, нәтижесінде тұзтері дермасына майдың жақсы сіңуі және біркелкі таралуы қамтамасыз етіледі. Әсіресе қалың тұзтерілерге формальдегидтің біркелкі таралуы мен сіңуі маңызды. Жақсы сіңбеген жағыдайда замшқа сай қасиет болмайды.

Былғары және үлбір өндірісінде көбіне майдын өзін емес, май эмульсиясын қолданады. Олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, май мен судан бөлек, су эмульсиясына эмульгаторлар қосу керек (табиғи майлардың сульфидтелген өнімі, олеин қышқылы, ДС-10 және ДС-7 синтанолы). Эмульсия дайындау үшін эмульгаторды суда араластырып, жайлап арластыруды тоқтатпай, май мен аммиак қосады. Сілтілі орта эмульсияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оны дайындау температурасы 40-45% құрайды. Дұрыс дайындалған эмульсия біркелкі және 2 сағаттан кейін ғана бөлектене (расслаиваться) бастайды. Егер бөлектену ерте басталса, эмульсия тұрақты емес және былғары клеткасына нашар сіңетін болады.

Егер форальдегидті өңдеу мен келесі майлап илеу дұрыс жүргізілсе, алынған былғары жақсы замштан еш айырмашылығы бомайды. Мұндай илеуде формальдегид орнына глутар альдегидін қолданылуға болады.

Эмульсиялы майлау жартылай фабрикатқа майлы заттардың жіңішке және біркелкі таралғанында жеткілікті жұмсақтық пен созылғыштық қасиет береді. Бұл майлау үрдісі аяқ киім үсті бөлшегіне, киімге, былғары голантереялық бұйымдарға хром былғарысын өңдеуде және басқа да үлбірлі жатылай фабрикаттар дайындауда кеңінен қолданылады.

Майлау үшін белгілі-бір тұрақты агрегатты эмульсияны қолданады. Шектен тыс тұрақты эмульсияны қолданған жағдайда полуфабрикатқа сібеуі мүмкін және біркелкі таралуы қалыңдап кетеді. Зерттеу көрсеткіштері бойынша, жартылай фабрикаттарды майлауда эмульсия өзінің тұрақтылығын дайындалған уақытынан бастап 1 сағат аралығында жоғалтпайтын эмульсия қолданылуы мүмкін, ал үлбір өндірісінде, өзінің тұрақтылығын 2 сағат ішінде жоғалтпайтын эмульсия қолданылады.

Май эмульсиясын таңдауда жартылай фабрикаттың илеу әдісін, және майлауға дейінгі болатын өзгерістерін ескеру керек, яғни илеуде, бейтараптандыруда, толықтыруда және бояуда.

Заманауи құралдар синтетикалық майлағыш заттарды анағұрлым көп қолдануға себепші болуда. Өндірістерге фазалық майлау енгізілген, ол қажетті май мөлшерін жартылай фабрикатты илеудегі бірінші және екінші фазада орындайды.

Бірақта, соншама жақсы касиеттеріне қарамастан майлы заттардың бұл түрі осы күнге дейін былғары және үлбір технологиясынан орын алған жоқ. Үйткені оның шайыр түріндегі қалпында құрамындағы қосылыстардың өте жағымсыз иісі бар. Шайырдан таза иіссіз майлы заттарды бөліп алуға арнайы технологиямен қосымша химиялық заттармен жұмысшы күші кажет. Ал бұл жолы ұсынуға дайындалып жатқан технологияның бойына шайырды жіктей тазалау процесі сыймдылық көрсетіп тұр.

Тәжірибе тұғырында салыстырмалы деректер алу үшін келесі эксперимент қойылды.

Жартылай биазы ылғалды тұздалған қой терісі асимметриялық бахрома әдісімен кесіліп сегіз топқа бөлініп өңделуге дайындалды да типтік әдістеме талаптарымен пикелдеу процесіне жеткізілді.

Пикелдеу процесі типтік әдістеменің екі кезеңі өткен соң төрт түрлі май алынып әрқайсысысы өзіне тән жағдаймен эмульсияланып есептелген мөлшерімен әр вариантқа құйылды. Бірінші вариант тері кесінділеріне сульфирленген барлық майы, екінші вариантқа төрт вариянт идустиялдық И12А майы, үшінші варианттық терлер кесінлеріне тазартылған жүн шайырының майлы заты, ал төртінші вариант тері кесінділеріне липодермликер майының эмульсиясы құйылды. Барлық варианттарға май эмульсисы таза майға есептелгенде сұйықтық коэффиценті: -1,0-ге тең есебімен -5,О г\л берілді. Келесі осы тәсілмен төрт вариант дайындалды да 15 минут аппарат айналған соң барлығының үстіне хром оксидіне саналғанда 3 г\л полихром қышқылы қосылып процес жалғастырылады.

Процес барысында әр сағат сайын бірінші төрт варианттан майдың тері бойына сіңуі бақыланды. Майды тері бойына сіңген мөлшерін Мқ- бастапқы берілген санынан тексерген мезгілде ФЭК-56 фотоэлектроколориметр арқылы есептелген май санын алу арқылы тексеріліп отырды. Ал екінші төрт варинттарда әр сағат сайын теріге кесіндісінен сары жолақты микроскоп астында өлшеумен хромның сіңу жылдамдығы есептеліп отырды. Эксперимент кезінде алынған деректер келесі суреттеде келтірілген.

Әсіресе майлауды басқа илеуден кейінгі кезеңдермен байланыстыру перспективті болып келеді: бейтараптау, жеткізе илеу, толықтыру, бояу.






1 – сульфірленген балық майы;

2 - индустриалдық И-12 майы;

3 – жүн шәйірінен алынған май эмульсиясы;

4 – липодерм ликер.



1 – индустриалдық И-12 майының полихром ертіндісі

2 – сульфірленген балық майы;

3 – жүн май эмульсиясындағы полихром ертіндісі;

4 – липодермликер эмульсия-сындағы полихром ертіндісі



Сурет 2


Сурет 1

Қабылдану касиеттері бізге үйреншікті тиімді майлар эмульсиясымен салыстырмалы теңестіргенде айтарлықтай үстемдік көрсететінін байқаймыз Бірінші суреттегі деректер тері шайырының майлы тері бойына заттарының сіңу.

Эксперименттің екінші төрт варианттарының екінші сурет деректерін талдау кезінде полихром қышқылының тері бойына сіңу жылдамдығының қосылған май эмульсиясына тәуелді болатынын көреміз, яғни жүн шайырының майлы заттарының хром қосылыстарының тері бойына сіңу қабілетін жоғарлататынын бұл көрініс қойылған мақсат нәтижелі орындалды, яғни былғары және үлбір технологиясының полихром қышқылымен пикедеу, хромдау және хром қосылыстарымен илеу процестерінің ұзақтығын қысқарту тәсілдерінің бірі ашылды деуге мүмкіндік алынды.

Бірақ жаңа технологияның тиімділігі тек процесс ұзақтылыгымен өлшенбейды, оның ең дәрежелі көрсеткішіне өнім сапасы жатады, сондықтан зертетіп отырған жұмыстың нақтылы нәтижесін дұрыс бағалаға мүмкіндік ретінде жетілдіріліп отырылған технологияның үлбір сапасына қосқан үлесін тексер ұйғарылды.

Үлбірдің сапасын анықтайтын көрсеткіштер көп болғандықтан, оның физико- механикалық және химиялық құрамын анықтау үшін үлбірлік теріден біраз кесінділер дайындау қажет.

Сондықтан экспериментті жартылай өндірістік жағдайда жалғастырылды. Ол үшін экспериментік шикізат партияларын алмастырылған жарты терілер әдісін отырып өндірісте әр қайсысы он жарты үлбірлік терілерден құралған төрт партия шикізаттар дайындады. Біріші партия шикізаттары типтік технологиямен дайын үлбір түріне дейін өңделіп дайындалса, екінші партия шикізаттар белгілі үлбірдің белгілі қос ванналық хром илегішімен илеу тәсілімен иленіп дайындалды. Ал үшінші партия шикізаттр жаңа дайындалған, яғни пикелдеу процесінің үшінші кезеңін тазартылған жүн майы қосылған полихром қышқылмен өткізіп келесі процесте күкірт қосылыспен түзетіліп үлбір иленді. Төртінші вариант тері кесінділері зертханалық эксперименттер өткізген кезде салыстырмалы деректер алу үшін қойылған варианттар ортасында ең жоғары көрсеткіш берген,яғни липодермликер майын қосу арқылы пикелдеп илеу вариантымен дайындалды. Дайын үлбірлердің сапалық көрсеткіштерін салыстыра анықтау үшін үлбірлік терілердің стандарттық нүктесіне жақын жерінен стандарт талабына сай кесінділер дайындап химиялық және физико-механикалық көрсеткіштерін талдау процестерімен операцияларынан өткізілді. Алынған деректер келесі кестелерде келтірілген.


Кесте 1

Үлбірдің сапасын анықтайтын кейбір негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштері

Эксперимент варианттары

I

II

III

IV

Жиырлу температурасы, ° С

Терілік қабатындағы мөлшері:

Ылғал,%

Хром(Cr2O3 саналғанда)



Майлы заттар:

- байланықа түскен,%

- байланысқа түспеген,%

Органолептикалық талдау, балл

Созылу кезінде терілік қабатының мықтылық шегі, МПа

Жалпы созылу шегі, МПа күшімен,%

Бет қабатынан жарылу кезіндегі нүктелік күші, Н.Г.

Жүн жабының еруі:

4 н. тұз қышқылында

0,1 н. натрий гидроксидінде

Жүн жабының узаруының кемуі

Жүн жабының бойындағы май мөлшері,%

Бояуының кебуысқалауға тұрақтылығы, балл

Жүнді үйкеу кезінде салмағының келуі,%



82
12

2,9
5,6

2,1

4

11



67

65,9
2,7

4,6

4,9


1,3

4

11,4



82
13

2,8
5,4

1,9

4

11



66

66,2
2,7

4,7

4,8


1,3

5

9.8



86
15

3,1
4,9

1,3

5

13



72

68,2
3,4

4,9

4,3


1,4

5

12,3



84
14

2,9
5,2

1,7

5

12



71

67,3
3,1

4,6

4,5


1,2

4

12,0





Әдебиет
1. Чернов.Н.В. Химия кожевенного и мехового производства. – М.: Госнаучтех издельство, 1957.

2. Мадиев Ө.Қ. Айтуленова Қ.Т. Былғары және мех химиясымен технологиясы. – Тараз, 1996.

3. Методические указания к проведению практических занятий по дисциплине «Физико-химические методы исследования» Ч.З / Сост.: Д.С. Лычников, М.А. Положишникова, C.B. Золотова и др. – М.: Изд-во Рос. экон. акад., 2001. – 32 с.

3. Рахметбай А.К., Дильдабек Д.С. Былғары және үлбір технологиясы. – Тараз, 2003.



4. Рахметбай А.К. Технология кожи и меха. – Тараз, 2008.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 I
konf 2015 I -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 I -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 I -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 I -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 I -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 I -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 I -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 I -> Хіх ғ. 50-60 жж. Жетісуға казак-орыстарының орналасуы және олардың Әлеуметтік жағдайы күзенбаева Л. Е
konf 2015 I -> Анализ применеия клеев и клеевых соединений в легкой промышленности
konf 2015 I -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет