ӘӨЖ 581. 6: 71 Қалаларды көркейтудегі жасыл желектердің маңызы



жүктеу 81.92 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі81.92 Kb.

ӘӨЖ 581.6:71
Қалаларды көркейтудегі жасыл желектердің маңызы
Жанилова А.Т., Момбаева Б.Қ.,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.


Үйде өсімдік өсіру мәдениеті жоғары халықтардың, ғасырлар бойы ұлттык дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Қазір үйде өсімдік өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды. Адам өміріндегі өсімдіктерінің маңызының орасан зор екендігі белгілі. Олар адамға тамақ ретінде қажетті органикалық заттардың негізгі бөлігін түзеді. Жасыл өсімдіктің атмосфералық ауаны шаңнан тазартуда маңызы зор. Ғалымдар есептегенде, 1 га жер көлеміндегі орман 68 тонна шаңды ұстап тұра алады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, өсімдіктің сүзгіш қабілеті орасан, әр түрлі ағаштардың жапырақтары қаланың белгілі бір мөлшерін сол қалыпта шаңдану жағдайында ұстайды. Өсімдіктердің әртүрлерінің ерекшелігі-шаңды ұстануы тікелей жапырақ құрылысының пластинкасымен байланысты. Үй айналасын көгалдандыру үшін арнайы түрлерді таңдау керек, газ жұтқыш қабілеті жоғары және шаңды сақтау қабілеті және сонымен қоса сәнділігі, шығындылығы, микроклимат өзгерту және басқа міндеті төмен болмауы керек. Атмосфераның ластануы бастысы-күкіртті газ, көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы, шаң және күйе жұту мүмкіндік нормасы өсімдіктердің орналасуына әрқалай байланысты. Соңғы жылдарыда сапасы төмен көмір мен сұйық отынды жағатын электростанцияларында күкірт көбінесе жапырақтың бетінде жіктеліп қалады. Сондықтан да, үйдің айналасына күкіртті газ түрінде жұту қабілеті жоғары: канада терегі, бәйтерек, үйеңкі ағаштары және ауаның ластануына төзімді ағаштар, жылқы талшын секілді теректер егілуі тиіс. Сонымен бірге көптеген күнделікті тұрмыс қажеттіктерін шешуге мүмкіндік береді. Бірақта барлық өсімдік бұл тұрғыдан қарағанда бірдей емес. Мұндай фактілермен алғашқы адамдардың есептесуіне тура келген, өйткені табиғатта пайдалы өсімдіктермен бірге, зиянды өсімдіктер да аз болмайды. Осыған байланысты шамасы адамға өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білудің және соларға ат берудің қажеттілігі туған. Қандай да бір қажеттілігіне байланысты белгілі бола бастаған өсімдіктер санының артуы олардың алғашқы классификациясын жасауға итермелейді.

Жер бетіндегі барлық өсімдіктер дүниесі жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерге адам қолымен өсіріліп және оның қажетіне жарайтын өсімдіктердің жабайы өсімдіктермен түбі бір, бірақ мәдени өсімдіктер қолда өсіріліп, жақсы агротехникалық шаралар туғызудың арқасында жақсы түрлері баптау арқылы көптеген жаңа түрлері мен будандары шығарылып, өздерінің жабайы түрлеріне қарағанда өнімді едәуір көп беретін адам қажетіне керекті қасиеттері ұлғайтылып, өзгеріп кеткен. Міне, осының арқасында, тек қолда ғана өсетін болған, яғни жабайы түрде өсу қабілетін жоғалтқан.

Өнеркәсіптің өркендеуі, жеңіл машиналардың көбеюі, жаңа тұрғын үйлердің көптеп салынуы, ірі-ірі қалалардың пайда болуы адамның сыртқы ортаға тигізетін кері әсерін күшейте түсуде. Елді мекендерді көркейтуде, айналадағы ортаны сақтауда жасыл желектің алатын орны ерекше. Жөнімен отырғызылған декоративті ағаштар, әсем гүлдер ауаны әртүрлі қоспалардан, шаң-тозаңнан, газдан тазарту міндетін атқарып, оттегімен байыта түспек. Сонымен бірге, олар маусымның ыстық кездерінде ылғалдықты арттырады, аңызақ желдің және қалаға тән шуылдың күшін бәсеңдетеді.

Әртүрлі экзотикалық және жергілікті ағаш-бұталардан тұратын жайқалған бақтар, парктер, әсем гүлдер өсірілген бөлме іші жалпы адамның демалыс уақытын өткізуіне, эстетикалық ләззат алуына қолайлы орындар болып табылады. Мұның өзі адамды табиғатқа жақындатып, оның тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай туғызады.

Өсімдіктер жарық жібермейтін экран қызметін атқарады: күннің жарығын бойына сіңіріп, кері шағылыстырып бәсеңдетеді, спектрлік құрамын өзгертеді. Мысалы: Тараз қаласының шырмауық жапқан үй қабырғалары мен шырмауықсыз қабырғалардың температура айырмашылықтары 12-16 С0 дейін жетеді. Міне, сондықтан қазір тұрғындар өздеріне микроклимат жасау үшін үй қабырғалары мен балкондарына жасыл желектер отырғызады. Ыстық күндері жасыл бақтың көлеңкесінде ауаның температурасы 4-8 С 0 төмен болып, белгілі бір ылғалдылық жай жерден 15-30 % артық сақталатыны сөзсіз. Сонымен жаздың аптап ыстығында да мұндай жерлерде ауа салқынырақ әрі таза болып, тыныс алуға қолайлы келеді, ал қыста жылырақ келеді. Ауаның ауыр металдармен, шаңмен, аэрозолдармен, улы газдармен ластануына жол бермейтін, қалдықсыз технологияларды игеру - өзекті экологиялық мәселелер болып отыр.

Соңғы кезде қалалар мен елді мекендерді салғанда көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуі көп жағдайда, құрылыс салу мен оның көркемдік архитектуралық әшекейлеудің жалпы құрамды бөлігіне айналуда. Жасыл көшеттердің жан-жақты маңызы бар: 1.Экзотикалық. 2.Қаларды көркейту. 3. Қаланы қорғау (шаңнан, шудан, газдан, күннен, т.с.с.) 4.Санитарлық гигиеналық.

Алғашқы жасанды көгалдар Парсы бақтарында тараған. Ал оның екінші отаны - Англия болып табылады. Аласа етіп қырқылған көгалдар ағаш-бұта тұқымды өсімдіктерді сәндендірудің бірден-бір негізі. Көгал алаңдарын эстетикалық тұрғыдан қалыптастыру ондағы өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Мысалы, сәнді ғимараттар алдында жайылымдылық үй бидайығы мен шабындық қоңырбасын еккен жөн. Қуаңшылқты аудандарда қызыл бетеге мен сабақты суоты төзімді келеді.

Өсімдік көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оны ыдыратып, ауаны оттегімен және жеңіл иондармен байытады, шуды азайтып, қаланы желден, ыстық күннен сақтайды, ауадағы шаңды, транспорттың улы газдарын жұтып, олардың мөлшерін азайтып отырады. Жасыл өсімдіктер табиғаттағы оттегінің көміртегі тотықтарының және судың айналымын реттейді. Соңғы деректерге қарағанда, тіпті азонның ауадағы тұрақты мөлшерде болуын да 70-80%-ке дейін өсімдіктер қамтамасыз етеді екен.

Жаздың ашық күндерінде 25 шаршы метр көлемдегі жапырақ беті бір адамның тәулік бойы дем алуына жеткілікті және 23 кг оттегіні бөліп шығарады. Орта жастағы бір ағаш оншақты адамды оттегімен қамтамасыз ете алады екен. Ал бір автомобиль жүз шақырым жол жүру үшін бір адамның бір жылда дем алуына жеткілікті оттегісін жағады екен. Ауаның ауысуы, желдету нашар жерлерде өсімдіктер ауаның гигиеналық сапасын қалпына келтіріп, оттегімен байытады.

Сонымен, бөлме ішіне гүл өсіретін жағдайда, өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттеріне көңіл аударған жөн. Өсімдіктерден ауаға тарайтын фитонцидтер ауаны зиянды заттардан тазартып, иондық құрамының тұрақты болуына ықпал етеді, атап айтқанда адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Жеңіл иондар ауаны жаңартып, адамды сергітеді. Фитонцидтердің тағы бір жақсы қасиеті-олар ауадағы ұшпалы ластағыш заттарды тотықтырып, бейтараптандыру арқылы да тазартқыштық қызмет атқарады. Көптеген бөлме өсімдіктерінің фитонцидтік белсенділігінің ең жоғарғы болатын кезі-шілде айы. Кейбір қылқан жапырақтылардың, сондай-ақ теректің көптеген түрлерінің фитонцидтік белсенділігі қазан айына дейін кемімейді.

Қазіргі кезде бөлме интерьерін безендіруде және адам ағзасына тиімді әсер ететін бөлме өсімдіктерін пайдалануға зор көңіл бөлінуде. Ол бөлме интерьерін табиғатпен безендіру деген сөз. Демалыс орындарда, мәдени орындар мен тұрғын үйлерді көгалдандыруда табиғаттың осындай керемет элементтерін қосуға болады. Үй өсімдіктері — үйдің көркі. Үй өсімдіктерінің мәңгі жасыл жапырақтары тұрғын үй ішіне қысы-жазы бірдей көрік беретініне адам баласы ерте заманнан-ақ назар аударған.

Үй өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елге кең тараған. Қазір мақпалдай құлпырып, гүл жайнап, шешек атып, сағат сайын сан кұбылып тұрған үй өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, дүкен витриналарынан, бақша сарайларынан, мектептерден, балалар үйлерінен, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан, санаторийлардан, басқа да қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз. Үйде өсімдік өсіру адамзатқа, біріншіден, өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізегін әсерін байқау үшін қажет болса, екіншіден, жасыл әлемнің өсу, көбею заңдарын үйрену, әсіресе мектеп оқушылары үшін өте қажетті де көрнекті құрал.

Үйде өсірілетін өсімдіктің пайдалылығы- олардың көркемдігі мен азын-аулақ жемісінде ғана емес, олар тұрғын үйдің ауасын тазартады. Өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады. Демек, өсімдік түрғын үйдің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.

Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамныи денсаулығына зиян келтіреді. Ал үйде өсірілетін өсімдіктер осы микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әр түрлі заттар шығарады. Оны ғылым тілінде фитонцидтер деп атайды. Денсаулығы күшті, ауру-сырқаудан аман болу тұрғын үйдің ауасының ылғалдылығы орта есеппен 50% болуы шарт. Бірақ көп реттерде олай болмайды. Ауаның ылғалдылығы, әсіресе орталық (жылу бір жерден тарайтын) жылыту системасы бар үйлерде өте төмен болады. Үйде өсірілетін өсімдіктер топырақтағы және өсімдік бойындағы суды буландыру арқылы ауаның ылғалдылығын әрдайым арттырып отырады.

Күндіз бөлме өсімдіктері адамның тынысалуына қажетті оттегіні әлдеқайда артығымен бөліп отырады. Ал түнгі уақытта өсімдіктер керісінше оттегіні пайдаланып көмірқышқыл газын бөліп отырады екен. Зерттеулер нәтижесі бір түнде 600 өсімдіктен бөлінген көмірқышқыл газы бір адамнан бөлінген көмірқышқыл газының мөлшеріне тең екендігін көрсетеді. Көптеген тропикалық бөлме өсімдіктері түтін, шаң, газ қосылыстарын жұтып отырады. Барлық үлкенжапырақты тропикалық және субтропикалық бөлме өсімдіктері, мысалы фикустың барлық түрлері, драценалар, пальма ағаштары мен агава өсімдіктерінің жапырақтары шаң тозаңды бетіне жинайды. Өндірістік шаң-тозаңдарды жинау үшін әдетте, бөлмені ылғалдандырып, оларға су бүркіп отыруға болады. Фикустың ірі жапырақтарынан шаң-тозаңды ылғал шүберекпен сүртіп алып отырған жөн. Өндірістік орындарда көліктердің және дыбыс түрлерінен сақтану үшін бөлме өсімдіктерін қолдануға болады. Ол үшін “жасыл қабырға” әдісін орнатуға болады, оларды қылқан жапырақты, лиандардан жасауға болады. Оранжереялық үлкен жапырақты өсімдіктер бөлме температурасын бірқалыпты ұстап, ыстық күндерде ауа ылғалдығын сақтап тұрады.

Қазақстанның бай жабайы табиғатын жан-жақты зерттей келе, адамзат қажетіне ұқыпты пайдаланып, құрып бара жатқан түрлерін қалпына келтіру және оларды мәдениеттендіру қазіргі кезде аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Сонымен қатар соңғы жылдары табиғи флораның сәндік шөптесін және гүлдік өсімдіктеріне деген қызығушылықтың арта түсуіне байланысты, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсаттары алға қойыла бастады. Қазақстан Респуликасының 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160 “Қоршаған ортаны қорғау туралы”заңында: “Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негіз болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық және экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және де өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған”-деп көрсетілгенін ескерсе, табиғат байлықтарын пайдалану үрдісі мәдени флораны мұхият зерттеуді қажет етеді.

Тараз қаласындағы өте ерте кезден пайдаланып келе жатқан, бау-бақша мен үйдің көркіне айналған гүлді өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен тропикалық және субтропикалық аймақтардан жерсіндірілген өсімдіктер, өсімдіктерді гидропоникалық жолмен өсіру әдістерін үй жағдайында қолдану ұсынылған. Қазіргі уақытта халықтық медицинаға деген қызығушылық артып келе жатқанда кейбір үй өсімдіктерінің барлық мүшелері биологиялық активті заттарға бай туыс өкілдерін зерттеу жұмыстың өзектілігін арттыра түседі.

Үйдің айналасында, сонымен қатар бөлме ішіне сән беріп өсіп тұратын гүлді өсімдіктерді сәндік мақсатта пайдаланып келе жатқандықтан, ғалымдар арасында мәдени түрлерді зерттеуге қызығушылық басым. Сондай-ақ мұндай сәндік өсімдіктерді одан әрі мәдени жағдайға енгізу барысында түрлердің онтоморфогенез ерекшеліктерін анықтау ең басты мәселе болып табылады.


Әдебиет


  1. С.Ю.Турдиев Декоративное комнатное садоводство. Алма-ата: Кайнар, 1982

  2. Мини энциклопедия. Комнатные растения Москва: Астрель, 2001.

  3. Комнатные растения в вашем доме. Москва: Олма-пресс Гранд, 2005.

  4. Ресдерфер М, Комнатное садоводство. Санкт-Петербург, 1994.

  5. Корнеев И.Е. Культура оранжерейных комнатных растений. Москва. 1957.

  6. Турдиев С.Ю., Беспаев С.б. Комнатное цветоводство. Алма-ата 1964.

  7. Турдиев С.Ю. Седых Р.В. Эрихман В.Т. Кактусы. алма-ата.Кайнар 1980.

  8. Субтропические плодовые и технические культуры. А.Д.Микеладзе Москва ВО “Агропромиздат” 1988г

  9. Үй өсімдіктері. С.Турдиев, С.Беспаев. “Қайнар” баспасы Алматы-1971.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет