Әож 621. 311. 24. Автономды желэнергетикалық ҚондырғЫ ҚҰру мәселесі



жүктеу 59.92 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі59.92 Kb.

ӘОЖ 621.311.24.
АВТОНОМДЫ ЖЕЛЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫ ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ
Сман Н., Юсупова Л.Х., Қойайдаров Б.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Бүгінгі заман талабы ғылыми-техникалық прогресті және әлеуметтік міндеттердің ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ететін салаларды неғұрлым жоғары қарқынмен дамыту, тұтыну мен қор жинаудың оңтайлы арақатынасына, өндіріс құрал жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіруге, аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің салаларын жақсартуға, машина жасау технологиясы мен өңдірісті автоматтандыруға, энергия көзінің альтернативті шешімін табуға күш салуды қажет етеді.

Мәшине жасау өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуында революциялық өзгерістер жасауды, еңбек өнімділігін еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемітуді, өнімнің сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсіруді қамтамасыз ететін техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі мәшинелер, жабдықтар мен құрылым жүйелері мен комплектерін шығаруға тиіс. Олар барлық жағынан қарастырғанда тиімді, құны қолайлы, сапасы жоғары әрі экологиялық таза болуы керек [1-4].

21 ғасыр-жоғары технологияның даму ғасыры. Заманға сай өмір сүру қымбат әрі көп электрэнергияны қажет етеді. Себебі, қазіргі таңда көптеген ірі зауыттар мен фабрикаларда, жеке өндірістік ұйымдарда, ауыл шаруашылығында тіпті үй тұрмысында жұмыстың өзі автоматтандырылған. Техниканың көбеюімен қатар электрэнергиясын пайдалануы артып, кей жерлерде жетіспеушілік сезілуде.

Жер қойнауында жылдан жылға пайдалы қазбалардың қоры азайып, энергия кездерін тапшылығының әсерінен, жаңаратын энергия кездеріне бет бұруда.

Оны бүкіл жер жүзіндегі ғалымдар іздеуде.

Күннің, теңіздегі толқынның, геотермияның, сутектің, желдің энергиясы әлемдік энергетика ұйымдарын қызықтыруда.

Геотермальды энергия көзін пайдалану жылдан жылға өсуде. Жерден шыққан жылы жер асты суларын пайдаланып мекемелерді, жылжайларды жылы сумен қамтамасыз етеді.

Күннің энергиясын пайдалану өте тиімді, экологиялық таза және энергия берудің қуаты, басқа энергия көздеріне қарағанда, әлде қайда жоғары. Күні ыстық ірі мемлекеттер бұл энергия көзін кеңінен қолдануда.

Теңіздің энергиясын пайдалану әліде эксперименттік сатыда жүруде.

Сутегі болашақтың энергия көзіне жатады. Ол экологиялық таза және үлкен қуатты энергияны бере алады. Бірақ, әзірге, сутекті өндірудің өзі қымбатқа түседі.

Табиғат күшінің тағы бір тиімді, пайдалы болатын энергия көздерінің бірі ол жел. Жел жер бетінде тәулік бойы соғатындықтан, желэнергиясын түрлендіретін қондырғылар үздіксіз қызмет атқарады, сонымен қатар қондырғылар дербес әрі электржүйеге қосылып жұмыс істей береді. Орнатуға үлкен аумақты алмайды. Жел экологиялық таза, энергияның сарқылмас көзі болып табылады [1-4].

Ертеден бері жел энергиясының күші дәуірдің өркендеуіне, техника мен технологияның дамуына және олардың жетектерін түрлендіріп күшейтуге көп үлесін қосты. Соның бір мысалы, аса бай тарихы бар жел диірмені. Жел диірменін алғаш рет Персияда б.з.д. 200 жылдарында дәндерді үгіту үшін қолданған. Осы типті диірмендер Ислам мемлекетіне таралып, кейін ХIII ғасырда оны крестжорықшылар Еуропаға әкелді.

Cонымен қатар жел диірмендерін жер асты суын сору үшін қолданды. Ал, алғашқы электрэнергиясын өндіруші жел диірмендері 19 ғасырда Дания мемлекетінде құрастырылды. Сол мемлекетте 1890 жылы алғашқы жел электрстанциясы соғылды, ал 1908 жылы қуаты 5-25 квт 72 электрстанция іске қосылды [1-4].

Қазіргі таңда жел энергетикасы аса қарқынмен дамуда, 2009 жылдың соңына қарай орнатылған жел генераторларының қуаты 157 Гигаватты құрап, 2000 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 6 есе өсті. Әлемдік жел энергетика ассоциациясының болжамы бойынша 2010 жылға 170 ГВт қуатты өндіру жоспарланған. 2007 жылдың өзінде дүние жүзінің жел электрстанциялары 200 млрд. кВт.сағ өндірді, яғни әлемдегі электрэнергиясын тұтынуымен салыстырғанда оның 1,3%-ын құрайтын энергия өндірілген. Сол жылы жел энергетика саласында 400 мыңнан астам адам жұмыс атқарды. Жел энергиясын беретін қондырғылардың саны артуымен, жұмыс орнының саны да артады. Жылдан жылға жел энергетикасымен айналысатын мемлекеттер саны көбеюде, қазіргі таңда 74 мемлекетте жел электрстанциялары орнатылған [1-4].

Соңғы он жылдар шамасында Қазақстанда болама энергия көздерін қолдану өзікті мәселелер қатарына кірді. Экономиканың өсуіне байланысты электрэнергияны тұтыну өсті, ал еліміздің кеібір аймақтарынада энергия тапшылығы сезіліп келеді. Мәселен, батыс аймақта электрэнергия тапшылығының қуат мөлшері 77 мегаватты құрайды, яғни 0,2 млрд.квт сағ. Орталық аймақта элетрэнергия тапшылығының қуат мөлшері 619 мегаватт, ал оңтүстік аймақта-956 мегаватты құрайды. Осы тапшылықтарды болдырмау үшін Қазақстанда атом электростанцияларын соғу жоспарлануда.

Жел ресурстары бойынша ТМД елдерінің қатарынада Ресей мен Тәжікстаннан кейін Қазақстан үшінші орында Қазақстанның жалпы желэнергетикалық патенциалы 920 млрд. Квт сағ. құрайды, ал жалпы балама энергия көздерінің потенциалы 1 трлн Квт сағ. жуық [4].

Жалпы желэнергетикалық қондырғы құру үшін келесі мәселелерді шешу керек:


  1. Жылдамдығы жеткілікті жел ағыны керек.

  2. Жел легінің кинетикалық энергиясын механикалық энергияға, мысалы, айналмалы қозғалыстың механикалық энергияға, өзгертетін құрылым қажет.

  3. Желден алынған механикалық энергияны басқа энергия түрлеріне өзгертетін құрылымдар немесе тікелей пайдаланатын жұмысшы механизмдер қажет.

Бірінші шартты беретін табиғат. Желінің жылдамдығы төмен, орташа және жоғары өңірлер болады.

Екінші мәселе ғылымның, техниканың дамуымен, адамның ойымен және қолымен жасалады.

Үшінші мәселенің құрылымдары қазіргі кезде жақсы дамыған, жоғары деңгейде жасалған. Мұндай құрылымдар ғылымның, техниканың әртүрлі салаларының өнімдері болады. Сондықтан желэнергетика саласы бұл жағынан дайын өнімдерді пайдаланады.

Қазіргі кезде әлемде кең таралған желэнергетикалық қондырғылар биік мұнараға орналасатын, қанаттарының ұзындығы үлкен, горизонталь өсті үш қанатты желқозғалтқышпен жабдықталған. Сонымен қатар ашық тік өсті жел бағытын талғамайтын желқозғалтқыштар да жасалған; Саваниус роторы; Дарье роторы; Масгров роторы; Горловтың Геликойдты турбинасы.

Тік өсті желқозғалтқыштардың жел энергиясын пайдалану коэффиценті төмен болғандықтан, негізінен, желэнергетикалық қондырғылар қанатты желқозғалтқыштармен құрылған.

Ашық желқозғалтқыштармен қатар жабық қорапта жұмыс жасайтын желқозғалтқышты қондырғы ұсынылған [5].

Жабық қорапты желқозғалтқыштар жел жеткізу жүйесімен ерекшеленеді. Ашық горизонталь өсті қанатты желқозғалтқыштарға және тік өсті желқозғалтқыштарға жел табиғи жолмен беріледі, ал жабық қорапты желқозғалтқышқа – жел арнайы жел жеткізу жүйесімен беріледі.

Табиғи жолмен жел берілетін желэнергетикалық қондырғыларды желді өңірлерге орналастырады. Жел жеткізу жүйесі жел параметрін реттейтін болғандықтан, жабық қорапты желқозғалтқышты желэнергетикалық қондырғыларды әлсіз желді өңірлерге де орнатуға болады.

Қазіргі кезде Қазақстанда орнатылып жатқан желэнергетикалық қондырғылар, жоғарғы қуатты горизонталь өсті қанатты желқозғалтқышты, шет елдік қондырғылар. олардың құны жоғары, сондықтан өңдіретін электрэнергиясының да бағасы жоғары.

Жоғары қуатты желэнергетикалық қондырғылармен қатар, жеке шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына арналған қуаты 5квт дейін болатын, жабық қорапты желқозғалтқышты шағын желэнергетикалық қондырғысын құру мәселесі қарастырылуда. Осындай қондырғылармен жеке шаруашылықтарды және шаруа қожалықтарын қамтамасыз ету арқылы дәстүрлі электрэнергиясын үнемдеуге және тапшылығын жеңуге болады. Алайда, бұл қондырғы үздіксіз жұмыс жасау үшін келесі мәселелерді шешуге тура келеді: арнайы қалақтар жүйесімен жабдықталған желқозғалтқыш құру және зерттеу; реттелетін жел жеткізу жүйесін құру; желдеткішті жел беру жүйесін құру; автономды желдеткішті жел беру жүйесімен жабдықталған желқозғалтқыштың пайдалы қуатын анықтау.



Қазіргі кезде осы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Әдебиет


  1. Шефтер Я.И. Использование энергии ветра. – М.: Энергоатомиздат, 1983.

  2. Харитонов В.П. Автономные ветроэлектрические станции. – М.: 2006. – 275 с.

  3. Лейзорович А. Статья: Куда дует ветер «Вестник», 2001, 3 июль.

  4. Жунисбаев О.А. Қазақстанда балама энергия көздерін құру мәселелері. «Ғылым және жаңашылдық -2013», II том, 117-120 б.

Койайдаров Б.А. Ветроэнергетическая установка инновац
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 I
konf 2015 I -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 I -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 I -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 I -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 I -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 I -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 I -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 I -> Хіх ғ. 50-60 жж. Жетісуға казак-орыстарының орналасуы және олардың Әлеуметтік жағдайы күзенбаева Л. Е
konf 2015 I -> Анализ применеия клеев и клеевых соединений в легкой промышленности
konf 2015 I -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет