Әож 6: 615. 463: 504. ӨНдіріс қалдығы фосфогипстің туғызатын экологиялық проблемалары



жүктеу 23.74 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі23.74 Kb.

ӘОЖ 66:615.463:504.6
ӨНДІРІС ҚАЛДЫҒЫ ФОСФОГИПСТІҢ ТУҒЫЗАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Анаркулов У., Шолақтегі Ә.
Фосфатты күкірт қышқылымен өңдеп экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясында өндірістің қатты қалдығы фосфогипс түзіледі. «КазФосфат» ЖШС–ті «Минералды тыңайтқыш» зауытының қалдық жинағыш алаңында –25 млн тонна фосфогипс жинаулы жатыр, бұл өндіріс қарқынды жұмыс істеуде, оның нәтижесінде фосфогипс одан ары көп мөлшерде жинақталуда. Фосфогипстің экологиялық қауіптілігі оның химиялық–минералогиялық құрамымен және физико–химиялық қасиеттерімен анықталады.

Фосфогипстің құрамында жақсы ерігіштік қабілетті фосфор, фтор, сульфат қосылыстары жауын–шашынның әсерінен еріп, жер асты және өзен суларын ластайды. Тараздағы жер асты суларындағы фтордың концентрациясы 8,2 мг/л, бұл ШМК–дан 8 есе артық. Желдің әсерінен фосфогипс қатты кеуіп, шаң және фтор газы түрінде атмосфералық ауаға тарайды. Фтор қосылыстарының адамның, жан–жануардын флюоризм ауруымен ауыруына әкеліп соғады. Бұл ауыру тістің бұзылуына, сүйектердің жұмсаруына және өлі түсік тастауға әкеледі. Шаңнан көздің, тыныс алу органдарының, жүректің, бүйрек–бауырдың ауыруына әкеліп соғады.

Қарастырылған ғылыми–әдебиеттерде фосфогипстің құрамында сирек металдардың концентрациясы 0,5% дейін болатыны көрсетілген. Осыған байланысты фосфогипс құрамындағы сирек кездесетін металдарды және анализ мәліметі бойынша концентрациясы ~ 3% болатын молибденді бөліп алу мүмкіншілігі зерттеледі. ИҚ–спектроскопия анализ мәліметтері бойынша сирек кездесетін металдар фосфогипсте гидро ортофосфат (LnPO4*nH2O) қосылысы түрінде болатыны дәлелденіп көрсетілген.

Фосфогипс құрамындағы сирек кездесетін металдардың және модибденнің қосылыстары аммоний карбонатында ерімей кальций карбонатымен бірге тұнбада қалады. Тұнбаны сүзгеннен кейін алынған аммоний сульфаты ерітіндісін минералдық тыңайтқыш ретінде қолдану ұсынылады. Сирек кездесетін металдар аммоний карбонатымен реакцияға түспей кальций карбонатдымен бірге тұнбада қалады. Сүзіп алынған тұнбаны 5 м азот қышқылы ерітіндісімен 200С температурада өңдегенде,келесідей:



Арақатынасын (Қ:С) 1:5 деңгейінде ұстап отыру қажет. Молибденді элементтер қоспасынан бөліп алудың экономикалық тиімді негізгі әдісі экстракция. Сулы жерлерде молибденнің иондық күйі әртүрлі және ол ерітіндінің қышқылдығына, температураға, металдың концентрациясына тағы басқа параметрлерге тәуелді. Ерітіндідегі молибденнің концентрациясы 10-3 моль/л төмен болған жағдайда кез–келген қышқылдықта молибден қосылысы мономер формасында болады.. Катиондық формасы қышқылдық ортада түзіледі. Экстракция процесі: Ерітіндідегі алты валентті молибденнің қосылысын Д2ЭГФК экстрагентімен экстракциялау процесінің оптималдық технологиялық тәртібіне келесі параметрлерді ұсынуға болады: t–700C, Cэкстрогент = 0,25м, экстракция уақыты a–3 мин, pH = 1,2, еріткіш ретінде парафин қолдану қажет.

Фосфогипсті өңдегенде түзілетін жарты өнімдердің массасын және экономикалық тиімділігін есептеу: Экологикалық тұрғыдан: фосфогипс шаңымен, фтор газдарымен атмосфералық ауа ластанбайды; өндіріс қалдығы–фосфогипсті жинайтын арнайы жер аймағын бөлудің қажеттілігі жоқ. Экономикалық тұрғыдан:фосфогипсті шикізат ретінде пайдалану жылына 2 млд. 708 млн 400мың тенге экономикалық тиімділік береді; фосфогипстен сирек металдар концентратын алу процесінде қосымша өнім түрінде аммоний сульфаты, кальций нитраты және молибден қосылысы түзіледі; алынған сирек кездесетін металдар концентраты және қосымша алынған өнімдер экстракциялық фосфор қышқылының өзіндік құнын төмендетеді.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Konferencia 2014
Konferencia 2014 -> Ислам дініндегі хиджаб кию рәсімі және оның ҚазақТЫҢ салт-дәСТҮріне қатынасы қазбекова А., Баярисов Р. У. «Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»
Konferencia 2014 -> Әкімшілік мәЖБҮрлеу шараларының орындалу ерекшеліктері сәрсенбек А., Қоңырбаев Н. А
Konferencia 2014 -> Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С
Konferencia 2014 -> Теріс-ащыбұЛАҚ су қоймасының тыныс-тіршілігі! Рәтбек М., Қожамқұлова Г. Е
Konferencia 2014 -> Әож 82-93: 087. 5Ө-88 ШӘКӘрім шығармашылығының танылуы
Konferencia 2014 -> Әож 677. 31: 636. 36: 745/749 ЖҮннен жасалған көлемді ойыншықтарды өҢдеу ерекшеліктері
Konferencia 2014 -> ШыңҒыс хан ұрпақтарының еуропадағы билік қҰруы тоқтаған Н., Жумадилова А. А
Konferencia 2014 -> Әож 336. 02: 63 ХҚес-ке сәйкес қорлар есебі
Konferencia 2014 -> Қазақстанның ОҢТҮстік аймақтарындағы су қорларын болжау мырзаханова Қ., Омарова Г. Е., Сенников М. Н
Konferencia 2014 -> Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет