Әож 59 316. ТҰЛҒаның Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері



жүктеу 69.5 Kb.
Дата31.03.2019
өлшемі69.5 Kb.

ӘОЖ 159.9.316.6
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Танатарова Г.Д.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс – аса кең және сиымды ьүсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербальды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. Қарым-қатынас сан алуан сипатта: оның көтеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі, отбасылық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас және т.б. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі-қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас- өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелержің бірі. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.

Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл – бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.

Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындағын экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салаутты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын қарым-қатынас. Жеке тұлға алдымен белгілі қоғам мүшесі және ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, мінезі, қабілеті қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін қадағалай алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін-өзі танып, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай – ақ индивидуалды ерекшеліктерін таныту үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері. Жеке адам қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді. Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады.

Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:


  • перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),

  • интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),

  • коммуникативті (ақпарат алмасу).

Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:

  • вербальды,

  • вербальды емес.

Вербальды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербальды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Қарым-қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі.Зейін қойып,тыңдап отырған адамда көзі ым-шиара, көзі қозғалуы,сөйлеушіге тугелдей бөлгендігі айқын байқалады. Осы арқылы қарым-қатынас жасаудың белгілі таңбалары пайда болады. Қатынас жасаушы көіл куйін, ойын толық жеткізуге максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, сағырттық қарама-қарсы нәтиже береді.Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар сөзді айта алады, бірақ естімейді (түсіну,қабылдау), көбіне адамдар ести алмайды. Бұдан адамдар тыңдай отырып өзінің басқа ойына тез ауысады. Адам сөйлегеннен 4 рет жылдам ойланады. Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал уақытты толық түсіну үшін 14-15 сек уақыт қажет. Адам 1минутта 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, Б.Ф. Ломов). Қарым-қатынастты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарды: коммуникативтік, ақпараттық, грностикалық және реттеуші.

Жалпы тұлғаның дамуында қарым-қатынас екі жақты сипатта қарастырып, анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі, жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-құрдас, ал мазмұны-онымен қатынас құру және қолдау жасау (Эльконин Д.Б., Драгунова Т.В.). Екінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі жағдайларды меңгереді. (Фельдштейн Д.И.).

Қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтап, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашатындығын М.И. Лисина былайша жіктеген:



  • үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;

  • үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоционалды рең;

  • үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;

  • олардың қимыл-қозғалысында үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталдығы.

Педагогтың шәкірттерімен қарым-қатынасы оқу-тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Бірақ қарым-қатынас каналдарында «ақпараттық тасқын» өте көп. Әрбір оқушыға әр түрлі ақпарат тасқыны әсер етеді. Оқушының дамуы мен жеке ерекшеліктеріне байланысты олар бір-біріне қарама-қайшы келуі де мүмкін. Осындай жағдайда педагогтың оқушылармен қарым-қатынасы белгілі дәрежеде бүкіл ықпал ететін ақпараты біріктіріліп, ықпал етуші элементтерді нақтылайды.

Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынас тәжірибесінде әр уақытта да ойдағыдай қалыптаса бермейді. Көп жағдайда бұл мұғалімнің басқару стиліне, оның оқышылармен қарым-қатынас шеберлігіне байланысты. Психология ғылымындағы зерттеулерден мұғалімдердің оқушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі стилі анықталынған:

- автократиялық (өзіндік әміршілдік),

- авторитарлық,

- демократиялық,

- бұрмалаушылық,

- бірізділік емес.

Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікке жетудегі кезеңдердің бірі – баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне үңілу болып тобылады. Мұғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасында әлеуметтік қызметті атқарушы және нақты жеке тұлға ретінде педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі. Қарым-қатынас арқылы мұғалім оқушылар туралы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады. Тікелей қарым-қатынас жеке тұлға әр түрлі жағдайларда және іс- әрекетте диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс-әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермел. Соған сәйкес қарым-қатынас стильдері де өзгермелі болады. Қарым-қатынас стилі адамның басқа адаммен өзара әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі аталған нұсқалардан тұрады, өйткені педагогтың ұсынған әрекеттерін барлық оқушылар қабылдап, сол уақыттағы олардың әрекетінің пәніне айналуы қажет. Білім беру процесіндегі үйлесімді әрекеттер міндетті, онсыз оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Тұлға құрылымында қарым-қатынастың түрлі жағдайларында басқа да маңызды жақтары оның мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттайтын коммуникативті қасиеттері, сонымен қатар қарым-қатынаста оның жүзеге асу мүмкіндіктері орталық құрылымдарының бірі. Белгілі бір стильде және қалауы бойынша белгілі бір типімен қатынас құруға дайындығын қамтамасыз ететін, тұлғаның коммуникативті нұсқаулары коммуникативті қасиеттердің психологиялық базисі болып табылады. Қарым - қатынастың ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі (немесе одан да көп) адамның өзара әрекеттесуі екені белгілі. Қарым-қатынас барысында адамдар бір-біріне сөз арқылы үн қату, одан жауап алу немесе вербалды емес қатынастар есебінде байланыс орнатады.

Қарым-қатынас барысында байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып айтарымыз, қазіргі кезеңде бұл салада зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Бұл салада жоспарланған зерттеулер болмаса да, өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.

Жалпы тұлғаның қарым-қатынас қабілетін дамытудың негізгі мақсаты мына міндеттерді шешеді:



  • тиімді қарым-қатынас орнатуға бейімдеу;

  • басқаға деген эмпатиялық көзқарасты дамыту;

  • өзіне және өзгеге деген сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

  • жақсы қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

  • басқаны тыңдай білу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.


Әдебиет


  1. Әбеуова И.Ә. Әлеметтік психология. – А, 2001.

  2. Андреева Г.М. Социальная психология. - М.: Аспект Пресс, 1996.

3. Елеусізова С.А. Қарым-қатынас психологиясы – А, 1985.

4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология -М.: Логос; А, 2005.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 I
konf 2015 I -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 I -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 I -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 I -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 I -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 I -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 I -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 I -> Хіх ғ. 50-60 жж. Жетісуға казак-орыстарының орналасуы және олардың Әлеуметтік жағдайы күзенбаева Л. Е
konf 2015 I -> Анализ применеия клеев и клеевых соединений в легкой промышленности
konf 2015 I -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет