Әож 547. 913 Elaeagnus angustifolia гүлінің компонентті қҰрамын зерттеу



жүктеу 75.82 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі75.82 Kb.
түріҚұрамы

ӘОЖ 547.913
ELAEAGNUS ANGUSTIFOLIA ГҮЛІНІҢ КОМПОНЕНТТІ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
Ахметжанкызы Н., Азимбаева Г.Е., Назиолла Н.

ҚазМемҚызПУ, Алматы
Адамзат баласына белгілі, бірақ қасиеттері мен құндылығы толық зерттелмеген тұқымдастың бірі - жиде тұқымдасы. Бұл тұқымдастың өкілдерінің басым бөлігі мәдени өсімдіктер ретінде, әрі жабайы түрде өсетін түрлері аз зерттелгендіктен, ХХІ ғасырда дүниежүзі ғалымдарының қызығушылығын тудырып отырған тұқымдастың бірі. Қазақстанда бұл тұқымдастың екі өкілі кездеседі. Солардың бірі- Еlaeagnus angustifolia өсімдігі [1].

Табиғат алуан түрлі өсімдікке бай, хош иісі адамды сергітіп, бойға жаңа күш-қуат береді. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы, одан жанға шипа дәрі- дәрмек жасалады. Өсiмдiктен алынатын шикiзат базасында емдiк препараттар өндiрiсiн одан әрi дамыту дәрi-дәрмек алудың осы заманғы технологияларына көшпейiнше атап айтқанда: эфир майларын өндiру, көмiрқышқыл экстрактiлерiн өндiру, криопрепараттар өндiру мүмкiн емес. Еlaeagnus angustifolia өсімдігі тек дәрілік өсімдік қана емес, тағам өндірісінде де, фармацевтикада да қолданылады [2].

Жиде (Еlaeagnus) – жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын (кейбіреулері мәңгі жасыл) өсімдік. Биіктігі 3-6м болатын, бұтақтары тікенекті, жапырақтары кезектесіп орналасқан ағаш. Бүкіл жер жүзінде Еlaeagnusтың 40 түрі белгілі. Еlaeagnus шөл және шөлейт аймақтарда өседі. Орта Азияда, Қазақстанда, Закавказьеде, Солтүстік Кавказда кездеседі [3].

Химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу, биологиялық және физиологиялық активті заттарды бөлу биоорганикалық химия саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты: Еlaeagnus angustifolia гүлінің компонентті құрамын зерттеу арқылы адам қажеттілігіне жарату.

Зерттеудің нысаны ретінде ШҚО., Зайсан елді мекенінен 2010-2011 жылдары маусым айында жиналып алынған elaeagnus angustifolia гүлі алынды.
Кесте 1.

Еlaeagnus angustifolia гүлінің физикалық қасиеттері




Шикізат атауы

рН

n

р, г∕см3

Суда

Спирт ,%

Суда

Спирт ,%

Суда

Спирт , %

40

70

90

40

70

90

40

70

90

Еlaeagnus angustifolia гүлі

5,43

6,51

6,60


6,47

1,6400

1,3570

1,3580

1,3600

0,997595

0,892011

0,886391

0,825371

Еlaeagnus angustifolia гүлінің рН мәні Аквилон – 410 рН метрінде анықталды. Судағы рН 5,43 болып әлсіз қышқылдық ортаны көрсетсе, ал спиртті ерітінділерінің рН 6,47-6,60 аралығында өзгереді, яғни бейтарап ортаны көрсетеді. Сыну көрсеткіші ИРФ – 454Б маркалы рефрактометрінде анықталды. Тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 2.

Еlaeagnus angustifolia гүлінің химиялық құрамы


Ылғалдылығы, %

Күлділігі, %

Экстрактив

тілігі, %



Қышқылдылығы, %

Аскорбин қышқылы мг/%

Антоциандар, %

Флавоноидтар, %

Полифенолдар, %

Қанттар, %

Белок, %

Клечатка, %

Май, %

Каротин, мкг/100г

Суда

Спиртте

84,2


2,56


30,5

16

0,15


19,4

0,1257


1,0962

23,734

0,050

22,69

32,8

2,18

412

Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамының ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды. Анықтау нәтижесінде ылғалдылығы 84,2%, күлділігі 2,56%-ды құрайды. Күліділігінің мәні жоғары болуынан оның құрамындағы макро-микроэлементтер мөлшерінің көп екенін байқауымызға болады.

Экстрактивтілігі суда және 80% этил спиртінде 2 сағат уақытта жүргізілді. Экстрактивтілігінің мәні спиртпен салыстырғанда суда 2 есе жоғары. Қышқылдылығы, аскорбин қышқылы титриметриялық әдіспен анықталды. 2-кестеде көрсетілген мәліметтеріне сүйенсек, аскорбин қышқылына бай екенін көруімізге болады. Аскорбин қышқылы, С дәрумені организмге аса қажетті витаминдердің бірі. Ол жетіспеген жағдайда адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Сонымен қатар организмнің тыныс алу процесіне де тікелей қатысы бар[4].

Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамындағы антоциандар, флаваноидтар, полифенолдар, каротин және қант мөлшері фотокалориметрлік әдіспен КФК – 2 маркалы фотокалориметрінде, белок Къельдаль әдісімен анықталды. Ол 22,69%, демек белок мөлшері де көп. Клечатка А.Е. Ермаковтың модификациясы бойынша салмақтық әдіспен, шикі май мөлшері Сокслет аппаратының көмегімен салмақтық әдісімен анықталды. Ол –2,18% құрайды. Сонымен қатар еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамында биологиялық активті заттар антоциан, флаваноид, полифенол, каротин мөлшерлеріне бай екенін көруімізге болады.

Белок алуан түрлі қызмет атқарады, олар тіршілік үшін аса маңызды органикалық қосылыс. Белок құнарлы қоректік зат, оның организмде жетіспеуі адамды қауіпті ауруларға ұшыратады. Адам организмінде кейбір белоктар синтезделмейді, оларды дайын күйінде өсімдік және жануартекті азық-түліктердің құрамынан қабылдаймыз. Белоктар клеткалардың құрылысын жасауда да, зат алмасу процесінде де өте үлкен роль атқарады. Организмде жүретін барлық биохимиялық реакцияларды реттейді және күшейтеді. Бұлшық еттер клеткаларының қызметіне, жоғары органдарды ауру таратушы агенттерден қорғау реакцияларына қатысады. Қанның құрамындағы гемоглобин белогы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпаларымен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етеді де, ыдырау өнімі-көмірқышқыл газын қайтадан өкпе арқылы сыртқы ортаға шығарып отырады.

Антоциандар табиғи бояғыш заттарға жатады. Олар сарғыш қызыл, көк түсті болып кеңінен таралған. Олар физиологиялық активтілік қасиет көрсетеді. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде, тауарларды бояуда, табиғи тыңайтқыштарды байытуда кеңінен қолданылады [4].
Кесте 3.

Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері




Шикізат

Cu, мг/кг

Zn, мг/кг

Mn, мг/кг

Fe, мг/кг

Co, мг/кг

Cd, мг/кг

Ca, %

Mg, %

K, %

Na, %

Еlaeagnus angustifolia гүлі

4,95

6,15

21,7

323

0, 08

0, 06

2,41

1,32

2,45

0,17

Еlaeagnus angustifolia гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері атом-эмиссионды жартылай сандық спектрлік анализ әдісімен «Аanalyst- 400» приборында анықталды.

Макро және микроэлементтердің адам ағзасында алатын орны ерекше. Мысалы, егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші -адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Марганец ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін тәулігіне 5-6 мг мөлшерінде пайдаланады. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады.



Қорытындылай келе Еlaeagnus аngustifolia гүлінен химиялық құрамында кездесетін заттар медицинасында түрлі ауыруларды емдеуде, отандық дәрі-дәрмек жасауда, фармацевтиканың дамуына өз үлесін қосады. Айталық: полифенолдардың рак пен жүрек ауруларына қарсы әсері жақсы. Ағзаның А дәруменіне мұқтаждығы табиғи каротиндердің есебінен айтарлықтай дәрежеде қамтамасыз етіледі. Каротиндерді тағамдарды және мал азықтарын дәрумендеу кезінде, терінің зақымдануын емдеуде және тағамның бояғыш заты ретінде пайдаланады.
Әдебиет


  1. Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Ақмола. Аграрлық университеті, 2005ж.

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы “Қазақ энциклопедиясы", Алматы, 2004- 300 б.

  3. Тыныбеков Б.М. Дәрілік өсімдіктер: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2009-137б

  4. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. Основы химии природных соединений.- Алматы.: Қазақ университеті,2010-C. 389-490


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет